Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по ОТ КАЗ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Электр тоғымен зақымдану дәрежесі бойынша жайларды жіктеу.

ПУЭ сәйкес, электр тоғымен адамдардың зақымдану дәрежесі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

1. Жоғары қауіпі бар жайлар.

Жағдайлардың бірінің болуымен сипатталады:

- ток өткізуші шаңдар;

- ток өткізетін едендер (металлды, жерлік және т.б.);

- жоғары температура (35°С жоғары 1 тәуліктен астам);

- салыстырмалы ылғалдылық ( 75% жоғары 1 тәуліктен астам);

- ғимараттың металл конструкцияларына, бір жағынан жермен, екінші жағынан электр жабдықтарының металл корпусына байланыстырылған технологиялық жабдықтарға адамның бір сәтте жанасуы мүмкіндігі.

2. Өте қауіпті жайлар.

Электр тоғымен зақымданудың ерекше қауіпін тудыратын келесі жағдайлардың біреуінің болуымен сипатталады:

- ерекше ылғалдылық (ылғалдылығы шамамен 100%);

- химиялық белсенді немесе қоршауларға әсер ететін органикалық орта (қышқыл, сілтілі булар, көгеру, саңырауқұлақтар және т.б.);

- жоғары қауіпті жайларға арналған бір уақыттаға екі немесе одан да көп жағдайлардың болуы.

3. Жоғары қауіпі жоқ жайлар

Оларда жоғары немесе айрықша қауіп тудыратын жағдайлар жоқ.

Сақтандырғыш жерге тұйықтаулар, нөлдендіру, сөндіру. Сақтандырғыш жерге тұйықтау – әдейі жасалған жермен электр байланыстары немесе оның кернеулі болуы мүмкін металлды тоқ жүргізбейтін бөліктерінің эквиваленті. Сақтандырғыш жерге тұйықтаудың мақсаты – кернеуі жоқ дұрыс жатқан жабдықтардың металды бөлігіндегі жерге қатысты қауіпсіз кернеу шамасына дейін төмендету. Жерге тұйықталған жабдықтардың корпусында тұйықталу нәтижесінде, жанасу салдарынан, корпусқа жанасуынан адам арқылы өтетін тоқ кернеуі төмендетіледі.

Сақтандырғыш жерге тұйықтау жердегі тоқтың жайылуынан жерге тұйықталуға қарсыласуы төмендеуімен ұлғаймайтын жерге тоқтың тұйықталуы жағдайында ғана тиімді болуы мүмкін. Бұл RЗ қарсыласуға шамамен байланысты емес IЗ тоғының қысқаша тұйықталуы кезінде бейтарапты оқшауланған желілерде ғана мүмкін, ал ол негізінде сымдарды оқшаулауының қарсыласуымен айқындалады.

Жерге тұйықталатын қондырғылар шығарғыш және контурлы болады. Шығарғыш жерге тұйықталатын қондырғылар жерге тұйықталған аз тоқ қолданылады, ал контурлы-көп кезінде.

ПУЭ сәйкес, қондырғыларды жерге тұйықтауды келесі түрде орындау қажет:

- ауыспалы токтың 50В жоғары кернеуінде, 120В және одан жоғары қалыпты тоқ-барлық электр қондырғыларында;

- ауыспалы тоқтың 25В жоғары кернеуінде және 60 В жоғары қалыпты тоқ – жоғары қауіпі бар жайларда және сыртқы қондырғыларда өте қауіпті;

- барлық кернеудегі жарылыс қауіпі бар жайларда.

Жерге тұйықталатын қодырғы үшін біріншіден, кәдімгі жерге тұйықтағыштар қолданылуы қажет:

- жерге төселген су құбырлары;

- жермен сенімді байланыстырылған ғимараттар мен құрылыстардың металл конструкциялары;

- металл қабықты кабель (алюминдіден басқа);

- артезиан ұңғымасын шегендеу құбыры.

Жанғыш сұйықтықтары мен газдардың құбыр өткізгіштерін, жылу жолдарының құбырларын жерге тұйықтау ретінде пайдалануға тыйым салынады.

Табиғи жерге тұйықтағыштар екіден кем емес әртүрлі жерлердегі жерге тұйықтау магистраліне байланыстырылуы қажет.

Жасанды жерге тұйықтағыштар ретінде қолданылатындар:

- 3,5 мм, 2-3 м ұзындықтағы 3,5 мм қалыңдықтағы болат құбырлары;

- 4 мм кем емес қалыңдықтағы тілме болат;

- 4 мм кем емес қалыңдықтағы бұрыштық болат;

-12 мм диаметрден кем емес, 5 м дейінгі және одан артық ұзындықтағы шыбық мырышпен қапталған болат.

Жерге тұйықталатын қондырғылардың барлық элементтері бір-бірімен дәнекерлеудің көмегімен біріктіріледі, дәнекерленген жерлері таушайыр (битумный) лагімен жабылады. Бұрандамалардың көмегімен электр жабдықтарының корпустарына жерге тұйықтағыш өткізгіштерді байланыстыруға рұқсат беріледі.

Нөлге жеткізу – кернеулі болуы мүмкін металды тоқ жүргізбейтін бөліктерін нөлдік қорғау өткізгіштерімен әдейі электрлі байланыстыру. Нөлдік қорғау өткізгіші – тоқ көзі немесе оның эквиваленттерінің ораманың бейтарап нүктесімен байланыстыратын нөлге келтіретін бөліктері.

Нөлге келтіру жерге тұйықталған бейтараппен (TN жүйелері) қолданылады. Фазаның бұзылуы туындаған жағдайда электр жабдықтарының металл корпусында бір фазалы қысқа тұйықталу пайда болады, ол қорғаудың жылдам іске қосылуына және сонымен бірге қуат желілерінің зақымданған қондырғыларының автоматты түрде өшуіне әкеп соқтырады. Осындай қорғау болып табылатындар: қысқа тұйықталу тоғынан қорғау үшін, орнатылған созылмалы сақтандырғыш немесе максималды автоматтар; жинақталған тіркеуін ағытатын автоматтар.

