8)Менеджердің билігі және беделі
Жоспар:
Менеджерге қойылатын талаптар. Білім мен іскерлік, Жеке қасиеттері.
Түрлері билік мәжбүрлеу әсері, құзыреттілік, ақпарат, лауазымдық жағдайы, беделі, мараппаттау.
Билік және оны жузеге асыру тәсілдері. Негізгі билік.
Билік формалары – унитарлы, авторитарлы, нормативтік, біріккен.
Менеджердің беделі.
8.1
"Менеджер" термині кеңінен қолданылады және ол мынадай мәселелерде:
- белгілі жұмыстарды бір бөлімше шеңберінде ұйымдастырушыға;
- кәсіпорынды басқарушыға немесе оның бөлімшесіне басшылық етушіге;
- кез келген жұмысты ұйымдастырушы, әкімшілік етушіге қолданылады.
Кез келген деңгейдегі менеджерге жоғары талаптар қойылады.
Қазіргі инженер жаңа техниканы, технологияны үйренумен қатар кәсіпорынды басқару әдістерін, әсіресе нарықты жағдайында, білу керек. Басқару деңгейіне орай менеджерлерді үш топқа бөлуге болады: төменгі, орташа және жоғары сатыдағы менеджерлер. Төменгі менеджерлер – бұл бір топ адамдардың немесе бөлімдердің бастықтары. Жоғары сатыдағы менеджерлерге компаниялардың бастықтары жатады. Орта сатыдағы менеджерлер – бұл цехтардың бастықтары.
Барлық менеджерлер техникалық, коммуникалдық және аналитикалық білім мен басқару өнерін қажетсінеді.
Техникалық білім және басқару өнерін меңгере алу – бұл айқын жұмысты жақсы істеудің алғышарттары. Техникалық өнер әсіресе төменгі сатыдағы менеджерге қажет. Институт негізінде техникалық білімді береді.
Коммуникациялық өнер – бұл әрбір адаммен тіл тауып, оны көндіру. Осы өнер көбінесе тәжірибе арқылы келеді.
Аналитикалық өнер – бұл ойлап әрбір оқиғадан кейін болатын жағдайын болжау. Бұл өнер терең білімді және көп жылдық тәжірибені талап етеді.
Жалпы айтқанда, менеджмент процесін үш функцияға бөлуге болады:
а) ұйымдастыру
б) жоспарлау
в) басқару (нағыз менеджмент).
Ұйымдастыру функция – бұл еңбек пен түрлі ресурстарды қосып, жоспарланған бұйымды шығару немесе қызмет ету. Ұйымдастыру мәселелерін біз алда қарадық.
Жоспарлау және болжау – бұл алдын-ала кәсіпорынның негізгі көрсеткіштерін және қортындысын бекіту. Төменгі менеджер оперативтік (жылғы), ортадағы менеджер – тактикалық (орта жылғы), жоғарғы менеджер стратегиялық (көпжылдық).
Басқару функциясы – бұл ұжымға тиімді жұмыс істеткізу. Басқаруға мынадай негізгі жұмыстар кіреді: тапсырма беру, сол тапсырманы қалай жасауын көрсету, жұмысты бақылау, жұмыскерлердің еңбегін қабылдау, бағалау, қателерін түзету. Басқару функциясын атқарғанда, жұмысты жақсы істеткізу үшін барлық амалдарды іске кіргізу керек.
Сонда бастық өзі жұмысты қалай істейтінді, қалай еңбекке қарайтынды үлгі көрсету керек. Жұмыс істегенде кезегімен бақылау өткізілу керек.
Бақылау – бұл бекітілген тапсырманы қалай орындағанын тексеру. Бақылау жоспарлау мәселелерімен тіке байланысты. Бақылау қатал болса, өндірістің бағдарламасынан айырмашылығы ерте көрінеді.
Ерте табылған айырмашылықты немесе қателікті көп уақыт жібермей тез түзетеді.
Әрбір өндірісте менеджердің өз қасиеттері өте зор.
8.2
Менеджмент әуелі менеджерге жоғары талаптарды қояды:
Менеджер салауатты өмір сүру керек. Жақсы менеджерді дайындау үшін көп уақыт пен ақша кетеді. Сол маман өз денсаулығын сақтамай ауырып қалса, фирмаға зиян тиеді. Сақ болу керек: арақ пен темекіден (адамның денесін тоздырады, бетін қарайтады), тұз бен бұрыштан (бүйрек пен бауырға әсерін тигізеді), ыстық пен өте суық тамақтан ашыққаннан (асқазанға әсері болады), тоңғаннан және салқын желден.
Жыл бойы, әсіресе көктемде витаминді тамақты жеу керек. Теледидарды тек 2 сағат көруге болады. Жаман әдеттерді жою керек (түкіру, талтайып отыру, қақырыну, т.б.).
Менеджер жақсы қасиеттерді өзінде дамытуы керек:
қиын жағдайдан қорықпауы керек;
күйгелектенуден сақ болуы керек;
өндіріс шешімін бірнеше варианттардан іздеуі керек;
шыдамдылық болуы керек (артық сөз айтпау, ұрыспау керек, кешегі ұрысты бүгін жалғастырмау);
патриот болуы керек.
Әрбір кезеңде кезекті мақсат қою: оқу бітіру, үйлену, жұмыс табу, үй сатып алу, машина алу, т.б.
Әрдайым үйрену. Қазіргі уақытта техника және ғылым өте тез дамытылады, сондықтан білімді әрдайым жаңарту керек. Мамандық білімін кітаптардан, газеттерден, теледидардан, радиодан толтыруға болады.
Мәселелерді нәтижелі және тез шешу. Сол үшін мынаны білу керек. Проблемалар төрт түрге бөлінеді.
а) Қарапайым проблема, ол үлгі шешімді талаптайды. Бұл проблема менеджерге бұрын бірнеше рет кездескен, шешім тез еске келеді.
б) Селективтік проблема. Мұнда шешім 2-3 варианттардан табылады. Сол үшін ойлану керек.
в) Адаптивтік проблема – селективтік секілді, бірақ жаңа жағдай арасында. Мұнда шешімді табу үшін көп ақылдасып, ойлану керек.
г) Инновациялық проблема. Оны шешу үшін жаңа пікір керек. Қарапайым және селективті проблемалар әр адамдарға жиі кездеседі. Адаптивті және инновациялық проблемаларды жоғары маманды менеджерлер шешеді. Сондай-ақ олар ғылым да, жобалау, конструкторлық және бағдарламалық жұмыстарда жиі кездеседі.
Егер бастықтың творчестволық деңгейі жоғары болса, ол шешімді нәтижелі және тез табады. Шешім уақытында қабылданса, фирманың жұмысы пайдалы болады.
Қиын проблеманы шешкенде, мынадай сатылардан өткені жөн:
Проблеманы немесе есепті анық түсіну,
Керек ақпаратты алу,
Шешімді табу,
Жеткен қорытындысын сараптау.
Проблеманы анық түсіну дегеніміз: оны қай түріне жататынын, проблема дұрыс шешілмесе не болатынын білуі керек. Ақпараттың толық болғаны жөн. Ол толық болмаса, шешім қате болуы мүмкін.
Адаптивтік және инновациялық проблемаларды шешкенде менеджер алғы творчестволық әдістерді пайдалану керек. Инновациялық проблемалар кейде ойлы шабуылмен болады (мозговой штурм) пайдалануға болады. Мұнда жетекші мамандар айқын шешім іздеп, еркін ойлау әдістеріне үйренеді. Ойлы шабуылды былай өткізеді:
Проблеманы анық атайды немесе жазады.
