Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Лекция №8 Су жіберуші құрылымарды жобалау

1-сұрақ. Су жіберуші құрылымдардың типі мен құрастыруын таңдау

Су жібергіштер бас(магистарлды) каналдарға немесе су торабының төменгі бьефіне онан әрі тұтынушыларға суды тасымалдау мақсатында су қоймасынан судың пайдалы жіберілуі үшін орналастырылады.

Су жібергіштер өлі көлем деңгейі (ӨКД) белгісінде судың есептік өтімділігін алуды қамтамасыз ету үшін жобаланады.

Су жібергіштердің типтерін таңдау орынға, судың өтімділігіне және нұсқаулардың техника-экономикалық салыстырулары бойынша жүргізілді.

Арын 4 м-ге дейін болғанда,қарау құдығындағы арынды құбырдың соңына жұмысшы сұқпаны орналастырып, сол құбырдың типі бойынша су жібергішті қоюға болады. Арынды құбырдың ( металдан жасалған) типі бойынша су жібергіштердің конструкциясы сурет 8.1-де келтірілген.

Су жібергіштің соңында ағынның артық энериясын ыдыратқыштар қарастырылады.Құбырды тығыз табиғи топыраққа салады және сүзілуден сақтандыру үшін құбыр бойына сазды топырақ пен бетоннан бірнеше диафрагма қояды.

Су қоймасының 6-7 м-ге дейін су тастау шамасында бетоннан немесе темірбетон тізбегінен жасалған арынсыз құбыр типіндегі су жібергіштер қолданылады.

Арынсыз құбыр типіндегі су жібергіштің конструкциясы 8.2 суретте келтірілген.

Жұмысшы сұқпалар су жібергіштің кірер басында орналасқан. Өлшемдері СНИП 50-74-ке сәйкс белгіленеді.

Арын 8 м – ден жоғары болғанда мұнаралы су жібергіштер қондырылады, конструкциясы 8.3 суретте келтірілген.

Сурет 8.1.Арынды құбырдың типі бойынша су жібергіш:

1 – жоғарғы беткейді бекіту; 2 – құбырдың кірер басы; 3 – диафрагмалар; 4 – қарау құдығы және сұқпалар; 5 – суұрма құдық.

Сурет 8.2.Арынсыз құбыр типіндегі су жібергіштің кірер бөлігі:

а – ұзына бойы қимасы; б – план; в – маңдай алды, 1 – кірер бөлігі; 2 – құбырдың бетонды басы; 3 – құбыр; 4 – қызметтік көпір; 5 – сұқпа.

Сурет 8.3.Мұнаралы су жібергіш:

1 – кірер басы; 2 – су әкелетін құбыр; 3 – мұнара; 4 – қызметтік көпір; 5 – су әкететін құбыр; 6 – суұрма құдық.

Мұнара сұқпаларды және көтергіш механизмдері орналастыру үшін, ал кейбір жағдайда мұнара қабырғасында әртүрлі биіктікте орналасқан тесіктен әртүрлі деңгейде су алу үшін қолданылады. Яғни мұнара ең таза қабаттан су алуға мүмкіндік береді.

Су жеткізетін құбыр арынды, ал әкететін құбыр арынсыз.Ол суды мұнарадағы қалқанның астынан алып,үлкен жылдамдықпен оны секіртпей өткізеді.Ол су бөгетттің сыртында орналасқан су ұрма құдықта ыдырайды.

Көбіне құрастырмалы темір бетон құбырлар қолданылады. Мұнараға барар тұсында ол мұнараның шөгуіне тәуелсіз болуы тиіс. Бұл мұнараның әртүрлі шөгулеріне және құбырдың сүзілуге қарсы нығыздалуының бұзылмауына мүмкіндік жасайтын конструктивтік шөгу тігісін жасау арқылы жүзеге асады.

Құбырларды қалындығы 0.3-0.5 м жұқа бетоннан дайындалған негізге салады. Кейбір құбыр буындарының түйіскен жерлерінде құбыр бойымен қауіпті сүзілулерден сақтандыру үшін биіктігі 0.4 – 1.0 м қабырға – диафрагмалар қояды.

Мұнараны жоғарғы беткейдің ортасына қою ұсынылады. Ол өлшемі 1.5х1.5м-ден кем емес төртбұрышты көлденең қимада болғаны дұрыс.

Су жіберуші құбырлардың бетон және темірбетон буындарының ұзындығын 6-8 м,өлшемі 1х1 м шаршы немесе тік бұрышты қимада жасайды.

Құбырдың кірер басына жүзбе заттар мен қоқыстардан қорғайтын тор немесе қада қояды.

2-сұрақ.Су жібергіш ғимараттарды есептеу

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]