Қорғау сөндіргіштері – адамның электр тоғымен зақымдану қауіпінің пайда болуы кезінде электр қондырғыларын атоматты түрде сөндіретін қорғау жүйесі (зерге тұйықтау кезінде, тежеу қарсыласуын төмендету, жерге тұйықтаулардың ақаулығы немесе нөлге келтіру). Қорғау сөндіру жерге тұйықтау немесе нөлге келтіруді, сонымен қатар оған қосымша бірнеше жағдайларды орындау қиындық тудырған жағдайда қолданылады.

Кірме шамасы болып табылуына байланысты өзгеріске жауап қайтаратын қорғау сөндіргіштері қорғау сөндіргішінің сызба нұсқасын белгілейді: жерге қатысты кернеу; жерге тоқтың тұйықталуы; кернеуге немесе нөлдік реттілік тоғы; жерге қатысты кернеу фазасына; қалыпты және ауыспалы жедел тоқтар; жинақталған.

Нөлдік реттіліктегі ток кернеуіне жауап беретін қондырғы оқшауланған бейтарап пен шағын ұзындығымен 1000В дейінгі кернеулі үш өткізгішті желілерде қолданылады.Тұйықтауға жауап беретін қорғау сөндіргіш қондырғысы жерден оқшауланған қондырғының корпусы үшін қолданылады (қолды электр аспаптары, жылжымалы қондырғылар және т.б.).

Нөлдік реттіліктегі тоққа жауап беретін қондырғылар жерге тұйықталған және оқшауланған бейтарапты желілерде қолданылады.

11 – дәріс тақырыбы: Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Өрт қауіпсіздігін жалпы құқықтық, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз ету ҚР 2013 ж «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңында негізделген. Бұл заңда мынадай түсініктер қарастырылған:

- өрт – материалдық шығынға әкеліп соқтыраты және басқару мүмкін емес жану болып табылады да, ол адамдардың ден саулығы мен өміріне және мемлекет мүддесіне зиян келтіреді;

- өрт қауіпсіздігі – ол адамдардың, олардың мүлкінің, әлеуметтің және мемлекеттің қаупсіздігі;

- өрт қауіпсіздігі талабы – әлеуметтік және техникалық сипатты арнайы шарттар да, олар заң тұрғысынан өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған;

- өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы – өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалмауы немесе оның жеткілікті түрде орындалмауы;

- өрт қауіпсіздігі режимі – адамдардың өзін ұстау ережелері, өндіріс үрдісін және өндіріс бөлмелерін өрт қауіпсіздігі тұрғысынан ұйымдастыру;

- өрт қауіпсіздігі шаралары – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс – әрекеттер де, сонымен бірге өрт қауіпсіздігі талаптарын орындау шаралары;

- өрттен қорғау – қабылданған тәртіппен құрылып өрттің алдын алуды, оны сөндіруді және оған жүктелетін авариялық құтқару жұмыстарын жүзеге асыратын басқарушы орган;

- мемлекеттік өрт қауіпсіздігін бақылау – ҚР заңына сай өндіріс орындары мен жеке тұлғалардың орт қаупсіздігі талаптарының орындалуын бақылау мен оны тексеру өорытындылары бойынша шара қолдану жөніндегі әс-әрекеттері;

- ведомствалық өрт қауіпсіздігін бақылау – құрылымдар мен олардың қарамағындағы атқарушы органдардың өрт қауіпсіздігі талаптарын орындауын бақылайтын және шара қолданатын ведомствалық өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасы;

- өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестілік – өнімнің немесе басқа объектілердің, сол сияқты келісім шартқа сай жұмыстың орындалу нәтижесінің техникалық регламент талабына, стандартқа және өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі;

- өрт қауіпсіздігінің нормативтік құжаттары – Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған техникалық регламенттер, стандарттар және жаңадан пайдалануға берілген өрт қаіпсіздігі ережелері мен орындалуға міндетті басқа да инструкциялар.

- өрттің алдын алу шаралары – өрт қаупін туындатуы мүмкін себептерді болдырмау да, егер өрт бола қалған жағдайда оның салдарын өршітпей тоқтату;

- өрт қауіпсіздігінің алғашқы шаралары - өрттің алдын алу мақсатында қабылданған нормалар мен ережелерді жүзеге асыру, өртті сөндіруді ұйымдастыру іс-шараларына жататын алғащқы өрт-техникалық және интелектуалды құралдар, соның ішінде өрт техникачы мен қондырғылары және өрт сөндіргіштер, өртке төзімді заттар мен электрондық есептеу машинасы және базалық ақпараттар көмегімен, өрттен адамдар мен дүние-мүлікті құтқару, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен алдын алу.

Өрт қауіпсіздігі жүйесі деп құрал жабдықтар мен адам ресурсын айтада да, мұнан басқа оған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық және өрт қаіпсіздігіне бағытталғвн әлеуметтік, ғылыми-техникалық іс-шаралар жатқызылады. ҚР заң құжаттарына сай өрт қаупсіздігін қамтамасыз ететін негізгі жүйеге мемлекеттік басқару органдары, жергілікті жердің мемлекеттік өзің өзі басқару органдары, ұйымдар, және өрт қауіпсіздігіне өзінің үлесін қосатын азаматтар жатады.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйе негізінен мынадай функцияны жүзеге асырады:

- өрт қауіпсіздігі саласында нормативтік-құқықтық үйлестіру мен мемлекеттік шараларды жүзеге асыру;

- өрт қауіпсіздігі қызметін жасау және оның жұмысын ұйымдастыру;

- өрт қауіпсіздігі жұмыстарын жолға қою;

- өрт қауіпсіздігі құқықтарын, міндеттері мен жауапкершіліктерін жүзеге асыру;

- өрт қауіпсіздігін насихаттау мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету;

- ерікті өрт қауіпсіздігі қоғамына жәрдем жасау және тұрғындарды өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету іс-шараларына тарту;

- өрт қауіпсіздігін ғылыми техникалық жетістіктермен қамтамасыз ету;

- өрт қауіпсіздігі саласын қажетті ақпараттармен қамтамасыз ету;

- өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік бақылау мен инспекциялау;

- өрт-техникалық бұйымдарын жасау;

- өрт қауіпсіздігі саласында жұмыстар істеп, қызмет көрсету;

- өрт қауіпсіздігі саласында жасалынатын жұмыстар мен қызметтерді лицензиялау мен өнімдерді сертификациялау;

- өртке қарсы қамсыздандыру, салықты жеңілдету сияқты өрт қауіпсіздігіне жұмылдыратын жұмыстар атқару;

- өртті сөндіру мен оған байланысты кезек күттірмейтін авариялық құтқару жұмыстарын атқару;

- өрт пен оның салдарларын тізімдеу;

- маңызды өртке қарсы шараларды тағайындау.