Проблемаға тіке қатысы бар және басқа мамандар тәжірибесіне қарамай шақырылады
Барлығы еркін сөйлейді, өз пікірлерін айтады
Сынауға болмайды, қайта біреудің пікірін жалғастыруға болады
Үлкен-кіші бұл жиналыста болмауы керек
Әрбір пікір жазылады. Бірақ фамилиялар аталмайды, авторлық құқығы жоқ. Осыны барлық болмайтындығын адамдар алдын-ала білмегені жөн.
Басқа адамға әсер ету. Сол үшін керекті қасиеттер:
Киіну өнері. Киіну өнері әсіресе әйелдерге керек (Кемпір секілді ылғи қара түсті, өте ұзын киімді кимеген жөн, макияж адамның зәресін алмауы керек. Аса әдемі емес адамдарға өте қажет).
Зиялы тәсіл және жағымды мінез. Жылы амандасу, орын беру, талтайып отырмау, алаңдамау, күлімсіреу.
Сөйлеу әдісі. Қазақпен қазақша, орыспен орысша, жиналыста қазақша сөйлеу керек. Дикция анық естілетін болу керек. Әңгімені айтуын білу. Әрбір сұраққа асықса да жауап беруі керек.
Алғысты болу керек. Бағыныштар, әріптестер, көмекшілер – барлығы менеджерден жақсы жұмыс үшін жай мақтауды немесе сыйлықты күтеді. Мақтағанды адамдар өте жақсы көреді. Әйел адамның көйлегін мақтаса, ол сол күнде 15-20% артық өнім береді.
Тыныш басқару. Жалпы айтқанда басқарудың 4 қалыпын айыруға болады:
Көндіру. «Жолдастар, мына жобаны тезірек бітірейікші, әйтпесе келіскен уақытында үлгере алмаймыз».
Уәделесу. «Жолдастар, мына жобаны 1-наурызға дейін тапсырсақ, сыйлық болуы мүмкін».
Талаптау. «Мына жобаны 1-наурызға дейін шығарыңдар». Кейде талап бұйрық арқылы жеткізіледі.
Қорқыту. «Мына жобаны мезгілінде шықпаса жауапты адамдар сөгіс алады немесе жұмысынан босатылады».
Кейінгі екі тәсілдерді сирек пайдалану керек.
Адамдарды үйретіп, команда құрып, оның еңбегін толық пайдалану. Сол үшін мынаны істеу керек:
әріптестерге ақырын кеңес беріп, үйрену, көмекшілерге сеніп, толық құқықты беру.
әр адамға өзінше жол табу.
Жұмыс істейтін ұжымды, команданы ұйымдастыру.
Жақсы ұжымның пайдасы: пікірлер көбейеді, стресс жойылады, көмекшілік өседі, жаңа білім бәріне сіңеді.
Шетел компанияларында көбінесе штаттарды командалық әдіспен толтырады. Команда – бұл бастықтың қасында біріккен ұжым қайсы айқын жұмысты істеу дайын. Әрбір жұмыскерлер тобында әрбір адам өзі таңдаған жұмысын жақсы істей алады.
Қорытындылай келе менім ойымша қандай тәжірибелі бастық болса да, ол көмекшілерсіз ештеңе істей алмайды.
8.3
Биліктің, шығу көзі, мәні, пайда болуы. Саяси зерттеулердегi салыстыру объектiсi әрқашанда әртүрлi қоғамдағы билiктiң бөлiнуi болып табылады. Шын мәнiнде, билiк саясаттағы негiзгi мәселе. Сонда билiк дегенiмiз не? Билiктi қоғамдық ғалымдар әртүрлi түсiндiредi. Мәселен, билiк – басқа адамдардың мiнез-құлқын өзгерту мүмкiндiгi (Г. Саймон); белгiлi бiр мақсатқа жету мүмкiндiгi (Т. Парсонс); белгiлi бiр тәсiлдердi қолдану мүмкiндiгi, көбiнесе күштеуге негiзделген (Г. Лассуэл, А. Каплан); басқарушы мен басқарылушы арасындағы ерекше қатынас түрі (М. Дюверже); шиеленiстiк ахуал тұсында табысты бөлудi реттеу және шешiмдi қабылдау мүмкiндiгi (Г. Лассуэл)деген анықтамалар берілген. Билiк теориялары iшiнде билiк бiр субъектiнiң екiншiнiң қарсыласуын тоқтату нәтижесiнде пайда болады деп санайтын «қарсыласу» теориясы (Б. Рейвен, К. Леви)да бар. Ал, «Ресурстарды ауыстыру теориясының» (П. Блау, Д. Хиксон) авторлары, билiк бiр субъектiлердiң екiншi адамның ресурстарын өзiне керек iс-әрекетiне ауыстыруы деп санайды. «Ықпал ету зонасын бөлу» теориясы билiктi әлеуметтiк топтардың өзара ықпал шекарасын бөлуi деп санаған. Сонымен бiрге, билiк туралы тағы басқа да концепциялар бар, мәселен белгiлi философ М. Фуко билiк – барлық қоғамдық құрылымдарға енедi, ең алдымен тiлде болады деп санады.
Билік ұғымының теологиялық, бихевиористік, құрылымдық, инструменталдік анықтамасы:
· бихевиористiк анықтама бойынша билiк- адамдардың мiнез-құлқына әсер ету мүмкiндiгiне негiзделген айрықша мiнез-құлық түрі;
· телеологиялық анықтамада билiк – алға қойған мақсатқа сәйкес белгiлi бiр нәтижеге жету мүмкіндігі;
· инструменталистiк билiк анықтамада билiк – белгiлi шаралар қолдану құралы ретiнде қарастырылады, мәселен зорлық, күштеу т.б.;
· құрылымдық анықтамада, яғни билік – басшылық пен басқарылушы арасындағы қатынастың ерекше түрi;
· жанжалдық билiк анықтамасы бойынша билік – игiлiктердi, даулы жағдайларда бөлiсудi үйлестiру құралы;
· П. Моррис, А. Гидденс пiкiрi бойынша билiк – бiреуге немесе бiрдеңеге тигiзетiн жәй ғана ықпал, әсер емес, олады өзгертуге бағытталған iс-әрекет;
· американ саясаттанушылары Г. Лассуэлл мен А. Каплан «Билiк және қоғам» деген кiтабында билiктi шешiм қабылдауға қатысу мүмкiндiгi деп сипаттайды.
Сонымен, билiк дегенiмiз тап, әлеуметтiк топ, мемлекет, жеке адам т.б. тарапынан өзiндiк ерiк-жiгердi iске асырудағы қабiлеттiлiк пен мүмкiндiктердi пайдалана отырып адамдардың қызметi мен мiнез-құлқына бедел, күштеу құралдары арқылы әсер ету. Қысқаша айтқанда, билiк деп бiреудiң екiншiлерге әмiрiн жүргiзiп, олардың iс-әрекетi, қызметiне ықпал етуiн айтамыз.
Билiктiң бiрнеше түрлерi бар, олардың iшiндегi ең маңыздысы саяси билiк болып табылады. Саяси билiк дегенiмiз белгiлi бiр топтар мен таптардың мемлекеттiк органдар жүйесi арқылы қоғамдағы саяси үстемдiлiгi.
Биліктің объектісі мен обьектісі, ерекшеліктері, ресурстары, кызметі, билікті жүзеге асыру әдістері. Саяси және мемлекеттік билік. Саяси билік мына қызметтерді атқарады:
· қоғамды басқару стратегиясын жасау;
· дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шешімдерді дайындау және қабылдау;
· қоғамдық процестерді жылдам басқару және реттеу;
· қоғам дамуындағы тұрақтылықтың маңызды параметрлері мен бағыттарын бақылау.
