Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать

2.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығы бойынша ертегілер, оқиғалар және әңгімелер

Жалғыз дән

Ә.Нұршайықов

Қарт кісі жолаушылап келе жатып, кешке қарай жолда өсіп тұрған жалғыз масақ бидайға кездеседі. Оны үгіп, бар дәнін алақанына салып, қауызын желге ұшырып жібереді. Сол кезде бір дән қарттың алақанынан домалап жерге түсіп кетеді. Әр шөптің түбін ақтарып, қарт оны көп іздейді. Сөйтіп отырғанда күн батады. Төңірек қараңғы тартады. Қарт ол дәнді ертең келіп, жарықта тауып алайын деп таяғын шаншып кетеді.

Ертеңінде таңертең кешегі жерге келеді. Шаншып кеткен таяғының маңы гүлдеп тұр екен. Жалқы дән қалың бидай болып тербеліп тұр. Жалғыз дәнді далада қалдырмауға тырысып, қамқорлық жасағаны үшін табиғат-ана адамға осылай разылық білдірсе керек.

  • Қарт адам жалғыз масақты не үшін көп іздеді?

  • Адамдар табиғатқа неліктен қамқорлық танытады?

  • Табиғат-анаға қамқорлық танытқанда қандай сезімде боласыңдар?

  • Өзіңнің табиғаттың бір бөлшегі екеніңді қалай түсінесің?

Дәріден де күшті

Ә. Амангелдиев

Нағима апай бүгін ыстығы көтеріліп, ауырып тұрса да, мектепке келді. Дәрігер шақыртқан жоқ. Балалардың бір күні зая кетеді ғой. Ол оқушылардың үй жұмысын тексерді. Содан соң жаңа тапсырма берді де, басын сүйеп, төмен қарап, үнсіз отырды. Оқушылар мұғалімнің ауырып отырғанын сезді.

Тапсырманы орындауға үнсіз кірісті.

Апай басын көтерген кезде, алдында тұрған алманы көрді.

– Мүмкін, алма мен кәмпит жесеңіз, жазылып кетерсіз, – деді балалар.

Мұғалім елжіреп кетті.

– Сендерге рахмет, балалар. Алма мен кәмпит емес, сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем.

Сол күні сабақ соңына дейін болды. Апай да, балалар да үйлеріне көңілді қайтты.

  • Апайдың мазасызданып отырғанын балалар қалай байқады?

  • Балалар ниеттерін көрсету үшін қандай әрекет жасады?

  • «Сендердің ықыластарың мен пейілдерің маған дәріден де күшті ем» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  • Өзің қиналып тұрған адамға қандай көмек берер едің?

Өмір сүрудің ең жақсы жолы

Ф. Тайтелиев

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Қазақстанның түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

– Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттымнан қалған дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де жүз-жүз тиыннан беремін. Осы тиындарға бір зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған заттарыңмен менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

Ұлдары үлкен сауда орталығын басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

– Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Екінші баласы:

– Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

Үшінші ұлы:

– Тиынды ұсақтап,елу тиынын мешітке бердім, жиырма тиынын қайырымдылық қорға бердім, жиырма тиынын да әлеуметтік жағдайы төмен отбасына бердім. Қалған он тиынға екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әкесі үшіншібаласына риза болып:

– Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату, – деді.

  • Әкесі ұлдарын қалай сынамақшы болды?

  • Неліктен ол үшінші ұлының әрекетін дұрыс деп санады?

  • Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қандай құндылықтар адамды жақсылыққа жетелейді?