2. Шешімді қабылдаудың рационалды алгоритмі
Басқару сияқты мәселені шешу – процесс, себебі сөз ұшы-қиыры жоқ бір-бірімен, байланысты қадамдардың дәйектілігі жайында.
Менеджер шешім жайында ғана емес, шешімге байланысты және одан шығатын барлық мәселелер жайында қам жейді. Мәселені шешу үшін бір ғана шешім емес біріккен талғам жасалуы қажет. Сондықтан, мәселені шешу процесі 5 кезеңнен тұрады деп болжауға болады.
1. Мәселенің диагностикасы. Мәселені шешу жолындағы алғашқы қадам анықтау немесе толық және дұрыс диагноз қою. Мәселені қарастырудың екі әдісі бар. Біріне сәйкес алға қойған мақсатқа жетпеген жағдайда ситуация мәселе болып саналады. Болатын жағдай болмаған жағдайда сіз проблеманы біле бастайсыз. Осылай істей отырып сіз нормадан ауытқуды түзейсіз.
Мысалға, іскер өзінің аумағында өнімділік нормадан төмен екенін анықтай алады. Бұл реактивті басқару болады, оның қажеттігі анық.
3. Басқару шешімдерін қабылдау механизмі және олардың өндіріс нәтижесіне әсер етуі
Менеджмент технологиясы келесі құрамнан тұрады:
– шешім қабылдаудың жалпы басшылығы;
– шешім қабылдау ережесі;
– шешім қабылдаудағы жоспарлар;
– жекеше қарым-қатынас негізінде бір деңгейдегі басшылармен екі жақты шешім қабылдау;
– бағытты топтар және шешім қабылдаудағы олардың мәні (бірдей деңгейдей топтың қарым-қатынасы);
– қарым-қатынастың матрицалық түрі.
Алғашқы үш құрам басқару деңгейінің арасындағы тік қарым-қатынасты, ал соңғы үшеуі – қабылданатын шешімнің координациясында көлбеу қатынасты қамтамасыз етеді.
Фирма шешімді тарату мүмкіндігі мен қабылданатын шешімнің қиындығына байланысты менеджментте қарапайым немесе қиын қарым-қатынас механизмін қолдана алады.
Шешім қабылдаумен ортақ басшылық шешім қабылдау процесі жоғарыда отырған басшыға бағынатын (жалпы) бір басшының қолына деп болжамдайды. Бұл жерде лауазым бойынша шешім қабылдауда иерархия орнайды. Әр басшы өз мәселесін жоғарыда отырған басшымен емес өзінің тікелей басшысымен шешеді. Мұндай механизм америкалық менеджментке тән.
Америка фирмаларында тікелей басшылар жоспарланған нәтижесіне жету үшін қажетті еңбек және материалдық ресурстарын қолдануға құқықты бола отырып, өз ісіне жауапты болып есептеледі. Бұл жерде құқық пен жауапкершілік теңдей.
10.5
1. Өнірістік процесстерді орындау саласы және басқа операциялар салаларында стандарттарды тарайындау;
2. Нақтылы нәтижелерді нормалармен салыстырып ауытқуларды анықтау;
3. Ауытқуларды жоюға немесе жоспар мен нормаларды қайта құру арқылы іс-қимылдар ұйымдастыру.
Бақылау функциясы — мезгіл-мезгіл басшыны күнделікті жұмыстардың жағдайын, ясни жоспарды орындау барысымен таныстыру болғандықтан, бақылау функциясы мен жоспарлау функциясы арасында тікелей байланыс бар екенін атап өту қажет. Бақылау стратегиялық шешімдерді қабылдау да, оперативті іс-қимылдарды атқаруда да қажет.
Бақылау жүргізу үшін сандық және сапалық нормалар (стандарттар) орнату керек. Нормалар ретінде жұмыстың нәтижесін бағалайтын критерийлер қолданады. Жұмыс істеу нормаларына қойылатын талаптар: олар дәлелді, икемді болуы қажет және жаңа жоспар құрылған сайын жаңартылып тұру керек. Сондықтан жаңа нормаларды жасаған кезде күнделікті қызметті талдап, өткендегі жетістіктерге ықпал еткен факторлар мен себепті анықтау керек және болашақта қосымша ресурстарды және резервтерді пайдалану арқасында қандай жетістікке қолымыз келетінін, ескеру керек. Қызметті талдаудың келесі этапы — информацияны жинау, өңдеу және ұсыну; осының арқасында басқарудың барлық деңгейіне сай стандарттық мерзімді есеп беруді ойлап табу. Бұл есеп берудің уақыты мен көлемі басқару деңгейінде қабылданатын шешімге қажет информацияға байланысты. Неғұрлым бұл деңгей төмен болса, соғұрлым информация егжей-тегжейлі және қысқа мерзімді болады. Ал жоғары деңгейде ол жалпы, қорытынды түрінде болады. Қажет болған жағдайда стандарттық есеп беруден тыс арнайы түрін енгізеді. Сондықтан мәселе бүкіл ұйым және оның — бөлімшелерінің жұмысы мен жеке операцияларын талдай алатын информациялық қызмет көрсететін жүйе құруда болады.
Жұмысты талдау дегеніміз — нақты көрсеткіштерді нормалармен салыстыру, жетіспеушіліктер мен ауытқуларды анықтау және олардың себебін түсіндіру. Кез-келген ауытқуларды дер кезінде зерттеп талдау керек. өйткені олар кезекті шешімдерді дер кезінде қабылдауға және түзетулерді уақытында енгізуге мүмкіншілік береді. Бұл әрекеттер — нақты нәтижелерді жоспарлық нәтижелерге жақындату — бақылаудың басты және соңғы фазасының негізін құрайды. Бұл жерде жоспарларды түзететін және жаңа норма қайта құру процедурасын ойластырады.
Бақылаудың тиімділігі шешімдердің қаншалықты жылдам және дәлелді қабылданатынына тәуелді.
Бақылау функциясын іске асыру біріншіден, есеп және есеп беру жүйелерін ұйымдастырура негізделеді. Тиісті бухгалтерлік және қаржылық қызметтер орындары информацияны жинап өңдейді, бұл информация бұрынғы жетістіктерді сипаттайды, мақсаттарды белгілеуге қажет тенденцияларды айқындайды, жоспарларды және нормаларды, сонымен қатар нақты мәліметтерді жоспармен салыстыруға т.б. информацияларды жеткізеді.
Басқарушылық есеп берудің құру принциптері ретінде жауапкершіліктің орталықтары және «негізгі бақылау нүктелерін» қолдану принциптерін келтіруге болады. Басқарушылық бақылау функциясын орындау кезінде, қазіргі уақытта белгілі «ауытқулар бойынша басқару» және «мақсатты басқару» принциптері де қолданады.
Жауапкершілікті есептеу концепциясының негізгі ойы қарапайым: әрбір басшы жалпы жұмыстардың белгілі бөлігіне жауап береді. Есеп жүйесі басшы жауап беретін іс — әрекеттердің нәтижелерін өлшеуге мүмкіншілік беруге құралады. Ол үшін жауапкершілікті әрбір басшыға табыстау оңай болу мақсатымен оларға тапсырмалар тәптіштеп орнатылады. Бақылаудың тиімділігі жоғары болсын десек, есеп беру жүйесі жоспарлау жүйесіне сай болу керек.
Бақылау жүйесі тиімді болса басшының назары маңызды мәселелер шешімдерінде болады. Егер қызмет барысы жоспар бойынша жүріп жатса басшыға ешқандай информация түспеу керек. «Ауытқу бойынша басқару» принципі басшының назарына әр түрлі ауытқуларды туғызатын жағдайлар ғана түседі. Ауытқу барын белгілейтін бақылау информациясы басшыларға тез талдау жасап, қажетті шаралар қолдануға итереді. Осының нәтижесінде басшылар маңызды және «тар жерлерге» көңіл бөліп оларды жоюға мүмкіндік алады.
Бақылау информациялардың ағымдары келесі принциптерге сәйкес ұйымдастырылады: басқару деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын фирма негізгі стратегиялық нүктелерінен шығатын информация соғұрлым синтезделген және еркін болады. Мұндай құрылым информация көлемін шектеу үшін, яғни бақылау көрсеткіштерін неғұрлым азайтып, сонымен бірге басшыга өзінің басқару деңгейінде бақылауға мүмкіндік беру үшін қажет. Негізгі көрсеткіш ретінде жалпы нәтижеге және жеке бөлімшенің мақсатына елеулі ықпал ететін факторлар алынады.
Бөлімшенің және оның басшыларының жұмысына бақылау мақсаттық әдісіне негізделген. Бұл әдіс бойынша әр бөлімше, әр басшыға өз функциясына сай нақтылы жеке мақсат қойылады және сан мен сапалы көрсеткіттерінен тұратын жоспар бекітеді.
Мақсаттардың нақты мазмұны және құрылымы функциялар және жауапкершіліктерді үлестірумен, басшылық қаншалықты орталықтандырылады соған тәуелді болады. Мақсатты әдіс бақылауда дәстүрлі тәжірибенің кемшіліктерін жоюға, оның ішінде адамдардың моральдік-психологиялық факторларын елемеуден айырады; ынталандыру факторы ретінде қызмет етеді, өйткені қызметкерлердің өзінің ролін түсінгендіктен алдына қойылған мақсаттарды орындауға ат салысады.