Саяси билiктiң ерекшелiктерi мына төмендегiдей:
· билік адамдардың үлкен тобының мүддесін қорғайды, ол топтың экономикада рөлi басым болады, әрi қоғам сол топ мүддесі тұрғысынан басқарылады;
· қоғамдағы басшылық көбiнесе сол топ өкiлдерiнiң қатысуымен мемлекет арқылы, қоғамдық-саяси ұйымдар мен саяси жетекшiлер арқылы жүргізіледі;
· арнайы басқару iсiмен шұғылданатын ерекше маман топтардың болуы;
· жариялылығы және жаппай болуы.
Саяси билiкке тән сипаттық белгілер:
· билiк еркінің басымдылығы, оның ең жоғарғы, басты айқындаушы, шешушi күш ретiндегi ықпалы;
· билiктiң иерархиялық сипат алуы;
· басқарудың ерекше аппаратының болуы;
· билiктiң үстемдiктi шоғырландыруға, монополиялауға ұмтылуы;
· қоғам мен жеке адам қатынасында мәжбүр ету мүмкіндігі.
Мемлекеттiк билiк пен саяси билiктi салыстыратын болсақ, саяси билiк мемлекеттiк билiкке қар ағанда кең ұғым. Саяси билiк тек мемлекеттiк көлемде ғана емес, сонымен бiрге халықаралық ұйымдар көлемiнде де жүргiзiледi. Кез келген мемлекеттiк билiк ол саяси билiк, ал кез келген саяси билiк мемлекеттiк бола алмайды. Мысалы, алғашқы қауымдық құрылыста саяси билiк болған (ақсақалдар кеңесi), ал билiк аппараты, мемлекет болмады. Демек, мемлекеттiк билiк – саяси билiктiң бiр түрі. Мемлекеттiк билiктiң ерекшелiктерi:
· ол белгiлi бiр аумақта ерекше аппарат арқылы жүргізіледі;
· мемлекеттiк билiк өзiнiң арнайы күштеу аппаратына сүйенедi;
· мемлекеттiк билiк монополиялық сипат алады.
Билiкті қызметiне, билiк жүргізу ауқымына, билiк субьектiсiне, басқару әдiсiне қарай жiктелу:
¨ қызметiне қарай билiк: саяси, идеологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, құқықтық, банк, дiни т.б.;
¨ билiк жүргізу ауқымына қарай: мемлекеттiк, халықаралық, отбасылық т.б.;
¨ билiк субьектiсiне қарай: таптық, партиялық, халықтық, жеке адам билiгi;
¨ басқару әдiсiне қарай: тоталитарлы, депоттық, бюрократиялық, т.б.
Билiктiң мәнiн жете түсiну үшін оның негiзгi қағидаларын нақтылау қажет (3-кесте). Билiктiң мәнiн ашуда екi мәселеге ерекше назар аударған жөн. Бiрiншiден, билiкке жету жолы, екiншiден, билiктi сақтау мен қолдану әдiстерi. Демек, билiктiң қағидаларын ажыратып көрсету маңызды. Билiктiң легитимділік, ақиқаттылық, шынайылық, көрегенділік, коллегиялық, төзімділік, өзіндік сыншылдығы, қаттылығы, жасырын сияқты қағидалары бар.
Билiктi жүргiзу әдiстерi рухани және материалдық болып бөлiнедi. Рухани әдiстер: саяси идеялар мен теориялар, саяси сана, құқық, норма, ереже, бiлiм, саяси сөз, саяси әдiстер, саяси тәжiрибе, саяси өнер; материалдық әдiстер: саяси жобалау, есеп, бақылаудың техникалық әдiстерi, күштеу тәсiлдерi, билiк жүргізуші кадрлар, саяси институттар, органдар, аппараттар, билiк ұйымдары.
Билiктiң қайнар көзiне – бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, бiлiм, хабарлама мәлiметтер жатады (№3 кесте).
Билiктi жүзеге асырғанда құқық, бедел, сенім, әдет-ғұрып, дәстүр, амал-айла, қулық, күштеу, зорлау, ерiксiз көндiру сияқты әдiс-амалдар пайдаланылады.
Билiктi айқындау және тарату формасы үстемдiк жүргізу, басшылық ету, үйлестiру, ұйымдастыру, бақылау болып табылады.
Билiк ресурстары мен түрлері. Билік ресурстары мына төмендегідей бөлінеді:
Экономикалық ресурс – материалдық құндылықтар, ақша, техника, құнарлы жер, пайдалы қазбалар.
Әлеуметтiк ресурс – әлеуметтiк статусты көтеру немесе түсiру қабiлетi, әлеуметтiк стратификация.
Мәдени-ақпараттық ресурстар – бiлiм, ақпарат, оны тарату құралдарына бiлiм, ғылым институттары, БАҚ-ы жатады.
Билiктiң түрлерi, ол әртүрлi мемлекеттердiң (субьект, обьект, ресурстары, процесi) ерекшелiктерi арқылы жiктеледi. Билiктiң ең маңызды классификациясының бiрi – билiк ресурстарына негiзделiп құрылған.
1 Экономикалық билiк, бұл экономикалық ресурстарды бақылау, әртүрлi материалдық құндылықтарға меншiк. Қоғамның дамуы бiршама тұрақты кезеңiнде экономикалық билiк басқа билiктерден жоғары тұрады, «экономикалық бақылау – адам өмiрiнiң бiр ғана саласын бақылау емес, ол басқа мақсаттардың барлығына жету құралдарын бақылау» – деп жазады Ф. Хайек «Құлдыққа барар жол» еңбегiнде.
2 Әлеуметтiк билiк, егер экономикалық билiк материалдық игiлiктердi бөлу тәсiлiн ұсынса, ал әлеуметтiк – әлеуметтiк сатыдағы орындарды – статус, қызмет, артықшылық, жеңiлдiктердi бөледi. Қазiргi мемлекеттер үлкен әлеуметтiк билiкке ие, әлеуметтiк саясат көмегiмен тұрғындардың көпшiлiгiнiң қоғамдық жағдайына, олардың қолдауларына ықпал ете алады.
3 Мәдени-ақпараттық билiк, бұл ең алдымен адамдарға ғылыми бiлiмдер, ақпарат және оны тарату тәсiлдерi көмегiмен билiк жүргізу. Мұнда БАҚ шешушi рөл атқарады. Манипуляциялау қолданылады.
4 Мәжбүр ету билiгi күштеу ресурстарына негiзделiнедi. Мәжбүр ету билiгi саяси билiкке тән, оның негiзгi ерекшелiгiнiң бiрi күштеу болып табылады.
Саяси билiктiң субьектiсi – халық. Ал, халықтың атынан билiктi қолданушылар арнайы құрылған органдар, ұйымдар, мекемелер арқылы билікті жүзеге асырады. Бiрақ, тәжiрибеде, тұрмыстық санада, кейде теориялық деңгейде саяси билiктi қолданушы-лардың рөлi жоғары қойылады. Мұның себебi, билiк субьектiлерi әлеуметтiк қатынастарға тiкелей ықпал жасай алмайда, ықпал тек нақтылы әдiс-құрал арқылы жасалады. Осыдан билiктiң түрi, құралы, әдiсi бiрiгiп, оларды халық ажырата алмай жатады. Осыдан келiп саяси билiктi қолданушы, жүргізушi адамға басқаның табынуы келiп шығады, оны саясаттану тiлiнде билiк фитишизмi деп атайды. Одан адамның әлеуметтiк мәнi төмендейдi, саяси нигилизм туады, саяси енжарлық адамның билiктен аластауы пайда болады.
Саяси билiк бар жерде теңсiздiк бар. Мұнда бiреулер билiк етуге құқылы да, екiншiлерi бағынуға мiндеттi. Бұл теңсiздiктiң туу себебi мына төмендегi әдiс-құралдарға байланысты.
