Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Лекция №2 Гидротехникалық құрылымдарды (гтқ) топтастыру, су торабтары жүйелері

1Сұрақ. Гтқ топтастыру.

Табиғи су қорларын пайдалануға (өзендер, көлдер, теңіздер, жер асты сулары) немесе қоршаған ортаны судың зиян әсерінен сақтап қалуға (кішірейту) жағалаулардың жуылуын және сел ағындарынан қорғауға тағайындалған құрылғыларды ГТҚ деп атайды.

Гидротехникалық құрылымдарды топтастыру:

    1. Жылғалардың және тоғандардың түріне байланысты:

  • өзендердегі, мұхиттардағы, көлдердегі немесе тоғандардағы, ішкі жүйелердегі немесе тармақтардағы және жер астындағы.

  • тармақты мелиоративтік құрылымдар:

а) реттеушілер (реттеуіш, су шығарғыш, суды бос ағызғыш және тасалағыш, су бөлгіштер);

б) су өткізгіштер (дюкерлер, акведуктер, құбырлар, нөсер өткізгіштер);

в) қисықтығыштар (құламалар, тезағарлар және т.б)

1.2. Жылғалар және тоғандардың бір-бірімен әрекеттестік жағдайлары және орындалатын функцияның сипаттамаларына байланысты:

- су тежеуіштер (бөгеттер, бөгетшелер, т.б);

- су өткізгіштер (каналдар, құбырлар, туннельдер, науалар);

- су алғыштар (су алатын құрылымдар);

- су ағызғыштар ( суағарлар, тереңдік су ағызғыштар, су жібергіштер).

1.3. Мақсатына байланысты.

- жалпы мақсаттардағы құрылымдар (су тежеуіштер, су өткізгіштер, ағызғыштар және реттеуіштер);

- арнайы құрылымдар (каналдар, сорғы станциялары, ГАЭС және ГЭС ғимараттары деривациялық каналдар және туннельдер, теңестіруші резервуарлар, кеме қатынасатын шлюздер, кеме жайлар, толқын сындырғыштар, бөренен жібергіштер, балық өткізгіштер, балық көтергіштер, балық өсіретін тоғандар, су алғыштар, коллекторлар, тазартқыш станциялар, қорғайтын бөгетшелер, нөаер өткізгіштер).

Өзендік (ГТҚ) пайдалану жағдайларына байланысты екі топқа бөлінеді, тұрақты және уақытша.

Бұл жерде уақытшы ГТҚ тек қана құрылыс кезінде немесе тұрақты ГТҚ жөндеу кезіндегі пайдаланылатын құрылымдар жатады.

Тұрақты ГТҚ жататындар:

  1. Негізгі құрылымдар (бөгеттер, бөгетшелер, су ағызғыштар, туннельдер, құбырлар ГЭС ғимараттары және т.б).

  2. Болмашы (вспомогат.) құрылымдар (жөнелетін қақпақтар, кеме қатынайтын шлюздердің палдары, жағалауды бекітетін және мұздан қорғайтын құрылымдар) «СНиП 11-50-74 ГТС речные. Основные положение проектирование. М.: Стройздат, 1975.-24с.» нұсқауы бойынша тұрақты ГТҚ (I-IV) класқа бөлінеді.

2Сұрақ. Су торабтары және су жүйелері, оларды топтастыру

Су тораптары төмендегідей топтастырылады:

  • тұрған жеріне байланысты (өзенде, көлде, теңізді, тоғанда);

  • мақсатында байланысты (су алғыштар, халық шаруашылығының әр түрлі салаларына, мысалы Шумыштағы суармалы, энергетикаға, су көлігіне және т.б);

  • өзен ағынын реттеушілеу, олар елді мекенді жақсылап жабдықтау үшін, су тасқынмен күресу үшін және т.б.

Кесте 2.1

Гидротехникалық құрылымдарды топтастыру

Сутірек ғимараттары

Ғимарат табанының грунтының түрі

Ғимараттың класы

I

I I

I I I

IV

Ғимараттың биіктігі, м

I. Тау жыныстардан жасалған бөгеттер

1.Жартастар

>100

10...100

25...70

<25

2.Құмдар, ірісынықтар, саздар қатты жағдайларда

>75

35...75

15...35

<15

3.Суға қаныққан саздар созыңқы жағдайларда

>50

25...50

15...25

<15

II. Бетон және темірбетоннан жасалған бөгеттер

1.Жартастар

>100

60...100

25...60

<25

2.Құмдар, ірісыеықтар, саздар қатты жағдайда

>50

25...50

10...25

<10

3.Суға қаныққан саздар созыңқы жағдайларда

>25

20...25

10...20

<10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]