Мақсат бойыныіа басқару әдістерінің негізгі қолдану проблемасы ретінде субъективизмді, мақсаттардың қойылымының дұрыс болмауын, өсу қарқынына негізделген жоспарлау тәжірибесінен арылу болып табылады. Әр түрлі қызметкерлер жөне бөлімшелер мақсатын салыстыруға болмайтындықтан, сапа жағынан айырмашылығы олардың қызметін дәл бағалау критериі ретінде пайдалануға көп кедергі туады.
Бақылау түрлері. Бақылаудың үш түрін ажыратуға болады: алдын-ала бақылау, күнделікті бақылау, кейінгі бақылау.
Алдын-ала бақылау шешімдердің дайындалуын бақылайды. Бұл процесте бақылау өкілеттілігі орган мен бөлімшелердің бекітілген ережелер мен нормативтерге сәйкестігін анықтайды. Алдын-ала бақылау негізі бақылау түрі болмау керек. өйткені пайдалы ықпалымен қатар егер де оған көп көңіл бөлінсе теріс жағымен көрінуі мүмкін.
Жищажхп бақылау алдын-ала бақылауға қарағанда одан гөрі маңызды орын алады. Бір жоспарды орындау кезінде көптеген жағдайлар себебінен жоспарды өзгертуге тура келеді. Оеы себептерді уақытында анықтау күнделікті бақылаудың негізгі міндетіне жатады. Бастықтың ең бірінші міндеті алдына қойған мақсатқа жету болады. Бірақ мақсаттың өзі де өзгеріске шалдығуы мүмкін, мысалы қажеттіліктердің өзгерісіне байланысты т.б. Күнделікті бақылаудың міндеті мақсаттарды орындау мүмкіншіліктері мен құралдарын тауып, оларды нақты жағдайлармен байланыстыру болады.
Әр түрлі деңгейдегі басшылардың жұмысында кейінгі бақылау маңызды орын алады. Оның негізі мен құралдары болып жұмыстық нәтижесі және құрылымдық бөлімшелердің тиісті есеп беруі саналады. Бұл бақылаудың түріне шешімді орындауын тексеруге қатысты сұрақтардың барлығы кіреді. Кейінгі бақылау ең толық және жан-жақты қамтитын бақылау болып табылады.
Бірақ бұл бақылау бұрынғы істелген жұмыстың өзгеруіне ешқандай ықпал ете алмайды, сондықтан оның қорытындысы дұрыс бара беруге және болашақта істелетін жұмыстардың тиімділігін көтеруге қолданады.
Бақылау әдістері. Бағыныштылардың іс-қимылын бақылайтын әдістердің көптеген түрлері бар. Соның ішінде көп кездесетіндер:
1) есеп беруді тексеру;
2) үлгі;
3) тіркеу және есеп беру;
4) шектеуді орнату (шектелген мерзімдер);
5) ережелер мен процедураларды орнату;
6) бюджеттер (қаржылық сметалар);
7) ұялту;
8) тәртіптік шаралар.
Алдыңғы алты әдіс бақылаудың дұрыс әдістері ретінде, қалған екеуі теріс әдіс ретінде қарастырылады, бірақ бұл осындай емес.
Есеп беруді тексеру. Басшының өзіне бағынышты адамдарды қадағалауы оларға үлкен ықпал жасайды. Мүмкін ежелгі «Мысық үйден кетсе, тышкан ойнайды» деген мәтелдің дұрыстығы бар шығар. Әрине басшының өзі жоқ болса да, оның жұмыс барысын бәрі бір бақылап отырғанын елестету шеберлігі үлкен роль атқарады. Көп жерде жұмысшылар өзінің және жұмысының бақыланатынын біліп жақсы жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен бірге тексерудің кемшіліктері де бар. Кейде ол жұмысшыны рабайсыз қимылдарға, бар күшін салып жұмыс істеп жатқансиды. Бірақ осы және де басқа кемшіліктеріне қарамай тексеру басшының мықты бақылау құралы болып саналады.
Ең бастысы, басшы өзінің тексеруін жоспарлы және жүйелік түрде жасау керек. Басшы бағыныштыларымен жиі сұқбаттасып тұруы керек. Әрине жәй әңгімелесу, әзілдесу емес, қажетті тексерулерді жүргізу үшін.
Басты қиыншылық — бұл әр түрлі тексерулерден бір тұтастық құру. Бұл мақсатқа ревизия жүйесі жақсы көмектеседі, осының арқасында бағыныштылар абай болады, қате жібермеуге тырысады және компанияға қарсы қылмыс жасауға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан көптеген компаниялар тұрақты ішкі ревизия жүйесін енгізеді.
Үлгілер. Басшы-лидер көп жағдайда бағыныштыларына үлгі болып, өнеге көрсетіп, соның өзі бақылау жұмысына көмегін тигізеді. Кейбір жағдайда басшы топтың таңдаған үлгісі ретінде әсер жасайды. Өзі станокта жылдамдықпен істей алатын мастер өзіне қарасты жұмысшыларға талап қоюы орынды, қолынан мұндай іс келмейтін мастерге қарағанда. Немесе жоспарлау қолынан келетін басшы, бағыныштыларын жоспарлауға мәжбүр етуге көбірек мүмкіншілігі бар.
Бірақ үлгінің бақылауға тиісті ықпалының шегі бар. Түнге дейін істейтін басшы, бағыныштыларын жұмыста кідіре тұруын сұраумен, топ ішінде өзінің лидерлігін нығайтады. Ал егер басшы өзінің шеберлігін көрсетіп, ең жақсы жұмыскерді өзінен төмен екендігін байқатса, ол тиісті қолдау таппауы мүмкін.
Тіркеулер және есеп беру бақылау үшін үлкен құндылығы бар, бірақ олар тым көп болып, тым жалықтыратын және тым көп уақыт қажет ететін болуы мүмкін. Көптеген ұйымдарда есеп беру қаралмайды, ал тіркеулер талқыланбайды. Көбінесе құндылығын барған сайын жоғалтып, сақтауға шығын талап етеді. Көптеген ұйымдар өздеріндегі тіркеулері мен есеп беруді зерттесе, керексіздерін жойса көп қаражат үнемдеуіне болады.
Шектеуді орнату. Бағыныштыларға шешім қабылдаған белгілі шектеулер қойып, арнайы рұқсатсыз олардан тыс шықпауы керек. Мысалы, ұсақ статьялар бойынша хатшыға ақша жұмсауға рұқсат беріп, бірақ 5 доллардан шығын асатын болса, онда басшысымен кеңесу қажет. Сауда жасау агентіне арнайы санкциясыз 10000 долларға дейін келісімдер жасауға рұқсат беріп, ал одан жоғары болатын келісімдерге алдын ала рұқсат алу қажет. Осы жолмен бақылайтын басшы қаражатты теріс пайдаланудан сактайды.
Ережелер, нұсқаулар мен процедураларды орнату. Жоспарларды, нұсқаулар және процедураларды орнатып басшы белгіленген жұмыс тәртібінің үлкен бөлігін бақылап, бағыныштыларын бір дұрыс дағдыларға үйретеді. Ережелер көп жағдайда тиым салынған іс-әрекет формаларын анықтайды, егер олай жасамаса тәртіп орнатуға кеткен күш-жігері зая болады немесе қызметкерлер өміріне қауіп төнуі мүмкін.
Орнатылған нұсқаулар жұмысшыларға әр түрлі жағдайларда не істеу керектігін белгілейді. Мысады сату квотасы — бұл орнатылған нұсқаулар формасы. Өзінің квотасын сата алмаған комиссионерлер сауда директорінің назарын өзіне аударады, ал ол өз жағынан жағдайды түзетуге тырысуы мүмкін. Орнатылран тәртіп (процедура) оқиғалар тізбегін белгілейді, бұл тәртіп бойынша ұйым мүшелері берілген жағдайда не істеу керектігі беріледі. Мысалы, қызметкерлердің жұмысқа шықпауын бақылауды жеңілдету үшін әр адам жұмысқа шықпаған себебін белгілі уақытта айтып хабарлау керек.
Басқа бақылау құралдары сияқты ережелер, нұсқаулар және процедуралар теріс қолданылуы мүмкін. Мұндай жағдайлардан аулақ болу үшін олар біріншіден дұрыс құрылып, мезгіл сайын тексеріліп тұруы қажет. Содан соң оларды жаңаша құрып, өзгертіп немесе қажет жадайда жою керек.
Қаржылық сметалар (бюджет) — бұл тек нәтижені және жоспардың дұрыс орындалуын бағалайтын доқумент емес, сонымен қатар бақылау құралы болып саналады.
Қаржылық смета арқылы бақылау іс-әрекеттің белгілі шегін орнатылғанынан байқалады. Бюджетпен жасалған шектеулер айқын болмағаны өзінде, бюджет әкімшілік шешімдерін бақылап отырады. Басшы өзінің бюджетінен аса жұмсамаса, ол қосымша қор сұрауы тиіс. Бұл жағдайда ол сынға түсуі мүмкін, өйткені ол нашар жоспарлаған; егер ол қорларды толық жұмсамаса, ол бөлінген қаржыны орнымен жұмсамай қалғаны үшін және тағы да нашар жоспарлағаны үшін тағы да сөгіске жығылады.
