- •Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын әңгімелер, ертегілер, оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірбаяны
- •1.1.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бір баланың оқиғасы4
- •1.1.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Елтаңба
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Қажымұқан палуан
- •Абай мен Әбіш
- •Қадыр Мырзалиев
- •Екі батыр
- •Тұманбай Молдағалиев
- •Абай Құнанбайұлы
- •Адал достық
- •Адалдық
- •Алтын шеттеуік
- •Жалқаулық пен Қиыншылық
- •Парасат
- •Бір минут
- •1.1.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
- •Жамандық неден болады?
- •Б ақыт, Байлық, Ақыл
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Өсімдіктер мен кемпірқосақ
- •Білім мен байлық
- •Ең үлкен байлық
- •1.1.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Жүсіпбек аймауытов
- •Сұлтанмахмұт торайғыров
- •Ыбырай жақаев
- •Кезек сенікі, келер ұрпақ20
- •Бауыржан Момышұлы естеліктерінде Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеттерінен үзінділер21
- •Бауыржан момышұлы
- •Адам не үшін өмір сүреді22
- •Қизатов жәлел
- •Сталинградтағы жеңіс
- •Бақыт туралы тұжырымдар25
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •1.2.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығы бойынша ертегілер, оқиғалар және әңгімелер
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы
- •Емен жаңғағы
- •Күн мен түннің жермен достығы
- •Ата насихаты
- •Адал дос
- •Бақша ағаштары
- •Ананың асыл арманы
- •Әкеден қалған мұра
- •Құмырсқа мен көгершін
- •Шынайы сүйіспеншілік
- •1.2.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Жақсы көретініңізді айтыңыз
- •Д остық
- •Асанның есебі
- •Сары тауық пен балапандары
- •Кімнің жұмысы?
- •Ана қиялы
- •Отбасы татулығы
- •1.2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Риясыз сүйіңдер
- •Лев Николаевич Толстой34
- •Жамандық бар ма?35
- •А льберт швейцер36
- •Дұрыс әрекет
- •1.3.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.3.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар иван крылов
- •Шегіртке мен құмырсқа
- •Дөңгелек
- •Сиқырлы жүзік
- •Әмір Кейқауыстың«Қабуснамасынан»
- •Мен қандай боламын?
- •Әділеттілік
- •Құлпынай мен шие
- •Үзілген гүл
- •Байлық пен ақыл
- •Ойыншықтар достығы
- •Кішкентай тас пен құмырсқа
- •Жақсылықмәнгі ұмытылмайды
- •Не жақсы? Не жаман?
- •Нежаман?
- •Достық алмасы
- •Әке мен бала
- •Нағыз адам
- •Екі балапан
- •Ұлу мен құмырсқалар
- •Күн құшағында
- •Төгілген қаймақ
- •Жақсылық
- •Үш жолдас
- •Бақтағы бақылау
- •Әдептілік
- •Ақ бидай
- •Түскі тамақ пен кешкі тамақ
- •Сәулет пен Дәулет
- •Атасының ақылы
- •Жұлдыздар
- •Құмырсқа
- •Бір жұлдызды құтқару
- •Табылған ақыл
- •Қамқорлық
- •Ізетті бала
- •Қайырымдылық
- •Жердің шаңы
- •Сиқырлы сөз
- •Жақсылық
- •Адалдық
- •1.3.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Елеместің адамгершілігі
- •Түлкі мен отыншы
- •Ұстаз бен шәкірт
- •1.3.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Конфуций42
- •Адамдарға қызмет ету43
- •Дінмұхамед ахметұлы қонаев
- •Бәрімізге үлгі болды44
- •Қырымдағы оқиғалар45
- •Ішкі тыныштық
- •1.4.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.4.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Қазақстан халықтары ассамблеясы
- •Ақылды қоян
- •Бала Бұлбұл
- •Ақ раушан мен қызыл раушан
- •Ханшайым мен Күлше қыз
- •Ынтымақ
- •Сүйкімді Ботагөз
- •Жамандық неден болады?
