Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

4.1.Бөгетсіз сағалар туралы жалпы мәліметтер

Бөгетсіз деп өзеннен суды алу процесстерінің технологиялық операциялары тұрмыстық су деңгейінде (бөгетті салмай) жүзеге асатын сағалық су торабын айтады. Мұндай су тораптары өзі ағатын және машинамен су көтеретін болуы мүмкін.

Гидравликалық көзқарас бойынша өзеннен каналға су алу негізігі арнаның өтімділігінің бір бөлігі бүйірлік су әкеткішке түсіп, ағынды бөлу жолымен жүзеге асады. Бұл өзеннің табиғи гидрологиялық режимінің өзгеруіне әкеліп соғады. Бөгетсіз сағалық су торабының ғимарттарын жобалаудың басты мақсаты – каналға түптік тосқындар, мұз, мұз қабыршақтары және қалқыма заттарды (қоқыстар) түсірмейтін немесе күрт азайтатын және оған қажетті су өтімділігін беруді қамтамасыз ететін конструктивтік және пайдаланушылық тәсілдер арқылы гиравликалық және пайдаланушылық жағдайларын жасау.

Жалпы жағдайда бөгетсіз сағалық су тораптарына қойылған талаптарды ескере отыра, су алу процесін қамтамасыз ететін төменгі арынды ғимараттар, қондырғылар жатады.

Бас каналдарға берілетін су ағындарын басқару пішіні бойынша бөгетсіз сағалық су тораптары реттелмейтін және реттелетін болып бөлінеді. Реттелмейтінде – бас каналдағы судың деңгейі өзендегі су деңгейінің өзгеруімен қатар жүреді. Реттелетінде - өзендегі судың деңгейінің өзгеруіне байланыссыз, су тұтыну графигіне сәйкес бас каналға су беруді қамтамасыз ететін реттегіштер қолданады. Түптік тосқындармен күрескенде әртүрлі тәсілдер пайдаланады: су алу коэффициентін Кс.а=0.2 – ге дейін шектеу; сағаны көлденең айналым болатын дөңес жағалауға орналастыру; жасанды айналым жасау үшін ағыс бағыттаушы жүйелерді қолдану; өзендегі су деңгейінің орналасуына сәйкес әкету табалдырығының белгілерін көтеру; сағаның алдын өзендегі ағын осіне перпендикуляр немесе сол шамалас орналастыру; сағадан түптік тосқындары бар ағыстың барынша көп ауытқуын қамтамасыз ететіндей өзен арнасын реттеу; тосқынмен аз қаныққан жоғарғы ағын қабатынан суды алу; бірнеше тәсілдерді қоса қолдану.

Жүзбе тосқындармен күресу үшін, суландыру жүйелерінің каналдарына тосқындарды түсірмеу үшін қорғанудың екінші сатысы іске қосылады – тұндырғыш қондырғылар, гидроциклонды ағартқыштар және басқалар.

Басында реттеуіш ғимараттары жоқ бөгетсіз сағалық тораптарды инженерлік емес деп атайды. Кемшіліктеріне жататындар: каналға келіп түсетін өтімділіктердің тұтынатын өтімділіктермен сәйкес келмеуі; канал параметрлерін тұтыну өтімділігі бойынша емес, өзеннен келетін ең жоғарғы өтімділік бойынша белгілеуі; каналдың лайлануы, оның өткізу қабілетінің нашарлауы, онда шөккен тосқындарды үздіксіз алып отыру қажеттілігі.

Ең жетілгені, өзен жағалауындағы бас каналдың басына немесе кірер жерден сәл қашықтықта реттегіш қойылған реттелетін (инженерлік) бүйірлік бөгетсіз сағалар. Оларды тұндырғыштармен, шаюшы каналдармен немесе оларсыз жасауға болады.

Реттегіштерді қою бас каналға артық өтімділіктердің түспеуіне, ал автоматты құралдармен жабдықтағанда – су беруді тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Өткізу қабілеті бүтіндей өзен режимімен анықталады.

Олардың жетістігіне жататындар: тұтынушыларға үздіксіз ағартылған су беруді қамтамасыз етеді; жүйеге су беруді бұзбай, гидравликалық тәсілмен көп мөлшердегі тосқындарды алып тастау мүмкіндігі; тоң алу құралдарының аз қажеттілігі және оларды жұмыспен біркелкі жүктеуі.

Бұл су алғыштардың (сағаның) кемшіліктері:қазынды – тұндырғыштарды тасқын кезеңінде шаю қиындығы; аз өтімділік өткізген кезде шаюшы трактның тосқындармен лайлануы; қазынды – тұндырғыштар мен тосқын үйінділерін орналастыру үшін үлкен көлемде алаңдардың қажеттілігі, жұмыс үзілісі кезеңдерінде қазындылар мен қашыртқы каналдарды шөп басуы.

Жасанды су әкелгіш қисықсызықты каналдар схемасын қолдану, көлденең айналым көмегімен тосқындармен күресу тиімділігін арттырады (сурет 11.2).

Сурет 11.2. Жасанды қисықсызықты су әкелгіш каналы бар бүйірлік бөгетсіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]