1 Экономикалық қор. Қандай саяси билiк болмасын оған қаржы-қаражат керек. Мысалы, сайлау науқанын өткiзу үшін көптеген ақша жұмсайды. Билеушi аппаратты ұстау үшін де қыруар ақша жұмсалады. Оның үстiне билiк басына келген топ өзiнiң экономикалық бағдарламасымен келедi. Оларды жүзеге асыру үшін көптеген қаржылар да керек. Экономикалық қорға басқада материалдық құндылықтар, құмарлы жерлер, қазба-байлықтар да жатады.
2 Әлеуметтiк әдiс-құралдар. Үстемдiк етiп отырған адамдар немесе билiк өзiн қолдайтын, қорғайтын адамдар топтарын iздейдi. Бұл рөлдi көбiнесе сол қоғамда, сол билiк тұсында белгiлi бiр артықтықшылықтарға, мәртебеге, абыройға ие, жалақысы мол қызметкерлер орындайды. Қазiргi Батыс Еуропада үстемдiк етiп отырған саяси билiктi сақтауға халықтың көпшiлiгi мүдделi. Себебi, оларда орта деңгейде тұратын адамдар көп, көпшiлiктi құрайтын орта тап билiктiң негiзгi арқауы, мұнда мұқтаждық жоқ, елдерiнде әлеуметтiк әдiлеттiлiк халықты сақтандыру кең дамыған. Оған мысал, зейнеткерлердi әлеуметтiк қамсыздандыру жүйесiнiң жетiлуi т.б. болады.
3 Күш жұмсау құралдары. Олар мемлекеттi қорғайды, iшкi тәртiптi сақтайда, саяси билiктi құлатуға әрекет жасаушыларға мүмкiндiк бермейдi, оған жататындар: әскер, полиция, қауiпсiздiк органдары, сот, прокуратура және т.б. Тарихи тәжiрибеге сүйенсек, саяси билiк оларды өз мақсаттарына, әсiресе экономикалық және саяси дағдарыстар кезiнде жиi пайдаланады. Оның арнайы дайындаған адамдары болады.
4 Ақпарат құралдары. Қоғамдық пiкiр тудырып саяси өмiрге ықпал ету жағынан билiк белгiлi бiр артықшылықтарға ие болады. Демократиялық елдерде сөз, баспасөз бостандығы берiледi, ал басқа саяси тәртiптер саяси манипуляциялаумен айналысады.
Ақпарат құралдарымен қатар билiктi жүргізуде ақпараттық қордың да маңызы зор. Бiлiм мен ғылыми мағлұматты алу, оларды тарату бүгiнгi таңда алдынғы қатарлы орындарға шығуда. Кейбiр ғалымдардың (жапондықтар) айтуынша ақпарат кiмнiң қолында болса, XXI ғасырда билiк соның қолында болады.
Биліктің заңдылық деңгейі: легализация, легитимация. Қоғамның әлеуметтiк-саяси жүйесiнiң тұрақтылығына негiз болатын шарттардың бiрi – халықтың билiктiң саяси-құқықтық идеяларын мойындауы және құрметтеуi. Мұны саясаттануда «легитимация» – деген категория арқылы анықтайды. Легитимация (латынның заңды) – билiктi заңды түрде танып мойындау және оған мүлтiксiз бағыну деген мағынада қолданылады.
Билiк легитимациясы теориясының дамуына М. Вебер үлкен үлес қосты. Ол бағыну ниеттерiне (мотив) қарай билiк легитимдiлiгiнiң үш негiзгi түрiн ажыратты:
1 Дәстүрлi легитимдiлiк, сол елде ежелден қалыптасқан және халқының санасына әбден сіңген салт-дәстүрлерге сүйенедi. Сондықтан да кейбір елдерде қазiр де хан, сұлтан, патша, шах, әмiр т.б. билiгiн халық қолдайды және заңды деп санайды. Олар билiктің мұрагерлікпен берілуін де дәстүр деп мойындап отырады.
2 Харизматикалық легитимдiлiкте батырлығымен, әділеттілігімен немесе басқа да ерекше қасиеттерiмен көзге түскен адамды басшы етiп жариялайды. Халық сол көсем сонынан ередi және оған сенедi. Мысалы, Мұхамед пайғамбар, М. Ганди, Аятолла Хомени т.б.
3 Ақыл-парасат пен құқықтық легитимдiлiкте саяси билiк сол кездегі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, заңға сәйкес қалыптасады. Мұнда билік легитимдiлiгі демократиялық талаптарға сәйкес келе ме, жоқ па сонымен анықталды. Бұл биліктің демократиялық сайлаумен қалыптасуы деген сөз.
Легитимдiлiктiң алдынғы екi түрi құлдық және феодалдық қоғамдарға тән болса, үшіншi түрі қазiргi дамыған елдерге тән. Демократиялық жағдайда билік легитимдi болу үшін мынадай шарт қажет:
¨ ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшiлiктiң еркiне қарай орындалуы керек, яғни мемлекеттiк билiктiң иесiн төте немесе жанама түрде белгiлi бiр мерзiмге халық сайлауы керек және оның жұмысын бақылап отыруға мүмкiндiк болуы тиiс;
¨ мемлекеттiк билiк конституциялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Соңғы кезде легитимдiлiктiң идеологиялық түрі туралы да айтылып жүр. Оның мәнi билiктi халықтың санасына енгiзiлген идеология арқылы ақтау. Онда билiктi сәйкес келетiн идеологиямен негiздей отырып, басқару құқығына ие болады. Бұл идеологияның мазмұнына қарай идеологиялық легитимдiлiк топтық немесе ұлтшыл болуы мүмкiн. Кеңес Одағында топтық легитимдiлiк кеңiнен қолданылды. XX ғасырдың II жартысында ұлтшылдық легитимдiлiк көп елдерде басымдық танытты.
Басқарудағы билік формалары: монархия мен республика, олардың нұсқалары; мемлекеттік құрылым: унитарлық, федерация, конфедерация. Басқару формасы – мемлекеттiк билiк ұйымдарының құқықтық жағдайы мен құрылымына негiзделген мемлекет мазмұнының сыртқы бейнеленуi. Басқару формасы – бұл мемлекеттік билікті ұйымдастыру тәсілдері. Мемлекеттiк билiктiң жоғарғы ұйымының жағдайы мен сипаты басқару формасын екiге бөледi: монархия және республика.
Монархия деп мемлекеттiң жоғарғы өкiмет билiгi жеке-дара, бiр билеушiнiң қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретiнде қалатын түрiн айтады. Монархия абсолютi және конституциялық болып екiге бөлiнедi.
Конституциялық монархияда монархтың билiгi белгiлi бiр дәрежеде заң шығаратын билiк, парламентпен шектеледi. Басқарудың бұл түрi Англияда пайда болды және қазiргi кезде ойдағыдай қызмет етуде. Конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Швеция, Жапония т.б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттiк билiктiң барлық жоғары органдары белгiлi бiр уақытқа сайланатын немесе өкiлдiк мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттiк басқарудың түрiн айтамыз. Республика президенттiк және парламенттiк болып екiге бөлiнедi.
Президенттік республиканың негізгі белгілері:
· Президент қолына мемлекет және үкімет басшысы өкілеттіліктерінің шоғырлануы;
· Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы;
· Парламенттен тыс президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру;
· Президент қолына ауқымды биліктің шоғырлануы;
· Парламентте үкіметке сенімсіздік білдіру құқығының болмауы.
Парламенттік республиканың негізгі белгілері:
1 Парламент үстемдігі;
2 Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі;
3 Үкіметті парламенттік негізде саяси партия жетекшілерінен қалыптастыру;
4 Мемлекет басшысын парламентте сайлау;
5 Үкімет басшысын (премъер-министрді) президент тағайындайды.