- •Әнет баба мен Қазыбек би
- •Талшыбық пен алып ағаш
- •Жақсы менжаман
- •Жалқаудың ісі бітпес
- •1.4.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Бетін күнге бұрған, көлеңкені көрмейді
- •Нан созған қолды қайтарған әке
- •Кедейшілік
- •1.4.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Өмірден алынған оқиға54: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин
- •Қиянат жасамау
- •1.5.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.5.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Терек пен алма ағашы
- •Әшекей қыз
- •Торғай мен адам
- •Бақытсыз бай
- •Әдепті бала
- •Ғажайып үй
- •Қоңыр қаз бен Қарауыз
- •Франклин бенджамин
- •Қарттың ақылы
- •Сөз салмағы
- •Таскене мен түлкі
- •Арыстан мен тышқан
- •Маса мен бал арасы
- •Айлакер өтірікші
- •Үзілген гүл
- •Талшыбық
- •Қайыңның көз жасы
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Жарлы мен бай
- •Жанашыр
- •Патша және жер қазушы
- •Түймедағы
- •Қарлығаш пен шөже торғай
- •1.5.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Аманат аман сақтайды
- •Балықшы
- •Хан мен құмырсқалар
- •Арыстан, қасқыр және түлкі
- •Сені бағалағанды сен де бағала
- •Қызғаныштың кесірі
- •1.5.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Панчатантра62
- •Лев Николаевич Толстой қиянат жасамау ілімі туралы63
- •Махатма ганди
- •Махатма Гандидің естелігінен«Менің Толстойым» 64
- •Қиянат жасамаудың күші65
- •Альберт эйнштейн66
- •Альберт Энштейн қиянат жасамау туралы, біз туралы, әлем туралы67
- •Іі том. Өсиет әңгімелер
- •2.1 Өзін-өзі тану сабақтарындағы өсиет әңгімелер (мұғалімге арналған жадынама)
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қанатты барыс туралы аңыз
- •Жақсылардың жақсысы
- •Ар, Ұят, Намыс
- •Кім бақыттырақ
- •Төле баланың төрелігі
- •Шыншыл бала
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •Үш ағайынды жігіт
- •Отбасы татулығы
- •Күн мен Желдің дауы
- •Бала тілегі
- •Дұрыс әрекет
- •Алтын балта
- •Піл мен маймыл
- •Ақылды егінші
- •Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.
- •Қараторғай
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Ішкі тыныштық
- •Бақ, Дәулет және Аман
- •Жақсылық пен жамандық
- •Қиянат жасамау
- •Сабыр суы
- •2.3 Орта буын оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қайықшы туралы өсиет әңгіме
- •Қабылдау туралы өсиет әңгіме
- •Еңбек пен рухани білім туралы
- •Күректің сабы
- •Патша мен жейде
- •Патша мен тырна
- •Даналық дәндері
- •Бәрі алдыда
- •Қараңғы мен жарық69
- •Шіркін,келтедүние-ай!..70
- •Өмір сабағынан қашып құтыла алмайсың71
- •Алма ағашы73
- •Cүйіспеншілік Достар мен дұшпандар
- •Ағайындылар
- •Бірден-бір Сұлулық76
- •Дұрыс әрекет Саздан жасалған қыш құмыралар
- •Князьдің қылықтары
- •Кімді көбірек бағалайды?
- •Шығыс ұлына хат80
- •Атасының баласы81
- •Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл83
- •Жолаушы84
- •Ішкі тыныштық Кім бақыттырақ
- •Саудагер мен ғалым
- •Болар болмас нәрсе
- •Адамгершілік86
- •Ізгілік,Махаббат,Мейірім88
- •Жылы сөзді ұмытпа89
- •Қардан жасалған гүл90
- •Күй ғұмыры... Мәңгілік91
- •Құстар неге сөйлей алмайды?92
- •Қиянат жасамау Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
- •Әділ бала
- •Шеге туралы нақыл сөз
- •Табиғатты аялайық!93
- •Жүрегіңнің отын сөндірме94
- •Түлкі, тасбақа және кене95
- •Отыз жұмыртқа96
- •Әр нәрсе тегіне тартады97
- •Ханның ісі қараға түседі ме?98
- •Жер ана туралы мысал99
- •Қаншайым мен жеті өнерпаз100
- •Даңқжайлытолған сақ101
- •Ауылдыбілесіңбе?102
