- •Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын әңгімелер, ертегілер, оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірбаяны
- •1.1.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бір баланың оқиғасы4
- •1.1.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Елтаңба
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Қажымұқан палуан
- •Абай мен Әбіш
- •Қадыр Мырзалиев
- •Екі батыр
- •Тұманбай Молдағалиев
- •Абай Құнанбайұлы
- •Адал достық
- •Адалдық
- •Алтын шеттеуік
- •Жалқаулық пен Қиыншылық
- •Парасат
- •Бір минут
- •1.1.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
- •Жамандық неден болады?
- •Б ақыт, Байлық, Ақыл
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Өсімдіктер мен кемпірқосақ
- •Білім мен байлық
- •Ең үлкен байлық
- •1.1.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Жүсіпбек аймауытов
- •Сұлтанмахмұт торайғыров
- •Ыбырай жақаев
- •Кезек сенікі, келер ұрпақ20
- •Бауыржан Момышұлы естеліктерінде Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеттерінен үзінділер21
- •Бауыржан момышұлы
- •Адам не үшін өмір сүреді22
- •Қизатов жәлел
- •Сталинградтағы жеңіс
- •Бақыт туралы тұжырымдар25
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •1.2.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығы бойынша ертегілер, оқиғалар және әңгімелер
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы
- •Емен жаңғағы
- •Күн мен түннің жермен достығы
- •Ата насихаты
- •Адал дос
- •Бақша ағаштары
- •Ананың асыл арманы
- •Әкеден қалған мұра
- •Құмырсқа мен көгершін
- •Шынайы сүйіспеншілік
- •1.2.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Жақсы көретініңізді айтыңыз
- •Д остық
- •Асанның есебі
- •Сары тауық пен балапандары
- •Кімнің жұмысы?
- •Ана қиялы
- •Отбасы татулығы
- •1.2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Риясыз сүйіңдер
- •Лев Николаевич Толстой34
- •Жамандық бар ма?35
- •А льберт швейцер36
- •Дұрыс әрекет
- •1.3.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.3.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар иван крылов
- •Шегіртке мен құмырсқа
- •Дөңгелек
- •Сиқырлы жүзік
- •Әмір Кейқауыстың«Қабуснамасынан»
- •Мен қандай боламын?
- •Әділеттілік
- •Құлпынай мен шие
- •Үзілген гүл
- •Байлық пен ақыл
- •Ойыншықтар достығы
- •Кішкентай тас пен құмырсқа
- •Жақсылықмәнгі ұмытылмайды
- •Не жақсы? Не жаман?
- •Нежаман?
- •Достық алмасы
- •Әке мен бала
- •Нағыз адам
- •Екі балапан
- •Ұлу мен құмырсқалар
- •Күн құшағында
- •Төгілген қаймақ
- •Жақсылық
- •Үш жолдас
- •Бақтағы бақылау
- •Әдептілік
- •Ақ бидай
- •Түскі тамақ пен кешкі тамақ
- •Сәулет пен Дәулет
- •Атасының ақылы
- •Жұлдыздар
- •Құмырсқа
- •Бір жұлдызды құтқару
- •Табылған ақыл
- •Қамқорлық
- •Ізетті бала
- •Қайырымдылық
- •Жердің шаңы
- •Сиқырлы сөз
- •Жақсылық
- •Адалдық
- •1.3.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Елеместің адамгершілігі
- •Түлкі мен отыншы
- •Ұстаз бен шәкірт
- •1.3.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Конфуций42
- •Адамдарға қызмет ету43
- •Дінмұхамед ахметұлы қонаев
- •Бәрімізге үлгі болды44
- •Қырымдағы оқиғалар45
- •Ішкі тыныштық
- •1.4.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.4.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Қазақстан халықтары ассамблеясы
- •Ақылды қоян
- •Бала Бұлбұл
- •Ақ раушан мен қызыл раушан
- •Ханшайым мен Күлше қыз
- •Ынтымақ
- •Сүйкімді Ботагөз
- •Жамандық неден болады?