Потенциалды тұтандыру көздері. Тұтандыру көздері жанудың алғы шарты болып табылады да олар ашық жалын, қыздырғыш элементтер мен приборлар жылуы, электр энергиясы, механикалық ұшқын энергиясы, статикалық және найзағай разряды, заттардың өздігінен жану энергиясы т.б.

Өздігінен жану жылулық, химиялық және биологиялық болып бірнеше түрге бөлінеді. Жылулық өздігінен жану жылу энергиясын жинаумен түсіндіріледі де, бұл үрдіс нәтижесінде заттардың өздігінен түтанып жануы басталады. Мұндай жағдайда заттардың өздігінен тұтану температурасы өрт қауіпсіздігінде маңызды орын алады да, ондай температура 80 – 150 °С аралығында жатады.

Химиялық өздігінен жану бірден жалындап жанып, анорганикалық заттар, мәселен натрий гидросульфаты суланғанда өздігінен жанады да, ал органикалық заттар қышқылмен жанасқан кезде ғана заттардың өздігінен жануы басталады.

Микробиологиялық өздігінен жану микроағзалардың тіршілігі барысында қоректік ортада жылу шығаруымен байланысты (сұлы, торф, ағаш жаңқасы т.б.).

Өрт пен жарылыстың қауіпті факторлары. Өрттің қауіпті факторларының біріне сол өрт болған жерде оттегінің жетіспеушшлігі жатады да, ол оттегінің жану үрдісіне жұмсалатындығымен түсіндіріледі. Ауадағы оттегі 16 – 18%-ға азайғанда жүрек соғысы жылдамдап, қозғалу координациясы қалыпты жағдайдан ауытқып, адамның ойлау қабілеті төмендейді. Ауада оттегі 9%-ға төмендегенде адам есінен танады да, оның 6%-ға төмендеуінің бир минут уақыты адамды өлім халіне душар етеді. Себебі ауада оттегінің азайғанын адам сезбей де қалады. Оттегінің ауадағы шектік рұқсат етілген деңгейі 17%.

Өрттің қауіпті факторының біріне ауадағы СО жатады да, қалыпты жағдайда ол жанғыш, иіссіз және түссіз газ болып табылады. СО-нің әсерінен қанның оттегіні еріту қасиеті жоғалады да, оның ШРД-сі 0,1%-дан асқан кезде бас ауруы, жүрек айнуы, адамның жалпы өзін нашар сезінуі байқалады. СО-нің 0,5%-мен 20 – 30 мин. тыныс алу адамды өлім халіне ұшыратып, ал СО-ның 1%-ымен демалу оны 1 – 2 минутқа дейің қысқартады.

СО-мен салыстырғанда СО2-нің аздап қышқыл дәмі болады да, ауда СО2 10% болған кезде адам есінен танады. СО2-нің ШРД-сы 6%.

Өртті жабық кеңістікте СО2-өрт сөндіргішімен сөндіру барысында онымен уланып қалу мүмкіндігі туындайды. Улану өртті қолмен және автоматты СО2 өртсөндіргіштермен сөндіру барысында орын алуы мүмкін.

Өрт түтінденіп жанғанда аса қауіпті болып табылады. Себебі түтінде адам ориентациясын жоғалтады да, бұл жағдайда адам өрт ортасында ұзақ уақыт болып, оның СО және СО2-мен улану уақтысы ұзарады. Мұнан басқа өрт ортасында, жанып жатқан заттардың түрдеріне байланысты күкірт, тұз, күкіртті, фторлы сутек, кремний т.б. қышқыл булары болады. Оған қоса, өрт түтінденіп толық жанбаған кезде, әсіресе теріден жасалынған заттар шала жанған кезде, ауада өткір иісті альдегидтер және кетондармен бірге циан қсылыстары мен күкірт қосылыстары пайда болады. Мұндай жағдайда ауада пайда болатын синиль қышқылдарының 0,01өмірге қауіпті болып табылады да, оның 0,027% өлімге әкеліп соқтырады.

Өрт профилактикасы негіздері. Өрт қаупін шектеу өрт профилактикасында негізгі роль атқарады да, ол мынадай техникалық және ұйымдастырушылық жүйесімен жүзеге асырылады:

- өрттің сипатына байланысты өрт сөндіргіш құралдар мен қондырғылар және өрт сигнализациясы;

- материалдарды өртке қарсы антипиренмен және өртке тұрақты боямен сырлау;

- өрттің таралуын шектейтін қондырғылар;

- өрттен қорғану жүйелерін пайдалану;

Бұл көрсетілген іс-шараларды жүзеге асыру үшін өрт қауіпсіздігі саласындағы номалық-құқықтық құжаттарды білу мен онда көрсетілген талаптарды орындау міндетті болып табылады. Бұл орайда қызметкерлерді өрт қауіпсіздігіне үйрету өртке қарсы инструктаждармен таныстыру арқылы орындалады да, олар сипатына және өткізу уақытына байланысты кіріспе, жұмыс орнында алғашқы, қайталау, жоспардан тыс және арнайы болып бірнеше түрге бөлінеді. Бірақ өндірісте өрт-техникалық минимумында оқып жүрген қызметкерлер кіріспе және алғашқы инструктаж өтуден босатылуы мүмкін.

Жарылыс және өрт қауіпсізідігі категориялары бойынша ғимараттар мен үймереттерді классификациялау. Жарылыс және өрт сипатына байланысты бөлмелер А, Б, В1 – В4, Г және Д категорияларына, ғимараттар А, Б, В, Г және Д категорияларына, ал сыртта орналастырылған қондырғылар Ас, Бс, Вс, Гс және Дс категорияларына бөлінеді.

