- •Типтік оқу бағдарлама
- •Гидротехникалық құрылымдар
- •050810 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау»
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі
- •2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі
- •3. Бөгеттер
- •4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар
- •Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар
- •Өзен топтарын құрастыру
- •Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар
- •Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Типтік оқу бағдарлама
- •Гидротехникалық құрылымдар
- •050805 – «Су ресурстары және суды пайдалану»
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі
- •2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі
- •3. Бөгеттер
- •4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар
- •Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар
- •Өзен топтарын құрастыру
- •Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар
- •Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Лекция №1 Гидротехникалық құрылымдар (гтқ)
- •1Сұрақ. Су шаруашылығы және оның салалары
- •Лекция №2 Гидротехникалық құрылымдарды (гтқ) топтастыру, су торабтары жүйелері
- •1Сұрақ. Гтқ топтастыру.
- •2Сұрақ. Су торабтары және су жүйелері, оларды топтастыру
- •3Сұрақ.Флютбеттің құрамының бөліктері және флютбетке әсер ететін күштер
- •Гидротехникалық құрылымдардағы (гтқ) курстық және дипломдық жобалауға қойылатын негізгі талаптар
- •1 Сұрақ. Жобалау туралы жалпы түсініктер. Негізгі ережелер мен нормалар
- •2 Сұрақ. Жобалауға қойылатын талаптар
- •Биіктігіне, табанының түріне, апат нәтижелеріне байланысты су ұстағыш гидротехникалық құрылымдардың кластары.
- •Мелиоративтік мақсаттағы өзен су қоймасының су тораптарын жобалау
- •Сурет 4.1. Су қоймасының жоспары және нобайлық ұзына бойы қимасы
- •Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау.
- •Лекция №5 Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру және түрлері
- •Лекция №6 Гидротехникалық құрылымдағы сүзілу өтімділігін анықтау
- •Сұрақ. Сүзгілік есептеулер, негізгі тәсілдері
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері.
- •Сурет 6.1. Бөгет денесінен өтетін толық сүзілу өтімділігін анықтауға арналған есептік схема.
- •Сенімділік коэффициенттерінің мәндері, Кс
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •Сурет 6.2. Топырақты бөгеттің кері сүзгілерін таңдау графиктері:
- •Лекция №7 Топырақты бөгеттердің беткейдің орнықтылығы мен шөгуін (отыруын) есептеу
- •Сырғу қиысығын тұрғызу үшін
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •Сурет 7.2. Майысқақ экранның орнықтылығының есептік схаемасы.
- •Сурет 7.3. Топырақты бөгет негізінің шөгуін есептеуге арналған схема:
- •Біркелкі таралған жүктемелердің қарқынының үлесіне алынған кернеуінің мәні.
- •Үшбұрыш бойынша өзгеретін, р қарқынының үлесімен есептелетін кернеуінің мәні
- •Лекция №8 Су жіберуші құрылымарды жобалау
- •Сурет 8.3.Мұнаралы су жібергіш:
- •2.1.Арынды металл құбыр типтегі су жібергіштерді есептеу
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •2.2.Арынсыз құбыр типіндегі су жіберуді есептеу
- •П.Г.Киселев бойынша беткейдің салыну коэффициенті мен рұқсат етілген шаймайтын жылдамдықтар мәндері
- •2.3.Мұнаралы су жібергішті есептеу
- •Лекция №9 Суқашыртқы ғимараттарды жобалау
- •2.1.Ашық су қашыртқылар
- •Сурет 9.1.Ашық су қашыртқылар:
- •2.3.Жабық су қашыртқылар.
- •Лекция №10 Су қашыртқы ғимараттардың гидравликалық есебі
- •1.1. Есептеу тәртібі.
- •Сурет 10.1. Орлы су қашыртқының есептік схемасы
- •2.1. Есептеу тәртібі.
- •Тезағардағы судың қалыпты тереңдігін (h0) анықтау.
- •Лекция №11 Сағалық (суалғыш) ғимараттар
- •1.1. Саға туралы түсінік, сағалық ғимараттардың мақсаттары және жіктелуі (классификациясы).
