Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

П.Г.Киселев бойынша беткейдің салыну коэффициенті мен рұқсат етілген шаймайтын жылдамдықтар мәндері

Топырақ категориясы.

Беткейдің салыну коэффициенті, m.

Шаймайтын жылдамдық V рұқс. м/с

Құмды топырақ

3-3.5

0.4-0.6

Құмшауытты топырақ

2-2.5

0.7-1.0

Саздақты және қиыршық тасты топырақтар

1-1.5

1.1-1.2

Ауыр тығыз саздар

1.0

1.5-1.2

Жартасты жыныстар

0.5-0.10

1.9-2.5

Каналдың еңістігін Шези формуласымен анықтауға болады:

Ік =

Құбырдың тікбұрышты қимасының енін Вқұб су қоймасының өлі көлем деңгейінің белгісінде каналға өзі ағып келетін суды Qсу өткізу жағдайымен есептейміз. Құбырдағы судың тереңдігін һқұб каналдағы судың тереңдігіне һқ тең деп қабылдаймыз. Z=0.1 ÷ 0.25 ( құбырға кірер жердегі жоғалулар ) болғанда құбырдың енін кең табалдырықты суғарудың формуласымен анықтауға болады:

Qсу = Е * * Вқұб * һқұб (8.2.)

осыдан Вқұб =

мұнда: Qсу – су жібергіштің өтімділігі ; Е – бүйірлік сығылу коэффициенті (0.8-0.95); φ - жылдамдық коэффициенті (0.8-1.0); һқұб –құбырдағы судың тереңдігі; Вқұб – құбырдың ені; Z- су жібергіш құбырға кірер жердегі арынның жоғалуы, 0.5 - 0.25 шамасында қабылданады.

Құбыр түбінің еңістігін, онда біртегіс режим орнатылған деп есептеп, Шези формуласымен анықтауға болады:

Ік = (8.3.)

мұнда V құб – құбырдағы ағынның жылдамдығы,м\с;

Су жібергіштің құбырының жұмысын арынсыз қылу үшін құбырдың биіктігін былайша анықтаймыз: Һқұб =һк +0.5; (м), кірер бөліктің босағасындағы белгі: Zкіру =Zөкд – һқұб (м);құбырдың сақиналы түбінің белгісі: Zшығу = Zкіру – L * Іқұб, (м); мұнда L – су жібергіш құбырдың жалпы ұзындығы. Су жібергіштің құбыр буындарының ұзындығын 6.0 - 8.0 м –ден қабылдайды. Канал түбінің басындағы белгі Zк = Zшығу , каналдағы су бетінің белгісі Zсу беті = Zшығу+ һк,м.

2.3.Мұнаралы су жібергішті есептеу

Курстық жобада су жібергіштің есептік өтімділігі (Q су,м3/с) берілген. Осы өтімділік арқылы суармалау немесе суландыру каналдарын есептеу керек.

Канал беткейінің салынуын (m) және каналдағы рұқсат етілген шаймайтын жылдамдықты (Vрұқ) топырақтың категориясына байланысты 2.15 кесте бойынша анықтауға болады.

Канал табанының енін былай анықтайды:

Вк =(1.2…1.4) ; Q су = ωк *Vрукс; ωк =

ω к = (вк+m * һк);m * һ2к+ һк - ω к = 0;һк =

мұнда ω к – тірі қима ауданы, м ²; Q су = Qк – су жібергіштің өтімділігі, м³/с; һк – каналдағы судың тереңдігі,м.

Су қоймасындағы өлі көлем дейгейіндегі (ӨКД) белгідегі су жібергішті есептеу.

Құбырлардың өлшемдерін су қоймасындағы судың тереңдегі ӨКД белгісіне жақын жағдайда анықтайды.Бұл жағдайда су жібергіш арқылы судың қозғалуы арынсыз құбырдағыдай болады және өтімділік мына формула бойынша есептеледі:

Qсу = Е * * Вқұб * һқұб (8.4)

мұнда Е - бүйірлік сығылу коэффициенті (0.8 -0.95);  - жылдамдық коэффициенті (0.8-1.0); һқұб – құбырдағы су тереңдігі, м; Z0-су жібергіш құбырындағы арынның жоғалуы, 0.1-0.25м шамасында қолданылады.

Су қоймасындағы әдеттегі іркілген деңгей (ӘІД) белгісіндегі су жібергішті есептеу.

Су қоймасындағы судың деңгейі ӘІД белгісіне жақын болғанда,су жібергіш құбыры арқылы өтетін су қалқанның астынан жіберіледі.

Су қоймасы ӘІД белгіде болғанда Qсу өтімділікті өткізу үшін сұқпаны қандай биіктікке (һқ) көтеру қажеттігін анықтаймыз.

Сұқпаның көтерілу биіктігін қалқаның астынан ағу теңдеуімен анықтауға болады:

Qсу = Е*φ*α*вқұб *һк* (8.5.)

мұнда Е- бүйірлік сығылу коэффициенті (-1.0-ге тең); вкұб-мұнараға кірер жердегі құбырдың ені,м; - табалдырық болмағандағы жылдамдық коэффициенті, 1-ге тең; α-тігінен сығылу коэффициенті,0.615 –ке тең;

2.73 теңдеуі іріктеу әдісімен шешіледі.һ кұб -нің кем дегенде үш мәні беріледі және оған сәйкес өтімділік анықталады. Сосын Q-f(hқ) графигін құрамыз.

Q, м3/c

Q=f(hщ)

- - - - - - - - - - - - - -

QB h,м.

һқ

Сурет 8.5. Q-f(hқ) байланыс графигі.

Есептік өтімділік (Qсу) бойынша іздеп отырған һқ шамасын табамыз.

Қалқан сыртындағы сығылған қимадағы ағынның тереңдігі һс =α* hқ;мұнда: α = 0.615 * hқ. Сығылған қимадағы жылдамдық коэффициенті:Vc = бұл жағдайда

Vc≤Vрұқс шарты орындалуы тиіс.

мұнда Vрұқс –рұқсат етілген шаймайтын жылдамдық, маркасы 400 бетон үшін 12.5 м/с.

Қабысуды тексеру

Егер һқ+ d = 1.15 * h″2 болса, онда секіру бастырылған болып саналады, яғни ағынның артық энергиясын бәсеңдету қамтамасыз етілген және құдық тереңдігі (d) дұрыс берілген d =(0.3-0.5)м,егер (hк+d)<1.15* h″2 секіру суға бастырылмаған, ағынның артық энергиясын бәсеңдету қамтамасыз етілмеген, яғни құдықты тереңдету қажет, яғни (d) мәнін арттыру қажет.

Суқұрма құдықтың ұзындығы формуламен анықталады:

Lқұд = Lшашыр +Lсекіру; (8.6.)

q= 1 м-ге м³/c

һ″2 = - Құбырдың соңындағы тереңдікпен қабысқан тереңдік

һ2 - құбыр соңындағы судың тереңдігі; α – сығылған қимадағы жылдамдық коэффициенті.

мұнда Lшашыр – судың шашырау ұзындығы – Lшашыр =0.43 V2 ; Lсекіру –секіру ұзындығы Lсекіру = 3.2 * h”2;d-суұрма құдықтың тереңдігі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]