Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері

Топырақтар

Jkcp – мәндері

понур

Экран және ядра

Бөгеттің денесі және призмалар

Саз

Сазды бетон

Саздақ

Құмшауыт

Құм:

орташа

майда

15

10

3

-

-

12

8

2

-

-

8.…2,0

4….1,5

2….1,0

1,0

0,75

6. Егер J < J /Kc майысуы (деформация) болуы мүмкін барлық аймақтар үшін орындалмаса, онда бөгеттің қабылданған конструкциясын дәл анықтау қажет, яғни бөгеттің және сүзілуге қарсы элементтердің өлшемдері, кәріздің орналасуы және басқалар. Жалпы топырақтың сүзілу беріктігі қамтамасыз етілуі тиіс.

3-сұрақ. Кері сүзгілер

Кері сүзгілердің кәріздің және кәрізделетін дененің ядро, экран немесе бөгет негізінің түйіскен жерлеріне қояды. Егер бөгет денесі қиыршық тасты, топырақ, тағы басқалармен салынған болса, онда оның кәрізбен түйіскен жеріне кері сүзгілерді қоймауға болады. Кері сүзгілер керек емес жағдайда, ол негізделуі тиіс.

Кері сүзгілер үшін қазба орындарының топырақтарын немесе жасанды материалдарды пайдаланады. Оларды қабыспа топырақтардың түйіскен жерлеріндегі сүзілу беріктігін қамтамасыз ету шартына байланысты іріктеп алады. Егер қазба орындарындағы табиғи топырақ жарамсыз болса, онда оны байытады немесе ірі фракциялармен (түйірлермен) араластырады.

Кәріз және өтпелі аймақтардағы кері сүзгілердің материалдарының әртүрлі ірілік (біртектес еместік) коэффициенттері төмендегідей мәнедерге ие болуы тиіс.:

егер қорғалатын топырақ суффозиялы емес шашылғыш болса, онда . Бұл жерде -тің аз мәнін құмшауыт және қиыршық тасты топырақтардың тапталған бөлшектері, ал үлкен мәнін – сүзгінің ірі тасты топырақтары үшін қабылданған жөн;

егер қорғалатын топырақ суффозиялы шашылғыш болса, онда ;

егер қорғалатын топырақ майысқақтығы (пластичность) 0.07-ден кем болмайтын сазды топырақ болса, онда ;

қуысты бетондардан жасалған сүзгілер үшін, ;

материалдарды суға төгіп жасалған сүзгілер үшін, ;

Кері сүзгілердің қабаттар санын және олардың құрамын әртүрлі нұсқадағы техника-экономикалық салыстырулар негізінде анықтайды. Бұл жағдайда бір қабатты сүзгілер жасауға ұмтылу керек. Тек қажетті жағдайда ғана көп қабатты сүзгілер (мүмкіндігінше қабаты аз) жобаланады.

Бір қабатты немесе көп қабатты кері сүзгілердің бірінші қабатын есептегенде төмендегідей белгілерді пайдаланады: di – қорғалатын топырақ түйірлерінің өлшемі, салмағы – барлық топырақ массасының i%-ын өте майда түйірлері құрайтын; Di – кері сүзгінің бірінші қабатының түйірлерінің өлшемі, салмағы – барлық топырақ массасының і%-ын өте майда түйірлері құрайтын; - қорғалатын топырақтың біркелкі еместік коэффициенті; - кері сүзгінің бірінші қабатының біркелкі емес коэффициенті; - қабат аралық коэффициенті.

Сүзгінің ірі дәнді құрамы қорғалатын топырақтың сүзгінің қуыстарына енуіне, топырақ бөлшектерінің сүзгі қуыстарына кіруіне және кептелуіне, қорғалатын топырақтың сүзгімен шекарасында шайылуына, сүзгі материалдарымен түйіскен жерде сазды топырақтардың қабыршақтануына жол бермеуі керек.

Бөгеттің типіне, денесі мен негізінің топырақ түрлеріне байланысты кері сүзгінің бірінші қабатын әртүрлі жағдайлар үшін іріктейді.

Құм топырақты бөгеттер үшін сүзілу ағысы жоқ учаскелерде бірінші қабат үшін қолда бар материалдардың жарамдылығын В.С:Истоминаның графигі (сурет 2.18 a [10]) бойынша анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]