- •Ғимарттардың орналасу орнын таңдау:
- •Өзен пішінінің параметрлерін (r және m) анықтау
- •Дәрежелік көрсеткіштер (у)мен арнаның кедір-бұдырлық коэффициентін (n) анықтау
- •4.1.Бөгетсіз сағалар туралы жалпы мәліметтер
- •Сағаның схемасы:
- •4.2. Суды маңдайалдынан алатын бөгетсіз су тораптары
- •4.3. Бөгетсіз сағалық су торабының басты ғимараттары
- •4.4. Бөгетсіз сағалық су тораптарының есептеулері
- •Лекция №12 Бөгетті сағалық су тораптары
- •Судың есептік ең жоғарғы өтімділігінің жыл сайынғы қамтамасыздығы
- •3.1. Бөгеттік сағада өзен арнасын реттеу
- •А орнықтылығының параметрі
- •Сурет 12.1. Тіке сызықты (а) және қисық сызықты (б) учаскелерде арнаны реттеу схемасы
- •4.1. Арна мен ағынның морфологиялық элементтерін анықтау
- •Тосқындардың гидравликалық ірілігін анықтау
- •Сурет 12.2 Сипатты көлденең қималар
- •Лекция №13 Сұқпалар жайлы жалпы мәліметтер
- •2. Көтеру, отырғызу және сұқпаны ұстап тұру күштерін есептеу.
- •Беттік сұқпаларға түсетін гидростатикалық қысымдардың тең әсерлік күштерін анықтауға арналған формулалар
- •Сурет 13.3. Ригельдің геометриялық өлшемдері.
- •3.1. Сұқпаның қаптауын есептеу.
- •Сурет 13.4 Тіреуіш торлардың схемасы.
- •3.2. Сұқпа ригельдерін есептеу
- •Лекция №14 Балыққорғағыш құрылымдар
- •1. Су қабылдағышты есептеу
- •2. Тосқын тұтқыш галереяны есептеу
- •Лекция №15
- •4.2. Гидротехникалық ғимараттар жұмыстарының жағдайлары
- •4.3. Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі
- •4.4.Пайдалану процесінде ғимараттар жұмысын
- •4.5. Су қоймасы пайдалану
- •4.5.1. Пайдаланудағы табиғат қорғау іс шаралары
- •4.5.2. Акватория бойынша негізгі пайдалану іс шаралары
- •4.5.3. Су қоймаларындағы бақылаулар
- •4.6. Өзендегі бас сағалық су тораптарының пайдалану
- •4.6.1. Бас сағалық тораптардағы техникалық пайдалану
- •4.6.2. Су қашыртқы бөгеттердің аралықтарының және бас
- •4.6.3. Жоғарғы және төменгі бьефтердің тосқындармен бітелуімен
- •Гидротехникалық құрылымдар пәнінен
- •Модульдің сұрақтары.
- •Эксперименттік қондырғы
- •Эксперименттік бөлімдердің орындалу тәртібі
- •Кәрізбен біртекті топырақ бөгеті арқылы сүзуді зерттеу
- •Өзекпен топырақ бөгеті арқылы сүзуді зерттеу
- •Суөткізгіш құрылымдар
- •Үш сатылы құламаны зерттеу
- •Екінші сатыны есептеу
- •Тезағардың жұмыстарын зерттеу
- •Флютбеттің сүзілуін фск әдісімен зерттеу.
- •Фск әдісі бойынша аналитикалық есептеу
- •Гидротехникалық құрылымдар пәні бойынша қазақ – орыс терминологиялық сөздік
- •Глоссарий
- •Гидротехникалық құрылымдар пәнінен
- •Модульдің сұрақтары.
4.3. Бөгетсіз сағалық су торабының басты ғимараттары
Басты реттегіш ғимараттың конструкциясын мыналарға байланысты таңдайды: гидрологиялық жағдайлары мен өзеннен әкететін өтімділіктің салыстырмалы шамаларына; өзендегі су деңгейінің тербелу аралығына; ғимаратты пайдалану жағдайына; құрылыстың жергілікті жағдайына; жағалаудың орнықтылығына; арнасының қайта жасақталу және қатты ағындар режимінің сипатына.