Егер ғимарат ішінде А категориясына жататын заттар 5%-дан ассатын болса нмесе олар барлық бөлмелердің 200 м2 алып жатса, онда ғимарат өрт қауіптілігінің А категориясына жатқызылады. Егер А категориясындағы бөлмелер ғимараттағы барлық бөлмелердің 25% - нан аспаса және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіштермен жарақтандырылса, онда аталған ғимаратты өрт қауіптілігінң А категориясына жатқызбаса да болады.

Ғимаратты Б ктегориясына жатқызу үшін мынадай екі шарт қатар орындалуы керек:

а) ғимарат А категориясына жатпауы керек;

б) А және Б категориясындағы бөлме аудандарының жиынтығы 5%-дан асуы немесе ғимараттың 200 м2 ауданынан асып түсуі керек.

Кесте 11.1 Ғимарат категориялары

А

Өрт және жарылысқа қауіпті

Жанғыш газдар (ЖГ), жарқыл температурасы 28%-дан аспайтын, оңай тұтанатын, өрт және жарылысқа қауіпті (ОТС) заттар ауада оңай оталатын бу қоспасын түзіп, ол тұтанғанда жарылыс қысымы 5 кПа-дан асады. Сумен немесе оттегімен әрекеттескенде жарылыс тудыруы және жануы мүмкін заттар жанғанда немесе жарылғанда қысымы 5 кПа-дан асатын мөлшерде болады.

Б

Өрт және жарылысқа қауіпті

Жанғыш шаңдар мен талшықтар. Жарқыл температурасы 28 °С-дан асатын жарылыс және өртке қауіпті ОТС тұтанғанда бөлмедегі ауа қысымы 5 кПа-дан асатын мөлшерде.

В1–В4

Өрт қаупі бар

ЖЗ және қиын жанатын сұйықтар, өртке қауіпті қатты және сұйық заттар мен материалдар (соның ішінде шаңдар мен талшықтар), Сумен, оттегімен немесе бір-бірімен әрекеттескенде тек жанатын, бірақ олар сақталынатын бөлмелер А және Б ктегорияларын жатпайтын.

Г

Ыстық, балқыған немесе қызған заттарды өңдеу барысында олар ұшқынды жылу, жарқыл немесе жалын шығарады; ГГ, ЖГ және отын ретінде пайдаланылатын қатты заттар.

Егер ғимаратта орналасқан А және Б категорияларындағы бөлмелердің жиынтық аудандары 25%-дан аспаса (бірақ 1000 м2-тан артық емес) және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталса, мұндай жағдайда ондай ғимаратты Б категориясына жатқызбаса да болады.

Егер мынадай екі шарт орындалса ғимарат В категориясына жатқызылады:

а) ғимарат А және Б категориясында емес;

б) А және Б категориясындағы бөлмелер ауданы ғимараттың барлық жиынтық ауданының 5%-нан асатын болса (егер ғимаратта А және Б категориялар жоқ болса, онда 10%).

Ғимаратты В категориясына жатқызбауға болады, егер А, Б, В категориясындағы бөлмелердің жиынтық аудандары ғимараттың жиынтық аудандарының 25%-нан аспаса (бірақ 3500 м2-тан артық емес) және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіштермен жарақталса.

Ғимаратты Г категориясына жатқызбауға болады, егер екі шарт бірдей орындалсы:

а) ғимарат А, Б және В категориясында емес;

б) А, Б, В және Г категориясындағы бөлмелер ауданы ғимараттың барлық жиынтық ауданының 5%-нан асатын болса.

А, Б, В және Г категориясындағы бөлмелердің жиынтық аудандары ғимараттың жиынтық аудандарының 25%-нан аспаса (бірақ 5000 м2-тан артық емес) және ол бөлмелер автоматты өрт сөндіргіштермен жарақталса.

Егер ғимарат А, Б, В немесе Г категорияларына жатпаса, онда өрт қауіптілігі жөнінен ол ғимарат Д категориясына жатқызылады.

Өндіріс басшылығы өрт жөніндегі барлық құжаттар талаптарын орындауға міндетті де, ол орындамаған жағдайда олар аминистративтік және қылмыстық жазаға тартылады.

Өрт-техникалық қорғаныс және өртті сөндіру құралдары. Өрт сөндіру құралдары сыртқы және ішкі өртке қарсы су құбырларынан, өрт басталғанын хабарлау және оны өшіру құралдарынан тұрады.

Өртті хабарлау жүйесі өрт басталғанын анықтау және оның басталуының бастапқы уақытын, орнын және қажет болса автоматты өрт сөндіргіштерді және түтінді аластау қондырғыларын іске қосуға бағытталған. Хабарлау принципіне байланысты хабарлау жүйесі қолмен іскн қосылатын және автоматты болып екі түрге бөлінеді. Автоматты хабарлағыш температураның өзгеруіне, жарықтың таралуына немесе түтіннің пайда болуына байланысты автоматты түрде іске қосылады. Қолмен жұмыс істейтін хабарлағыштар өрт бола қалған жағдайда адам саусағымен арнайы тетікті басқан кезде ғана іске қосылады.

Өрт сөндіру құралдары. Өрт сөндіру құралдары іске қосылу ерекшелігіне байланысты қолмен жұмыс істейтін және автоматты өрт сөндіргіш құралдары болып екі түрге бөлінеді.

Өртті сөндіретін заттармен жарақталуына байланысты өрт сөндіргіштердің мынадай түрлері болады:

- сумен жұмыс істейтін өрт сөндіргіштер (спринклерлік, дренчерлік, реактивті су ағыны);

- көбікті (спринклерлік, дренчерлік);

- ұнтақты;

- газбен жұмыс істейтін (СО2-мен, хладонмен, азотпен, су буымен).

Өрт сөндіргіштерді сөндіргіш материалдармен жарақтау өрт қауіптілігіне, өндірілетін өнімге, оларды сақтау және пайдалану ерекшкліктерін қаперге ала отырып таңдалынып алынады.

12 - дәрістің тақырыбы. Өндірістік жарақат және кәсіби аурулар

Өндірістік жарақат себептерінің жіктелуі, талдау әдістері. Кәсіпорында өндірістік жарақатты талдау негізінен статистикалық есептер негізінде жүреді және өндірістегі жарақатттар, кәсіби аурулар және онымен байланысты материалдық шығындар туралы мәліметтермен орындалады.

