Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Сағаның схемасы:

1-реттегіш; 2-қашыртқы канал;

3-қисықсызықты су әкелгіш канал.

Бөгетсіз бүйірлік сағалардың жұмысын келесі шараларды жүргізу арқылы жақсартуға болады: басты ғимаратты өзеннің қисықсызықты учаскесінің дөңес жағалауына орналастыру; саға алдына каналға кіретін судың гидравликалық жаағдайын жақсартатын түзеткіш ғимараттар салу; басты ғимарат алдына түптік тосқындардың ауытқуы үшін жалғыз немесе бірнеше табалдырықтар салу; басты ғимаратқа судың жаймен кіру жағдайын жасау және өткізгіштік қабілетін арттыру үшін өзен ағынының осіне үшкір бұрышты 60-750 – тан арттырмай өзеннен суды әкету. Бұл шаралардың құрамын нұсқаларды техникалық-экономикалық салыстыру негізінде жергілікті жағдайларды ескере отыра таңдайды.

4.2. Суды маңдайалдынан алатын бөгетсіз су тораптары

Мұндай су тораптарының сағалық ғимараттарын ысырмалы, ал өзен арналарын су ұстаушы бөгеттермен жабдықтайды (сурет 3.3) [10].

Сурет 11.3. Маңдайалдынан су алатын бөгетсіз сағалық су тораптарының схемалары:

а) реттегішсіз; б) бүйірлік реттегішімен және түптік табалдырығымен; в) бүйірлік реттегішімен және шпор қабырғаларында шаюшы тесіктерімен; г) бүйірлік реттегішімен және беттік ағыс бағыттаушы жүйелерімен; д) алдына қойылған реттегішімен және шпордың ұзына бойы қабырғасындағы шаюшы қондырғыларымен; е)өзен жеңдеріндегі реттегішімен және шаюшы құрылымдарымен; 1-канал; 2-шпора; 3-су әкелетін арна; 4-қашыртқы; 5-шаюшы құрылым; 6-реттегіш ғимарттар; 7-бөгет; 8-түптік табалдырық.

Конструкциялық жағынан олар жетілдірілген бүйірлік сағак болып табылады. Орнықсыз арналы, азғантай өтімділіктер өткен кезде су деңгейі күрт түсетін өзендерде қолданылады. Мұндай жағдайда бөгетсіз бүйірлік саға қажетті су беруді қамтамасыз ете алмайды. Суды ұстау қондырғысының (2-шпоралар, сурет 3.3) мақсаты каналға алынатын судың өтімділігін арттырып, тұтылатын түптік тосқындардың көлемін азайтуға мүмкіндік беретін ағынға тосқауыл жасау.

Шпорлы саға – бөгетті сағаға өтпелі баспалдақ. Шпора суды алдынан алуды және саға орнын ағыс бойынша жоғарғы біршама қашықтыққа жылжытуды қамтамасыз етеді. Конструктивтік жағынан жергілікті құрылыс материалдарынан жасалған тікесызықты, қисықсызықты немесе сынықты бөгет түрінде. Шпорлар су әкелетін арнаның ені вт=1,5 в және шпор ұзындығы Lш=(1,5 3) в (мұнда в – суды әкететін арнаның ені) болғанда тиімдірек жұмыс істейді.

Суды маңдайалдынан алатын су тораптарының бүйірліктер алдында біраз жетістіктері бар: су алудың жоғарғы коэффициентіне кепілдік береді; тосқындармен күресу, жағдайын жақсартады; сағаның жоғарғы беріктілігін қамтамасыз етеді; су көздеріндегі су деңгейінің әмір беру жағдайын жақсартады және басқалар. Пайдалану кезінде шпорларды тұрақты түрде қадағалап отыру қажет, себебі тасқын кездерінде олар бұзылуы мүмкін.

Алдынан су алатын бөгетсіз сағаларды мынадай жағдайда қолдануға болады: өзендегі судың өзі ағып, су алуға жеткіліксіз тұрмыстық деңгейінде; су аз кездегі өтімділктің 15-20%-дан артық суын өзеннен әкеткенде; түптік тосқындарды тұтуды азайту қажеттілігінде; сағадағы өтімділік аз болып, су торабын салу экономикалық жағынан ақтамағанда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]