Өзендегі су деңгейінің құламалылығына байланысты реттегішті ашық, жабық және диафрагма типтерінде жобалайды. Реттегіштің табалдырығы олардың әртүрлі аралықтарына бірдей, сондай-ақ әртүрлі белгілерде болуы мүмкін.
Табалдырықтың белгісін су аз кезде су алуды қамтамасыз ететін жағдайда белгілейді, бірақ өзен түбінің немесе су әкелетін арнаның орташа белгісінен төмен болмауы шарт.
Басты реттегіштің алдындағы ағын жыдламдығын 0.8-1.5 м/с аралығында қабылдайды.
Қазынды – тұндырғышты көп басты сағада орталық басқару бойынша бас реттегіштің әрбір қазынды үшін өзінше тесіктері болады. Ол тұтынушыларға бір немесе бернеше каналдан су беруге мүмкіндік жасайды. Мұндай реттегіште екі қабатты конструкция болады – жоғарғы қабаттың тесігінен су қазындыдан бас каналға өтеді, ал төменгі қабаттың тесігінен – су түптік шайғыштарға, онан әрі су алу орнынан төмен, өзенге тасталады.
Таулы өзендерден су алу коэффициенті 0.7 – ге дейін болғанда, басты реттегіштің конструкциясы бөгетті сағаға өтпелі баспалдақ болғаны дұрыс. Оның ерекшелігі су қабылдағышқа табалдырық және шпорлар кешендері арқылы түптік тосқындардың түсуіне тиімді қорғау, сондай-ақ су беруді тұрақтандыруды қамтамасыз ететін қондырғыларды қорғау.
4.4. Бөгетсіз сағалық су тораптарының есептеулері
Бөгетсіз сағалық су тораптарын жобалағанда олардың гидравликалық, сүзгілік және статистикалық есептеулер арқылы оның негізгі ғимараттарының параметрлеріне есептік негіздеулер жүргізеді.
Сағалық реттегіштердің гидравликалық және сүзгілік есептеулері желідегі реттегіштердің есептеулеріне ұқсас. Гидравликалық есептеулермен су өткізгіш құрылымдардың өлшемдерін белгілейді: есептік өтімділікті алуға кепілдік беретін су қабьлдағыштың алдының енін; бьефтердің қабысу жағдайларын анықтайды; конструкцияларды және суұрғыштың өлшемдерін анықтайды; ғимараттардың биіктік өлшемдерін белгілейді. Сүзгілік есептеулермен ғимарат негізінің топырағының сүзгілік орнықтылығын тексереді. Ғимараттың жер асты контурына түсетін сүзгілік қысымды белгілейді. Қажет жағдайда оның өлшемдері мен конструкцияларын анықтайды.
Ғимараттың орнықтылығы мен беріктілігінің статистикалық есептеулерін жүргізу үшін СНиП [19,20] бойынша анықталатын, оған әсер етушілер туралы барлық мәліметтер болуы керек.
Канал-қазындылардың гидравликалық есептеулері олардың көлденең қималарының өлшемдері мен түбінің еңістігін анықтайды. Шаюшы каналды бас каналдардан қалыпты және тасқынды өтімділіктерді өткізуімен есептейді. Мұндайда каналдың берілген өткізушілік қабілеті ғана емес, тосқындарды тасымалдауға қажетті жылдамдықты да қамтамасыз етуге ұмтылу керек. Қажет жағдайда қазынды-тұндырғыштардың беткейлерін қаптау қарастырылады.
Тұндырғыш ретінде пайдаланылатын қазындылар есебін, оларды тосқындардан тазалаудың қабылданған әдісіне байланысты жүргізеді.
Каналдардың статистикалық есептеулері олардың беткейлерінің орнықтылығын анықтайды. Реттегіштерді орнықтылық пен беріктікке есептегенде, тіреуіш қабырғалардың, бағандардың, қызметтік және көлік жүретін көпірлердің төсеніштерінің, тақта, флюбет, бекіткіштер және басқалардың қажетті өлшемдерін белгілейді [10,34-97 бет].
