Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

Махатма Гандидің естелігінен«Менің Толстойым» 64

Қырық жыл бұрын, үлкен сенбеушілік пен скептицизмді бастан кешіріп жүргенде, мен Толстойдың «Царство божие внутри вас» деген кітабын оқыдым. Осы кітап менің санама үлкен әсер қалдырды. Толстойдың кітабы мені қайта жаңғыртып, ахимстың ең сенімді қорғаушысына айналдырды. Бәрінен бұрын мені Толстойдың сөзі мен ісінің бір жерден шығатыны таңқалдырды. Ол ақиқат үшін кезкелген құрбандықтарға барды. Байлық пен үлкен дәулеттің ортасында тәрбиеленіп, өскен Толстойбарлық материалдық құндылықтардан бас тартады да, қарапайым өмір сүреді. Ол өз заманының ең шыншыл адамы болды. Бүкіл оның өмірі ақиқатты іздеумен және рухани кемелденудегі өзін-өзі тану ұмтылыстарымен байланысты болды. Ол шындықты жасырмаған, шындықты жақтағанда діни және зайырлы биліктерден ешқашан қорықпаған. Осылайша бүкіл әлемге ғаламдық шындықты көрсетіп, қиянат жасамаудың қорғаушысы болады. Сонымен бірге, менің елімдегі ахимсты қорғайтын азаматтардың тар мағыналы және бұрмаланған ілімін сынап, тас-талқанын шығаруға Толстой әбден қабілетті. Өйткені, оның тұжырымдаған қиянат жасамау философиясы өте терең және кеңінен зерттелген.Үнді елі ахимсты жүзеге асыратын құқығы бар мемлекет болғанымен де, біздің ежелгі данышпандардың осы саладағы керемет жаңалықтарына қарамастан, біздегі ахимса деп аталатын ілім пародияға ұқсас. Нағыз ахимса зұлымдықтың тәуелділігінен, ашу мен жек көру сезімдерінентолық босату керек. Өйткені, ол барлық тіршілікке деген шексіз риясыз сүйіспеншілікпен өлшенеді. Толстойдың өмірі шексіз сүйіспеншіліктің, нағыз ең жоғарғы ахимстың үлгісі болып, біздің шабытымыздың қайнар көзіне айналды.

Толстойдың сыншыл қарсыластары«Толстой өмір бойы іздеген ғажайып жасыл таяқшасын таппай, өмірде мейлінше сәтсіздікке ұшырайды» деген пікірлерін айтады. Мен осындай адамдардың пікіріне қосылмаймын. Рас, Толстой бар шыншылдығымен өзінің сәтсіздіктерін жазады. Бірақ бұл оның ұлылығын көрсетеді. Мүмкін Толстой өзінің арманына қолжеткізбеген болар, бұл адамның тағдыры. Қан мен тәннен жаралған бірде бір адамға кемелденудің ең жоғарғы белесіне қол жеткізу мүмкін емес жағдай. Өйткені, өзіндегі эгоизмді женбей рухани жетілу мүмкін емес. Тәнге тәуелді болған жағдайда эгоизмнен мүлдем құтылу да мүмкін емес жағдай. Толстой үнемі келесіні қайталауды жақсы көретін:«Идеалға қол жеткіздім дегенге сенсен, әріқарай даму тоқтайды және кері козғалыс басталады.Идеалдың құндылығы оның қашықта болуымен айқындалады». Сонымен Толстойдың идеалға қол жеткізбегендігі туралы ойы оның қарапайымдылығын көрсетіп, тек оның ұлы данышпандылығын дәлелдейді.

Көп жағдайда Толстойдың өміріндегі қайшылықтарға қатысты үлкен жан-жалдарға мән береді. Бірақ олар шынайы емес. Үнемі даму үстінде болу – бұл өмір заңдылығы, және өзіндегі өзгермейтін, қатып қалған ережелергесенетін адам өзін ыңғайсыз жағдайда қалдырады. Осы жөнінде Эмерсон былай деген: «соқыр сенушілік пен бірізділік шектеулі ақылы бар адамдарды қорқытады». Толстой өз іліміндегі бірізділікті жиі бұзатын, өйткеніөз ілімінің шеңберінде ол таршылық көретін. Оның сәтсіздіктері туралы барлық адамдар білетін, ал жан күйзелістері мен өзін женген сәттері туралы ол өзі ғана білетін. Әлем тек Толстойдың жеңілістерін бақылап отырған. Сонымен, оның қарсыластары Толстойдың сәтсіздіктерін андып отырса, Толстой өз-өзіне ең қатал сыншы болды.Толстой сын тұрғысындағы көзқарастарды қабылдап, адамдардың мақтау сөздерінен қорқатын.

Толстойдың тағы бір ұлы идеясы – «азық үшін еңбек ету». Әр адам өз нанын маңдай термен, үлкен еңбекпен табу керек. Әлемдегі аштықтың себебін«кейбір адамдардың өз міндеттерін орындаудан басын алып қашатындығынан болады», деп түсіндіреді. Ол байлардың филонтропиясына қарсы шығып, қиянатшыл, алдамшы байлардың қара халықтың еңбегін пайдалану әрекеттерін сынға алған. Толстой бойынша, сенімге, үміткеие болу, яғни еңбек ету дегенді білдіреді. Тіпте осы сөзін дәлелдеу үшін ол үлкен жасына қарамастан, ауыр қара еңбекті өзбетінші орындайтын. Ол күніне сегіз сағат жұмыс істеп,етікші де, шаруа да болды. Бірақ қара жұмыс оның керемет интеллектуалдық еңбегін бәсендетпеді. Дәл осы кезде Толстой өзінің ең керемет кітаптарының бірін жазады. Оның «Өнер дегеніміз не?» деген кітабы ең сүйікті шығармасына айналады.

Адамның әлсіздіктеріне қолдау көрсететін вирусымен жараланған әдебиеттер батыстан ене бастағанда, Толстойдың өмірлік ұстанымы біздің жастарымызға, елімізге және бүкіл әлемге нағыз еркіндіктің үлгісі болар еді.

  • Толстойдың бүкіл өмірі нені іздестірумен байланысты болды?

  • Әр адамның «нағыз еркіндігін» қалай түсінесіндер?

  • Рухани кемелдену жолында идеалға қол жеткізу неліктен қиынға соғады?

  • Өз өмірлеріңнен қиянат жасамаумен байланысты мысалдарды келтіріп, сипаттаңдар.