- •Әнет баба мен Қазыбек би
- •Талшыбық пен алып ағаш
- •Жақсы менжаман
- •Жалқаудың ісі бітпес
- •1.4.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Бетін күнге бұрған, көлеңкені көрмейді
- •Нан созған қолды қайтарған әке
- •Кедейшілік
- •1.4.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Өмірден алынған оқиға54: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин
- •Қиянат жасамау
- •1.5.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.5.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Терек пен алма ағашы
- •Әшекей қыз
- •Торғай мен адам
- •Бақытсыз бай
- •Әдепті бала
- •Ғажайып үй
- •Қоңыр қаз бен Қарауыз
- •Франклин бенджамин
- •Қарттың ақылы
- •Сөз салмағы
- •Таскене мен түлкі
- •Арыстан мен тышқан
- •Маса мен бал арасы
- •Айлакер өтірікші
- •Үзілген гүл
- •Талшыбық
- •Қайыңның көз жасы
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Жарлы мен бай
- •Жанашыр
- •Патша және жер қазушы
- •Түймедағы
- •Қарлығаш пен шөже торғай
- •1.5.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Аманат аман сақтайды
- •Балықшы
- •Хан мен құмырсқалар
- •Арыстан, қасқыр және түлкі
- •Сені бағалағанды сен де бағала
- •Қызғаныштың кесірі
- •1.5.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Панчатантра62
- •Лев Николаевич Толстой қиянат жасамау ілімі туралы63
- •Махатма ганди
- •Махатма Гандидің естелігінен«Менің Толстойым» 64
- •Қиянат жасамаудың күші65
- •Альберт эйнштейн66
- •Альберт Энштейн қиянат жасамау туралы, біз туралы, әлем туралы67
- •Іі том. Өсиет әңгімелер
- •2.1 Өзін-өзі тану сабақтарындағы өсиет әңгімелер (мұғалімге арналған жадынама)
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қанатты барыс туралы аңыз
- •Жақсылардың жақсысы
- •Ар, Ұят, Намыс
- •Кім бақыттырақ
- •Төле баланың төрелігі
- •Шыншыл бала
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •Үш ағайынды жігіт
- •Отбасы татулығы
- •Күн мен Желдің дауы
- •Бала тілегі
- •Дұрыс әрекет
- •Алтын балта
- •Піл мен маймыл
- •Ақылды егінші
- •Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.
- •Қараторғай
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Ішкі тыныштық
- •Бақ, Дәулет және Аман
- •Жақсылық пен жамандық
- •Қиянат жасамау
- •Сабыр суы
- •2.3 Орта буын оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қайықшы туралы өсиет әңгіме
- •Қабылдау туралы өсиет әңгіме
- •Еңбек пен рухани білім туралы
- •Күректің сабы
- •Патша мен жейде
- •Патша мен тырна
- •Даналық дәндері
- •Бәрі алдыда
- •Қараңғы мен жарық69
- •Шіркін,келтедүние-ай!..70
- •Өмір сабағынан қашып құтыла алмайсың71
- •Алма ағашы73
- •Cүйіспеншілік Достар мен дұшпандар
- •Ағайындылар
- •Бірден-бір Сұлулық76
- •Дұрыс әрекет Саздан жасалған қыш құмыралар
- •Князьдің қылықтары
- •Кімді көбірек бағалайды?
- •Шығыс ұлына хат80
- •Атасының баласы81
- •Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл83
- •Жолаушы84
- •Ішкі тыныштық Кім бақыттырақ
- •Саудагер мен ғалым
- •Болар болмас нәрсе
- •Адамгершілік86
- •Ізгілік,Махаббат,Мейірім88
- •Жылы сөзді ұмытпа89
- •Қардан жасалған гүл90
- •Күй ғұмыры... Мәңгілік91
- •Құстар неге сөйлей алмайды?92
- •Қиянат жасамау Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
- •Әділ бала
- •Шеге туралы нақыл сөз
- •Табиғатты аялайық!93
- •Жүрегіңнің отын сөндірме94
- •Түлкі, тасбақа және кене95
- •Отыз жұмыртқа96
- •Әр нәрсе тегіне тартады97
- •Ханның ісі қараға түседі ме?98
- •Жер ана туралы мысал99
- •Қаншайым мен жеті өнерпаз100
- •Даңқжайлытолған сақ101
- •Ауылдыбілесіңбе?102
- •2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Ақиқат туралы өсиет әңгіме103
- •Біртұтастықты тани біл104
- •Ақиқатқа құмарту105
- •Абсолюттіұғыну106
- •Ақылды әке туралы өсиет әңгіме107
- •Бақытты жігіт туралы өсиет әңгіме108
- •Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме109
- •Сүйіспеншілік Сүйіспеншілік110
- •Сүйіспеншілікке тола жүрек туралы тәмсіл111
- •Отбасы менсүйіспеншілік туралы өсиет әңгіме112
