Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

2.3.Жабық су қашыртқылар.

Жартасты жыныстардан қаланған тік жағалауы тар өзен аңғарларында бөгет салғанда жабық типтегі автоматты су қашыртқыны қолдану ұсынылады: құбырлы – ожаулы, сифонды, шахталы.

а) Құбырлы-ожаулы су қашыртқы.

Су қашыртқының бұл типі орлы су қашыртқылар жағдайында жұмыс істейді. Суағардың қыры ожау салу арқылы жасалады. Ол өтімділіктің үлкен коэффициентін қамтамасыз етеді, яғни суағардың ұзындығы аз болады. Ожаудағы су арынды құбырлар немесе тезағар арқылы әкетіледі.

Сурет 9.5. Құбырлы-ожаулы су қашыртқы:

а –кірер бөліктің жоспары; б – суқашыртқының жалпы жоспары. 1 – топырақ бөгеті; 2 – суқашыртқы құбырлар немесе тезағар; 3 – ожау; 4 – бағыттаушы қабырға; 5 – суағар; 6 – табанын бекіту.

Арынды су құбырларының бірқалыпты жұмыс істеуі құбырға кірер жерден ожау деңгейі 30-40 см артық,жаймен кеңитін кірікпе арқылы қамтамасыз етеді.

Құбырлы –ожаулы су қашыртқы 20-30 м³/с- тан аз өтімділікте қойылады.

б) Сифонды су қашырқы.

Сифонды су қашыртқылар гидротехникада көп қолдау табады.Себебі олар ашық су қашыртқылармен салыстырғанда үлкен үлесті өткізушілік қабілетіне ие.

Сурет 9.5. Сифонды су қашыртқы:

а – топырақты бөгет болғанда; б – бетонсыз бөгет болғанда; 1 – сифон суағарының жалы; 2 – ауа тесігі; 3 – күнқағар; 4 – кіру тесігі; 5 – шағылыстырғыш; 6 – суқашыртқы құбыр; 7 – суұрма құдық.

Сифонның суағарын (1) ӘІД белгісіне орналастырылады.Құбырдың алдыңғы бөлігінің кірер жері кең (4).Ауа мен қоқыстарды сормау мақсатында қалқан деңгей астына 0.7-0.1 м тереңдетіледі. Қалқанға суағар деңгейінде ауа тесігін (2) жасайды,ал сифонның ішкі ағызу қабырғасында –мұрынша –шағылыстырғыш (5) қояды.Сифон арқылы суды тастау автоматты түрде жүргізіледі.

Сифонның жұмыс істеу принципі төмендегіндей:суағардан жоғары деңгей көтерілгенде ауа тесігін (2) су басады және сонымен сифон ұрты сыртқы аумен жоғарыдан алмасады; мұрынша-шағылыстырғыштан аққан су қарама-қарсы қабырғаға тасталады және сифон ұртын сыртқы ауамен төменнен қатынастыратын су қабыршағы пайда болды.Су ағыны жәйменен ауаны сорады. Вакуум суағар үстіндегі құбыр биіктігіне жеткенде, сифон толық қимамен жұмысқа кенет қосылып кетеді.Сифонның қосылуы жоғары бьфтегі деңгей суағар жалынан 0.15-0.25 м көтерілгенде болады.

Жоғары бьфтегі деңгей тастала бастағанда қалқандағы ауа тесігі жалаңаштанып,сифон жеңілдейді,яғни оның жұмысы тоқтайды.

Сифонды суқашыртқыларды өтімділік 40-50 м³/с- тан асқанда қояды.

в) Шахталы су қашыртқы.

Шахталы су қашыртқыны тік жарлы тар жартасты жырларда орналастырылады. Оларда арыны күшті және 40-50 м³/с- тан аса үлкен өтімділіктерде қолданылады (сурет 2.33).

Сурет 9.7. Шахталы су қашыртқы:

а – жоспар; б – ось бойынша қима; в – конус учаскелі суағар (воронка); 1 – суағар воронка; 2 – тік шахта; 3 – су әкетуші туннель; 4 – құрылыстық су өтімдерін жіберу үшін қойылған бастапқы бөлім; 5 – бетонды тығын.

Шахталы су қашыртқы төменгі бьфке суды тік шахта арқылы тастап, туннель арқылы әкететін сақиналы суағар (воронка) түрінде болады. Әкететін туннельді алдымен құрылыс өтімділігін өткізу үшін пайдаланады,ал бөгет салғаннан кейін туннель (1) қосылатын шахталы су қашыртқы (3) орналастырады. Оның шахтаға кірер бөлігін бетонды тығынмен (4) бекітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]