Мемлекеттiң аумақтық-саяси құрылымы. Мемлекет басқару түрiмен қатар құрылысына қарай да жiктелiнедi. Мемлекеттік құрылыстың формасы – бұл орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді.
Мемлекет құрылысына қарай мынадай түрлерге бөлiнедi: унитарлы, федерация, конфедерация.
Бiртұтас мемлекет /унитарлы мемлекет/ түсiнiгi латынның «unuz» сөзiнен шыққан. Ол бiртұтас, бiрiккен деген ұғымды бiлдiредi. Бiртұтас дегенiмiз бiр мемлекет, ол ұсақ мемлекеттiк құрылымдарға бөлiнбейдi, онда әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстер ғана болады. Бiртұтас мемлекеттiң екi: қарапайым түрi, тек әкiмшiлiк-аумақтың бөлiнiстерден (Қазақстан, Польша, Тайланд, Алжир, Колумбия) тұрады, ал күрделiсiнде өз құрамында автономияның бiр немесе өзге де түрлерi (Италия, Филиппин, Никарагуа т.б) болады. Унитарлы мемлекеттің белгілері:
- бүкіл мемлекет үшін бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болуы;
- бір конституция, бірыңғай заңшығару жүйесі, бір азаматтық, бірыңғай қарулы күштің болуы;
- әкімшілік-территориялық бірліктер егемендікке ие емес т.б.
2 Федерация сөзi латынның «foedus» деген сөзiнен шыққан, ол одақ, бiрлестiк деген мағынаны білдіреді. Федерация – белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруы.
Федерацияның негізгі белгілері: 1. федерация территориясы оған кіретін мемлекеттер территориясынан құралады; 2. федерация мен оның субъектілері арасындағы өкілеттілік бірыңғай жалпыодақтық конституциямен шектеледі. Федерацияға енген әрбір мемлекет өзінің конституциясын қабылдауға құқылы; 3. заңшығарушы, атқарушы, сот биліктерінің екі жүйесі болады, федеральді және әрбір федерация субъектісі үшін; 4. федерацияның әрбір азаматы бірыңғай азаматтықа ие болады; 5. федерация бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық, ақша жүйелеріне ие; 6. халықаралық аренаға тек тұтас федерация ғана шыға алады.
Конфедерация белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы т.б.) жүзеге асыру үшін біріккен егеменді елдер одағы. Конфедерацияның негізгі белгілері:
1 бірыңғай жоғарғы атқарушы, заңшығарушы, сот билігі ұйымдарының болмауы;
2 бірыңғай қарулы күшке, қаржы, салық жүйелеріне ие емес;
3 конфедеративті мемлекеттік ұйымдар бірыңғай ақша жүйесі, бірыңғай кеден тәртібі, мемлекетаралық бірыңғай салық саясаты туралы келісімге келуі мүмкін;
4 ұзақ өмір сүрмейді.
Билiктiң тармақтарға бөлiнуi. Демократиялық қоғамдарда билiктi тармақтарға бөлу қолданылады. Оның негiзiн салушы ағылшын ойшылы Дж. Локк (1632-1704ж.ж.) және француз ғалымы Ш.Л. Монтескье (1689-1753ж.ж.) болды. Билiк – заңшығарушы, атқарушы және сот билiгi болып үш тармаққа бөлiнедi.
Заңшығарушы билiк (парламент) заңшығарумен, оны бекiту, өзгерту және жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкiметтi тағайындайды, бюджеттi бекiтедi, соғыс ашып, әскердi қамтамасыз етедi, сауданы реттейдi, сотты ұйымдастырады, халықаралық келiсiм шарттарды қабылдайды, маңызды iшкi және сыртқы саясатты анықтайды. Оның жұмысын конституция атынан ерекше органдар (конституциялық бақылау) бақылау жасайды.
Атқарушы билiкке Үкiмет пен әкiмшiлiк жатады. Оларды заң шығарушы өкiлдiк органдар қалыптастырады. Атқарушы билiк заңшығарушы билiктiң бақылауында болып, олардың алдында есеп бередi. Оның жұмысы заңға негiзделiп, заң шеңберiнде әрекет етуi тиiс. Үкiмет саяси шешiмдер қабылдайды (конституция шеңберiнде), ал әкiмшiлiк ол шешiмдердi жүзеге асырады.
Соттың билiгi адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушы-лықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестiгiн анықтайды. Оны халық не өкiлеттi мекемелер қалыптастырады. Ол заңшығарушы не атқарушы билiкке тәуелсiз. Егер жоғарғы сот мемлекеттiк органның немесе қызметтегі адамның шешiмiн конституцияға қарсы десе, ол шешiм толығымен күшін жояды.
Саяси субьектілері
1. Саясат субьектілері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі, белгілері және әлеуеті. Саясат субьектілері ретіндегі әлеуметтік қауымдастықтар. Қазіргі замандағы әлеуметтік стратификация. Саясат субъектілері ретіндегі этникалык топтар.
2. Саяси субъектілік түсінігі және саясат субьектісі ретінде тұлғаның қалыптасу шарттары. Саяси қызмет, әлеуметтік белсенділік, саяси мәдениет пен сана деңгейі.
3. Адамның саясат субьектісі ретінде калыптасуының көрсеткіштері ретінде азаматтык қасиеттері. Тұлғаның саяси мүдделерін жүзеге асырудың материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси-құқықтық алғышарттары.
4. Тұлға мен қоғамның саяси мүдделерінің арақатынасы. Адам құкықтары мен еркіндігі. Оларды камтамасыз етудің кепілдігі мен механизмдері. Азаматтың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудың шарттары. Адамның саяси шеттелу мәселесін шешу. Адам құкықтары саласы бойынша халықаралық ынтымақтастық.
5. Қазақстанның әлеуметтік-саяси құрылымы. Қазақстанда саясаттың жаңа субъектілерінің қалыптасу көздері мен әлеуметтік базалары.
Саясат субъектiлері. Билік жүйесіндегі олардың орны, рөлі, белгілері және әлеуеті. Саясат мемлекеттiк билiк үшiн бәсекелiк күрес саласында әр түрлi субъектiлердiң әрекеттерi мен өзара әрекеттерi жиынтығын бейнелейдi. Көбiнесе, саясат субъектiсiн бөлiп алу өлшемi, оның осы саладағы нақты әрекетi, немесе саяси шешiм қабылдауға ықпалының деңгейi, мемлекттiк саясатты iске асыруы, немесе оны ұйымдастыруы алынады. Нақты айтсақ, саясат субъектiсi деп шешiм қабылауға ықпал ету деңгейiне және мемлекеттiк саясатты тарату сипатына тәуелсiз, мемлекет пен билiктiк өзара қарым-қатынасқа түсушiнi түсiнемiз.
Саясат субъектiлерi үш түрге: жеке (микроактор), топтық (макроактор) және институттық (ұйымдасқан актор) болып бөлiнедi. Бұл үш түрдегi субъектiлердің iштей құрылымдары мен мазмұндары өзіндік ерекшелiктерге ие. Мәселен, топтарға әр түрлi қауымдастықтар мен ұжымдар (бейресмиден ресмиге дейiн, уақытшадан тұрақтыға дейiн, оқшаудан трансұлттық бiрлестiкке дейiн) жатады. Институттарға саяси жүйеде өкiлдiлiк пен атқарушылық қызметтердi атқарушы (партиялар, қозғалыстар, лобби, халықаралық ұйымдар) ұйымдар жатады. Жеке субъектiлер (Д. Розенау) үш түрге бөлінеді: қатардағы азаматтар, саясатқа қатысуы топтық мүддемен сипатталынатын; кәсiби қызметкер, мемлекетте басқару мен бақылау қызметiн атқарушы; жеке индивид, топтық мақсатқа тәуелсiз әрекет етушi және ешбiр кәсiби мiндеттердi орындамаушы. Саясаттың барлық субъектiлерi бiр-бiрiмен иерархиялық қатынаста болады.