Өндірістік жарақат себептерін талдау әдістерін шолу, салалалық экономика, еңбек шарттарын аналогтық топтамасы, жұмыс орнының тұрақтылығы және комфорттылығы, өндірісті механизациялау және автоматтандыру шараларымен келесі кеңінен танылған әдістермен талқыланады: статистикалық (мінетті), топтық, монографиялық және экономикалық (12.1-кесте). Белгілі әдістер мен өндірістік жарақатты талдау әдістері өндіріс қауіпсіздігімен қамтамасыз ету бойынша тиімді іс-шараларды жүргізу мүмкіндігімен қарастырылады.

Статистикалық әдіс тіркелген сәтсіз жағдайларды талдаумен негізделеді, бірақ та өндірістік жарақат туралы нақты мәндер оның динамикасын зерттеу кезінде негіз ретінде алынбайды. Сондықтан өндірістегі сәтсіз жағдайлардың нақты мәндері кәсіпорындағы жұмыскерлердің саны мен сәтсіз жағдайлардың ауырлығына қатысты болады. Өндірістік жарақаттардың сипаттамасын Статистикалық әдістермен зерттеу кезінде салыстырмаы шамалар, көрсеткіштер қолданылады.

NNөл.с.ж.. Д

К адам = –––  1000, Көл.с.ж = –––––––, К а = –––– ,

PPN

мұндағы: Кж. – жиілік коэффициенті; Көл.с.ж.. – өлімге әкелген сәтсіз жағдайлар саны; Ка – ауырлық коэффициенті; N – есеп беру уақытындағы сәтсіз жағдайлар саны; Д – жұмысқа жарамсыз күндер саны; Р – есеп беру кезеңіндегі кәсіпорындағы жұмыскерлердің орташа саны.

Өндірістік жаақаттардың деңгейін бағалау үшін Кжалпы көрсеткіші қолданылады.

Кжалпы = Кж  Ка

Статистикалық көрсеткіштер сәйкес 10, 100 (1000) жұмыскерге шаққандағы сәтсіз жағдайлардың жиілігімен, оның ауырлығымен сипатталады, бірақ та кәсіпорынның ұйымдастыру-экономикалық көрсеткіштерінің негізінде өндірістік жарақат жағдайын обьективті бағалай алмайды.

Статистикалық әдістермен зерттеу нәтижелері сәтсіз жағдайдың себептері мен күйі аралығын байланыстыра алады. Алынған статистикалық мәліметтер негізінде кәсіпорынның жекелеген учаскелерінде белгілі бір уақыт ішінде өндіріс қауіпсіздігін жақсарту шараларын ұйымдастыру бойынша оперативті шаралар жүргізіледі. Статистикалық әдістің кемшілігі болып оның сәтсіз жағдайлардан кейін жүргізілуі болып абылады, зерттеулер өндірістік жарақаттан шарттарға қатысты жүргізіледі. Материалдарды статистикалық өңдеу жарақат пен оның ауырлығының көрсеткіштері қандай да бір фактормен болғандығын анықтайды, бірақ та өндірістік жарақаттың пайда болу себебін тереңнен ашып, анықтай алмайды. Статистика «ауырлық орталығын» анықтайды, бірақ сараптамайды.

Өндірістік жарақат деңгейін салыстыру мүмкіндігін алу үшін көптеген елдерде Халықаралық еңбекті ұйымдастырумен (ХЕҰ) статистикалық мәліметтерде сәтсіз жағдайлар көрсеткішін және ауырлығын 1000000 адам-сағат қатынасы бойынша ұсынады.

мұндағы: Z – атқарған адам-сағат. жалпы саны.

Жарақат ауырлығы көрсеткіштерін анықтау кезінде өлім шығынына әкелген және толығымен мүгедекке әкелген сәтсіз жағдайлар 7500 әрбір жұмыс күнін жоғалту ретінде қабылданады (стандарт ретінде). Сәтсіз жағдай кезіндегі біртіндеп мүгедекдікке әкелетін жұмыс күнінің жоғалуы жұмысқа жарамсыздық шкаласы бойынша белгіленеді, яғни 7500 жұмыс күнінен сәйкес пайызбен қабылданады.

Сол себептен, ұсынылған Кж және Ка анықтау реті жұмыс күнінің жалғасуын анықтайды және өлімге әкелетін және ауыр жарақатты ескеруге мүмкіндік береді (12.1-кесте).

12.1-кесте

Өндірістік жарақаттарды талдау әдістері

Әдістер

Топ бойынша экономика салалары*

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

Статистикалық

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Топтық

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Монографиялық

+

+

+

+

+

+

+

Топографиялық

+

+

+

+

+

+

+

Технологиялық

+

+

+

Салыстырмалы

+

+

Өндірістік жарақаттарды сандық, сапалық және өндірістік жарақаттың жекелеген экономикалық жақтарын сәйкес сипаттайтын Кж, Ка, Кжалпы статистикалық көрсеткіштерімен талдау өндіріс қауіпсіздігін бағалауға мүмкіндік бермейді.

Өндірістік жарақат себептерін талдаудың топтық әдістері, яғни зардап шегу ауырлығына қарамастан сәтсіз жағдайлардың қайталануы «топтық» сәтсіз жағдайлардың белгілі бір шарттарын анықтайды: әртүрлі жекеменшік ұйымдар, экономика салалары, жас шамасы бойынша, өндірістегі сәтсіз жағдайлар кезендегі зардап шегушілердің жынысы бойынша өзіндік талдау береді. Сәтсіз жағдайларды топтық әдіспен талдау уақыт факторы бойынша орындалады: апта күні, тәулік, айлар, сонымен қатар жиі қайталанатын ұйымдық сәтсіз жағдайлардың себептері ескеріледі.

Өндірістік жарақат жағдайларын сызбалық кескіндермен топографиялық талдау негізіне сәтсіз жағдайлардың орнын талдау жатады. Топографиялық әдістің маңыздылығына оның стационарлы өндірістерді (шеберхана, кәсіпорын цехтары) қадағалауы болып табылады.

Өндірістік жарақат себептерін осы себептердің талдауларымен тереңнен үйрену – зерттеулердің монографиялық әдістерінің негізі болып табылады. Бұл кезде статистикалық әдіс кезінде сәтсіз жайдайларың жинағы зерттеледі, ал монографиялық әдіс кезінде – өндірістік шарттар, күй, технологиялық процесс, жабдықтар; сәтсіз жағдайлардың оның санына және ауырлығына тәуелсіз себептері белгіленеді.

