Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Политехникалық факультет

Су шаруашылығы кафедрасы

«Бекітемін»

Оқу бағдарламалары комитетінің

төрағасы___________________

«____»________________2011ж

Оқу - әдістемелік кешен

«Гидротехникалық құрылымдар» пәні бойынша

Мамандығы: 5В05081000 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау»

5В05050500 – «Су ресурстар және суды қолдану»

Күндізгі бөлім

Қызылорда, 2011

Оқу - әдістемелік кешенін құрастырғандар:

«Су шаруашылығы» кафедрасының профессоры, а/ш.ғ.д

Шомантаев Асылхан Әшімұлы, аға оқытушы, а/ш.ғ.д Отарбаев Бауыржан Сырмағамбетұлы, оқытушы Жиембай Рсалды

  • Қызылорда: Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011

Бағдарлама «Су шаруашылығы» кафедрасының мәжілісінде қаралған.

Хаттама № «___»___________2011жыл

Кафедра меңгерушісі _________________т.ғ.д., профессор С.И.Қошқаров

Оқу бағдарламалары комитеттің кеңесінде қаралып бекітілген

Хаттама № «___»___________2011жыл

Төраға _______________________

Аңдатпа

«Гидротехникалық құрылымдар» пәнінің СП ОӘК мамандықтың типтік және оқу жұмыс жоспарына сәйкес құрылып өткізілетін пәннің толық негізгі мазмұнымен таныстырады. СП ОӘК құрамында пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS), курстың тематикалық жоспары, қажетті әдебиеттер тізімі, дәрістің қысқаша мазмұны, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындау үшін тапсырмалар жүйесі, пән бойынша есептік жұмыстардың графикалық орындалуы және өзіндік бақылаудың тестілік тапсырмалары берілген.

Студенттердің оқу-әдістемелік кешенін қолдану оқу уақытын дұрыс бөлуге, өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға, студенттердің творчестволық өмірін қарқындауға көмектеседі.

© Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, 2011

Мазмұны

  1. Пәннің мемлекеттік стандарты

  2. Пәннің типтік бағдарламасы

  3. Пәннің оқу бағдарламасы (SYLLABUS)

  4. Модульдер бойынша сұрақтар тізімі

  5. Дәрістік сабақ конспектілері

  6. Қолданылған әдебиеттер

  7. Практикалық (машықтану) сабақ

  8. Лабораториялық (зертханалық) сабақ

  9. Гидротехникалық құрылымдар пәні бойынша қазақ-орыс терминологиялық сөздік

  10. Өз-өзін бақылау сұрақтары

  11. Емтихан сұрақтары

  12. Глоссарий

Типтік оқу бағдарлама

Жоғарғы кәсіптік білім

Бакалавр

Гидротехникалық құрылымдар

050810 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау»

мамандығы бойынша

(3 кредит)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым минстрлігі

Тараз

2007

АЛҒЫ СӨЗ

  1. ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

  2. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру республикалық оқу-әдістемелік Кеңесімен 2006 жылы 22 маусымда БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  3. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

  4. Типтік оқу бағдарламасы 050810 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стнадартына сәйкес ӘЗІРЛЕНГЕН.

  5. Типтік оқу бағдарламасын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Оқу-әдістемелік секциясы баспаға ұсынған. № 2 хаттама 04.05.07 ж.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Оқу-әдістемелік секциясыныңы рұқсатынсыз осы типтік оқу бағдарламаны көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді.

Мазмұны

Кіріспе

  1. Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзіліс

  2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктілігі

  3. Бөгеттер

  4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар

  5. Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар

  6. Өзен тораптарын құрастыру

  7. Тораптардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар

  8. Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі

  9. Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі

  10. Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар

Әдебиеттер

Түсініктеме

Суды пайдалану мәселелерін гидротехникалық құрылымдар арқылы шешетіндігінен ескере отырып оларды жобалағанда, құрғанда, пайдаланғанда білімгерлерді табиғи жағдайларды (жер бетінің бедері, ауа райы, геология, жергілікті материалдар т.б) ескерудің негізгі принциптерімен таныстыру; құрылымдардың түрлерін іріктеу, көп бөлшекті күрделі құрылымдарды құрастыру, жобалау және есептеу әдістерін таныстырып үйрету; гидротехникалық құрылымдарды зерттеу әдістерімен таныстыру, су қорын кешенді түрде пайдалану қажеттілігін, құрылыс жұмыстарын жүргізу және құрылымдарды пайдалану кезінде болатын жағдайларды, техникалық және экономикалық факторларды, гидротехникалық құрылымдардың қоршаған ортаға келтіретін әсерлерін ескере отырып өзен бойындағы жеке құрылымдар мен торабтарды, суару жүйелеріндегі құрылымдарды жобалаудың принциптерімен, әдістерімен таныстыру және үйрету.

Гидротехникалық құрылымдарды жобалаудағы, құрудағы және олардың архитектурасындағы техникалық эстетиканың орыны туралы; гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстардағы ғылыми-техникалық дамудың негізгі бағыттары туралы, қрылысты индустрияландыру және бір ізге салу, жиналмалы конструкцияларды кеңінен еңгізу туралы, игерген білімді гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстардағы нақты міндеттерді шешкенде іс жүзінде пайдалану туралы мәліметтер мен түсініктерді беру.

Пәнді оқу барысында білімгер кешенді және салалық гидротехникалық құрылымдарды жобалау сатыларын және әрбір сатының дәрежесіне сәйкес дәлелдеудің керекті тереңдігін меңгеріп алады.

Қазіргі заманның су сүзілу есептерін, құрылымдардың орнықтылық және беріктілік есептерін, олардың су өткізу мүмкіншілігін, бьефтерді жалғастыру есептерін, өзендердің және төменгі бьефтің жайылып өзгеруін болжауды, гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстарда пайдаланатын гидротехникалық құрылымдардың барлық түрлерін жобалау негіздерін, су шаруашылығының және гидротехниканың даму тарихын меңгеріп білу болып табылады.

Пәнді оқу барысында жоғарғы дәрежелі инженер-гидротехник маманын даярлау кешенінде гидротехникалық құрылым пәнінің ролі мен орынын түсініп бағалайды.

Студент пәнді оқу барысында жоғарғы дәрежелі кәсіпкерлікті қамтамасыздандыратын дағды мен іскерлікк ие болуы тиісті, сонымен қатар айтылған дағды және іскерлік маманның гидротехникалық құрылымды іздену, жобалау, құру және пайдалану жұмыстарын атқарғанда оның алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуді қамтамасыздандырады.

Пәннің мазмұнын негіздейтін біліктілік, іскерлік және дағдылықтың минимумы, жоғарғы кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]