Ол өз мұқтаждағының дәл сметасын жасауға ұмтылу керек. себебі егер дәл керегінен өте жоғары талап етсе, онда оның бюджетін тез арада қысқартып тастайды. Егер ол қажетінен аз сұраса, онда ол да білініп қалады да, жоғары басшылар неге ол нақты мақсатқа бағытталған және орынды программа жасай алмайды екен деп білгісі келеді.
Ұялту. Ұялту-бақылауда теріс тәсіл деп танылады. Ал басшылардың көбі негізінен бақылаудың оң тәсілдерін қолдауды қалайды. Бірақ кей жағдай жақсарар ма екен деп теріс әдістерін де байқап көру керек. Егер ол жақсарса, ұйым одан тек қана ұтады. Егер жақсармаса, онда одан да қатал шараларды қолдануға болады. Мысалы, жұмыс уақытында жұмысқа келмейтін қызметкер, егер ол есеп беру және тіркеу процедуралары бар екендігін және бастығына оның тәртібі ұнамайтындығын білсе, тәртіпті болуға дағдыланады. Кейбір жұмысшылар тез түзелуге ниет білдірмейді және тұрақты қыдырымпаз болып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда басшы ауызша немесе жазбаша түрінде ұялтып сөгу керек. Кадрлар бөлімі бөлімдер басшыларына мұндай тәртіпсіздік жаласса, ол қызметкерді жұмыстан босатуы мүмкін екендігін ескертуі тиіс. Сонан кейін қызметкерге өз тәртібін өзгерту керектігін түсіндіру керек.
Ұялту барлық жұмысшылар, басшыларға көбінесе ұнамайды. Бағыныштылар жиі сөгіс, ұялту, кеміту немесе басқа да кез-келген сын немесе жақтырмау түрлерін тосу мен қорқынышта жүреді. Сондықтан әр басшы бұл ықпал жасау құралын өте шебер қолдануға міндетті. Аяусыз немесе әділетсіз, немесе ойламастан ағат қолданылса, ол қуіпті құрал болып кетеді. Екінші жағынан, егер жағдайды түзей алатын жерде, басшы адам бұл тәсілді қолданудан тартыншақтаса, онда ол тағы да ақылға сыйымсыз болады. Кейбір басшылар бар ынтасымен бағыныштыларын ұялту құралын қолдануда тартыншықтайды, оны түсінуге де болады, себебі ол адамдармен қарым-қатынас құруды жақсы білу керек екенін талап ететін едәуір ұнамсыз міндет.
Тәртіп жөніндегі шаралар. Ұялту — бұл тәртіп шараларының тек бір түрі. Ұялту — тәртіпке шақыру шараларының жұмсақ түрі, тек кейбір жағдайларда ғана көмектесуі мүмкін, бірақ сонда да кейбір уақытша жұмыстан аластату немесе жұмыстан босату секілді қатаң шаралар қолданылатын жағдайлар да болады.
Кәсіпорындардағы қоғамдық бақылау — өте қызықты және аз зерттелген қоғамдық сипатымен айрықшаланатын бақылаудың бір түріне жатады. «Әлеуметтік» (қоғамдық) термині — жеке адам емес, топ жүйесі ретінде әрекет ететін жұмыстас жолдастарының қоғамдық қысымымен күшейтілген талаптарды орнатуды білдіреді.
Кәсіпорындардары әлеуметтік бақылауға ұжым орнатқан нормалар, әдет-ғұрыптар, келісімдер, жазылмаған заңдар, дағдылар, орнырып қалған тәжірибелер, жүйенің статусы және мәртебесі кеңінен таралған бағалар, ойдан шығарылған нәрселер және фольклор жатады. Әлеуметтік бақылаудың кейбір түрлері бақылаудың ресми ережелеріне, бұйрықтары және басқа бақылау құралдарына енгізілген. Бірақ тәртіп бұзғандарға арналған қоғамдық қысым заводта немесе мекемелерде жұмыс істеген адамға әбден таныс. Жұмыс топтарында қабылданған нормалардан ауытқудан туған жұмыстас жолдастарының жиіркенішті көзқарасына аздаған адамдар ғана шыдай алады.
Бақылаудың жүйелік концепциясы. Егер басқаруды динамикалық процесс деп қарасақ, оның негізгі мазмұны мен функциясы үнемі туындайтын проблемаларды табу, тиісті шешімдер қабылдау және оларды іске асыру болса, онда жоспарлау және бақылау арасындағы тығыз байланыс айқын көрінеді. Бақылауды ұйымдастыру жоспарлы тапсырмаларды өзгертуге және ресурстарды қайта бөлуге бағытталған жүйелік іс-қимылдарды көздейді. Бұл үшін кері байланыс принципі негізінде құрылған, барлық басқару подсистемаларын қамтитын мәліметтер ағыны қажет. Бақылау жүйесі кері байланыстардың көмегімен басқару процестерін және басқарудың ұйымдастыру құрылымдарын әрі қарай жетілдіру бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
Кері байланыс — жүйе өзінде туындайтын мәліметтер көмегімен реттелетінін білдіреді. Кері байланыс басқару жүйесінің қызметінің әрқашанда жақсартуға, оған бейімдеушілік және өзін-өзі реттеу қасиеттеріне ие болуға көмектеседі.
Шешімдер бақылауының әдістері әр өндірістік процесс немесе операцияда белгілі бір «кіру» немесе «шығу» болады, яғни шығындар және әрекеттер нәтижесінің болу жағдайына негізделген. Сондықтан шешімдер тиімділігін анықтау үшін жоспарланған мен нақты «кірулер» мен «шығуларды» және шешуден түскен нәтижені салыстыруға болады.
Бақылау шешімдерді өмірге енгізілгеннен кейін де бағалауда және де басқару жүйесінің өзінің тиімділігін бақылауда ролі зор. Кері байланыс каналын, жүйенің «шығуын» талдауға қажет мәліметтер ағынын, қызметтің нормалары мен нәтижелерін зерттеу мен талдау басқару жүйелерін үнемі жаңартып тұруға және жетілдіруге, оған икемділікті, бейімділікті, ішкі және сыртқы факторлардың өзгерістеріне тез карсы әрекет ойлау жағдайларын жасайды.
Жүйелік принциптерін қолдану бақылаудың маңызы мен механизмінің дәстүрлі тұжырымдарын кәдімгідей өзгертеді. Бақылау процестерінің бір этапы ретінде олардың тиімділік нормасын анықтау болады. Егер де шешім дұрыс болмай шықса, онда шешім қабылдау процедурасын және оның салдарын түзететін механизм енгізіледі.
Бақылау төрт негізгі элементген тұратын жүйеге айналады:
1. Бақыланатын процестер немесе подсистемалардың шығуын анықтайтын нормалар;
2. Процестердің нақты іске асырылғандығы туралы мәліметті қабылдауға арналған құрылғы;
3. Нақты және күтілген іс-әрекеттер мен бағалардың салыстыру механизмі;
4. Түзету мақсатындағы әсер ету құралы.
Бақылау механизмі жүйенің «шығуын» өлшейді және нормадан ауытқу жағдайы туындағанда мәліметті жүйенің «кіруін» реттейтін механизмге береді, сол арқылы өзін-өзі реттеу принципін және кері байланысты іске асырады. Бақылауға мұндай көзқарасты барлық салада қолдануға болады.
Басқару процесінің жүйелік түрде баян етілуі бақылау ролін көтереді. Бақылау күштеу немесе оқиғаларды жоспарға сай әкелу процесі ретіндегі классикалық ұғымына қарама-қарсы. Жүйелік көзқарас бақылауды өзін өзі реттейтін гомеостатикалық машина ретінде қарайды, бақылау барлық басқару функцияларын біріктіруші ролін атқарады.
Мәліметті-басқарушы жүйелері жағдайындағы бақылау. Жоспарлау және бақылау процесстерін іске асырудың негізгі шарты мәліметтер ағылысы болып табылатындықтан, бақылау жүйелері мәліметтер жүйесі ретінде қарастырылады. Жоспарлаумен бірге бақылау қажеттілігі басқарудың мәліметтер жүйесін жобалауда және құрудары негізгі фактор болып табылады. Қазіргі жағдайда ұйымның әр бөлімдерінің жоспардан және нормалардан ауытқуының жан-жақты және дәл талдауына мүмкіндік беретін автоматтандырылған мәліметтік қызмет орындарын құру үлкен роль атқарады. Оның көмегімен басты міндет-информация өңдеу уақытын мейлінше азайту және тез кері байланыс принципін іске асыру шешіледі; әртүрлі ауытқулар тез табылып және мүмкіндігінше тез және дәл талданады.
Информациялық технология — аумағындағы жаңа жетістіктердің бірі — нақты уақыт масштабында мәліметтерді талдау — үзіліссіз бақылауды іске асыруға және пайда болған оқиғалар мен құбылыстар туралы мәліметтер негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осының арқасында түпкі нәтижелердің анықталуын тоспай-ақ жұмыс барысына сай іс-әрекетті бақылау және реттеу мүмкіндігі жасалады. Бақылау нақты уақыт масштабында жасалынып іс-әрекетті түзетуге, ең бастысы әрекеттің тиімділігін жоғарылату үшін қосымша резервтерін табуға мүмкіндік туғызады.
Мәліметтер жүйелері бақылау аумағында өте тиімді болды, әсіресе оперативті бақылауда, өйткейі бақылау функциясы ете егжей-тегжейлі болады және программалануға көбірек көнеді.