Монографиялық әдіс болған сәтсіз жағдайдың жағдайын нақтырақ анықтайды, сәтсіз жағдайдың пайда болуына өндірістік қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін дәлелдейді. Монографиялық әдіс сәтсіз жағдайдың алдында жүргізіледі және жұмысшыға потенциалды қауіп төндіруі мүмкін факторларды анықтайды. Бұл әдіс өндірістік жарақаттың алдын алуға мүмкіндік береді. Монографиялық әдіспен зерттеулер жүргізу кезінде өндірістік жарақаттар жіктелінеді. Өндірістік жарақат себептерін жіктеу – талдаудың маңызды бір бөлігі болып табылады. Өндірістік жарақаттардың себептері бірнеше топтарға бөлінеді: техникалық, ұйымдық, санитарлы-гигиеналық, психофизиологиялық және т.б. Өндірістік жарақат себептерін жіктеу өндіріс қауіпсіздігі бойынша тиімді алдын алу шараларын жасауға қажет. Өндірістік жарақат себептерін талдауларға шолу материалдары бойынша экономика салаларында және денсаулық сақтаудағы қабылданған жіктелінулер өндірістік жарақат себептерінің жалпы жіктемесін береді (12.2-кесте).

12.2-кесте

Өндірістік жарақат себептерінің жалпыланған жіктелінулері

п/п

Себептер

Экономика салалары

Денсаулық сақтау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1. Техникалық

1.

Технологиялық процестердің жетілдірілмеуі

+

+

+

+

+

+

+

+

2.

Ақаулы жабдықтар (машиналар, механизмдер)

+

+

+

+

+

+

+

+

3.

Қоршаулар, оқшаулардың конструктивті кемшіліктері

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4.

Алдын алу құралдарының болмауы (ЖҚҚ)

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5.

Жабдықтың, құралдардың, механизмдердің толық жұмыс істемеуі

+

+

+

+

+

+

+

+

6.

Процестердің техникалық негіздерін жасаудың жоқтығы

+

+

+

7.

Төменгі сапалы материалдарды, бұйымды, бөлшектерді қолдану

+

8.

Бақылау-өлшеу құралдарының қанағаттандырмауы

+

+

+

+

+

+

9.

Бөлшектердің ерте істен шығуы, жабдық беріктілігінің жоғалуы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2. Ұйымдық

1.

Жұмысшылардың кәсіби дайындығының төмендігі, біліктіліктің жеткіліксіздігі

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2.

Еңбекті дұрыс ұйымдастырмау, қолайсыз жұмыс, демалыс режимі

+

+

+

+

+

+

+

+

3.

Жұмыс орнының, жолдардың, өткелдердің дұрыс жоспарланбауы

+

+

+

+

+

+

+

4.

Жұмыс орындарыныңғ жолдардың, өткелдердің құрылысының кемшілігі

+

+

+

+

+

+

5.

Орындаған жұмыстардың сәйкессіздігі

+

+

+

+

+

+

+

6.

Технологиялық режимнің бұзылуы

+

+

+

+

+

+

+

+

7.

Жұмысты шектен тыс қабылдау

+

+

+

+

+

+

8.

Еңбек процесіне сәйкес емес жабдықтарды, құрал-саймандарды қолдану

+

+

+

+

+

+

+

9.

Қауіптілік туралы, жеке қорғаныс құралдары туралы ескертудің болмауы

+

+

+

+

+

+

+

+

10.

Дұрыс бақыламау, нұсқауларды және қауіпсіз өндірістік жұмыстар ережелерін қадағаламау

+

+

+

+

+

11.

Жұмыстағы бригада мүшелеренің арасындағы келіспеушіліктер, тәртіптің төменділігі

+

+

+

+

+

+

12.

Механизация құралдарының болмауы, олардың ақаулығы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

13.

Автокөлік құралдарын, жүк көтергіш жабдықтарды техникалық және тізбектік пайдалану ережесін бұзу

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

14.

Материалдармен қамтамасыз ету ережесін бұзу

+

+

+

+

+

+

+

+

+

15.

Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін бұзу

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3. Санитарлы-гигиеналық

1.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар

+

+

+

+

+

+

2.

Ауаның газдануы, ластануы

+

+

+

+

+

3.

Дұрыс жарықтандырмау

+

+

+

+

+

+

+

+

4.

Жылулық және ультракүлгін сәулелер

+

+

+

+

5.

Ионды, рентген, радиоактивті сәулелер

+

+

+

6.

Энергетикалық өрістер: электромагнитті, магнитті, гравитациялық

+

+

+

7.

Шу, діріл

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

8.

Жұмыскерлердің жеке гигиенасы ережелерінің бұзылуы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

9.

Қосымша бөлмелердің талапқа сәйкес келмеуі және оның болмауы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

10.

Арнайы киімнің болмауы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

11.

Кәсіпорын алаңының жайсыздығы

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4. Психофизиологиялық

1.

Шаршау, қажу

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

2.

Белгісіз аурулар

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

3.

Нашар тұрмыстық жағдайлар, шарттар

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

4.

Ауыр үй жұмыстары

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

5.

Жұмысты жоғалтуға деген қорқыныш

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

6.

7.

8.

9.

Жұмыссыздық үрейі

Стресс, депрессия, мазасыздану

Отбасылық келеңсіздіктер

Ішімдікке құмарлық, нашақорлық

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

Сәтсіз жағдайларды зерттеу барысында негізінен техникалық және ұйымдық себептерге көбірек көңіл бөлу керек, яғни өндірісте сәтсіз жағдайлардың 70-80 % негізгі себебі болып табылады. Мысалға, химиялық өнеркәсіптерде талдаулар жүргізгенде барлық сәтсіз жағдайлардың 80 % ұйымдық себептермен байланысты болған. Өндірістік жарақатты 70 автокөлік құралдары кәсіпорындарында тереңнен зерттеу нәтижесінде сәтсіз жағдайлардың 90% ұйымдық-техникалық себептерге байланысты болған.

12.3-кесте

Сәтсіз жағдайлардың ұйымдық және техникалық себептері

№ п/п

Ұйымдық

%

Техникалық

%

1.