- •2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Ақиқат туралы өсиет әңгіме103
- •Біртұтастықты тани біл104
- •Ақиқатқа құмарту105
- •Абсолюттіұғыну106
- •Ақылды әке туралы өсиет әңгіме107
- •Бақытты жігіт туралы өсиет әңгіме108
- •Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме109
- •Сүйіспеншілік Сүйіспеншілік110
- •Сүйіспеншілікке тола жүрек туралы тәмсіл111
- •Отбасы менсүйіспеншілік туралы өсиет әңгіме112
- •Сүйіспеншіліктің күші туралы113
- •Өмірде Сүйіспеншілік маңызды 114
- •Бақыттың құны туралы тәмсіл115
- •Уақытыңды сатып алсам боладыма?117
- •Дұрыс әрекет
- •Риясыздық туралы өсиет әңгіме 119
- •Асығыстық жасамаңыз!120
- •Екі әке туралы өсиет әңгіме121
- •Мәртебеліеркек (Изюньизы) конфуцийлік дәстүрдің нышаны ретінде122
- •Әке туралы өсиет әңгіме123
- •Сабақ алу124
- •Жүректің раушангүлі туралы өсиет әңгіме125
- •Сұлтан және данышпан126
- •Жауапкершілік жүгі128
- •Алғысты дәмету129
- •Өміріміздегі 1 мен 0-дер130
- •Талшын ағашы132
- •Мейірімді және иғтибарлыбол!133
- •Өсиет134
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы135
- •Ішкі тыныштық
- •Ішкітыныштық136
- •Ішкітыныштық137
- •Тыныштық туралы өсиет әңгіме138
- •Ұят туралы өсиет әңгіме139
- •Маймыл мен шахматтар140
- •Сезімдер мен қызығушылықтарды басқару141
- •Кемелденгенадам143
- •Қиянатжасамау Көбелектен алған сабақ145
- •Жарылқаушылық туралы тәмсіл146
- •Адам мен құс туралы өсиет әңгіме147
- •Үнді өсиет әңгімесі: Әулие және жылан 148
- •Әділет өлмейді150
- •Әдебиеттер тізімі
- •Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия
Ойыншықтар достығы
Ертеде бір әдемі қуыршақ болыпты. Қуыршақ өз әдемілігінемасаттанып, басқа ойыншықтармен ойнамапты. Мақпал Қонжық, Көжек, Маймыл, Қодық Қуыршақты бірнеше рет ойнауға шақырды. Бірақ тәкәппар Қуыршақ әрқашан олармен ойнаудан бас тартатын болыпты.
Бір күні әлгі Қуыршақ терезе алдындағы айнадан өзінің сұлулығына сүйсіне қарап отырады.Аяқ астынан қатты жел соғып,терезе ашылып кетеді.Қуыршақ еденге құлайды.Оның әдемі көйлегі жыртылып, шашы ұйысып,жылағаннан беті айғызданып қалады.Қуыршақ қатты жылайды.Оны байқаған басқа ойыншықтарҚуыршақты аяп кетеді.Маймыл Қуыршақтың жыртылған көйлегін әдібін білдірмей тігіп береді.Көжек шашын сәндейді.Мақпал Қонжық басынан сипап,оны жұбатады,ал Қодық Қуыршақтың жерден көтеріліп орындыққа отыруына көмектеседі.
Қуыршақ өз-өзін айнадан көріп танымай қалды-ол бұрынғысынанда ажарлана түскендей.Олөз қатесін түсінеді.Доссыз өмірдің қызық емес екенін ұғады.Осы жағдайдан кейін Қуыршақ сұлулығына мақтанбайтын болыпты.Менмендігін ұмытыпты.Ол бәрінеендігі жерде Мақпал Қонжық, Көжек, Маймыл,Қодық сынды достары барын қуана айтып жүрді.
Қуыршақ өз қылықтарының дұрыс еместігіндостарының қандай әрекеттерінен түсінді?
Қуыршаққа қандай кеңес берер едіңдер?
Достарыңмен бірге жасаған дұрыс әрекеттеріңді айтып беріңдер.
Кішкентай тас пен құмырсқа
Ертегі
Ол - ұшы қиыры көрінбей, көкжиекпен ұштасқан алып теңіздің жағасындағы кішкене ғана тас бөлшегі еді. Балалармен ойнағанды қатты ұнататын. Әсіресеосы кішкентай достары оны теңізге лақтырып ойнаған кезде қалай қуанатынын білсеңдер ғой! Оған күні бойы самсыған күн астында жату оңай еместі, әрине. Теңізге шөлп етіп түсумен денесін әсем бір салқындық қаптап, жылдамдатып су түбіне шөгеді. Керемет көңіл-күйге бөленіп, балық және шаяндармен ойнап көңіл сергітетін.
Бірақ көп ұзамай қайта теңіз жағасы мен балаларды сағына бастайды. Толқындардың көтеріп, қайта жағаға алып шығуын күтуден басқа амалы жоқ болатын. Негізінде оның балалардан басқа жақындары жоқ еді.
