Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по ОТ КАЗ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Электр тоғымен зақымдануға әсер ететін факторлар:

Сипаты мен зақымдану салдары бойынша адам ағзасына тоқтың әсер етуі келесі факторларға байланысты:

- тоқтың мөлшері;

- токтың ұзақ әсер етуі;

- токтың жиілігі мен түрінен;

- түскен кернеуден;

- адам денесінің қарсы тұруы;

- адам денесі арқылы тоқпен зақымдану жолдары;

- адам денсаулығының жай-күйі;

- көңіл бөлу факторы.

Электр тоғымен зақымдану нәтижесі толығымен алғанда жүріп жатқан электр тоғының адам ағзасына «сіңген» мөлшерімен анықталады.

Адам денесі арқылы жүріп өткен тоқтың мөлшері адам денесіне кернеудің жанасуы мен қарсы тұруына байланысты.

IЧ = UПР / RЧ

Адам денесінің қарсыласуы – көптеген факторларға байланысты сызықсыз мөлшері: терінің қарсыласуынан (құрғақ, ылғалды, таза, зақымданған және т.б.); тоқтың мөлшерімен түскен кернеуге байланысты; тоқтың жүру ұзақтығына байланысты.

Терінің жоғары мүйізді қабатының едәуір қарсыласу қабылеттілігі:

- түсірілген мүйізді тері қабатында RЧ = 600-800 Ом;

- құрғақ зақымданбаған теріде RЧ = 10-100 кОм;

- терінің ылғалданғанында RЧ = 1000 Ом.

ХЭК шешімі бойынша (Халықаралық электр комиссиясы), электрмен зақымданудан қорғануды қамтамасыз ету бойынша есебімен адамның қарсыласуы 1 кОм, яғни RЧ = 1000 Ом тең қабылдайды.

Адам денесі арқылы өтетін токтың өсуімен, оның қарсыласуы төмендейді, яғни терінің ысуы жоғарылайды және терлеуі ұлғаяды. Осы себепті ток жүру ұзықтығының ұлғаюымен RЧ төмендейді. Түскен тоқ қаншалықты жоғары болса, адам арқылы өтетін тоқ соғұрлым көп және де адам терісінің қарсыласуы соғұрлым жылдам төмендейді.

Биологиялық тіннің электрлік тітіркенуі ұлғаю сәтінде немесе тоқтың кемуінде жауап қайтарады екен.

Мөлшері және кернеулігі бойынша уақытта өзгеруі ретіндегі тұрақты тоқ, тоқ көзіне қосу және сөндіру сәтінде ғана сезіледі. Әдетте оның жылыту әсері бар (ұзақ уақыт қосылып тұрғанда). Үлкен кернеуде ол тіннің және қанның электролизін болдыруы мүмкін. Көптеген зерттеушілердің ойынша, 450 В дейінгі кернеудегі тұрақты тоқтың қауіпі осы кернеудегі ауыспалы тоққа қарағанда кемірек болады.

Көптеген зерттеушілер 50-60 Гц жиіліктегі өндірістік ауыспалы тоқ ағзаға едәуір қауіпті болып табылады деген тоқтамға келді.

Бұл келесі түрде түсіндіріледі. Тұрақты тоқтың жасушаға түсуі кезінде ішкі жасушаның бөлшектерінің заттары жасушаның сыртқы қабыршағына қарай қатты қозғалатын әртүрлі белгідегі иондарға жарықшақтанады. Егер жасушаға ауыспалы тоқ әсер ететін болса, онда ауыспалы тоқ полюстерінің өзгеруімен, иондар біресе біржағына немесе екінші жағына қарай ауысады. Тоқтың кейбір жиілігінде иондар жасушаның қос енінен өтуге үлгереді (солай қарай және кері). Бұл жиілік жасушаның едәуір ауытқуына және оның биохимиялық қызметінің бұзылуына сәйкес келеді (50-60 Гц).

Ауыспалы тоқ жиілігінің ұлғаюынан иондардың тербеліс амплетудасы кемиді, сонымен бірге жасушаның биохимиялық қызметінің кем бұзылуы байқалады. 500 кГц ретіндегі жиілігі кезінде бұл өзгерулер байқалмайды. Мұнда адамға қауіпті тоқтың қыздыру әсерінен күйеді.

Адам денесіндегі тоқ міндетті түрде қысқа жолмен ғана өтпейді екен. Едәуір қауіпті болып табылатыны тыныс алу мүшелері және жүректің бойлық өсі арқылы өтуі болып табылады (басынан аяғына қарай).

Жүрек арқылы өтетін жалпы тоқ бөлігі:

- қол жолымен - қол – 3,3% жалпы тоқтан;

- сол қол жолымен - аяқтар – 3,7% жалпы тоқтан;

- оң қол жолымен - аяқтар – 6,7% жалпы тоқтан;

- аяқ жолымен - аяқ – 0,4% жалпы тоқтан.

Электр тоғының әсерінен зақымдану нәтижесі адамның психикалық және физикалық күйіне байланысты.

Жүрек, қалқанша бездерімен т.б. ауруға шалдыққанда адам тоқтың кем мәніндегіге қарағанда едәуір күшті зақымдануға ұшырайды, яғни бұл жағдайда адам денесінің электрге қарсыласуы кемиді және адам ағзасының сыртқы тітіркендіргіштерге жалпы қарсыласуы кемиді. Белгілі болып отырғандай, мысалы алғанда, ерлерге қарағанда әйелдер үшін токтың деңгейлі мәні 1,5 есе төмен. Бұл әйелдің терісінің едәуір жұқа болуымен түсіндіріледі.

Спитр сусындарын ішкенде адам денесінің қарсыласуы төмендейді, адам ағзасының қарсыласуы мен зейіні кемиді. Зақымдану нәтижесі едәуір маңызды бола түседі.

Жинақы зейінде ағзаның қарсыласуы жоғарылайды және зақымдану ықтималдылығы бірнеше рет төмендейді.