Жұмыскердің кәсіби дайындығының болмауы (кранмен және өзге де техникалармен жұмыс істеу кезінде)

0,5

Конструктивті шешімдердің жетілдірілмеуі

3,0

2.

Еңбекті дұрыс ұйымдастырмау

0,5

Жұмыс деңгейінің болмауы немесе төменгі технологиялық деңгей

1,0

3.

Жұмыс орнын дұрыс ұйымдастырмау, жолдардың, өткелдердің болмауы

15,0

Жабдықтардың жетілдірілмеуі

2,0

4.

Атқарушы жұмысқа жұмыскердің сәйкес келмеуі

0,2

Қоршаулардың, алдын алу құралдарының болмауы, оның жетілдірілмеуі

6,0

5.

Технологиялық процестің бұзылуы

10,0

Төменгі сапалы материалдар мен құрылымдарды қолдану

4,0

6.

Қауіптілік туралы ескертудің болмауы

5,0

Өндіріс жұмыстарының технологиясын негізсіз алмастыру

5,0

7.

Жұмысты жетекші тарапынан дұрыс қадағаламау

0,8

Автокөлік құралдарының немесе өзге де тасымалдау құралдары түрлерінің қозғалыс ережесінің болмауы немесе бұзу

1,0

8.

Жұмысты орындаушылар арасындағы келіспеушілік

1,0

Материалдарды, бұйымдарды дұрыс сақтамау

7,0

9.

Еңбек қорғау бойынша ережелерді бұзу және нұсқаулардың болмауы

6,0

Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы

0,5

10.

Төменгі өндірістік тәртіп

0,5

Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану ережесінің бұзылуы, олардың ақаулығы

10,0

11.

Басқалар

1,5

Басқалар

2,5

Жалпы:

41,0

Жалпы:

42,0

Кәсіби ауруларды талдау. Мәскеуде 1923 жылы кәсіби ауруларды зерттеу институты ұйымдастырылған, яғни институттың негізгі міндеті кәсіби патологияға талдау жүргізу болып табылады, сонымен қатар тіркеу ережелері мен формаларын жасау, кәсіби аурулар бойынша есеп беруді жасау. Осы мақсатта институт 1923 жылы кәсіби аурулар мен сәтсіз жағдайларды тіркеу бойынша Мәскеу Кеңесінің Үкімімен жоба жасалып, сол жылы бекітілді. Үкімде мәндетті тіркеуге келесі шарттар жатады деп қабылданды:

  • Қорғасынмен, сынаппен, фосфор, мышьяк және мышьякқұрамды сутегімен, хлормен, күкірт қышқылымен және күкіртсутегімен, азот қышқылымен, бензол және басқа да өнеркәсіптік улармен уланған күшті және созылмалы кәсіби уланулар;

  • Химиялық заттардың қысқа мерзімде және созылмалы әсерінен пайда болған терінің күшті және созылмалы зақымдануы;

  • Кәсіби зияндылық әсерінен әртүрлі ағзаның және жүйенің аурулары, мысалы алғанда, есту мүшелерінің нашарлауы (от жағушылардың, қазандық мамандарының саңылаулығы), көз аурулары және т.б.;

  • Кәсіби жұқпалы аурулар: сібір ойығы және маңқа.

Қазіргі таңда кәсіпорындарда жұмысшылардың ауруын талдау медициналық көмекке жүгіну мәліметтері бойынша жедел статистикалық материалдар бойынша жүргізіледі (анықтама немесе сырқаттану парақшасымен тіркелу керек).

Мекемеде жалпы ауруды талдау келесі көрсеткіштермен жүргізіледі:

Nб Дз

Ка.ж = — , К а.а.= — ,

Р Nб

мұндағы: Ка.ж. –ауру жиілігінің коэффициенті; Ка.а. – ауру ауырлығының коэффициенті; P — жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам; Nб – талдау кезеңінде ауырған адамдар саны, адам; Дз – ауруға байланысты жұмысқа жарамсыздық күндерінің суммалық саны, күн.

Кәсіби уланулар немесе аурулар қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерінің нәтижесінде болуы мүмкін.

Кәсіби уланулар зиянды заттармен демалған кезде, тері арқылы сіңіп және де ас қорыту жолы арқылы ішке түсуі мүмкін.

Қысқа мерзім аралығында пайда болған (бір ауысым немесе тәулік) кәсіби уланулар мен кәсіби аурулар күшті деп аталады, ал ұзақ мерзім ішінде пайда болса, онда – созылмалы деп аталады.

Кәсіби аурулар (уланулар) экономика салаларында келесі көрсеткіш бойынша анықталады:

Nбпз

Пк.а. = —–– ,

P

мұндағы: Ппз – кәсіби аурулар көсеткіші, 10, 100 немесе 1000 жұмысшыға шаққандағы (көлеміне байланысты болады); Nбпз – кәсіби аурудан (уланулардан) зардап шегушілер саны; P – жағымсыз өндірістік факторлардың әсеріне шалдыққан тексеруден өткен адамдар саны.

Кәсіби ауруларды талдау кезінде оның даму себептерін білу өте маңызды, әсіресе: жұмыс орындарындағы технологиялық процестер мен жабдықтардың жетілдірілмеуі; технологиялық регламенттен шығуы; қажетті санитарлы-технологиялық құрлғылардың болмауы ,ана емес, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарының болмауы; өндіріс жұмыстарының қауіпсіздігі ережелерінің, еңбек режимінің және демалысының бұзылуы.

Экономика салалары қатарында ұзақ мерзім ішінде жұмысшылардың еңбек жағдайымен анықталатын кәсіби аурулар да бар.

12.4-кестеде 1960 – 2000 ж.ж. аралығындағы экономика салалары бойынша кәсіби ауруларды талдау бойынша мәліметтер келтірілген.