Легистердiң өзi (ІV-ІІ ғ.ғ. б.з.д.) адам өмiрiнiң барлық саласын бақылайтын және қатал заңға арқа сүйенетiн, басқарушы мен оның қол астындағылардың арасындағы тұрақты қақтығыстардың болуына жол бермейтiн, күштi деспоттық мемлекет қажет деп санаған. Конфуций да мемлекет басымдылығын дәрiптеген, мемлекет – үлкен патриархалды отбасы, оған аристократтар мен шенеунiктер және қарапайым халық сөзсiз бағынуы тиiс деп тұжырымдаған. Мұнда индивидтің ешбiр құқығы жоқ болып саналады. Мәнi жағынан осындай принциптi Платон да қолдады, мемлекеттiң жалпыәлеуметтiк қызметiн уағыздап, оның индивидке үстемдiгiн ақтады. Аристотель пiкiрiнше мемлекет әлеуметтiк қатынастың жоғары формасы, сөйтiп оның басымдылығын дәлелдеуге тырысты.
Аристотель мен Платонның мемлекетке қарым қатынасы мемлекеттiң тұрақтылығы мен тыныштығын бұзатын қажетсiздерден, варварлардан, мемлекет өмiрiне лайықсыздардан тазарту сияқты идеялармен толықтырып отырды. Бұл мемлекет туралы идеялар адамның саяси құқығы мен бостандығын, индивидтi азамат және мемлекеттiң толық әрiптесi ретiнде тану мүмкiндiгiн жойды. Мемлекет, адам құқығы мен статусын толық және оның саяси белсендiлiк каналдарын анықтап отыруы тиiс.
Адам саясат субъектiсi ретiнде. Субъект дегенiмiз (субъект латын тiлiнде жату деген сөзден шыққан) белсендi iс-әрекет жасаушы, сана мен жiгерi бар жеке адам немесе әлеуметтiк топ.
Объект дегенiмiз (объект – латынның қарсы қою деген сөзiнен шыққан) субъектiнiң танымдық және басқа да iс-әрекетi неге бағытталса соны айтады. Басқаша айтқанда, объект зерттелетiн нәрсе.
Адамның саяси өмiрдегi орны мен рөлiне саясаттану ғылымы ерекше назар аудару қажет. Себебi, бiрiншiден, адамзат тарихының бүгiнгi кезеңiнде саясат қоғам дамуында шешушi рөлдердiң бiрiне ие болып отыр. Екiншiден, саясаттың тиiмдi және нәтижелi жүруi адам арқылы өлшенедi. Демек, бүгiнгi күнгi саясатқа баға, адам саясат үшiн емес, саясат адам үшiн қызмет етуi тұрғысынан қарастырылуы тиiс. Үшiншiден, бүгiнгi әлеуметтiк-саяси философияда адам мәселесi өзектi, әрi басты мәселелердiң бiрiне айналуда. Мұнда адамның қоғамдық қатынастардың өзгеруi механизмiндегi рөлiн түсiну қажеттiлiгi туып отыр. Басқаша айтқанда, барлық мәселелердiң тоғысар нүктесi адам. Бiрiншiден, қоғамға ерiктi, адал, ақылды, iскер адамдар қажет. Екiншiден, адам жалпы қоғамдық прогрестiң негiзгi қозғаушы күшi ретiнде өз мүмкiндiгiнiң, жiгерiн-қайратының, әлеуметтiк-саяси еңбегiнiң қоғамға қажеттiлiгiн сезiнуi қажет.
Саяси ғылымда саясат субъектiлерiн жiктеудiң бiрнеше түрлерi тараған. Соның iшiндегi ең көп тарағаны мына:
· саясатқа қатысушыларды әлеуметтiк құрылымдарға бiрiгуi деңгейiндегi субъектiлерге (демографиялық, кәсiби, этникалық топтар) бөлу – кәсiби топтар, таптар, ұлттар, көсемдер, элита мен бюрократия, жеке адам т.б.;
· белгiлi бiр институттық құрылымға бiрiгу деңгейiндегi субъектiлерге: мемлекет, партиялар, кәсiподақтар, қоғамдық ұйымдар, саяси қозғалыстар жатады;
· «қызметтiк» деңгейдегi саяси субъектiл, оларға: дiни мекемелер, университеттер, кооперациялар, әр түрлi мәдени-спорттық ассоциациялар жатады.
Барлық адамдардың конституциялық құқықтары мен мүмкiндiктерi бiрдей болғанымен, iс жүзiнде олар тең емес, олар физикалық-биологиялық, интелектi, еркi мен басқа да психологиялық қасиеттерi жағынан қабiлетi. Әлеуметтiк жағдайы жағынан әртүрлi. Осының бәрi олардың саясаттағы орны мен рөлiнiң әртүрлiлiгiне, оған ықпал ету дәрежесi мен деңгейiнiң әрқилылығына негiз болады.
Адамның саясатқа қатынасы ертедегi ойшылдардың iлiмдерiнде қарастырылған. Мәселен, Конфуций мемлекеттiң патерналистiк концепциясын жасады. Бұл концепция адамдардың саяси статусы жағынан тең еместiгiне негiзделдi. Жеке адам саясат субъектi бола алу құқына ие бола алмайды. Бұл концепция әлi де болса дамушы елдерде өз көрiнiсiн берiп отыр. Сондай-ақ, тоталитарлы, авторитарлы режімдер осы концепцияға жақын бағыт ұстанады.
Платон өзiнiң идеалды, өркениеттi мемлекет концепциясында адам үстiнен мемлекеттiң үстемлiгiн күшейттi, адамды мемлекеттi басқарып отырған ақылды, дарынды аристократтарға тәуелдi нысана ретiнде түсiндiрдi. Яғни, мемлекет өз заңы арқылы адамның бүкiл өмiрiн өз реттеп отыратын болған. Платон өзiнiң «Заңдар» атты еңбегiнде «мемлекет өзiне қолайсыз адамдарды өлiм жазасымен, мемлекеттен қуу арқылы тазартып отырғаны дұрыс» – деп жазады. Демек, Платон адамды саясат субъектiсi ретiнде санамады, әрi тоталитарлы үрдістің қалыптасуына негiз жасады.
Аристотель өзiнiң мемлекет туралы iлiмiн саясаттың антропологиялық табиғатына негiздеп жасады. Оның ойынша, адамға жаратылысынан қауымдастық, ұжымдық қасиет тән, сондықтан да басынан-ақ адам саяси сипатқа ие болған. Аристотельдiң пiкiрiнше адам тек басқа адамдармен қарым-қатынас жасау арқылы ғана өмiр сүредi. Бұл қатынастың алғашқы түрi отбасы немесе адамдардың шоғырланған жерi. Осының негiзiнде дамудың белгiлi бiр деңгейiнде мемлекет пайда болады. Демек, ол мемлекет ерiктi және тең құқықты азаматтарға негiзделедi деп санаған. Мемлекет шеңберiнде адамның бүкiл табиғаты көрiнедi және жеке адам саяси өмiрдiң органикалық бөлiгi болып есептелiнедi деп айтқан. Аристотельдiң Платоннан айырмашылығы белгiлi бiр мөлшерде автономиялық қажет деп есептеуiнде болып отыр. Дегенмен, Аристотель де адамды мемлекеттен толық ажыратып көрсете алмады.
