Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать
  1. Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар

Жалпы түсініктер. Гидротехникалық құрылымдардың механикалық жабдықтарының түрлері. Қақапақтардың түрлері, оларға түсетін күштер және олардың жұмыс атқару жағдайлары. Қарапайым жазық бетті қақпақтар. Темір және ерекше құрамды жазықбетті қақпақтар.

Қақпаның тығындары (тас қылып жабуға керек) қақпаның салмағы және оны көтеруге (жабуға) керек күштерді анықтау.

Сегмент тәрізді қақпақтар, олардың түрлері, құрамы. Сегмент қақпақтарды көтеруге керек күштер, бұл күштерді азайту әдістері. Сегмент қақпақтардың артықшылықтарымен кемшіліктері. Сирек пайдаланатын суағар тесіктерді жабуға керек қақпақтардың түрлері. Су деңгейінен төтен орналасқан тесіктердің қақпақтарының түрлері, олардың жұмыс атқару ерекшеліктері, арнайы бетон камерада орналастыратын және өзі-өзін ұстап көтеріп тұратын темір камералы қақпақтар.

Қақпақтарды көтеріп түсіп тұруға арналған қондырғылардың түрлері. Қақпақтың жұмысын автоматтандыру. Судың күшімен автомат түрінде істейтін қақпақтар. Қақпақтың түрін іріктеу.

  1. Өзен топтарын құрастыру

Өзен торабтарын топтау, торабтарды құрастырудың – орналастырудың негізгі шарттары, құрастыруға әсер ететін жағдайлар. Жазық жердегі ірі құм және қиыршық тас салындылары көп өзендердегі және биік торабтардың мысалдары.

  1. Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар

Су жолдары, кеме жүретін каналдар, кеме өткізетін және көтеретін құрылымдар.

Балық жүретін, көтеретін, қорғайтын құрылымдар және балық өсіретін тоғидар.

Запонь, қабыршақ мұз өткізетін, салынды ұстайтын, эрозиядан және сельден сақтану құрылымдары.

Ағаш өткізетін құрылымдар – түрлері, ағаш өткізуге керекті су мөлшері.

Мүжілуге (эрозияға) және селге қарсы күресу құрылымдары.

Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі

  1. Түрлі әдіспен флюбеттің су сүзілісін есептеу (кедергі коэффициенттер, ұзартқан нұсқа сызығы, т.б).

  2. Гидромелиоративтік жүйесінің желілік гидротехникалық құрылымдарымен үлгі (типті) жобалар арқылы танысу және іріктеу.

  3. Канал бойында құрылатын гидротехникалық құрылымдарды (реттегіш, дюкер, акведук) құрастыру. Гидравликалық, статикалық есептеу.

  4. Гидротехникалық туннельдің қаптауының статикалық есебі.

  5. Жартасты және жартасты емес жер табанды құрылған граваитациялық, контрфорсты, арналы болмаса қуысты бөгеттің орнықтылығын және оның беріктілігін есептеу, нұсқасын (эскизін) құрастыру (сызу).

  6. Темір қақпақтан (жазық бетті болмаса сегмент тәрізді) нұсқасын құрастыру (сызу) және оны көтеруге болмаса отырғызу керекті пунктерді анықтау (есептеу).

  7. Қақпақтарды көтеруге керек механизмдерінен үлгі (типті) жобалар арқылы танысу, оларды іріктеу.

  8. Топырақ бөгеттерді есептеу.

  9. Кеме өткізетін шлюзді есептеп оның нұсқасын құрастыру (сызу).

  10. Су шығарғыш құрылымдарды есептеу.

  11. Сутастағыш құрылымдарды есептеу.

Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі

  1. Флюбеттің астымен су сүзілуді зерртеу.

  2. Канал бойында құрылатын түрлі гидротехникалық құрылымдарды (дюкер, акведук, сатылы құлама, тезағар, т.б) гидравликалық зерттеу.

  3. Автоматты қақпақтарды зерттеу.

  4. Тереңгі қақпақтарды зерттеу (көтеруге, отырғызуға керек күш, дірілдетіп күштеме, т.б).

  5. Жұмсақ бөгеттерді зерттеу.

  6. гидротехникалық құрылымдағы болатын кавитацияны зерттеу.

  7. Түрлі бәсеңдеткіштерді, жайылғыштарды және қақпалардың ашылуына байланысты төменгі бьефтегі шайылуды зерттеу.

  8. Суұрманы бүлкүлдеткен әсерлерді зерттеу.

  9. Топырақ бөгеттің денесіндегі және жер табанындағы су сүзілуді зерттеу.

  10. Ашық және жабық бетті су тастағыштарды зертеу.

  11. Бетон бөгетті және оның жер табанының беріктілігін зерттеу.

  12. Бөгеттің жер сілкінуге қарсы мызғымастығын зерттеу.

  13. Жүйелік және өзен торабтардың құрамдарының ерекшеліктерін зерттеу.

  14. Кеме өткізетін шлюздарды сумен толтыру және босату жүйелерін зерттеу.

  15. Гидротехникалық құрылымдардың температурадан болатын кернеу режимін зерттеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]