Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_5190654129688543435.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать
☆

«Емхана» ойыны

Мақсаты. Медицина қызметкерлері қызметінің мәнін ашу. Ойын сюжетін өз бетімен дамыта алу қабілетін қалыптастыру. Дәрігер мамандығына құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ойын материалы. «Қуыршақ дәрігер» ойын жинағы: термомтер, шприц, бір қорап қыша қағазы, қалақша, стетоскоп, кішкене балға, тамшуыр, йодпен және жақпа маймен майлауға арналған таяқша, мақта, жара таңғыш, жұтқыншақ пен құлақты қаруаға арналған айна, егілген жерді сүртуге арналған спирт, жараны күйдіру үшін йод, тамшылар, микстура (сұйық дәрі), егуге арналған дәрілер, ұнтақтар, дәрілер, жақпа май, қатырма қағаздан дайындалған ойыншықтар, алмастырушы құралдар, кейбір шын құралдар. Ойынға дайындық. Емханаға саяхат. Емхананың медицина қызметкерлерімен әңгімелесу. Балабақшаның дәрігер бөлмесіне бару., К. И. Чуковскийдің «Дәрігер Айболит» ертегілерін оқу. «Дәрігер Айболит» туралы фильмдер мен муьтфильмдерді тамашалау. Тақырыпқа сай құрастыру материалдарын қарау. Ойын атрибуттарын даярлау.

Ойынға қатысушы рөлдер. Әр мамандықтың дәрігерлері, медбике, емделушілер. Ойын барысы. Ойынға дайындықты тәрбиеші емханаға саяхаттан және медицина қызметкерлерімен әңгімеден бастайды. Емханада балаларға әр түрлі кабинеттерді көрсету: рентгенге арналған, тіс дәрігері кабинеті және т.б. балаларға барлық көрсетілген нәрселерді түсіндіру қажет. Мұнымен бірге тәрбиешіге барлық уақытта бір ғана ой салу қажет: дәрігер бәрінің дені сау болғандығын, ешкім ауырмағанын қалайды, егер біреу ауыра қалса, ол емдейді, балалардың құлақтары, тістері ауырмауы үшін, қыдыру, ойнау, шұғылданулары үшін емдеуге тырысады. Емхананы аралағаннан соң балалармен жаңадан білгендері мен өздерінің бұрынғы қаралғандарын естеріне түсіріп, міндетті түрде қорытындылау қажет. Мұның себебі болып ашық хаттарды, дәрігердің әр түрлі қызмет үстіндегі суреттерін қарау жатады. Тәрбиеші суреттердің мазмұнына байланысты балаларға әр түрлі сұрақтар қояды, олардың назарын маңызды нәрселерге аударып, сұрастыруға ынталандырады, суретте бейнеленген нәрселердің бәрін түсіндіреді. Содан соң балалар барлығын өздері қараулары үшін барлық суреттерді топ ішіне іліп қояды.

«Кітапхана» ойыны

Мақсаты. Балаларды ойын сюжетін дамытып, құрастыруға үйрету. Кітапхана жұмысына қызығушылық туғызу. Кітапты дұрыс қолдану ережелерімен танысу. Балаларды кітапқа қызығушылық танытып, жақсы көруге шақыру.

Ойын материалы. Кітаптар, формулярлар.

Ойынға дайындық. Кітапхана ішіне саяхат жасау, әңгімелесу. «Кім болу керек?» суреттер топтамасынан «Кітапханашы» суретін қарау. Кітапхана туралы фильм немесе мультфильмдер қарау. «Кітап шеберханасының» ашылуы. Кітаптар мен формулярларға қалталар дайындау. Оқылған кітаптардың мазмұнына сай суреттер көрмесі.

Ойынға қатысушы рөлдер. Кітапханашы, оқырмандар.

Ойын барысы. Тәрбиеші ойынға дайындықты кітапхананы аралаудан бастайды. Кітапхана ішінде жүргенде балаларға кітапхана ішінде кітаптардың көп екенін, қалай жиналып тұрғанын, тазалығын, кітаптардың бүлінбеуі үшін қаптаулы тұрғанын көрсетеді. Сонымен қатар тәрбиеші қалай қолдануға болатынын айтуы керек. Яғни, кітапты бүлдіруге, лақтыруға болмайтынын, тек таза қолмен ұстау керек екенін айтып түсіндіруі керек. Сонымен бірге ол кітапты әуелі бір бала ұстап бүлдіретін болса, кейін тағы біреу, кітап тез жыртылып, оны басқа балалар оқып, суреттерін қарап, қолдана алмай қалатынын айтуы керек.

Тәрбиеші балаларға кітапханашының жұмысын айтып қана қоймай, көрсетуі де керек: кітапханашы кітапты береді, өз журналына берілген кітапты белгілеп отырады, кітаптарды қабылдап алады, оладың сақталуын қадағалайды, т.с.с. Сонымен қатар, балалар оқу залын да көрулері керек және ол залдан газет – журналдарды, кітаптарды оқуға болатынын айтып көрсетеді.

Балалардың алған білімдерін бекіту мақсатында, кітапханада көргендерін суретті кітапшалар арқылы, сұрақ – жауап арқылы қорытындылауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]