- •Абдуразова перизат адилбековна Әртүрлі материалдарға мыс және оның аналогтары құрамды қабықшаларды фотохимиялық тұндырудың технологиясын әзірлеу және олардың бактерицидті қасиеттерін зерттеу
- •6D072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
- •Мазмұны
- •Нормативтік сілтемелер
- •Анықтамалар
- •1.1 Мыс және оның аналогтары құрамды қабықшалар туралы түсініктеме
- •1.2 Диэлектрлі беттерде металл қабықшасын алу жолдары
- •1.3 Химиялық және фотохимиялық ыдырату арқылы металдандыру
- •1.4 Мыс және оның аналогтарының бактерицидті қасиеті мен қолдану аймағы
- •2 Зерттеу нысандары мен әдістері
- •2.1 Зерттеу нысаны
- •2.2 Зерттеу әдістері
- •2.3 Қаптамалардың қалыңдығын, құрамын және бактерицидтік қасиеттерін анықтау әдістемесі
- •3 Диэлектрлі беттерді фотохимиялық металдандыру үрдісінің механизмі
- •3.1 Фотохимиялық әдіс үрдісінде жүретін реакциялар механизмі
- •3.2 Металл түзілу үрдісі және кинетикалық заңдылықтарын анықтау
- •4 Фотохимиялық тотықсыздандыру арқылы металл қабықшаларын алу технологиясын жасау
- •4.1 Диэлектрлі беттерге мыс қабықшаларын фотохимиялық әдіспен қондыру және зерттеу
- •4.2 Алтын қабықшаларын фотохимиялық әдіспен диэлектрлі беттерге қондыру және зерттеу
- •4.3 Күміс қабықшаларын фотохимиялық әдіспен диэлектрлі беттерге қондыру және зерттеу
- •4.4 Газфазалы тотықсыздандырғыш қатысында аралас қабықшаларды фотохимиялық әдіспен диэлектриктердің бетіне қондыру және зерттеу
- •4.5 Мыс және оның аналогтары қаптамасын алудың технологиялық сызбасы
- •5 Мыс және оның аналогтары құрамды қабықшаларымен қапталған материалдардың бактерицидті қаситтерін зерттеу
- •5.1 Мыс, алтын және күміспен қапталған үлгінің бактерицидті қасиетін зерттеу
- •5.2 Қалыпты жағдайдағы микроорганизмдерге мыс және оның аналогтарықұрамды қабықшаларды зерттеу
- •Тұжырым
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- •Цупак т.Е. Лабораторный практикум по технологии электрохимических покрытий. - м.: Химия, 1980. - 160 с.
- •Карякин ю.В., Ангелов и.И. Чистые химические вещества. - Изд. 4-е, перераб. И доп. - м.: Химия, 1974. - 408 с.
- •Рид с.Дж.Б. Электронно-зондовый микроанализ и растровая электронная микроскопия в геологии. - м.: Изд-во «Техносфера», 2008. – 232 с.
- •Goldstein j.I. Scanning electron microscopy and X-ray microanalysis // Наименование журнала. - Springer, 2003. – Vol. ???. – p. ??-??
4 Фотохимиялық тотықсыздандыру арқылы металл қабықшаларын алу технологиясын жасау
4.1 Диэлектрлі беттерге мыс қабықшаларын фотохимиялық әдіспен қондыру және зерттеу
Мыстың үстіңгі бетінде және оның құймаларында түзілген мыстың (I) галогенидтерінің қабықшалары жарық сезгіштік қасиетке ие болады. Фотохимиялық реакция нәтижесінде мыстың (I) қосылысының мыстың (II) қосылысына дейін тотығуы жүреді, мұнда байқалатыны катодты реакция молекулярлы оттегінің тотықсыздауы болып табылады.
Бұл бөлімде мыстың (ІI) галогенидтерін құрайтын сулы ерітіндіде өңдеу барысында мыстың және оның құймаларының беттігінде түзілетін мыстың (IІ) галогенидтерінің қабықшаларының фотохимиялық қасиеті зерттелген. Осы зерттеудің нәтижелері Мәскеу қаласында өткен «Discovery Science: University-2016» студенттердің және аспиранттардың Халықаралық зияткерлік конкурсында баяндалған (Б қосымшасы).
Қабықшаларды алу барысында қолданылатын үлгі ретінде жалпақ металды пластина және мақта-мата қолданылған. Үлгілерді алдын-ала дайындау жалпы гальванотехникада қабылданған әдістермен жүргізіледі [152].
Қабықшаларды алу үшін үлгілерде мыс (II) хлоридінің немесе бромидінің, сонымен қатар калий хлориді, бромиді немесе иодиді қоспалары бар мыс сульфатының ерітінділері қолданылады. Барлық жағдайда үлгілердің беттіктерінде қабықшалар түзіледі.