Реттегіштің су қабылдау алдындағы қажетті енін, алынатын өтімділікке сәйкес өзен мен бас каналдағы су деңгейлерінің асып түсуін ескере отыра анықтайды. Оларды анықтау үшін бас канал Н1=f(t) мен алынатын өтімділіктерді H2=f(t) ескере отыра өзеннің саға жақтауындағы деңгей режимдерінің графиктерін біріктіреді (сурет 3.4).
Сурет 11.4.Сағалау жақтауындағы канал (1) мен өзен (2) су деңгейлерінің режимдерінің біріккен графиктері
H2=f(t) графигін Н1=f(t) тұрмыстық жағдайы үшін өзен графигі және Q1=f(H1) өтімділік қисығы, сондай-ақ сол кезеңдердегі каналдың гидрографы мен өзен өтімділіктерінен Q1t су алу өтімділігін Qсу алу t бірітіндеп алу жолымен құрылған өтімділік қисығы негізінде тұрғызады. Біріккен графиктен (сурет 3.4) саға жұмысының алмағайып моменттерді таңдайды – деңгейлері аз құламалы Z1, Z2, Z3 abcd нүктелері және сәйкес алынатын өтімділіктер үшін Qсу алу1, Qсу алу2, Qсу алу3. Кең табалдырықты сумен бастырылған суағардан өтетін өтімділік формуласы бойынша су қабылдағыштың алдының енін есептейміз:
Q=mbσn
;
(11.6)
мұнда
m - өтімділік коэффициенті жылдамдық
коэффициентіне байланысты, кесте YI-29.
[16] бойынша анықталады, жылдамдық
коэффициенті
болғанда m=0.34-ке тең; B – суағар
табалдырығының ені,
-
су басу коэффициенті, мәнін YI-24 [16] бойынша
қабылдайды; H0
– жақындау жылдамдығын ескере отыра,
су қабылдағыш алдындағы судың тереңдігі;
Н0
=
Н
+
;
(11.7)
мұнда
Н – каналдағы су тереңдігі;
қималары бойынша ағын жылдамдығының
біркелкі таралмау коэффициенті; V0
- ағынның тесікке жақындау жылдамдығы:
V0=
;
(11.8)
Су қабылдағыш алдының енінің табылған ең жоғары мәнін онан әрі жобалауға пайдаланады. Бұл ең жоғары өтімділікті алуды қамтамасыз етуі тиіс. Саға алдындағы үлесті өтімділігінен 1.5-2 есе аз қабылдайды. Ірі ғимараттардың тесіктерін СНиП 2.06.01-86-ға сәйкес қабылданған мөлшерлермен аралықтарға (үшеуден кем емес) бөледі.
Бьефтердің қабысу есептеуін ең төменгі су алуда өзендегі (сурет 3.4-тегі С-нүктесі) ең жоғарғы деңгейлер үшін жүргізеді. Ғимарат (бас реттегіш) қалқан астынан су ағу режимінде жұмыс істейді. Қалқанның көтерілу биіктігін іріктеу әдісімен формула арқылы анықтайды [14]:
Q=
; (11.9)
мұнда - өтімділік коэффициенті, кез келген автореттегіштермен байланыстырып таңдалады, алдын ала есептеулер үшін 0.8-0.85 аралығында қабылданады; а – қалқанның көтерілу биіктігі; Е - ағып шығатын судың тігінен сығылу коэффициенті, алдын ала есептеулер үшін 0.63-ке тең деп қабылданады.
Гидравликалық сипаттамалар есептеулері «Гидравликалық есептеулер бойынша анықтамада» келтірілген ұсыныстар бойынша жүргізіледі [16].
Реттегіш қабырғасының биіктігін ғимараттың күрделілік класына сәйкес (СНиП 2.06.01-86) ең жоғарғы деңгей үшін артығымен қабылдайды.
Өзен ағысында көп мөлшерде түптік тосқындар болғанда, су торабы құрамындағы су қабылдағыштың тесіктерін олардан қорғау үшін арнайы ғимараттар мен конструкциялар қарастырылуы тиіс: М.В.Потаповтың ағын бағыттағыш жүйелері; түптік тосқын реттегіш табалдырықтар; экрандайтын қабырғалар; су тұтқыш шпорлар және басқалар [1].
Бөгетсіз сағаларды топтастырудың мүмкін болар нұсқалары [10,17]-да келтірілген.