Жалпы экономикалық бақылау жасайтын жоғарғы басшылар үшін керек мәлімет анығырақсыз болады, ол көбіне сыртқы және ықтималды факторларымен байланысты болғандықтан программаланбайды. Оны алу, жаңарту және өңдеу көптеген қиыншылықтар туғызады.
Бақылау үшін мәліметтер жүйелерін дұрыс құру өте маңызды іс. Мәліметтерді автоматтандырылған түрде жинау және есеп беруге дайындау басшыларға шешім қабылдауды жеңілдетіп және түзетуді енгізуді ұйымдастыруға арналған. Бірақ кейде бұл мақсатқа мәліметтерді талдаудың кемдігінен жете бермейді. Артық мәліметтер, есептің тым көп болуы, артық құжаттар және т.б. басшыларға қиындықты туғызған себепті анықтауға көп уақытын жіберуге мәжбүр етеді, керек мәліметті іріктеу процесін тежейді. Есеп берудегі әдістерге «ауытқулар бойынша басқару» принципі жарияланса да, мәліметтер жүйесін құруда басшыларға және шешім қабылдауға ЭЕМ-ң соңғы жетістіктері мүмкіндік беретіндіктен шамасы келгенше үлкен көлемді және ағынды мәліметтер жинау тенденциясы кең тараған. Сондықтан мәліметтер жүйелерін құрғанда оның маңызды функциясы ретінде, басшыларды маңызды емес мәліметтерден құтқару керек. информацияны сүзіп қойырту қажет.
Мәліметтер жүйесі құру кезінде басқарудың әр деңгейдегі мәліметтер қажеттілігін нақты анықтау керек. Бұл қажеттіліктер басшылардың өздері бақылау және жоспарлау функциялар көлеміне сай анықталу керек. Әр басшы бұл қажеттіліктерді анықтай алу керек. оның мазмұны және көлеміне сүйеніп информациялық жүйені жобалаушыларға өз талабын қою керек.
Басшылар әдетте мәліметтерді ұйымның есеп-бухгалтерлік аппараты жасайтын оперативті өндірістік ақпараттар, қаржы және бюджет есептері, баланстар, өнім өткізу есебі, ревизорлық тексеру нәтижелері және басқа да формалары ретінде алады. Бұл өз уақытында басқару бақылау функциясын атқаруда «счетоводтар» мен «финансистердің» басымдылығын белгіледі.
Дәстүрлі конторлық және есептік операциялар қайта ұйымдастырылуға ұшырап, басқару подсистемаларына айнала бастады. Ескі «есеп» орнына есептің әр түрлі функционалдық жақтарын біріктіретін және көптеген шешімдерді қабылдау мақсатына бағытталған мәліметтерді автоматтандырылған жүйесі келді. Мұнда бақылау орталығы бухгалтерлік есеп жүйесінен мәліметтерді автоматтандырылып өңдеу және талдауды іске асыратын басқарудың тиісті бөлімшелеріне ауысуда.
Бақылауды орталықтандыру дәрежесі. Бақылау басқару жүйесінің барлық деңгейі мен барлық звеноларында іске асатындықтан, бақылауды ұйымдастырудың өзі орталықтанған немесе орталықтанбаған болуы мүмкін. Жалпы бақылау функциясы әрқашанда ұйымның жоғары басшыларының қолына жинақталған. Өндірістік оперативті басқаруы орталықтанбаған жағдайында бақылау функциясы ерекше маңызды роль атқарады.
Бақылау басқаруда орталықтандыру және орталықтандырмау принциптерінің тиімді үйлесуіне жету үшін де маңызды құрал боп саналады.
Информациялық технологияның пайда болуы басқару аумарында жаңа мүмкіншіліктерді туғызып отыр, оның ішінде көптеген операциялар орындауын орталықтандырылған және автоматтандырылған бақылау орнату арқылы іс жүзінде асырып отыр.
Қаржылық бақылаудың орталықтандыруы өте анық көрінуде, ал оперативті шығындарды алсақ орталықтандыру дәрежесі онша емес. Бөлімшелер басшылары өздеріне бекітілген смета мен қаржылық жоспарлар аумағында үлкен өкілеттілікке ие. Мамандар пікірі бойынша, жауаптылық центрлері бойынша есеп-жоспар және сметадан ауытқыған жағдайларда басшылардың қай жерде түзету әрекеттері қолданылу керектігін анықтаудың өте жақсы әдісі болып табылады.
Бақылау функциялары басқарудың төменгі звено жұмыстарына сәйкес бөлімдер арасында сатылап бөлінеді, ал жалпы бақылау жоғары әкімшілікте орталықтандырып іске асады. Бірақ бақылауды орталықтандыруы төмен тұрған басшылардың қолындағы шешім қабылдауды орталықтандыру деп білуге болмайды. Басшы қол астындағыларына жұмыстар мен шешім қабылдауды олардың өзіне аударылған өкілеттер аумағында дұрыс әрекет жасай алатындығына көзі жетсе ғана сеніп тапсыра алады. Демек, неғұрлым бақылау құралдары тәуір болса, соғұрлым функцияларды табыстауға көбірек мүмкіндік болады.
Бақылау жүйесі (яғни оның формалары, әдістері мен көрсеткіштері) басқаруды орталықтандыру мен орталықсыздандыру дәрежелерінің белгілі түрде үйлесуіне өз ықпалын тигізеді. Сонымен қатар ол бөлімшелердің дербестігі мен орталықтан тиімді басқарудың артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік береді.
Басқарушылық бақылауды жетілдіру мәселелері. Қазіргі заманғы басқару теориясында критерийлер жиынтығын қолдану негізінде тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін анықтаудың тенденциясы байқалуда, өйткені ұйым алдында күрделі, көп компонентті мақсаттар тұр.
Тиімділікті арттыруда бір мезгілде, әрі үндесе әрекет жасайтын көптеген факторлар қатысады, осы себепті барлық басқару функциялары жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Осыған орай басқарудың өзінің тиімділігін бақылау ерекше орын алады. Әрбір жүйе кіші жүйелерге бөлінетіні сиякты, түпкілікті мақсат та көптеген иерархиялық шағын мақсаттарға, тіпті нақты атқарушыларға берілетін жекелеген тапсырмаларға дейін бөлінуі мүмкін. Көзделген мақсаттарға жетуді бақылау бұл деңгейлердің барлығында жүзеге асырылуы тиіс. Жоғарғы басшы жалпы мақсатқа жетуді бақылайды (бақылаудың жоғарғы деңгейі), бұл бақылау функциясы да шағын функцияларға бөлінуі мүмкін. Олардың әрқайсысы өз деңгейінде нақты жоспарлардың немесе бағдарламалардың орындалуын бақылайды.
Тиімділікті бағалауда екінші негізгі қорытындысы «динамикалық» басқару жүйелерінің икемділік пен өзгертіліп тұратын міндеттерге бейімділік концепциясы, икемді басқару механизмін жасау қажеттігі болып табылады.
Тиімділік мәселелерін талдауға деген көзқарасқа қазіргі заманғы басқару ғылымының әлеуметтік-психологиялық бағыттары тарапынан басқарудың дәстүрлі әдістерін сынау айтарлықтай ықпал етті.
Индустриалды әлеуметтану теоретиктері жалпы мақсатты шағын мақсаттарға бөлудің өзі және тиісті өкілеттіліктерді табыстау мақсаттарға жетуге кепілдік бермейді, блар әлеуметтік-психологиялық факторлардың мәніне, жұмысшы топтары мен ұжымдардың роліне зор мән береді.
Ал өндіріс шығындары, өндірістің пайдалылығы және т.с.с. көрсеткіштерге негізделген бақылау жүйесі бұл аталған факторлардың маңыздылығын мүлдем ескермейді.
Адам ресурстарының құндылығын әркім сезеді, бірақ соңғы уақытқа дейін еңбек ресурстарының сапасын өлшеу тәсілдері болмаған. Осыдан ұйым қарамағындағы еңбек ресурстарына қандай да бір сандық (құндық) бара беру қажеттілігі туған. Кейбір мамандар мұндай бағалау әдістерінің бірі ретінде басқару персоналын қалыптастыруға, оның ішінде жалдау мен бұл персоналды дайындауға кететін шығындардың жалпы сомасы есептеуді ұсынады.
Ұйым басшылары басқарушылық бақылау іс-тәжірибесін жетілдіруге талаптанған кезде бірқатар қиыншылықтар мен шешілмеген мәселелерге тап болатынын ескерту қажет. Бұл ең алдымен жұмыс істеу нормаларын орнату, жоспарлау әдістерін жетілдіру, бақылау көрсеткіштерін іріктеу, ақпарат пен оның ағындарының сапасын арттыру және т.б. байланысты.
Тиімді бақылауды қамтамасыз етуде бөлімше басшыларының жұмысын жоғарыдан тәптіштеп белгілеу, тіптен қарама-қайшы көрсеткіштердің көп болуына байланысты елеулі қиыншылықтар туады. Кәдімгі орта немесе төменгі буын басшысы өз ісінде бір-біріне қарама-қайшы келетін көрсеткіштер жиынын жиі басшылыққа алуына мәжбүр болады.
Есептеу мен бақылау деректеріндегі ақпарат сапасын талдаудың жоқтығы, қандай да болмасын белгілі жағдайларда бақылау функцияларын орындауға, бейімделген типтік ақпарат жүйелерін құруға мүмкіндік бермейді. Жоғарыда аталғандардың бәрі қосыла информациялық жүйелер мен басқарушылық бақылаудың тиімділігін төмендетуге әкеп соғады.
