Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Перизат дисс 18.09. послд - 26.09.2017.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.22 Mб
Скачать

5.2 Қалыпты жағдайдағы микроорганизмдерге мыс және оның аналогтарықұрамды қабықшаларды зерттеу

Фотохимиялық жолмен өңделген алтын, күміс және мыс тұздарының ерітіндісіне батырылған металл емес үлгілердің бактерицидті қасиеттерін зерттеу.

Бактерицидті қаптамалардың маңызды ерекшелігі – олардың қаттылық деңгейінің және тазалық сақтауда жоғарылығында. Таза қаптамалармен салыстырғанда, бірнеше есе, кейде он есе жоғары болып келеді. Зерттеу жұмысында үлгі ретінде мақта матасы алынды. Үлгілерді 1-3 минут ерітіндіге батырып, күн көзіне қойып кептірдік. Кептірілген үлгілердегі алтын, күміс және мыс қаптамасының бактерицидтік қасиетіне зерттеулер жүргізілді. Фотохимиялық жолмен өңделген үлгілердің бактерицидтік қасиетін зерттеу үшін 1 л дистилденген суға 40 г агар ұнтағын салып 2 мин қайнатамыз. Оны мақталы дәкеден сүзіп сүзгілеуден өткіземіз және залалсыздандырамыз. Дайын болған ортаны 40-500С салқындатамыз да, Петри табақшасына 4-6 мл ерітіндісін құямыз және зерттелетін үлгілерді ерітіндіге батырамыз.

Зерттеу жұмысын жүргізу барысында біз бірнеше үлгілерді алдық. Алынған қаптамалардың құрамын зерттеу мақсатында РЭМ (расторлы электронды микроскоп) зерттеулер жүргізілді.Олардың элементтік құрамына, салмақтық және пайыздық көрсеткіштеріне талдау жүргіздік. Талдау нәтижелері 5.4-5.7 кестелерде көрсетілген. Сондай-ақ алынған үлгілерге микроқұрылымдық талдауда жүргізілді, нәтижесі төмендегі суреттерде көрсетілген. 5.9 суретке сәйкес өңделмеген мақта мата үлгісі, ал 5.12, 5.13 және 5.16 суреттерге сәйкес фотохимиялық жолмен өңделген мақта мата бетінде алтын, күміс, мыс қаптаулары алынған үлгілер бейнеленген. 5.10 суретке сәйкес күн сәулесімен өңделмеген бактерицидтік қабығы жоқ бастапқы мақта мата үлгісі, суретте көріп тұрғанымыздай микроорганизмдердің үлгіде және оның айналасында түзілгені байқалып тұр. Ал, 5.121, 5.14, 5.16 суреттерге сәйкес алтын, күміс және мыс ерітінділеріне батырылған, күн сәулесімен өңделген үлгілердің бактерицидтік қасиетіне зерттеу жұмыстары жүргізілді. Суреттен көріп тұрғанымыздай, мұнда микроорганизмдердің үлгі бетінде түзілмегенін көруімізге болады.

Кесте 5.4 - Бастапқы үлгінің элементтік құрамы, салмақтық және атомдық пайыздық көрсеткіші

Элемент

Салмақтық, %

Атомдық, %

C

45.89

53.31

O

52.84

46.09

Si

1.07

0.53

Ca

0.20

0.07

Барлығы

100.00

Сурет 5.9 - Бастапқы матаның зерттеуге дейінгі элементтік және салмақтық микроқұрылымдық талдауы

Сурет 5.10 - Бактерицидтік қабығы жоқ мақта мата үлгі.Микроорганизмдердің үлгіде және оның айналасында түзілгені байқалып тұр

Кесте 5.5 – Алтынмен қапталған күн көзіне кептірілген үлгінің элементтік құрамы, салмақтық және атомдық пайыздық көрсеткіші

Элемент

Салмақтық, %

Атомдық, %

C

47.83

55.64

O

50.07

43.73

Si

0.97

0.48

Cl

0.20

0.08

Au

0.93

0.07

Барлығы

100.00

Сурет 5.11 - Күн көзіне кептірілген алтын қабықшасымен қапталған матаның элементтік және салмақтық микроқұрылымдық талдауы (суретке сілтеме жасалынбаған)

Сурет 5.12 - Алтын қабықшасымен қапталған мақта мата үлгі

Микроорганизмдердің матада түзілгені байқалмайды.

Кесте 5.6 – Күміс қабықшасымен қапталған күн көзіне кептірілген үлгінің элементтік құрамы, салмақтық және атомдық пайыздық көрсеткіші

Элемент

Массалық, %

Атомдық, %

C

26.59

54.06

O

21.84

32.15

P

1.78

1.35

Ag

47.79

10.43

Барлығы

100.00


Сурет 5.13 - Күміс қабықшасымен қапталған матаның элементтік және салмақтық микроқұрылымдық талдауы (суретке сілтеме жасалынбаған)

Сурет 5.14 - Күміс қабықшасымен қапталған мақта мата үлгі

Микроорганизмдердің матада түзілгені байқалмайды.

Кесте 5.7 – Мыс қабықшасымен қапталған күн көзіне кептірілген үлгінің элементтік құрамы, салмақтық және атомдық пайыздық көрсеткіші

Элемент

Массалық, %

Атомдық, %

C

45.67

54,33

O

20.66

44,06

S

0.34

1,06

K

4.14

0,15

Cu

12.63

0,19

Br

16.56

0,20

Барлығы

100

Сурет 5.15 - Мыс қабықшасымен қапталған матаның элементтік және салмақтық микроқұрылымдық талдауы (суретке сілтеме жасалынбаған)

Сурет 5.16 - Мыс қабықшасымен қапталған мақта мата үлгі

Микроорганизмдердің матада түзілгені байқалмайды.

Суретте көріп тұрғанымыздай өңделген үлгілерде микроорганизмдердің түзілгені байқалмайды. Яғни, фотохимиялық жолмен металл емес материалдардың беттерінде алынған алтынның, күмістің және мыстың нанобөлшектерінің бактерицидті қасиеті бар екендігі нақтыланды.

Жоғарыда келтірілген зерттеу жұмысының нәтижелері "Маржан Тіс" ЖШС өндірістік-тәжірибелік сынаққа ендіріліп, №518 (13.06.2016ж.) актісімен дәлелденген.

5 бөлімнің қорытындысы. Жұмыста алтын, күміс және мыс құрамды қаптамаларды диэлектрлі материалдарға қондыру және олардың бактерицидтік қасиеттері зерттелді. Фотохимиялық әдіспен алынған мыс және оның аналогтары құрамды қаптамалары бар үлгі ретінде алынған матаның бактерицидтік қасиетін зерттеу мақсатында олардың микроағзаларға тұрақтылығы мен оларды жою қабілеттілігі E.coli және S.Aureus бактерияларына қатысты Эндо және ЖСА тағамдық орталарында зерттелді.

Сондай-ақ, мыс құрамдас қаптамалардың бөлме температурасындағы микроағзаларға қарсы тұрақтылығы олардың бактерицидтік қасиеттерінің жоғары екендігін көрсетті.