Күн сәулелері немесе жасанды жарық көздерімен жарықтың әсер ету барысында үлгінің беттігі қараяды. Үлгінің беттігінің қараюы оның кебуі барысында қарқынды болады. Сонымен бірге, егер үлгінің беттігінің жеке учаскелерін жарықтық жерден экрандалса, онда бұл учаскелер қараймайды немесе төменгі дәрежеде қараяды. Сонымен қатар, белгілі болғандай, егер үлгіні алдын ала қараңғы орында кептіріп, одан соң күнге қояр болса, үлгінің қараюы жүрмейді, бұл фотохимиялық реакцияның сұйық фазалы сипаттамасы туралы көрсетеді.
Мыс (І) хлоридтері әдетте ақ түсті, бірақ жарықтандыру кезінде қараяды [153]. Бұл өзіндік тотығу-өзіндік тотықсыздану реакцияларының жүруімен түсіндіріледі.
.
(4.1)
Сонымен қатар мысты (ІІ) күкіртті газымен тотықсыздандыру арқылы алуға болады:
.
(4.2)
-хлоридтердің артық мөлшерінде сульфитпен тотықсыздандыру:
. (4.3)
-қайтарымды диспропорциалану реакциясы жүруі мүмкін:
. (4.4)
Мыс және оның балқымаларының беттерінде бір валентті мыс хлоридінің қаптамасын алу аса қиын шаруа емес [154]. Бұл үшін осы бетті екі валентті мыс тұзы бар ерітіндімен өңдесе жеткілікті.
Үлгінің берілген ерітіндіге батырғанда беткі қабат бірнеше минут аралығында мынадай реакцияның жүруі салдарынан ақшыл түсті қаптамамен қапталады: [155]:
.
(4.5)
.
(4.6)
Бромды калийді хлорлы калийге (немесе натрийге) алмастыру үлгі бетінің жарықтандырылған және жарықтандырылмаған аймақтарындағы қарама-қарсылықты бәсеңдетуге әкелді. Мүмкін, бұл мыстың бір валентті хлоридтерінің сәйкесінше бромидтермен салыстырғандағы жоғары ерігіштігіне байланысты болуы керек. Жарықтандыру кезінде беткі қабаты жылдам күңгіртті қаптамалардың алынуы 4.1 суретке сәйкес.
Сурет 4.1 - Шайбамен және шайбасыз мыс үлгілеріне күн сәулесінің әсері
Мұндай үлгілі сумен шаюсыз ISM-6490-LV (JEOL, Япония) электронды микроскобымен зерттеленді. Бұл микроскоп беттік қаптамалардың элементтік құрамын және құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Дәл осында шайбамен жабылған аймақтарды жарықтандырғанда қаптамадағы мыс және хлор бірдей қатынасты екендігі 4.2 суретке сәйкес анықталды [156].
|
|
|
Элемент |
Салмақтық, % |
|
Cl |
19.29
|
||
|
Cu |
80.71 |
Сурет 4.2 - Металл пластинасының бетіне орнатылған мыс хлориді қаптамасының құрамы және құрылымы
Екінші үлгі - ақ түсті мата. Біз мата 5х5 өлшемдегі үлгілерге бөлдік және ерітіндіге батырдық. Кейіннен үлгілерді шаю ерітінділеріне батырдық. Содан соң екінші үлгіні күн сәулесінің астына қойдық.
4.3 суретке сәйкес ерітіндіге батырылған және шайбамен, шайбасыз күн сәулесіне қойылған үлгілер, ал 4.4 суретке сәйкес электронды микроскоппен зерттелінген үлгінің құрамы мен құрылымы және өлшемдері көрсетілген.
|
|
|
|
Сурет 4.3 - Шайбамен және шайбасыз күн сәулесінің әсерінен кейінгі мыс хлоридімен қапталған матаның үлгісі
Элемент |
Салмақтық, % |
Cl |
31.87 |
Cu |
68.13 |
Сурет 4.4 - Мата бетіне орнатылған мыс хлориді қаптамасының
құрамы, құрылымы және спектрлердің өлшемдік бейнесі
Сурет 4.5 - Мыс қаптамаларын EDX әдісімен талдау нәтижелері
Металл және металл емес бұйымдардың беттерінде мыс (І) галидтерін фотохимиялық әдіспен тұндырудың жолдары зерттелінді. Мыс (І) галидтерінің жарық сезгіш қасиеттерінің жоғары екіндігі анықталды. Фотохимиялық әдіспен алынған қаптаулардың негізгі ерекшелігі химиялық тотықсыздандырғыштар қолданылмайды, оның міндетін күн сәулесі атқарады. Әр түрлі материалдардың қасиеттерін жақсарту мақсатында наноөлшемді қаптамаларды жасаудың негіздері келтірілді. Қаптамаларды қондырудың қазірге дейінгі белгілі әдістердің негізінде тәжірибелерді жүргізу және талдау әдістері таңдалынды [156].