11) Туризм индустриясында персоналды басқару.
Жоспар:
Туризм индустриясында адам факторының рөлі
Персоналды туристік фирмалар.
Туристік фирманың құқықтары мен міндеттерін регламенттеу лауазымы.
Жоспарлау қажеттілігі.
Персоналды іріктеу, персоналды бағалау әдістерінің сипаттамасы.
11.1
Туризм факторларын анықтап және анализдеп болған соң туризм индустриясын зерттеуді бастау керек. Туризм индустриясы экономиканың жеке саласы ретінде жоспарлы экономика жағдайында болған жоқ.
Туризм индустриясы терминінің анықтамасын берейік:
«Туризм және туризм индустриясы» түсінігі ұқсас және бір мағыналы сияқты. Ғылыми әдебиеттерде ғалымдар бұл терминге әр түрлі анықтама береді. «Туризм индустриясы» түсінігі өте көлемді және қиын. ССРО кезінде оған бірінші рет П.Г.Олдак анықтама берген: «Туризм индустриясы туризм қызметін сату және құруға маманданған қызмет көрсетуші мекемелермен мінезделеді немесе туристердің төлеу қабілеттілік сұранысын қанағаттандыруға мамандандырылған экономиканың бөлек саласы.
С.Р.Ердаулетовтың ойынша туризм индустриясы туризмнің шаруашылық деңгейін анықтайды. «Туризм индустриясы» – таза экономикалық категория болып табылады. И.В.Зорин, В.А.Квартальнов туризм индустриясын шаруашылық құрылымның дербес звеносы деп анықтады; комплексті салалар мен бөлімдерден құралған экономикалық жүйе, олардың функциялары демалыс және көңіл көтерудің барлық түріне қиын және әр түрлі сұранысты қанағаттандырумен шектеледі.
Біздің ойымызша «туризм индустриясы – бұл табиғаттағы рекреациялық байлығына сүйенетін, сервис инфрақұрылымының барлық формалары кіретін демалу және көңіл көтеруге қоғамның сұранысын қанағаттандыратын қиын, шаруашылық, өндірістік және әлеуметтік қызметтің көпқырлы жүйесі.
«Туризм және туризм индустриясы» терминінің анықтамасы жалпы қабылданғаннан бірнеше айырмашылығы болу керек. Олардың айырмашылығы теориялық бағыттың «Туризм» терминіне географиялық тұрғыдан және «Туризм индустриясы» терминіне экономикалық тұрғыдан қарау. Туризм – бұл саяхат, ал саяхат – ғасырлардан қалыптасқан түсінік, олар саяхатшы-географтармен жасалған географиялық ашылулар. Сондықтан туризм – бұл таза географиялық түсінік.
«Туризм индустриясының» экономикалық мәні бар. Индустрия сөзі үлкен өнеркәсіп деген мағынаны білдіреді (л.т. «industria» — қызмет). «Туризм индустриясын» экономикалық тұрғыдан қарау бұл саланың масштабтылығы мен тиімділігіне аз капиталдың сиымдылығы және құйылған қаржының тез өтелуіне байланысты.
«Туризм индустриясының» ерекше қасиеттері:
Туристік мекемелердің ресурстарға байланысты орналасуы, өндірістің маусымдылық және циклді мінезі, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымға үлкен инвестицияның міндеттілігі жатыр. Туризм индустриясын дамытуды дұрыс түсіну үшін экономикалық саланың оң және теріс жақтарын бөліп көрсету керек.
Туризм индустриясының оң жақтарына:
— ЖІӨ құрылымында туризмнен түскен табыстың өсуі;
— аудандарда әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы;
— туризм сферасында жұмыс істейтіндердің өсуі;
— экономиканың басқа салаларымен бәсекелестіктің артуы;
— аудандардың білім және ғылым потенциялының өсуі;
— агломерацияға антропогенді әсердің азаюы;
— инвестициялық бағдарламалардың тез өтелуі.
Теріс жақтарына:
— ЖІӨ құрамында табыстарды иррационалды үлестіру;
— өндірістік инфрақұрылымның кейбір салаларының стагнациясы;
— туризм индустриясына басқа экономика салаларының экономикалық бағыныштығы;
— туризм индустриясында техникалық мамандандырылған кадрлардың азаюы;
— игерілмеген табиғи территорияларға антропогенді әсердің өсуі.
Біздің атап өткен туризм индустриясы дамуының оң және теріс жақтары тұрақты емес, олар біздің ұлттық экономикамыздың жаңа секторларының қалыптасуына байланысты өзгертіліп және толықтырылып тұрады.
Туризм индустриясының оң және теріс жақтары оның экономикадағы және қоғамдағы орнын анықтайтын факторлардың бір бөлігі ғана.
Туризм индустриясының құрылымын және қазіргі этапта оны басқару құрылымын анықтау қажет.
Қазақстанда В.Г.Волошин туризм индустриясының құрылымын көрсетті. Біз Қазақстанның туризм индустриясының альтернативтік, бірыңғайландырылған құрылымын ұсынамыз.
Біздің берген нұсқамыздың негізгі айырмашылығы табиғи рекреациялық потенциалды енгізу. Қазақстан үшін табиғи рекреациялық потенциал факторы оның масштабтылығы, әр түрлілігі және қайталанбайтындығы жағынан тең келмейтін байлық. Қазақстан экономикасының қазіргі даму этабында туризм индустриясына құйылатын қаржының жетіспеушілігі кезінде бұл фактор оның құрылымының басты элементі болуы керек. Көрсетілген құрылым туризм индустриясының қазіргі бөлімін қамтиды және Қазақстан Республикасының жаңа туристік саясаттың құрылуына негіз бола алады. Демек, туризм индустриясы қиын экономикалық жүйе. Қазақстанда туризм индустриясының дамуы мемлекеттің бюджетіне қаржы түсіріп, туризммен байланысты және Қазақстан экономикасының басқа салаларына қатысты қиын әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа проблемаларды шешуге көмектеседі.
Батыста туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәнін бұрыннан түсінген. Сондықтан да 20-ғасырдың 80-жылдардың аяғында туристік ұйымдардың әр түрлі эксперттері мен барлық мүмкіндіктегі комиссиялары 2000 жылдары және одан да ары 2025 жылдары туризм қандай болады? – деп болжам жасауға ұмтылған, себебі оның әсерлі даму стратегиясын құрастыру қажет болды. Сол кезде, 80-шы жылдары, туризм өзінің мәні бойынша халықаралық қызмет түрлерінің ең бір алғашқы бірінші дәрежелі болады деп жазылды. Мұны біз оны дамытуға жұмсалып жатқан қаражаттың динамикалық көтерілуінен біле аламыз және де бірінші жоспарға үлкен трансұлттық қаржылық топтар өздерінің транспорт қорымен, қонақ-үй комплекстік байланысымен, электронды есептеуіш және ақпараттық орталықтарыменен ене бастады.
Әлемдік туристік нарықты 2020 жылға дейінгі аралықта маңызды сегменттер есебінде ДСҰ круизді, конгресс туризмді, тақырыптық-қалалық туризм, мәдени туризм, эксклюзивті және спорттық туризм, сондай-ақ жағажайлық демалысты атады. Ал сол кезде әлемде 2020 жылы болжаған туризмнің келу саны 156,1 млн. адамды құрауы мүмкін.
Қазақстан үшін бұл кезеңде әлемдік туристік нарықта оқиғалы және спорттық туризм маңызды сегмент болып табылады, оған Республикада жеткілікті рекреациялық ресурстары бар.
Әлеуметтік туризм және еңбекшілердің демалысы бойынша халықаралық ассоциациясының президенті Ж.Фошенің ойынша, туризмді дамыту тек қаржылық табыс түсіру негізінде ғана болса және де әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық аспектілерді көрсете алмаса, мұндай жұмыс ұзаққа бармайды, адамдар мен оны қоршаған орта үшін келешегі жоқ деген.
Туризм дамуының ғаламдану концепциясын құрастыру әлемде әлеуметтік мәнге ие, егер де адам дамуының ұзақ мерзімдік болжамына сүйенетін болсақ, онда туризм дамуының максималды дәл ғаламдық концепциясы үшін адам дамуының экологиялық және демографиялық ұзақ мерзімдік болжамдарын анализдеу керек . Ал мұндай ұқсас болжамдарды әр елдің ғалымдары үзбей зерттеп отырады. Вашингтондық «World watch» институты өзінің шығарған жылдық «Әлемнің қазіргі жағдайы 1998» атты баяндамасында мынадай ескертулер бар, яғни әлемдік ресурстарды (қолдану) пайдалану келесі 50 жылдың ішінде бірден көбейеді. Біздің жер шарындағы халық 60 пайызға көбейеді деп болжануда. Сонда 6 миллиардқа жуық адамға тағы да 3,5 млрд. адам қосылады. Бұл өзімен бірге табиғи ресурстар шығынның көлемін үлкейтеді. Баяндамада айтылғандай, соңғы 50 жылда әлем өзінің орман массивінің тең жартысын жоғалтып алған.