Адамның саяси құқығына либералистер көп көңiл бөлдi. Либерализм әлеуметтiк-саяси ойлар тарихында алғаш рет жеке адам мен қоғамның, мемлекеттiң ара жiгiн ажыратып, адамға тән құқықты берiп, оны саяси жүйенiң элементi ретiнде бекiттi. Либерализм концепциясы бойынша адам саяси билiктiң көзi. Ал, мемлекет ерiктi адамдардың келiсiмiнiң нәтижесi болып табылады. Мемлекеттің негiзгi қызметi – халықтың қауiпсiздiгi мен бостандығын қорғау, қоғамдық тәртiптi сақтау. Либерализм адамды билiктен жоғары қойғанымен, олар адамның саяси белсендiлiгiнiң ауқымын шектеп отырған. Классикалық либерализм теориясында адам саяси өмiрдiң тiкелей қатысушысы болудан гөрi, бақылаушысы ретiнде көрсетiлгiн.
Қазiргi кезде Батыс Еуропада адам мен саясат қарым-қатынасы туралы либералистiк iлiмдер саяси ой-пiкiрлермен одан әрi толықтырылуда. Бұнда мемлекеттiк қамқорлықты күшейту идеясы басымдылық танытып отыр.
Маркстiк теорияда жеке адамның саясатқа қатыстылығы таптық тұрғыда қарастырылған. Яғни, адам белгiлi бiр әлеуметтiк тап, топ мүшесi, өкiлi ретiнде алынады. Сондықтан да жеке адамның саясаттағы орны мен рөлi, оның қай тап, топ, ұлт өкiлi болуына тәуелдi құбылыс ретiнде танылады. Демек, жеке адамның саясат субъектiсi болуына шек қойылған.
Жеке адам мен билік қарым-қатынастарының моделдері. Индивид пен билiк қарым-қатынасының төрт тәсiлi мүмкiн: тоталитарлы, партиархалды, жеке, партицитарлы.
Бiрiншi, тоталитарлы модель бойынша мемлекетке толық бағыну жүзеге асырылады, яғни мемлекет басымдылығы сөзсiз. Мұнда адам құқығы проблемасы күн тәртiбiнен алынып тасталынады, индивид тұтастың бiр бөлiгi, органикалық ретiнде қарастырылады, әрi күрделi мемлекеттiк механизмдегi орталықтан басқарылатын құрал ретiнде саналады.
Екiншi, индивид пен билiк қарым-қатынасының патриархалды моделi адамдардың құқығының күрделi иерархиясын ұсынады. Ол қоғамды әр түрлi сословие мен топтарға бөледi, оның ең төменi саяси құқықсыз, ал жоғарысы жоғарғы билiк өкiлеттiгiне ие, билiктiң негiзгi көзi мен бөлушiсi, авторитарлы монарх болады.
8.4
Біртұтас мемлекет, унитарлық мемлекет — мемлекеттік немесе ұлттық-мемлекеттік құрылыстың бір түрі. Оның территориясы әкімшілік-аумақтық бөліктерге (аймақтарға, облыстарға, округтерге, аудандарға, департаменттерге және т.б.) бөлінеді. [1]
Федерация пішімінен айырмашылығы: бір конституциясы, бір жоғары өкілеттік органы, бір үкіметі, т.б. болады, бұл оның бүкіл ел территориясына орталық билік ықпалын күшейту үшін қолайлы ұйымдық-құқықтық алғышарттар жасайды.Территориясы федеративтік бірліктерге бөлінбейтін мемлекеттік құрылыстың тұрі. Біртұтас мемлекеттің құрамында жекелеген, тіпті дербес мемлекет атрибуттарын иеленетін (мысалы, біртұтас Украинадағы Қырым Республикасы) автономды ұлттық — мемлекеттік құрылымдар болуы мүмкін. Әкімшілік территория бірлік статусын иеленуші біртұтас мемлекеттің құрамдас бөліктері орталық органдар қабылдайтын заңдардың негізінде басқарылады, олардың жер аумағы жергілікті органдар мен тұрғындардың келісімінсіз жалпы мемлекет заңның күшімен өзгертілуі мүмкін. Біртұтас мемлекеттің орталықсыздандырылған және орталықтандырылған түрлері болады. Оның біріншісіне аймақтық басқару органдары орталық билік органдарына тәуелсіз түрде құрылатын әрі олардың арасындағы заңи қарым-қатынастар орталыққа бағыныштылық принципінсіз жүзеге асатын мемлекеттер (мысалы, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Жапония, Испания, Италия) жатады. Ал екіншісіне аймақтық органдардың орталыққа бағыныштылығы орталық тағайындайтын лауазымды басшылар арқылы жүзеге асатын Біртұтас мемлекеттер (мысалы, Нидерландтар, Қазақстан, Өзбекстан) жатады. ҚР-ның Конституциясында “Қазақстан Республикасы — президенттік басқару пішіміндегі біртұтас мемлекет” делінген (2-бап). Мемл. орталық билік ел территориясының тұтастығын, қол сұғылмаушылығын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің әкімшілік-территория құрылысы, астананың орналасатын жері мен статусы заңмен белгіленеді.
Авторитарлы саяси жүйе -[лат. autoritas - билік, ықпал ету] - демократиялық және авторитарлық саяси жүйелер бір-біріне қарама-қайшы. Авторитарлы саяси жүйелерде басқарушы топтың билігін қалың бұқара заңды түрде мойындамайды; басқарушы топтың құрамына халық қатыспайды; саясаттың негізгі бағыттарын қалыптастыруда бұқараның үлесі жоқ; басқарушы топ өз билігін әлеуметтік топтар мен жіктердің тарапынан еш бақылаусыз жүзеге асырады. Мұның барлығы авторитарлы сипаттағы саяси жүйелердің саяси өміріне бұқараның қатысуы өте шектеулі екендігін дәлелдейді. Авторитарлы билік заңдылығының негізі - дәстүр немесе билеушінің харизмалық тұлғасы. Дегенмен, авторитарлы саяси жүйелерге біржақты теріс баға беруге болмайды. Адамзат тарихи даму жолының басым бөлігінде осындай саяси жүйелер аясында өмір сүрді. Авторитаризм индустриалды қоғамға дейінгі билікті ұйымдастыру түрі болды. Бірқатар Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінде бүгінгі күнге дейін авторитарлық саяси жүйелер орныққан. Олар бүл тәртіптің орнығуын ұлт азаттығы мен қайта дәуірлеуі үшін қажет деп бүркемелейді. Мұнда авторитарлы басқарушылар халықтың мойындауына тек күшпен ғана емес, заңдастырудың харизмалық әдісін қолдану арқылы қол жеткізеді. Авторитарлы билік шын мәнінде қоғамдық тәртіп орнатуда, қоғамдық құрылымдарды қайта құруда, аса маңызды мәселелерді шешуге қажет ресурстар мен күшті жұмылдыруда тиімді. Алайда, қазіргі таңда авторитарлы саяси жүйелер өтпелі кезеңге тән құбылыс ретінде сипатталады. Одан әрі не демократизмге, не тоталитаризмге ұласады.
Ол айтарлықтай кең негіздерге ие. Өйткені, бедел — билік пен билік құрудың қажетті құрылымдық элементі. Оны биліктің атрибутивтік белгісі деп есептеуге болады. Сондықтан билік, билік құрушы субъект өз беделінің сақгалуы мен өсуіне әрдайым қамқорлық жасап отырады. Бедел биліктің және оның шешімдері мен әрекеттерінің заңдылығын қамтамасыз етеді. Билік құру тек қана зорлық-зомбылық пен мәжбүрлеу емес, оны бағынушының келісімі негізінде басқару болып табылады. Бедел билік құрушы субъектіні бағынушылардың үстінен қарай тын және олардың тіршілік әрекеттеріне бағдар беретін күшке айналдырады.
