Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД по ОТ КАЗ (1).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.96 Mб
Скачать

Сурет 14.1. Еңбекті қорғауды басқару жүйесі

Еңбекті қорғау меңгерушілері уәкілетті:

Қауіпсіз және салауатты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету нормалары мен бұзушылықтарды жою кәсіпорындардың басшыларына бірқатар тапсырмалар беруге мұқтаж;

Өмір мен денсаулыққа қауіпті жерлерде жұмысты жалғастыруға тыйым салулары тиіс;

Жеке қорғаныс құралдарын ұйымдық қорғануды қамтамасыз ету дұрыс қолдану.

Тексеру кезінде барлық келеңсіздіктер мекеме эксплуатация қауіпсіздік ережесі бойынша алдын-ала жойылуы керек, ал еңбек қорғау бөлімі орындалуын бақылайды. Еңбек қорғау бөлімі тексеріс кезінде анықталған қателіктерді жою үшін бұйрық бойынша міндетті түрде жұмыс берушіге жіберіледі.

Еңбек қорғау бөлімі (медициналық сараптама) кезекті ретті алдын ала және қайталанатын медициналық қаралудан өтпеген, инструктажбен ұсынылған жеке қорғаныс құралдарын қолданбаған жұмысшыны осы жұмысқа жібермеу жөнінде жұмыс берушіге талап қоя алады.

Қауіпсіздіктің қамтамасыз ету бөлімі мекемедегі еңбек қорғау саласында – қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыс дәрежесіне қарамай жақсы еңбек жағдайын тудыру үшін ең жақсы басқаруды ұсынады.

Еңбек қорғау комитеті

Жұмыс беруші мекемелерде экономикалық салаға тәуелсіз организациялық құқықтық құрылысы және жеке құрылысың сәйкестігі ҚР Еңбек кодексінің Еңбек қорғау комитеті құрылады.

Комитет алдындағы жұмысты шешу үшін комитет құрамына жұмыспен қамтушы мүшелері, кәсіпқой құқық берілген жұмысшылардан құралады.\

Мекемелерде 10 адамнан асса еңбек қорғау бірлескен комитеті жұмыс жасайды, олар мекемедегі еңбек қорғау саласының бір мүшесі болып қызмет атқарады.

Комитет мүшелерінің құқығы:

  • Кез-келген уақытта мекемлерді қызметтегі күнделікті ғимаратты кедергісіз көріп, тексеруге құқылы;

  • Еңбек қорғау құжаттарымен өзіне берілген құқық арқылы таныса алады.

  • Комитет мүшелері қарасырылады:

  • Белгіленген тексеру реттілігін қарауға мекемедегі жазатайым оқиғаларды есепке алуды;

  • Алдын-ала еңбек жағдайын еңбек қорғауды жақсартуды іске асыруға;

  • Уақытылы оқыту барлық инструктаж түрлерін еңбек қорғау саласы бойынша дамыту;

  • Мекемедегі санитарлық-гигиеналық жағдайын қарау, және көмекші үй-жайларды қарау;

  • Ұйымдағы жұмыс орны еңбекті қорғау талаптарына сай болу керек;

  • Зиянды және қауіпті еңбек жағдайында ауыр жұмыс үшін жұмысшыларға жәрдемақы ретінде емдік профилактикалық мақсатта сүт және басқада тағамдар тегін берілуі қажет.

  • Әйелдердің және 18 жасқа толмаған жасөспірімдерді заңға сай еңбек етуі;

  • Еңбекті қорғау бөлімі бойынша жұмыс беруші ұйымдық келісімшарт міндетін орындау.

Еңбек қауіпсіздігін оқыту. Өндірістегі жетекшінің маманның, жұмысшының еңбекті қорғау бойынша білімдерін тексеру және оқыту кәсіпорынның жекеменшік барлық түрлерінде келесі заңдық және нормативті-құқықтық актілерімен жүргізіледі.

  • ҚР Еңбек кодексі. Еңбекті қорғау аумағында мамандарды даярлау және оқтыу ;

  • «Өндірістегі сәтсіз жағдайлар және кәсіптік аурулар туралы әлеуметтік сақтандыру»

  • МЕСТ 12.0.004-90 ССБТ «Ұйымда еңбек қауіпсіздігін оқыту жалпы міндеттер»

Оқыту білімдерін тексеру және еңбекті қорғау бойынша нұсқаулық жүргізу еңбекті қорғаудың, өндірістік жарақаттың және кәсіптік аурулардың деңгейінің төмендеуі болып табылады.

Өндірістегі мамандардың жеке тұлғалардың жекеменшік ұйымдардың инженерлер және мұғалімдердің білімдерін тексеру лицензиясы бар оқу орталығының комиссиясы жүргізуі тиіс. Еңбекті қорғау бойынша білім алғандар жеке куәлік алады. Білімдерін қайта тексеру үші жылда жүргізіледі.

Жұмыстағы қауіпсіздік талаптарын көтеру үшін заңды саладағы жұмыскерлерді оқыту және білімдерін көтеру қажет.