Әрине экономиканың мұндай саласын қарыштатып дамыту үшін көп көлемде табиғи рекреациялық ресурстарды қолдануға тура келеді. Бұл өз кезегінде маңызды проблемаға айналып отыр. АҚШ-та, Еуропада, Қытайда, Үндістанда, Таяу Шығыста және Африкада су қоры азаюда. Баяндамада әлем елдерін планетамызды қоршаған ортаға қажетті экологияны қарастыруға шақырады. Бұл Қазақстан үшін де көкейтесті мәселенің бірі.
Келесі бір адам дамуындағы маңызды, ұзақ мерзімді болжам жер халқының санағы жайындағы демографиялық болжам. 2001 жылы БҰҰ есебі бойынша халықтың саны ұдайы өсіп отырады деп болжаған, яғни 2050 жылы 9,3 млрд-қа және де 2150 жылы 10 млрд. деңгейінде тұрақталады делінген. Бірақ та кейінгі кездері демографтар жиі-жиі мүлдем басқа болжамдар жасап отыр.
Әрине бұл демографиялық факторлар туризм индустриясының қарыштап дамуына үлкен әсер етуі сөзсіз, себебі түсінікті де.
Келесі бір адам дамуындағы ұзақ мерзімдік маңызды болжам планетамыздағы ғаламдық құрғақтану, бұл өз кезегінде туризм дамуының концепциясын нақтылай түсуге елеулі әсер етеді.
БҰҰ-ның 2002 жылы 21-наурызда шыққан баяндамасында, Судың Дүниежүзілік күнін атап өту кезінде, егер де дәл қазіргідей сол масштабта әлем суды осылай пайдаланатын болса, 2025 жылы 2,7 млрд. адам су тапшылығына кезігеді делінген. Тағы 2,5 млрд. адамның тұщы суға жетуі шектелген болады.
Ең бір су жетіспеушілік салдарынан дау-жанжал туындайтын әлемдегі аумақтардың бірі Орта Азия. Сондықтан да Сібірлік өзендердің суын осы аумақтарға бұру мәселесі өте актуальды болып отыр. Бұл мәселе Кеңестік заманда да талқыланып, белгісіз себептермен кейінге ысырылып қойды. Қазіргі кезде бұл «өзендерді бұрмалау» жобасы Қазақстан мен Орта Азияның қызығушылығын тудырып отыр. Егер де бұл жоба іске асар болса, онда аумақта тек қана туризм индустриясын дамытып қана қоймай, бірқатар өзекті мәселелердің шешім табары сөзсіз.
Халықаралық туризмді мамандар біріншіден қызметтер мен тауарлардың халықаралық саудасының бөлігі ретінде қарастырады. Ол кезегінде халықаралық сауда-саттық теориясының абсолюттік басымдылық теориясын; салыстырмалы басымдылық; факторлардың қарым-қатынасын қатыстырады.
Абсолюттік басымдылық халықаралық туризмде маңызды роль атқарады. Керемет табиғи және тарихи-мәдени ескерткіштер шығу туризмінен басқа елдердің алдында абсолютті басымдылықты байқатады.
Абсолюттік басымдылықты табиғи ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Непал, Қытай, Пәкістан (территорияларында әлемдегі ең биік шыңдар 8 мың метрден жоғары, оның ішінде Эверест те бар), АҚШ (Гранд-Коньон); Венесуэла (әлемдегі ең биік сарқырама) және т.б.
Абсолюттік басымдылықты тарихи-мәдени ескерткіштер бойынша мына топтар иемденеді: Египет (Гиза-Дахшур ауданындағы пирамидалар, ежелгі Фивтер); Греция (Афинадағы Акрополь, Бассаедегі Аполлон Эникурейдің храмы); Франция (Версальдағы саябақтар мен сарайлар және — Фонтенбло); Ресей (Санкт-Петербург, Мәскеудегі — Қызыл алаң және Кремль); Қытай (Қытайдың ұлы қорғаны)және т.б.
Жоғарыда аталып кеткен елдер өздерінің абсолютті басымдылықтарын халықаралық туристік нарықта керемет туристік өнім құрап пайдаланып өз секторын қалыптастырады.
Қазақстанда өзінше орналасқан бірқатар табиғи ескерткіштер кейбір абсолютті басымдылықты иемденеді. Мысалы, әлемдегі ең солтүстіктегі таулы шың Хан-Тәңірі, биіктігі — теңіз деңгейінен жеті мың метрден жоғары, әрі Алматы сияқты мегаполистің қасында орналасқан. Жақын маңда аэродром болғандықтан Алматылық турфирмалардың қызметкерлері Алматыдан альпинистерді вертолетпенен 3,5-4,5 сағатта Хан-Тәңірінің астына апарып тастай алады. Бұл басқа жеті мың метрлік шыңдары бар елдердің алдындағы айқын басымдылық.
20-шы ғасырдың соңғы 10-жылында ТМД елдерінде туризм индустриясына келген тікелей инвестицияның көлемі үлкен емес. Сондықтан да мамандардың айтуынша мұндай инвестициялардың нәтижесін әзірге Батыс елдері пайдалануда. Басқаларына қарағанда инвестициясының кең тараған түрі жобалы несиелеу, жобаға бірге қатысу; басқаруға келісім шарт жасау.
11.2
Туризм құрамында қамтылған қызмет көрсетулерге, оларды беру жеріне, қызмет көрсетілген халқына байланысты ішкі және халықаралық деп бөлінеді.
Ішкі туризм — туризмнің берілген мемлекеттің территориясында сол елдің тұрғындарымен (ішкі туристер) іске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм — туризмді бір елдің халықының басқа елдің территориясында іске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсынку мен қызмет – көшпелі туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямһсында көрсетілген туристік қызмет кірме туризм деп аталады.
Айта кететін жағдай, неғұрлым жалпы категорияларға «туристерді жіберу» мен «туристерді қабылдау» ұғымдары жатады. Олар бірдей деңгейде ішкі және халықаралық туризмге қатысты болып келеді. соынмен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристік келулерге қарай туристік ағымдар бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесі түсінік туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуі тиіс.
Сонымен қатар туризмнің статистикасын бір ел территориясынан екінші ел территориясына жылжитын транзиттік туристер шиеленістіре түседі. Мемлекет территорисында транзитпен жүру үшін арнайы транзиттік виза болуы тиіс. транзитік туристердің елде болу транзитінің мерзімі шектеулі болып келеді. бұл Санкт-Петербургтен Швецияға барған ресей туристерінің мысалында анық көрінеді. Мұндай саяхат үшін ең тиімді жол болып Туркаға автобуспен, ары қарай Викинг Лайн компаниясының теңіз паромымен Стокгольмге бару табылады. Жол жөнекей Финляндия территориясын кесе отырып, туристер төрт сағатқа «Серена» аквапаркіне кіруге Хелсинкиде тоқталады. Финляндия үшін бұл туристер транзиттік болып саналады.
Туристерді қабылдау атаулы аймаққа немесе туристік орталыққа келіп жатқан туристерге қызмет көрсету бойынша қызметті сипаттайды. Туризмді ұйымдастыру бойынша атаулы қызметтен тасымалдаушыларды, қонақ үйлерді, мейрамханаларды (туризмнің барлық инфрақұрылымын) іске қосу, ақша массасының келуі, ал шетелдік туризм жағдайында шетел валютасыынң келуі шығады. Туристерді қабылдау туристік аймақта немесе орталықта жұмыс орындарының пайда болуын қамтамасыз етеді, аймақ экономикасыынң дамуына септігін тигізеді. Соынмен қатар ішкі және шетел туристерін қабылдау арасындағы баланс ұғымы қалыптасқан.
Формальды белгі бойынша барлығы да саяси-экономикалық факторларға байланысты болып келеді. СССР-да идеалогиялық және экономикалық ойлар бойынша шетел туристерін қабылдау маңызды болған, бұл өз кезегінде шетел туристеріне қызмет көрсету бойынша жеке саланың құрылуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар туризм шетел валютасының келіп түсуінің маңызды көі болып табылған. Соынмен бірге белгілі шетелдік туристер катеогриясына уһтуристік ықмзет көрсетулер тегін көрсетілген. кеңес азаматтары мен шетел азаматарына туристік қызмет көрсетуде айырмашылық байқалып отырды. Рубль ковертациясын енгізгеннен кейін және қызмет көрсетулердің құндары теңестірілгеннен кейін өзгерістер пайда болды. Бірқатар астаналық фирмалар мен туристік оралықтар үшін Тюменнен келген ауқатты туристі қабылдау (салыстырмалы түрде) ауқаты төмен сараңдау неміс туристін қабылдағанға қарағанда тиімдірек саналған.
Туристерді жіберу де маңызды категория болып саналады. Мұндай қызмет ақша массасының басқа аймақтарға, ал шетел туризмі кещінде басқа мемлекеттерге, тартылуымен сипатталады. Жұмыс орындары туризмді ұйымдастыру кезінде (тасымалдау) ғана болмақ. сол себептен, жергілікті аймақ билік басшылары үшін туристерді жіберу ешуақытта да алғы сала болып табылмайды. Туризм валютаның сыртқа кетуін қамтамасыз еткендіктен мемлекеттер ішкі туризмді дамытуға белсенді күш жұмсауда. Бірақ та көшпелі туризмнің барлық түрлері жергілікті қазынаға айтарлықтай көлемді салық түсіруде.
Сонымен қатар ішкі және сыртқы туризм саласындағы қызмет жиынтығын қамтитын ұлттық туризм деген ұғым бар. Ол мемлекеттің өз тұрғындарына қызмет көрсетуді қамтиды.
