Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2_5190654129688543435.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27.49 Кб
Скачать

«Театр» ойыны

Мақсаты: балаларды театрмен таныстыру. Ойынға қызығушылығын арттыру. Балалар арасында жағымды қатынас орнату.

Ойын материалы: ойыншық, ойын атрибуттары: ақша, билет, «театр», «касса» табличкасы

Ойынға дайындық: қуыршақ спектаклі. Театр жайлы өлең оқу. Ересек балалармен біріккен ойын. Балаларды театрға дайындау. Театр жайлы фильм көру.

Ойынға қатысушы ролдер: кассир, бақылаушы, автобус жүргізушісі, әртістер.

Ойын барысы: таңғы жаттығу. Таңертең балаларға қуыршақ спектаклін көрсетуден басталады. Бұдан алған әсерлерімен тәрбиешімен бөліседі, картина қарап, оның мазмұны жайлы әңгімелеседі. Топқа бір-екі қуыршақ қосылады. Ойынды қызықты ету үшін, тәрбиеші балаларға қуыршақты қалай қолдану керектігіне, олардың көмегімен ойынның бөліктерін ойнауға үйретеді. Қуыршақ амандаса алады, қолын бұлғайды, атқа мінеді, балалардың басынан сипайды және т.б. Балалар өздеріне көрсетілген іс әрекет бойынша қимылдайды.

Келесі этапқа дайындық кезінде ойын атрибуттарын қолданады. Тәрбиеші әдемі билеттер мен ақша жасауды ұсынады. Өздері «Театр», «Касса» сөздері бар үлкен табличкалар дайындайды. Ойын алдында тәрбиеші балаларға ақшасы бар әмиян таратады, киімдерінің дұрыстығына мән береді, театрға баратын уақыт келді. Балалар балабақшадан шығып (тобымен) аялдамаға барады. Автобусқа мінеді. Автобусқа балалар жол ақысын төлеп, билеттерін алып, «Театр» аялдамасына дейін барады. Театрға жақындағасын кассаны тауып, билет алып, бақылаушы арқылы белгіленген орынға жайғасуы керек. Тәрбиеші сахнада қуыршақта басқарады, ал балалар қойылым қарайды. Сахна қойылымы қарапайым болуы тиіс. Балаларға ертегіден жақсы таныс кейіпкерді алып, қуыршақ арқылы ойнатады. Балаларға жақын басқа да кейіпкерлерді ойнатады. Қойылымнан кейін балалар қол соғады, әртістерге алғыс айтады, театрдан шығып қайтадан балабақшаға барады. Балалар театрға барып келуді, керекті атрибуттарды өздері дайындауды үйренеді. Негізгі ролдерді өздері ойнайды: кондуктор, жүргізуші, кассир, бақылаушы.

«Шаштараз» ойыны

Мақсаты. Шаштараз кәсібінің қыр – сырларын ашу. Ойын сюжетін өз бетімен дамыта алу қабілетін қалыптастыру. Шаштараз кәсібіне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Ойын материалы. Қолдан жасалған заттар, алмастырушы заттар (шартты рөлге құрылыс жиынтығынан түрлі бөлшектері: тарақ есебінде қайрақ, шишалардың есебінде цилиндр, жазық пластинка, айнаның орнына призмаға тірелген, машинканың орнына призма, ұстара есебінде жіңішке қайрақ), кейбір шын заттар (жайма, айна, қылқалам, шишалар, тарақ), «Балалар шаштаразы» арнайы ойыншық жиынтығы. Ойынға дайындық. Шаштаразға саяхат. Шаштараз қызметкерлерімен әңгімелесу. Шаштараз кәсібі туралы шығармаларды оқу. «Шаш сәндері» суреттер жинағын дайындау. Тақырыпқа сай құрылыс материалдарын қарау. Ойын атрибуттарын дайындау. Ойынға қатысушы рөлдер. Шаштаразшы (шебер), тұтынушы, кассир, тазалықшы. Ойын барысы. Алдын ала сюжетті – рөлдік ойынды кеңейту үшін тәрбиеші шаштаразға саяхаттан бастауына болады. Оған алдын ала ата – аналарынан 2 – 3 баланың шашын қидыртуға рұқсат алу қажет. Сосын тәрбиеші балалардығ назарын Сережа, Аня, Оля ұқыпты, әдемі қиылып, сәнделгеніне аударып, Лера мен Сашаның шаштары өсіп кеткенін, олар ұқыпсыз, жақсы көрінбейтінін, сондықтан олардың шштаразға барып, қидыру керек екендіктерін айту қажет. Мұнан соң тәрбиеші балаларға қазір шаштаразға баратындықтарын, онда Ербол мен Асан шаштарын алғызатынын, ал қалған балалар шаштараздың қалай шаш алатынын бірге тамашалайтындарын айтады. Шаштаразға жақындай келіп тәрбиеші балалардың назарын маңдайша жазуға аударады. Шаштаразда балаларға шебер жұмыс жасайтын құрал – жабдықтарды көрсетуі қажет, балаларды оның аттарымен, пайдалану тәсілімен таныстырады. Балалардың шаштаразшының жұмысын бақылай алулары үшін тәрбиеші бірнеше баланың шашын қидыртуды өтінеді, осы арқылы шебермен қарым – қатынасқа түседі, оның әрекеттеріне тұтынушы ретінде қатынасады. Осымен бірге тәрбиешіге балалардың назарын шебер, кассир, тұтынушы, тазалықшылардың өзара қарым – қатынастарына аудартады. Балалар өз жолдастарының шашын қалай алып жатқандарын, шеберге қалай алғыс білдіріп жатқандарын, кассаға өздері қалай төлеп, шеберге чек қайтарғандарын, және т.б. бақылайды. Істің барысында тәрбиеші балаларға өздері көріп тұрғандарының бәрін түсіндіріп беріп, шебердің сыпайылығын, оның тұтынушыға әдемі, ұқыпты етіп қалай қызмет көрсетіп жатқандарын анықтап айтып; балалардың назарын басқа да шаштараз қызметкерлерінің бір – бірімен қарым – қатынасына аударады. Топта тәрбиеші балалардың алған білімдері мен әңгіме барысындағы әсерлерін жүйелеп, шаштараз бен шаштараз қызметкерлері бейнеленген суреттері бар құрастырушы материалдарды көрсетеді. Тәрбиеші балаларға саяхат кезінде алған өз тәжірибелеріне көңіл аударта алатындай етіп жауап берулері үшін түрлі сұрақтар қояды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]