Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

3.2. Сұқпа ригельдерін есептеу

Сұқпаның ригельдерін судың қысымынан екі тіреуіштегі жұмыр ағашқа түсетін жүктеме біркелкі деп есептейді. Жүктеме ретінде 1 м ригельге түсетін қысымды формула бойынша анықтайды:

; (13.14)

Ең үлкен иілдіретін сәт мынаған тең:

; (13.15)

Ригельдердің қимасын таңдағанда белдеудің есептік еніне 0.15 мм - ден кем болмайтын қаптама бөлігі қосылады.

Біздің жағдайымызда ригель ретінде №33 қос таврды қабылдаймыз. Х-Х осімен салыстырғанда (сурет 3.29) инерция сәті және құрама қиманың кедергісі келесі тәуелділіктермен анықталады:

; (13.16)

; (13.17)

мұнда F1 – қаптаманың ауданы, см2; F2- қос таврдың қимасының ауданы, см2; ∆Х – қос таврдың ауырлық ортасынан өтетін осьпен салыстырғандағы бейтарап остің жылжуы, ; (ΣF=F1+F2); SO - қос таврдың ауырлық ортасымен өтетін осьпен салыстырғандағы статистикалық сәт, ; х2 және х1 – бейтарап осьтің координаталары, см.

Сурет 3.29. Ригельдің көлденең қимасы

Иілуге (майысуға) жұмсалатын кернеу формула (3.103) бойынша анықталады немесе ;

Сосын таңдап алғанды салыстырмалы майысу шамасы бойынша ригель қимасының беріктігі жағдайымен тексереді:

; (13.18)

    1. Көтеру мен түсіруге жұмсалатын күштерді анықтау.

Металдан жасалған жалпақ сұқпаларды көтеруге қажетті күшті формула бойынша анықтайды:

Т=1,1 G+1,2(ТКУПподс); (13.19)

мұнда G – сұқпаның меншікті салмағы, т; ТК – тіреуіш дөңгелектегі үйкеліс күшінің шамасы: ТК= Р/ R(2μ+ μ1); (13.20)

мұнда Р – сұқпаға түсетін толық қысым, т; R – дөңгелектің радиусы, см; μ=0,3 втулкадағы сырғу үйкелісінің коэффициенті; μ1 =0,1 – тербелу үйкелісінің коэффициенті; Туп – бүйірлік нығыздаудағы үйкеліс күшінің шамасы:

Туп2Р в η; (13.21)

мұнда в – нығыздалу белдеуінің ені, в-0,06 м.; η= 0,65 –болат бойынша резеңкенің үйкеліс коэффициенті:

Тподс=Lв1р; (13.22)

мұнда в1 –түптік нығыздалудың қалыңдығы, в1=0,01 м; р=6 т/м2 – сору қарқыны.

Түсіруге жұмсалатын күшті мына формуламен анықтауға болады:

Топ=2(Ткупвып)-G; (13.23)

мұнда Твып- жару (сөгу) шамасы: Твып=γНРLРвбр; (13.24)

вбр=0,3 м – түптік нығыздауыштағы жұмыр ағаштың ені.

Лекция №14 Балыққорғағыш құрылымдар

Бүйірлік су алғыш дегеніміз өзеннің ағыс осінен 130-1400-тан аспайтын бұрышпен су көздерінен су алуды жүзеге асыру.

Тосқын тұтқыш галереялы бүйірлік суалғыш ғимараттар көп шамада түптік және табиғи тосқындар тасымалдайтын өзеннен су алуға арналған. Ол профессор Н.Ф.Данелиямен жасалған және негізінен тау алдындағы және тегіс учаскелерде салынады.

Алынатын өтімділіктің шамасы үлкен шамада тербеледі: 5-тен 150 м3/с дейін, ал ғимарат алдындағы судың тереңдігі 2 м-ден 8 м дейін болғанда өзеннің тегіс учаскелерінде 350-ден 600 м3/с-ке дейін.

Суалғышты шектелген ені бар немесе арнаның табиғи иініндегі тіке сызықты учаскелерде орналастыру ұсынылады.

Суалғыш тораптың (сурет 3.30) құрамына кіретіндер: арнаны тосқауылдайтын суағар (7) және қалқанды бөгет (8); аванкамераның (5) қашыртқы тесігіне жалғасқан ашық немесе жабық типтегі су қабылдағыштары (1); табалдырықта, яғни түптік тосқындар жиналған жердегі су қабылдағыштың (1) астындағы тосқын тұтқыш галерея (6).

Каналға кірер жерде қисық сызықты табалдырық қондырылады (3) және аванкамераға түскен (2) тосқындар шайғыш (5) арқылы әкетіледі.

Суалғыштың табалдырығын және оған жалғасқан ағын бағыттағыш қабырғаларды бір сызықты орналастырады. Олардың бөгет осімен бұрышы α=90 – 1150 құрайды.

Сурет 14.1. Тосқын тұтқыш галереялы бүйірлік суалғыш:

1 –су қабылдағыш; 2 –аванкамера; 3 –қисықсызықты табалдырық; 4 – канал; 5 – аванкамералық су шайғыш; 6 – тасқын тұтқыш галерея; 7 – суағар бөгеті; 8 – қалқанды бөгет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]