Туризм үйлесімді дамып жатқан дамыған мемлекеттерде көшпелі және кірме туризмнің балансы сақталған. Ішкі туризм ұлттық туристік қорларды игеру мен іске асыруға, өнеркәсіптің дамуына, туризмнің инфрақұрылымының дамуына септігін тигізеді.
Алайда іс жүзінде барлық мемлекеттер (мемлекет экономикасы толығымен туризмге бағытталған жағдайда) мұндайды қамтамасыз ете алмайды. Мысалы, 50 мың жергілікті андоррлықтар жыл сайын 12 млн шетел туристерін қабылдайды. Кейбір мемлекеттер ішкі құрылымдық себептерге байланысты азаматардың шетеле шығуын шектейді немесе туристік қызметтің мемлекеттік реттелуіне қатысты шаралар қолданады.
Туризм мен туристік өнім адамзат өмірінің көп саласының бір турі мен күрделі әлеуметтік үрдістер болып табылады. Туристік қызметті тұтыну өнімін (туристік өнім) қалыптастыру бойынша туризмді ұйымдастырушылардың (туроператорлар, туристік агенттер, басқа да қатысушылар) қызметі деп және атаулы өнімді тұтынушылрадың (туристердің) қызметі деп тануға болады. Туристік өнім туристік ұсыныс пен турдың негізі болып табылады.
Туристік өнімнің негізгі көзі болып дестинацияның туристік қорлары танылады.
Туристік қорлар – бұл туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, күш-қуатын қалпына келтіре алатын туристік көрсетілім нысаналарын қамтушы тарихи, әлеуметтік-мәдени және табиғи-климаттық нысаналар.
Мұндай анқтама кезінде бірқатар мәселелер туындайды.
1. Бұл ретте экскурсанттардың жағдайы қалай болмақ? Заңға сүйенсек, экскурсант үшін туристік өнім жоққа шығатын ұғым. Мысалы, Санкт-Петербургке турист ретінде келген тұлға атаулы денистанцияға қатысты міндетті ретте турист болып саналады, бірақ та Новгород қаласына күндізгі саяхатын жасаған кезде, ол келу денистанциясына қатысты өзінің туристік қасиетін жоғалтады да, экскурсантқа айналады. Осыған орай оның келуі туристік статистикада тіркелмейді. Мұндай жағдайдағы бір экономикалық категориядан екінші экономикалық категорияға алмасулар жиі орын алып отыратын құбылыстар.
2. Туристік қорладың функционалдық қызметі туристің рухани қажетіліктерін қанағаттандыру мен ның күш-қуаиын қалпына келтіруден тұрады делік. Сонда тек турист қана емес, барлық жеке тұлғаларға қатысты материалдық қажеттіліктермен не істемекшіміз?
3. Ал егер де туристік денистанцияға жатпайтын туристер категориясымен тұтынылып жатқан жағдайда туристік қорлар өздерінің туристік қасиеттерін жоғалтып алмайды ма?
4. Атаулы қорларға денистанциялардың жергілікті тұрғынардың қатынасын қалайша анықтауға болады? Олар халықаралық нормаларға сәйкес туристік қорларға тең құқылы қолжетерлікті иеленген.
Соңғыға қарап келесі қорытындыға келуге болады: туристік қорлар туристерге байланысты емес, сол себептен олар туристік категорияларға жатпайтын басқа да салаларды өздерінің туристік қасиеттерін жоғалтпай қызмет атқара алады.
Сонымен қатар келесіні де мойындауға жөн: табиғи, климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени және басқа да қорлар туристедің бар немесе жоқтығына қарамай өмір сүріп келеді. Біздің пайымдауымызша, туризм -150 жыл бұрын пайда болған формация немесе құбылыс. Алайда бұл жағдайда 3000 жылдан асқан Хеопс пирамидасын қайда жібермекпіз? Сол ұзақ уақыт бойы, соңғы 150 жылды алмағанда, ол туристік қор ретінде саналмаған, дегенмен де өзінің рухани және материалдық қасиеттерін әлі күнге дейін жоғалтпай, сол күйі сақтап келеді. күн, ауа теңіз әдемі жерлер мен басқа да нысаналар тұтынушыға қатысты абсолюттық болып келеді. Күн жергілікті тұрғыдан да, келген туристі де басқа да адамды бірдей жылытады.
Осыған орай қорлардың тәуелділігі мен туристер категориясы туралы көзқарастарды жүйеге келтіру үшін бірқатар шектеулерді енгізуді жөн көрдік. Кез келген түрдегі қорлар қажетті және жеткілікті қасиеттерді иеленіп, әлеуметтік және экономикалық факторлар күшінің негізінде туризм мақсатында қолданылып, индвидумдермен (туристер немесе экскурсанттар) тұтынылған жағдайда ғана туристік өнім құрайды. Сонымен қатар, кез келген қор құраушы бірлік туристік ретінде басқалармен жиынтық құраған кезде ғана саналады. Демек, қорлар туристік қасиеттерін тікелей немесе жанама туристік қызметтермен кешен құрған кезде ғана иелене алады. Туристік қорлар туристік өнім көздері қызметтерін атқарады. Ресурстық негіз туристік өнім ретінде келесі ретте беріледі:
— туристік қорлар
— материалдық және матеиалдық емес нысаналар;
— туристік өнімді тұтынуға бағытталған туристік қызмет көрсетулер.
Қолдағы бар қорлар туризм мақсатында пайдаланылуы үшін қорларды туристік өнім ретінде беретін технологиялар мен білім жиынтығының жүйесі қажет.
Туристік қызмет көрсетудің дәстүрлері, салттары, әдістері мен тәсілдері көне замандардан келе жатыр. Туризмнің негізін құраушы дәстүрлер мен салттар мыңжылдықтар бойы қалыптасып келе жатыр.
Сонымен қатар тек қана білім мен біліктілік жеткілікті емес. Туристік индустрия мен көршілес салаларды құру үшін ұйымдастырушылық және құқықтық орта мен жақсы дайындығы бар қызметкерлер тобы қажет. Олардың дайындалуы, қайта оқытылуы, мамандандырылуы да біраз шығындар мен уақытты қажет етеді. Маманды кәсіби дайындау 2 ден 5 жылға дейін уақыт алады, ал кәсіби дағды иеленуші үшін тағы біраз жылдар қажет. Сонымен, туристік өнім үш көзін иеленген.
табиғи ресурстар;
туристік қызмет көрсету мен туризмнің технологиялары мен білімінің тәртіпке келтірілген жүйесі;
кәсіпорынның ұйымдастырушылық-құқықтық құрылымы мен дайындалған мамандар тобы.
Өзінің құрылымы бойынша туристік өнім бірнеше деңгейлерді иеленген:
қызмет көрсету, жұмыс немесе тауарлардың бір ғана өндірушісінің өнімі – тұтыну өнімі;
өнімді өндірушілердің біртекті немес әртекті топтары;
туристік сала өнімі;
дестинация өнімі (бірнеше салалар мен қор көздерінің жиынтық өнімі)
жоғарыға ұқсас мемлекет немесе аймақ өнімі.
Туристік өнім – бұл заңдыға қаранда, экономикалық категорияға жақын келетін категория. Кез келген туристік өнім заттық бағытталған құрамдас бөлшекке ие болып келеді. соынмен қатар, априор туристік өнімі барлық тұтынушылар үшін жалпылыққа ие қор элементеріне негізделеді. Құрамдас бөліктер табиғи сипатта болуы мүмкін және де өндіруші мне тұтынушыға мүлдем тәуелді болмауы мүмкін. Мысалы, туристік қызығушылық тудыратын табиғи құбылыс: солтүстік нұр шашу, табиғи ландшафт, теңіз, тау және т.б. атаулы категорияларға тарихи-мәдени нысаналар мен кешендер, сәулетік және тарихи нысаналар, мұражай, ғибадатханалар жатады.
Туристік өнімге қатысты әр жеке құрамдас бөлік жиынтық құрамында қызмет етеді. Мысалы, дамыған инфрақұрылымның (байланыс, жолдар, коммуналды және тұрмыстық қызмет көрсетулер жүйесі, сауда) бар болуы міндетті шарт болып табылады. Табиғи қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі болып табылғанымен, басқа элементтермен тіркесіп барып тұтынылуда іске асырылады. Егер де қолжетерлік пен басқа да қосымша жағдайлар қарастырылмаса, онда қор туристік өнімнің әлеуетті құрамдас бөлігі деп саналмайды.
Туристік өнім оны құраушы үш бөліктен тұрады:
Туристік қызмет көрсетулер (яғни туризмді ұйымдастырушылардың қызметттері: туроператорлар, туристік агенттер, қонақжайлылық жүйесінің қызметі, тасымалдау қызметі, қоғамдық тамақтану және туристік категориясына жататын басқа да қызмет көрсетулер);
Туристік қызметті тұтынумен қатар жүретін жұмыстар;
Турда тұтынылатын тауарлар мен турдан тыс тұтынылатын тауарлар.
Атаулы құрамдас бөліктердің өзара байланысы мен олардың туристік өнімдегі пайыздық арақатынасы туризм мақсаты мен ұйымдастырушылардың дайындығы мен ауқаттылығына байланысты. Соынмен қатар туристердің белгілі өнімді тұтынуға деген уәжі мен дайындығының да рөлі баршылық.
