Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_5190654129688543435.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать
☆

«Жүргізушілер» ойыны

Мақсаты: Балаларды жол жүру ережесіне үйрету, реттеуші – жаңа ролімен таныстыру, шыдамдылыққа, төзімділікке, жолға назар аударуға тәрбиелеу.

Ойын материалы: ойыншық машиналар, реттеуші жалауы- қызыл, жасыл.

Ойынға дайындық: машиналардың түрлерімен танысу, әңгімелесу. «Кім болу керек?» суреттер топтамасынан «жүргізушілер» суретін қарау. Машиналар көрмесінің ашылуы. Машиналардың атқаратын қызметтерін айту.

Ойынға қатысушы ролдер: жүргізушілер, жолаушылар

Ойын барысы: тәрбиеші ойынға дайындықты бағдаршамды таныстырудан бастайды. Бағдаршамдардың жолдағы көліктерді реттеуші екендігін, олардың түстерін айыра білуін, сары түс жанса дайындалып, жасыл түс жанса жүріп, қызыл түс жанса тоқтау керектігін түсіндіреді. Жол реттеуші бағдаршам болмаса машиналар бір біріне соқтығысып қалатыны туралытүсіндіру керек. Жүргізушілерді жолаушылар алаңдатпауы туралы тәрбиешілер балаларға айтады. Бұл шаруаны жүргізуші арқылы реттеуге болады. Балалар машинаны алады да құрлыс материалын алуға барады. Бірақ сәтсіздік – ең басты жолдағы бағдаршам жұмыс істемей тұр. Жолда көлік апаты болмас үшін, реттеуші көлік қозғалысын басқаруы керек. Реттеушіні таңдаймыз. Ол шеңберге тұрады. Оның қолында қызыл және жасыл жалау бар. Қызыл жалау –«тоқта», жасыл жалау –«жүр» деген мағынаны білдіреді. Енді бәрі дұрыс болады. Реттеуші қозғалысты басқарады. Келесі ойында жүргізуші ролін басқа бала алады. Сонымен бірге тәрбиеші тақырыбы жағынан бір біріне ұқсас ойындарды ұжымдық ойынның ұзаққа созылуына мүмкіндік жасау арқылы біріктіруіне де болады. Мысалы: «Отбасы», «Саяхат»

«Отбасы» ойыны

Мақсаты. Балаларды ойын барысында өз беттерімен отбасы болып ойнауға итермелеу. Ойлап табылған сюжетке өз бетімен ойын жағдайын құру қабілетін жетілдіру. Құнды адамгершілік сезімдерін (ізгілік, махаббат, жанашырлық) қалыптастыру. Ойын материалы. Қуыршақтар, ойыншық ыдыс, жиһаз, ойын атрибуттары (алжапқыш, орамал), музыка аспаптары, алмастырушы құралдар.

Ойынға дайындық. Ойын – сабақтар «Біздің үйде сәби пайда болғандай», «Үйде әкем мен атам ғана қалғандай, ал анамыз үйде жоқ», «Анамның мерекесі», «Отбасындағы мереке», «Қуыршақтың туған күні». Отбасындағы қарым – қатынас жөнінде әңгімелесу.

Ойынға қатысушы рөлдер. Атасы, әжесі, немересі, қыз немересі, анасы, әкесі, ағасы, апасы.

Ойын барысы. Ойынды дамыту мақсатында тәрбиеші, әуелі, балалармен «Ата – анамыз қайда жұмыс жасайды?» тақырыбында әңгімелесуіне болады. Ересектердің қызметінде адамгершілік болмыстарын ашу: өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау, бір – біріне көмек көрсету және еңбектің ұжымдық сипаты. Тәрбиеші әрі қарай балалалардың ойын барысында отбасы болуды өз беттерімен көрсетуге, ойнауға итермелейді. Балаларға өз көзқарастары бойынша құрылыс материалдарын пайдалана отырып, үйдің құрылысын салуды ұсынады. Үйді салу барысында оларды өзара келісім арқылы әрекет жасауға, алдын ала құрылыстың жоспарын құруға, жұмысты соңына дейін аяқтауға үйретеді. Содан соң үйге ойыншықтарды (қуыршақтар, жиһаздар, ыдыс – аяқтарды т.б.), ойын атрибуттарын (алжапқыш, орамал) кіргізеді. Мұнан соң тәрбиеші балалармен ақылдаса отырып келесі ойын жағдайын анықтайды: «Үйде анамыз жоқта», «Біздің үйге қонақтар келді», «Мен анама көмектесемін», «Отбасылық мереке» және т.б.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]