Жұмыс беруші (немесе таныстырушы тұлға) жұмысқа тұрған жұмысшыға еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықпен таныстыруы тиіс. Нұсқаулықтың көпсалалы жүйесі ол қауіпсіздікті оқтыудың қысрқартылған формасы болып табылады.

Нұсқаулық мінездемесі және уақыты бойынша нұсқаулық кіріспе, жұмыс орнындағы алғашқы, қайталама, жоспардан тыс және мақсаты болып бөлінеді.

Кіріспе нұсқаулықты еңбекті қорғау инженері жұмысқа тұрған тәуелсіз тұлғаларға олардың білімдерін, жұмыс өтілін ескерместен жүргізеді.

Жұмыс орнындағы алғашқы нұсқаулықты топтық немесе жеке тұлғаның жетекшісі жүргізеді. Бастапқы инструктаж барысында жұмысшылар қауіпсіздік тәсілдері мен жұмыс әдістерін оқиды, жеке қорғану құралдарын пайдалану дағдыларын үйренеді. Жұмыстың орындалуына тікелей байланысты қайта шолу және өндірстегі қауіпсіздік білімін арттыру үшін кем дегенде жарты жылда бір рет жұмысшылардан қауіпсіздік бойынша сынақ алып тұрады.

Қауіпті инструктаж нұсқаулық мазмұны мен қауіпсіздік ережелерінің өзгеруіне алып келеді, жабдықтардың жаңартылуы мен техникалық процестердің арқасында бақытсыз жағдайлармен авариялық оқиғалар азайып келеді. Әртүрлі жұмыстарда мақсатты нұсқаулық жүзеге асырылады, олардың тікелей міндеттеріне байланысты емес.

Нұсқаулықтың барлық түрлеріне нұсқаушылар мен нұсқау орындаушылар міндетті түрде журналға тіркелу қажет.

15 - дәріс тақырыбы: Еңбекті қорғау шараларын жоспарлау және қаржыландыру

Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау. Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлау перспективті, ағымды және оперативті болып бөлінеді.

Еңбекті қорғау жұмыстарын жоспарлаудың негізгі түрі - ол еңбек жағдайын жақсартудағы комплексті жоспарларды және санитарлы - қалпына келтіру шараларын әзірлеу.

Комплексті жоспарлау еңбек жағдайы бойынша жұмыс орнын аттестациялау, олардың санитарлы - техникалық жағдайлары, өндірістік жарақаттану және кәсіби ауруларды талдау материалдары бойынша әзірленеді. Еңбекті қорғау шаралары ұжымдық келісім шарт - ол органдар мен ұйымдарда жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы еңбек, әлеуметті- экономикалылық және кәсіби арақатынасты реттейтін құқықтық акт.

Еңбекті қорғау келісім шарты жұмыс беруші мен жұмысшылар өкілдерінің арасында әр бір жылы жасалады.

Еңбекті қорғау келісім шарт - ол еңбек жағдайын жақсарту бойынша жоспарлау және шараларды жүргізу міндеттемелерін қамтитын құқықтық акт.

Шартта қамтылатын ережелер:

- еңбек жағдайы және төлемі, жұмыс және демалу режимі туралы;

-баға өсуі және инфляция деңгейінің нәтижесінен еңбекті төлем ақысын реттеу механизмі туралы;

- еңбек жағдайы бойынша өтемақы төлеу туралы;

- өндірісте жұмысшылардың денсаулығын қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыздандыру;

- жұмысшыларды және отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғау бойынша арнайы шаралар туралы.

Келісім шарт екі жақты қол қою күнінен немесе келісім бойынша күннен бастап күшіне енеді. Оның қолдану мерзімі үш жылдан аспауы қажет.

Келісім шартқа өзгертулер және қосымшаларды қосу екі жақтың келісімі бойынша құрылады. Келісім шарттың орындалуы екі жақтан немесе олардың тағайындалған өкілдері бақылайды.

Еңбекті қорғау бойынша шараларды қаржыландыру. Кәсіпорындардағы еңбекті қауіпсіздендіруді жоғарлату, еңбек жағдайын жақсарту шараларын қаржыландыру әр кездеде проблема болатын. Әдетте, олар үшін қаржы соңғы кезекте ғана бөлінеді де, олар бірінші қатарда тұрған шараларға да жетпейді. Сонымен бірге ауыр жұмыстарда және зиянды мен қауіпті өндірістік жағдайда еңбек етушілерге жеңілдіктер мен өтемақы төлеуде ірі қаражат жұмсалады. Зерттеу берілімдері бойынша ол қаржы еңбекті қорғау шараларына жарататын шығыннан төрт есе асады екен.

Еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау шараларын қаржыландыру мемлекеттік бюджеттін қарымтатынан, жергілікті бюджеттерден және бюджет көздерінен тыс заңда белгіленген, басқада нормативті-құқықтық актілермен және жергілікті өз-өзін басқару органдардын актілерімен белгіленуі бойынша.