Билік жеке бағынушылардың шамасы келмейтін ерекше құндылықтарды жоспарлап, жүзеге асыратындықтан беделді. Сондықтан бедел адамдардың ассоциативтік бірлестігінің бастапқы кезендерінен бастап адамдар қауымдастығының барлығында қызмет етті. Бедел биліктің әлеуметтік, мораль дық-психологиялық негізі болып саналады. Авторитет, авторитаризм, авторитарлық — тек бір түбірлі сөздер ғана емес, олар мемлекеттік биліктің жүргізілуінің өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Авторитаризм, авторитарлық саяси режим — билік құрушы элитаның бөлініп шығуы, жеке бостандықтар мен саяси бәсекелестіктің шектелуі, адамдарды саяси қауым дастыққа біріктіретін тіршілікке қажетті әлеуметтік-саяси факторлар тән ерекше саяси режим. Сол себепті авторитарлық режим өз бетінше қызмет етеді, онда билік үшін ашық бәсекелестік күрес жоқ. Билік үшін күрес, көп жағдайда, саяси тартыстар түрінде билік құрушы элитаның ішінде жүреді. Қоғам құрылымданған, саяси рөлдер анық талынған, саяси жинақылық төмен. Адамзаттың тарихи тәжірибесінде авторитарлық режимнің дамуының әр түрлі формалары көрініс тапқан. Бұл формалардың ерекшелігі қауымдастықтың дамуының әлеуметтік-мәдени деңгейімен анықталынады
8.5
Жетекшінің жұмыс стилі – басқару процесінде жетекшімен қолданылатын жəне оның іс-əрекеттеріне адамдардың қатынас ерекшеліктерін анықтайтын қайталанатын əдіс пен басқарушылық əсер ету тəсілдерінің жиынтығы.
Басқа жағынан, бұл əлеуметтік-саяси, əлеуметтік-экономикалық, əлеуметтік-психологиялық қатынастардың адамдармен жетекшілік ету процесіндегі жеке түрдегі іске асыру формасы. Жетекшіліктің стилінде жетекшінің ішкі мəдениеті, білімі, тəжірибесі көрініс табады. Жетекшілік стилі ұжымның психологиялық климатына елеулі əсер етеді. Стиль жетекшінің жеке тұлғасымен тығыз байланыста тіпті оны кей кезде басқарушылық қызметтің
жазуы» деп те атайды.
Жетекшілік стилінің бірнеше класификациясы бар. Бірінші жəне көбірек белгілі классификация – бұл авторитарлы, либералды, демократиялық стильдер.
Авторитарлы (директивалы) стиль жетекшінің ролін асыра пайдаланумен
байланысты. Жетекшіліктің бұл стилінде қоластындағылардың бастамасы мен өз болуын шектейтін асыра талап қоюшылық сипаттас. Жетекшілік түсінік беру əдістері, пайымдаумен емес, күштеу əдістерімен іске сырылады.
Өкінішке қарай, қазіргі заманғы жас басшылардың көпшілігі осылай ойлайды жəне өткен стильді таңдайды. Бұл стиль үлкен біліктілі қызметкерлер ұжымында төмен нəтиже береді. Либералдық стиль басшының өзіне бағыныштылардың жұмысына араласпауымен сипатталады, орындаушылардың тапсырманы орындамағаны үшін жауапкершлікті талап етпейді, жұмысын бетімен жіберген, өзіне жауапкершілік арқалайды. Кейде бұл стиль бос белбеулік деп аталады. Демократиялық стиль ұжымдағы серіктестік қатынастармен, бағыныштыларды ұжымның негізгі қызмет бағыттары бойынша шешімдерді талқылауға жəне дайындауға тартумен,
құқықтар мен міндеттерді өзара бөлісумен, қабылданған шешімдерді орындаған кездегі бағыныштылардың дербестігі мен бастамашылдығын
дамытумен, өзара бақылауды кеңейтумен сипатталады.
Компанияны басқару кезінде мінез-құлық нұсқауларының əрқайсысын аталған матрицадан алынған кез келгенімен салыстыруға болады. Р. Блейк пен Дж С. Моутон матрицаның 5 шеткі жəне неғұрлым тəн ұстынын сипаттады.
1. Авторитарлық басшылық. Бұл ұстын басшысы өндіріс туралы қамқорлық болып табылатын жəне ешқандай əлеуметтік қызметті мүлдем жүзеге асырмайтын менеджерлерге тəн. Олар қызметті жанама нəтиже деп
таниды.Олардың есептеуінше, басқару шешімдерінің сапасы ол қабылдаған бағыныштылардың қатысу дəрежесіне тəуелді емес. Осындай менеджерлерге тəн оң белгіне жоғары жауапкершілік деңгейі, еңбекқорлық, ұйымдастырушылық дарын, зайаткерлік тəн. Бірақ мұндай басшылар мен бағынушылар арасында үнемі қашықтық сақталады, тікелей байланыс пен өзара түсіністік жиі қалыс қалады, топтық тəртіптің қанағаттанарлық деңгейі ғана сақталады.
2. Əлеуметтік басшылық (либералдық стиль). Бұл ұстын өз бағыныштыларына айрықша назар аударатын басшыларға тəн. Мұндай менеджерлер табыс негізін ұжымдағы сенім, өзара түсіністік ұстау деп санайды.
3. Өндірістік-əлеуметтік басқару (ымырашылдық стиль). Бұл ұстын адамдар туралы қамқорлықтықты өндіріс туралы қамқорлықпенүйлестіре білетін басшығы тəн. Мұндай менеджердің есептеуінше, барлық жағдайда ымыра-жақсы шешім, ол нəтижелі басқаруға негіз. Шешім қабылдау үрдісіне бақылау жасау өндіріс үрдісіндегі бақылауды жүзеге асыруға жұмысшалар үшін өтемақы болып табылады. Мұндай белгілердің басшылардың оң белгісі
тұрақтылақ, бастаған ісіне құлшыныс, ойлаудың стандарттық еместігі, алға басушылық көзқарастар. Бірақ, өкінішке қарай, көзқарастардың алға басушылығы басқару стилінің өзіне тікелей аз таралады.
4. Қарапайым басшылық немесе «жұмыстағы демалыс» (ұйымшылдықты бұзу, берекені кетіру: барлығын уыстан шығарып алу). Бұл ұстын өзінің бағыныштыларына да, өндірістік үрдіске де салқын, сылғырт қарайтын басшыға тəн. Оның есептеуінше, басқарушы үнемі сырттай сарапшының немесе маманның жəрдеміне жүгіреді. Ол, бəрінен бұрын, «өз портфелі мен креслосының сақтаушысы» ғана.
5.Əміршіл басшылық немесе «бетпе-бет» басшылық (демократтық, мұратшылдық стиль). Бұл ұстын адамдар мен өндіріске ұқыптылықпен қарайтын басшыға тəн. Ол əлеуметтік саясат саласында да, өндірісте де күштеуге тырысады. Басшылық стильдерінің матрицасы басшылық стильдерін зерттеуге неғұрлым танымал қатынас болып табылады. Ол басшыға өз ұстынын бағалауға ерекше мүмкіндік береді. Менеджменттің əр циклі өзіндік білім мен қабілетті, мінезін талап ететін белгіленген басқарушылық мəнін талап етеді. Осындай нақты рөлдерге арналған барлық мəліметтерге не басшылар əр түрлі архетипті құрайды. Бірінші архетип – жетекші, екіншісі – əкім, үшіншісі – жоспаршы, төртіншісі – кəсіпкер. Жетекші шешімдерді жүзеге асыру үрдісіне өз мəнін ойнайды. Мұнда адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті, əр адамның қарымын тану қабілеті жəне оны толық пайдалануға қызығушылығын бағалау ерекше.