12.4-кесте

Кәсіби аурулар деңгейлері бойынша экономика салаларының орындары

Экономика салалары

Орын

Тау-кен саласы

1

Металлургия

2

Химиялық өнеркәсіп

3

Ауыр және энергетикалық машина жасау

4

Транспорттық машина жасау

5

Тракторлық және ауылшаруашылық машина жасау

6

Химиялық және мұнай саласының машина жасау орындары

7

Электротехникалық өнеркәсіптер

8

Автокөлік өнеркәсіптері

9

Медициналық өнеркәсіп

10

Экономиканың барлық салаларынындағы еңбек шарттары тек қана жұмысшыларға жүйке-эмоционалдық күштің түсуімен ғана байланысты емес, сонымен қатар өндірістік операциялар қатарының бір сарыныдығымен, статикалық жүктемелер шамасының ұзақ мерзімділігімен де байланысты. Жүйке-эмоционалдық жүктеулер өндірістік бөлмелерде шу, діріл, шаңдану, газданумен бірге невроз, гипертониялық және ишемиялық аурулаға алып келеді.

Қазақстанда кәсіби аурулар мен улануларды «Кәсіби аурулар тізімі»-мен міндетті түрде тіркеу ендірілген. «Кәсіби ауруларлар тізімі» Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген және көптеген елдерде қолданылады.

Оны қолдану нұсқауы бойынша бұл негізгі құжат болып табылады. «Кәсіби ауруларлар тізімі» кәсіби ауруға диагноз қоярда, оның жұмысы мен қызметіне байланысты екендігін анықтауда, еңбекке жарамдылығын тексеру сұрақтарын шешуде, медициналық және еңбек реабилитациясын, сонымен қатар жұмысшының жұмысын атқару барысындағы алған денсаулығына келген зардаптарға қатысты материалдық шығындарды қайтаруда қолданылады.

«Тізім…»-ге зиянды факторлардың әсерімен болған кәсіби аурулар, сонымен қатар белгілі бір кәсіби фактордың және басқа да кәсіби емес факторлардың әсерінен болған ағзадағы өзгерістер (бронхит, аллергиялық аурулар, катаракт және т.б.) қосылған.

Кәсіби ауруларға кәсіби аурулар түрінде дамитын ауруларды да жатқызуға болады (мысалы, пневмокониоз және шаңды бронхиттің әсерінен болатын өкпе рагі).

Жұмысқа жарамсыздықтың экономикалық зардаптары. Кәсіби аурулар және өндірістік жарақат жағдайлары еңбекке жарамсыздықты қалыптастыру мен еңбек қызметін атқаруда әртүрлі шарттармен сипатталады. Еңбек өнімділігін төмендететін кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар кезінде зиянды өндірістік фактормен байланысты емес (мысалы, шаңмен) басқа жұмыс түріне, физикалық тұрғыдан алғанда жеңілдеу жұмыс түріне ауыстыру керек.

Еңбекке жарамдылықты төмендететін және мүгедектікке әкелген аурулар мен жарақаттар кезінде пенсия төлеу қажет, ал өлімге әкелген жағдайда жанұясына жәрдемақы төлеу талап етіледі.

Әр жағдай бойынша экономикалық шығындар:

П = О + С + У ,

мұндағы: О – ұйым шығыны; С – әлеуметтік ұстаулап; У – шартты шығындар.

Бір жағынан экономикалық шығынды келесі топтарға бөлуге болады: Н–1 формасы актісі бойынша толтырылған және Птр. жарақатпен болған шығындар; Пмт.микрожарақатпен болған шығындар; Пз. кәсіби аурулармен болған шығындар және Пк. зиянды өндірістік факторлармен байланысты өтемақыға кеткен шығындар:

П = Птр. + Пмт. + Пз. + Пк.

Сәтсіз жағдайлармен жарақаттану кезінде өндірістік шығындардың шартты жалпы суммасы Утр зардап шегушінің жұмысқа шыға алмауымен байланысты өндірістік шығынмен У1тр. Және жұмыстық жабдықтардан жарақат алу нәтижесінде өндірілмеген өнім құнымен У2тр. сарапталады:

Утр. = У1тр. + У2тр.

Кәсіпорынның экономикалық шығыны Отр. бұл жағдайда бұзылған материалдар құнымен О1тр., бұзылған жабдықтар, құралдар және қираған ғимараттар құнымен О2тр.; қайта жөндеу жұмыстарының құнымен О3тр есептеледі, сонымен қатар сырқаттану парақшасының төлемдері О4тр., кәсіби еңбекке жарамсыздықтың төмендеуі болған жағдайдағы қосымша төлемақылар О5тр., мүгедекке әкелгенде немесе өлімге әкелгендегі пенсия төлемдері О6тр., зардап шегушінің біліктілігін қайта жетілдіруге кеткен және жаңа жұмысшыны оқытуға кеткен шығындар О7тр. жатады.

Осыған байланысты ұйым шығындары:

n

Отр. = ∑ Оiтр

i=1

Әлеуметтік төлемдер Стр., амбулаторлық емделулер бағасымен С1тр., клиникалық емделулер С2тр., зақымдану бойынша мүгедекті әлеуметтік сақтандыру құралдарынан бөлінетін пенсия төлемімен С3тр., санитарлық-шипажайлық емделулерге кеткен шығындармен С4тр.есептеледі.

n

Стр. = ∑ Ciтр

i=1

Н-1 актісімен рәсімделмеген микрожарақаттар және жұмысқа жарамсыздық шығынына әкелмеген жарақаттар өз кезегінде кәсіпорынға алғашқы көмек көрсету, зардап шегушіні басқа жеңіл жұмыс түріне белгілі бір уақытқа ауыстыру, әріптестердің еңбек өнімділігін төмендетумен, қайта жөндеу жұмыстары мен жабдықтарды қайта жарақтандыру шығындарына алып келеді.

Кәсіби аурулармен байланысты экономикалық зардаптар Пз., басты үш құрам бойынша есептеледі –Оз.ұйым шығын, Уз.шартты шығын және Сз әлеуметтік ұстаулар.

Жеткілікті дәлдік дәрежесімен өндірістің шартты шығындарын жұмыс сағатында өндірілетін Р өнімнің орташа құнымен, запдап шегушының аурумен байланысты Т жұмыс уақытының жоғалуымен анықтауға болады:

Уз. = РТ.

Зиянды өндірістік факторлармен байланысты Пз. экономикалық жоғалулар қосымша арнайы тағам, жеке қорғаныс құралдарын, қысқартылған жұмыс күндерін ендіру, қоысмша еңбек демалыстары мен ауысым ішілік үзілістерді, зейнетке шығу үшін аз еңбек өтілін құрайды.