Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Ақылды егінші

Бір күніпатша нөкерлерімен бірге серуенге шыққанда жер өңдеп жүрген егіншіні кездестіреді. Тырбанып еңбектеніп жатқан қарапайым адам патшаның көңілінен шығып, онымен сөйлесуге ықыласы ауады. Бірнеше сауалдан кейін патша егістіктің бұл адамдікі емес екенін, күніне 15 теңгеүшін жалданып еңбек ететінін ұғады. Патша егіншінің жалақысының аздығына қайран қалады. Себебі, патша сарайының бір күндік шығыны жүздеген алтыннан көп еді. Егінші, патшаның таң қалғанына қарап:

  • –Бұл ақша қанағатшыл адамға тіпті көп те болады. Мен ақшамды үшке бөлемін, – дейді.

– Бір бөлігімен өмір сүремін. Бір бөлігімен қарызымды өтеймін. Бір бөлігін біріктіріп,

қор жинаймын, – дейді.

Патша бұл жұмбаққа ұқсаған сөздерден еш нәрсе түсінбейді. Ақкөңіл диқан күлімсіреп былай дейді:

– Ақшаның бір бөлігімен қарызымды қайтарамын дегенім, бала кезімде үлкен қамқорлық көрсеткен әкем мен шешем ғой. Ақшамның бір бөлігін соларға беремін. Ақшамды қор ретінде жинаймын дегенім, бұл ақшамның бір бөлігін балаларымның біліміне төлеймін. Менің қолым, аяғым жұмыстан қалған жағдайда, олар маған көмектеседі деп үміттенемін. Қалған ақшамды өзімнің мұқтаждарыма жұмсаймын, – дейді.

Патша қарапайым адамның бұл әрекетіне риза болады. Намысты шаруаның балаларының біліміне төлейтін ақшаны өз мойнына алады.

Балалары да ер жеткен соң білімді,ақылды азаматтар болып,халқынақолдарынан келген көмектерін аямай көрсетіп,егіншінің үмітін ақтапты.

  • Егіншінің бойынан қандай адамгершілік қасиеттер көріп тұрсыңдар?

  • Патша не үшін риза болды?

  • Сендер өз ақшаларыңды осы егінші секілді үнемдеп жұмсайсыңдар ма?

  • Ата-аналар алдындағы парыздарыңды қалай орындап жүрсіздер?Мысал келтіріңіздер.

Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.

Төле би бала кезінде Әнет бабаға барыпты. Жасы жүзге келіп қалған Әнет баба ел бірлігі жайында әңгіме айтып отырады. Төле:

  • Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ? - дегенді сұрайды.

Сонда Әнет баба әуелі жауап айтпас бұрын,бір бума солқылдақ шыбық алдырып:

  • Балам, мынаны сындырып көрші, - дейді.

Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп,сындыра алмайды.

  • Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы.

Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,біртіндеп оп-оңай сындырып береді.Әнет баба:

  • Бұдан не түсіндің, балам ?-дейді.Сонда Төле бала:

- Түсіндім,баба,бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықтыелді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, «бірлігі,ынтымағы жоқты жау да,дау да оп-оңай алады»дегеніңіз ғой.

- Бәрекелді, балам,дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауыз бірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы,- депті Әнет баба.

  • Әнет бабаның тапсырмасында қандай мән жатыр?

  • «Бірлік», «ынтымақ» сөздерінің мәнін қалай түсінесіңдер?

  • Сендерге ата-аналарыңмақал-мәтел арқылы ақыл, кеңес бере ме?

  • Қандай мақал-мәтелдер естеріңде қалды?

  • Ынтымақ пен бірлікте болғаніс-әрекеттерің туралы жағдаяттарды айтып беріңіздерші.

Қараторғай

Көктем күнінің жылы, жарық сәулесі жерге түсіп, қар еріп жатыр.Күнгей жақ алатегенек бола бастады.Қарға ұзақ қарқылдап жүр. Қамбар отағасы бірдеңе істеп жатыр.Қасында қамалап балалар жүр.

– Ата, не істеп жатырсыз?

– Қонағыма үй істеп жатырмын.

– Қонағыңыз қандай?

–Қонағым қол басындай,мінезі қорғасындай...- деп қарт жымияды.

Қарттың сөзіне түсіне алмай, балалар тұрып-тұрып тарасты.

Қар кетті.Көк шықты.Күн майдай. Мінеки уыстаған тас.Тай шоғырмақталып бір топ қараторғай ұшып келе жатыр.Ауылдың үстіне келіп жарқ беріп бұрылды,олай-бұлай айналды да, сау етті.

Биік сырғауылдың басында Қамбар екеуінің істеген кішкене үйшігі қалқиып тұр.Қараторғайлар ұшып ауылға келді.Біреуі барып үйшіктің аузына қонды.Жан-жағына жалтақтапқарады да, үйшіктің дөңгелек тесігінің ішіне кіріп кетті.

Өзге торғайлар да ағаш-ағаштың басынан орын алып,ұшып-қонып жүр.

Бауда,көк шөптің арасында жыбырлап қоңыздар жүр еді...

Қараторғай қаужанып алып, шалшықтан су ішіп, демалуға ағаш басына барып қонысты.Тынығып алған соң, ән салысты.

Манағы үйшікке кірген торғай сонда мекендеп алды. Күзге шейін кетпеді. Қамбар атай шөп шапса,қараторғайы шегіртке қырады.

Құрт,доңыз,шегіртке,инелік,маса-шыбын-бәрі деегіннің жауы ғой.Сол жаулардың бәрін қараторғай құртады.Қараторғайдың пайдасы санап бітіргісіз.

Қамбар атайдың «қонағым қол басындай,мінезі қорғасындай» дегені сол қараторғай екен.

  • Қараторғайдың қасиеттері қалай көрсетілген?

  • Қамбар атайдың қараторғайға істеген әрекетін қалай бағалайсыздар?

  • Сендер құстарға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?

  • Құстарға арнап жемшашар жасадыңдар ма?

Құм және тас

Екі дос шөл далада саяхаттап жүреді. Бір кезде екеуі ұрысып қалады да, біреуі екіншісінің жағынан тартып жібереді. Соңғысы ауырсынса да, ештеңе айтпайды, тек құмға былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің жағымнан шапалақпен тартып жіберді».

Олар әрі қарай жүріп келе жатып, көгалға кездеседі, сол жерде шомылып алмақшы болады. Шапалақ жегені суға секіріп кетеді де, батып кете жаздайды. Бірақ досы оны құтқарып қалады. Ол өз-өзіне келген кезде, тасқа былай деп жазады: «Бүгін менің ең жақсы досым менің өмірімді құтқарып қалды». Сол кезде оны жағынан тартып жіберген, құтқарып қалған досы сұрайды:

  • Мен сені ренжеткенде сен құмға жаздың, ал енді тасқа жазып жатырсың. Неге?–деп сұрайды.

Досы былай деп жауап береді:

  • Бізді біреу ренжіткенде, жел оны өшіріп тастауы үшін біз оны құмға жазуымыз керек. Ал біреу жақсылық жасаса, оны өшірмейтіндей етіп, тасқа қашап жазуымыз керек. Өкпеңді құмға, қуанышыңды тасқа қашап жазып үйрен.

  • Досы не себепті ренжігенін құмға жазды деп ойлайсыңдар?

  • Жақсылық жасағанды тасқа жазудың қандай мағынасы бар?

  • Бойында қандай қасиеті бар адамдар өзгелерге кешіріммен қарай алады?

  • Әңгімеден қандай құндылықтарды байқауға болады?