Ол үшін еңбек қорғауға арналған арнайы қор құрылады, олар үш деңгейде қалыптасқан: еңбекті қорғау мемлекеттік қоры, аумақтық қоры және кәсіпорынның еңбекті қорғау қоры. Сонымен бірге, қоғамдық ұйымдарда сол мақсатта қорларды құруыда қарастырылады.

Кәсіпорын қоры өзінің жеке қаржысынан құрыладыда ұжымдық келісім шартта белгіленеді, және жұмыс беруші мен еңбек ұжымының еңбекті қорғау бойынша келісімдерімен.

Аймақты қорлар сол аймақтың қаржысынан қаржы бөлу есебінен құрылады, сонымен бірге кәсіпорынның еңбекті қорғау қорының қаржысының бөліктерінен құрылады, олар осы аймақта орналасқан болады.

Осыған жеке тұлғалардың және өндірістің қауіпсіздігін көтеруде мүдделі ұйымдардың ерікті салымдарыда кіреді.

Үшінші деңгей- ол еңбекті қорғаудағы мемлекеттік қор.ҚР- ның қорынан қаржы бөлуден басқада, кәсіпорындардың қаржысының бөлігі және ерікті салымдар мен бірге мемелекеттік қорға еңбекті қорғау бойынша заңдылықты бұзған үшін жұмыс берушілерге және кәсіпорынның лауазымды қызметкерлеріне жүктелген айыппұлдар да еңгізіледі, сонымен бірге ҚР- ның әлеуметтік сақтандыру қорынанда шегерулер кіреді, мұнда уақытша еңбекке қабілетсіздікті(ауруына байланысты демалыс), санатарлы- курортты емделулер т.б. төленеді.

Жаржыландыру мына төмендегі есеп арқасында да жүргізілуі мүмкін:

-еңбек заңдылығын бұзудағы төлем- ақы қаржысының есебінен беру және бөлу ҚР- ның үкіметінің қабылдаған заңы бойынша:

-жеке тұлғаларын және кәсіпорындардың ерікті салымдары есебінен.

Сонымен қатар, ұйымды- құқықтық нысандарына тәуелсіз еңбек жағдайын жақсарту және еңбекті қорғау шараларын қаржыландыру кәсіпорындарда өнім өндіру шығындарынан 0,2 – дан кем емес соманың көлемінде жүзеге асырылады, ал эксплуатациялық іс- әрекеттерді жүргізетін ұйымдарда – эксплуатациялық шығындар соммасының 0,7 –дан кем емес көлемінде жүзеге асырылады.

Экономика салаларында, ұйымдарда және оның аймақтарында еңбекті қорғау қоры заң тармақтарына сәйкес құрылады.

Еңбекті қорғау қордың қаржылары басқа мақсаттарда жұмсалуына тыйым салынады.

Қор қаржысын тағайындалды емес қолданатын кәсіпорындар жаратылған қаржыны өтеуі қажет және мемлекеттік еңбекті қорғау қорына айып пұл төлейді.

Тәжірибеде еңбекті қорғау қорларының құрылу жағдайлары және оны қолдану ұжымдық келісімдер және келісім шарттармен белгіленеді- атап айтқанда, еңбекті қорғау бойынша келісімдермен, мұнда сондай қорлардың қаржыларын қолдану бағыттары анықталады және еңбекті қорғау және еңбек жағдайын жақсарту бойынша анық бір шараларды қаржыландыру мөлшері анықталады, олар белгіленген деңгейден жоғары болуы мүмкін және кәсіпорынның немесе экономика салалардың қаржы мүмкіндіктеріне байланысты.

Еңбекті қорғау қорының қалыптасуы. Мемлекеттік бақылау органдардың заңдылық талаптарын және ережелерін орындамауда барлық ұйымды- құқықтық түрдегі кәсіпорындар материалды жауапкершілікті айып пұл түрінде өткізіледі. Бұл айып пұлдар еңбекті қорғаудағы арнайы қорға түседі, ол мемлекеттік және аймақтық деңгейде құрылады да және еңбекті қорғау шараларына ғана жаратылады. Шығын келтірген үшін кәсіпорындар бір- бірінің алдында жауапкершілікті көтереді, атап айтқанда, жобалау- конструкторлық ұйымдар тапсырма берушіге шығын ақысын сапасыз ақаулы жоба үшін төлейді, өндірістік фирмалар тұтынушыға айып пұлды қауіпті өнімді өңдеп сатқаны үшін төлейді. Жазаны тек жұмысберуші ғана емес сонымен бірге кәсіпорын еңбекшілерде тартады.

Еңбекті қорғау бойынша нормативті- актты бұзуға оларға тәртіптік айып салынады, ал кейбір жағдайда материалдық және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Атап айтқанда, зардап шегуші мен жұмыс берушінің аралас кінәлар жұмысшының шығын төлем көлемі оның кінәсінә байланысты болады. Сәтсіз оқиғаның нәтижесіне өлім болғанда аралас жауапкершілік болмайды және айып пұл сомасы зияндылыққа толығымен төленеді.