Туристік өнім турдың негізін құрайды да, оның жеке элементтері тур бағдарламасына еніп, ваучерге жазылуы м.үмкін.
Сонымен, қарапайым өнім бір ғана қызмет көрсетуден, қызмет көрсетудің бір кешенінен немесе бір топ шаралардан тұруы мүмкін. Бұл типтік немес жеке тури құраушы күрделі қызмет көрсету кешеніне негізделген жиынтық өнім болуы мүмкін. Соынмен қатар, жоғары деңгейде ірі тур операторларына ұсынылатын бірнеше турлардан тұратын туристік өнім да бар. Ең жоғарыда туристік орталықтың, аймақтың туристік жиынтық өнімі тұрады. Қор құраушылардың басым бөлігі тур құнына енгізілмейді, дегенмен де олар қалғандарымен тікелей байланыста болып, өнім құнына ықпал етеді.
Туристік өнімнің тұтынушысы ретінде туристер, экскурсанттар және туристік орталықтың басқа да қатысушылары танылуы мүмкін.
Тур – орналастыру, тасымалдау, туристерді тамақтандыру бойынша қызмет кешенін құрайды. Бұл ереже ұйымдастырылған туризмге қатысты болып келеді. Сонымен қатар тур — тек бір ғана қызмет көрсетулер кешені емес, ол бір бірімен тығыз өзара байланысқан қызмет көрсетулер кешендерінің жиынтығын құрайды. Сонымен турды келісім-шарт нысанасы деп таниды.
Турды іске асырумен немесе сатумен турагент пен туроператор айналысады. Олрадың екеуі де туристік өнеркәсіп кәсінорындары мен туристер арасындағы делдалдық қызмет атқарады.
Сонымен қатар, кез келген туристің өзіндік құқықтары болады. Турға қатысты құқықтарын иеленген турист келесілерге құқықты:
— турға бару немесе бармау, яғни одан бас тарту;
— оны толығымен немесе бөлшектеп пайдалану;
— турды құқықтың басқа субъектісіне беру;
— турды басқа субъектіге сату,
— турды өзінің шешімі бойынша біреуге сыйға тарту;
турды ауыстыруға, кепілдікке беруге және т.б.
11.4
Маркетингтік жоспарлау — бұл үздіксіз процесс. Тек үздіксіз жоспарлау кезінде ғана оның тиімділігі мен дұрыстығына қол жеткізілуі мүмкін. Маркетингтік жоспарлау кезінде ағымдағы, одан кейінгі бағдарламалық көрсеткіштерге түзетулер енгізуді қарайтын сырғымалы жоспарлау принциптері кең түрде қолданылады. Мысалы, егер жоспар 1 жылға есептелген болса, онда əрбір 3 ай сайын өзгермелі нарықтық ахуалдарға қатысты оған өзгертулер енгізілуі мүмкін. Түзетуге тек тіке көрсеткіштер ғана емес, сонымен бірге туынды көрсеткіштер де (өткізу көлемі, шығындар, пайдалар) жатады.
Маркетингтік бағдарламалар тұтастай алғанда, маркетингтік тұжырымдамалар сияқты фирма қызметін реттеудің икемді құралдары болып саналады. Бағдарламаларды жасау кезінде көп варианттылық принциптері қолданылады, яғни жалғыз емес, бірнеше варианттары дайындалады: min, optim, max. Ең азы, нашар жағдайдағы фирманың дамуын, ал ең көбі жақсы жағдайдағы оның дамуын қарастырады.
Маркетингтік бағдарлама — бұл алға жылжытылған мақсаттар мен стратегияларға сəйкес белгілі бір уақыт кезеңінде фирманың дамуына оңтайлы вариант ұсынуға шақырылған, кешенді зерттеулер негізінде əзірленген фирманың өндірістік-өткізу жəне ғылыми-техникалық қызметінің стратегиялық жоспар-ұсынымы.
Маркетингтік бағдарламалар индикативті (кеңес берушілік) сипатқа ие. Егер жоғары басшылық маркетингтік бағдарламаның мазмұнын мақұлдаса, онда ол фирманың жалпы жұмыс жоспарының құрамды бөлігіне кіреді. Фирманың жалпы жұмыс жоспары маркетингтік бағдарламаға қарағанда неғұрлым кең, сондай-ақ ол өзіне қаржы кадр саясаты сияқты бөлімдерді кіргізеді. Кейбір фирмалар маркетингтік бағдарламаны жұмыс жоспарының негізі ретінде қарастырады [8–10]. Мысалы, американдық экономистер қазіргі уақытта «маркетингтің маңыздылығына айналған барлық басқару процесі жоспарлау қызметінің айналасына шоғырланатындығын» атап өтеді.
Маркетингтік бағдарламалардың бөлінуін келесі түрде беруге болады:
өндірістік-өткізу қызметінің барлық функциялары бойынша мəселелерді шешу мүмкіндіктерін талқылаушы, қарапайым түрдегі жəне қандай да бір айрықша міндеттерді шешуге бағытталған мақсатты;
фирманың жоғары басшылығы əзірлеген жəне төменгі буындар үшін негізгі стратегиялық көрсеткіштерді белгілеуші орталықтандырылған;
ескеруші, аралас, яғни, жоғары басшылық фирманың ортақ мақсаттары мен олардың мүмкіндіктерін анықтайды, ал төменгі буындар мен бөлімшелер фирманың мақсаттарға жетуінің жоспарлары мен жолдарын əзірлеп жасайды. Бұл жоспарларды қарап болғаннан соң, жоғары басшылық бекітеді;
орталыққа тəуелсіз бағдарламалар төменгі буындарға жасалады, талқылауға жəне бекітуге жоғары басшылыққа беріледі.
Маркетингтік бағдарламалар түрлі құрылымдарға ие, бірақ бағдарламалардың мазмұны негізінен бір сарынды болып келеді.
Ең баста фирма қызметіне талдау беріледі, содан соң таңдалып алынған мақсатты нарыққа қысқаша талдау жасалады. Одан əрі қарай фирманың мақсаты, оның негізгі стратегиялық міндеттері көрсетіледі.
Алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін құралдарды сипаттау, маркетингтік бағдарламаның негізгі бөлігін алады. Құралдардың үйлесімі олардың оңтайлы əсері шаруашылық қызметінің нəтижелеріне жететіндей болуы тиіс. Біртұтас стратегиялар шеңберіндегі түрлі құралдардың жиынтығы мультипликативті тиімділік беретіндей болуы қажет.
Мультипликатор (латын сөзінен көбейткіш, ұлғайтамын дегенді білдіреді) — бұл оңды кері байланыстың басқарылатын жүйесінің шығатын шамасына көбейтуші əсерінің шегін көрсетуші коэффициент. Мысалы, 5 млн. теңгеге инвестицияның өзгеруі, өндіріс деңгейінің жəне кірістің 20 млн. теңге сомаға өсуіне əкеледі. Бұл дегеніміз — мультипликативті тиімділік.
Фирма маркетингтік зерттеулердің қандай түрлерін жүргізетін болады, ақпараттық қамтамасыз етудің қандай көздері бар, осылардың барлығы бағдарламада көрсетіледі. Оны əзірлеу кезінде жоспарланатын өнімдердің өткізу көлемін жəне пайда нормаларын қамтамасыз ете алатын маркетингке қаражат сомасын бағыттаудың қажеттілігі ескеріледі.
Осыдан шыға отырып, бағдарламаның қорытынды бөлімінде осы өткізуге жұмсалатын сметасы келтіріліп, жəне оның тиімділігіне баға беріледі.
Кез келген бағдарламаны жүзеге асыру қаржылық, материалдық, еңбек ресурстары шығындарын талап етеді.
11.5
Персоналды бағалау жүйесі, персоналды қызметінің тиімділігін жан-жақты және шынайы бағалаумен тиімді басқаруды үшін мынадай екі бөлікке бағытталады:
1.мақсаттар бойынша басқару – қызметкер қол жеткізген қызметтерді, мақсаттарды және сапаны тоқсан сайын бағалау жүйесі.
2.біліктілікті бағалау – барынша ыңғайлы тәсілдермен мақсатқа жету үшін, жұмыстық мінез-құлықтың белгілі бір индикаторлары бойынша жыл сайынғы қорытынды баға жүйесі (аттестация). Нәтижелері бойынша қызметкерді одан әрі дамыту (кадр резервіне енгізу, оқуға жіберу, лауазымын көтеру т.б.) жөнінде шешімдер қабылданады
І жарты жылдықта әкімшілік қызметкерлерді мынадай рейтинг бойынша бағалау нәтижелері жөнінде (мына рейтингтер бойынша қызметкерлер саны):
А – қойылған міндеттер жоғары сапада мерзімінен бұрын орындалды, айтарлықтай қосымша жұмыс көлемі орындалды (қосынды нәтиже 150% асады);
В - қойылған міндеттер жоғары сапада мерзімінен бұрын орындалды(қосынды нәтиже100-ден 149 %-ға дейін);
С – Болжамға сәйкеседі. Қойылған мақсаттар мен міндеттер сапалы және мерзімінде орындалды(қосынды нәтижелілік76-тен 100%)-ға дейін;
D– Мақсаттар мен міндеттер әрқашан мерзімінде орындалған жоқ немесе орындай сапасы кейде талаптарға сәйкеспеді (қосынды нәтижелілік50%-дан 75%-ға дейін)