Мыңдаған жыл бұрын таудан опырылып, ірілі-ұсақ достарымен жағаға домалап түскен болатын. Әу баста үлкен тау болып, кейін ұсақталып кішкентай тас бөлшегіне айналғанына қатты ренжитін. Бірақ одан да жаманы, уақыт өткен сайын айналасындағы тастардың да мүжіліп, майдалануы еді. Өзінде де өзгерістер пайда болғанын байқады. Әуелде жұдырықтай қыңыр-қисық тас еді. Ал қазір бұрыштары домаланып тегістелген. Бұрынғыдан әлдеқайда әдемірек көрінетін болды, бірақ әйтсе де қуанар емес. Өйткені қатты жүдеп кеткен еді.
Осылай жалғаса беретін болса мен түбегейлі жойылып кетемін, - деп уайымдайтын. Бұл жағдайына қайғыратыны соншалық, айналасындағыларға мұңын шаға бастады.
Оның бұл шағымын естіген құмырсқалардың бірі: «Ренжіген нәрсесіне қара! Кім айтты жойылып кетесің деп? Керісінше барлығы сені бұрынғыдан да қатты жақсы көретін болады, -дейді.
Кішкентай тас бұған сенбейді:
Мен олай ойламаймын! Балалар мені көре алмаса қалайша жақсы көреді, - дейді жылаған дауыспен.
Құмырсқа:
- Сені қалай көре алмайды? Әрине көреді! Тек атың ғана өзгереді.
- Атың өзгереді деймісің? Кім өзгертеді атымды? Жаңа атым қандай болады?
- Кішірейіп, кішірейіп соңында тозаңдай болып майдаланасың. Сенен бұрын өткен достарың сияқты, сенің де атың топырақ болады. Кейін сені тек балалар ғана емес, барлығы жақсы көретін болады. Өйткені бүкіл жанды заттардың өмір сүруіне көмекші боласың.
- Топырақ дейсің бе? Жаман ат емес сияқты. Бірақ сонда да бір түсінбегенім, басқалардыңөмір сүруіне қалай көмектесемін?
Құмырсқа күліп:
Топырақтың қадірі, құндылығы соншалық, оның пайдаларын санаумен бітіре алмаймыз. Мысалы, бүкіл жануарлар мен адамдардың тамақтары, жемістері топырақта жетіледі. Сондай-ақ майда құрт-құмырсқалар ұяларын топырақтың астына салады. Топырақ арқылы қорғанып, жайбарақат азықтанады.
Кішкентай тас бұдан былай жаңа достар табатынына көз жеткізіп және оларға пайдалы болатынына қатты қуанып, ішіндегі қайғыдан құтылады. Ұзақ уақыттар өтіп ұсақталып, өзі сияқты майда топырақтар арасына еніп, араласып кетеді. Бұдан былай оның шағымын ешкім естімейтін болды.
Топырақтың тіршілік иелеріне беретін пайдасы қандай?
Сендер қоршаған орта мен адамдарға қандай пайдалы істер жасап жүрсіңдер?
Достарыңмен бірге жасаған дұрыс әрекеттерің туралы әңгімелеп беріңдер.
Әдеп
Т.Қажыбаев
Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты үйде тұрады. Екеуі де екінші сыныпта оқиды. Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір. Бүгін автобустың алдындағы орындығына жайғасқан екеуі мектепке келе жатты. Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді. Аян әжейдіңқасына келіп:
Әже, мына орынға отырыңыз, - деді.
Арман болса қарт адамды көрмегенсіп, автобус терезесін өрнектеген қыраудысаусағымен шимайлап, теріс қараған күйі отыра берді. Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып, түсуге ыңғайланды да, сөмкесінен екі алма алып, Аянға ұсынды.
Мә, қалқам, ала ғой.
О, не дегеніңіз, рахмет, әже!
Алманы орының үшін беріп тұрғаным жоқ. Әдептілігіңе сүйсінген алғысымғой, - деді
әжей Аянға күлімдеп қарап.
Аян мен Арман автобустан түсіп, мектепке бет алды. Аян алманы жеп келе жатып, төңірегіне көңілдене қарайды. Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса, тұтас жеп қоюға қысылып келеді.
Арман не себептен қысылып келе жатыр?
Сендердің өмірлеріңде осындай жағдайлар болды ма?
Өздеріңнің әдептіліктерің туралы айтып беріңдерші.