- •Сүйіспеншіліктің күші туралы113
- •Өмірде Сүйіспеншілік маңызды 114
- •Бақыттың құны туралы тәмсіл115
- •Уақытыңды сатып алсам боладыма?117
- •Дұрыс әрекет
- •Риясыздық туралы өсиет әңгіме 119
- •Асығыстық жасамаңыз!120
- •Екі әке туралы өсиет әңгіме121
- •Мәртебеліеркек (Изюньизы) конфуцийлік дәстүрдің нышаны ретінде122
- •Әке туралы өсиет әңгіме123
- •Сабақ алу124
- •Жүректің раушангүлі туралы өсиет әңгіме125
- •Сұлтан және данышпан126
- •Жауапкершілік жүгі128
- •Алғысты дәмету129
- •Өміріміздегі 1 мен 0-дер130
- •Талшын ағашы132
- •Мейірімді және иғтибарлыбол!133
- •Өсиет134
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы135
- •Ішкі тыныштық
- •Ішкітыныштық136
- •Ішкітыныштық137
- •Тыныштық туралы өсиет әңгіме138
- •Ұят туралы өсиет әңгіме139
- •Маймыл мен шахматтар140
- •Сезімдер мен қызығушылықтарды басқару141
- •Кемелденгенадам143
- •Қиянатжасамау Көбелектен алған сабақ145
- •Жарылқаушылық туралы тәмсіл146
- •Адам мен құс туралы өсиет әңгіме147
- •Үнді өсиет әңгімесі: Әулие және жылан 148
- •Әділет өлмейді150
- •Әдебиеттер тізімі
- •Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия
1.1.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Елтаңба
Ғ.Момынәлиева
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасында көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Ол –елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы – отбасы ошағын бейнелейді.
Шаңырақты айнала уықтар шаншылған. Олар күн сәулесіндей жарқырайды. Екі жағын аңыз ертегілеріндегі пырақтардың қанаттары көмкеріп тұр.
Қанатты пырақ – мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығын көрсетеді. Болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, биікке самғау талабы.
Елтаңбаның маңдайшасында бес бұрышты жұлдыз бар. Ол – мемлекетіміздің жарық жұлдызы. Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.
Төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңдік бейнесі – алтын және көгілдір түсті.
Елтаңбаның авторлары, сәулетшілер – Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.
Неге шаңырақелтаңбаның жүрегі іспеттес етіп салынған деп ойлайсыңдар?
Халқымыздың «Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл сөзін қалай түсіндіңдер?
Еліміздің дамуына қандай іс-әрекеттеріңіз арқылы өз үлестеріңізді қосып жүрсіңдер? Ойланып, ой бөлісейік.
Шәкәрім Құдайбердиев
(1858 - 1931)
Р
.Тұрысбек
Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында өмірге келген. Әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған.
Шәкәрім Абайдың немере інісі болғандықтан тәлім, тәрбиені мол алған. Ұлттың дәстүр-өнегесін көріп өскен. Әкесі өмірден өткен соң Шәкәрім Құнанбайдың тәрбиесінде болады. Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас кезінен өз бетінше ізденген.
Бірнеше тілді (араб, түркі, парсы, орыс) еркін меңгерген. 1905-1906 жылдары Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. Стамбул кітапханасында болып, ежелгі әдеби, тарихи мұраларға назар аударған.
Шәкәрім өлең-поэмаларымен елге танымал болды. Ол өлеңді өнер деп танып, оған биік талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», «Қазақ айнасы» өлеңдерінде, «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» поэмаларында, «Бәйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» сынды шығармаларында адамның өмірі мен еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады.
Ақылды сол - нысап пен ар сақтайды,
Арсыз сол - арамдықпен жан сақтайды.
Адал сол - таза еңбекпен күнін көріп,
Жаны үшін адамшылық ар сатпайды".
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әділ жеңбес.
Адамның ең асылы,
Қиянатсыз ақ бейіл.
Ең зиянкес жасығы,
Тайғақ мінез екі сөз.
Сөз мінезі құбылса,
Ар-иманы жоқ деп біл.
Аулақта жемтік сыдырса,
Оны ойыңмен айуан қыл.
«Ар-ұждан» деген ұғымды қалай түсінесіңдер?
«Адам» деген атқа лайық болу үшін қандай қасиеттерді дамытукерек?Түсіндіріп беріңдер.
Адам бойындағы қандай қасиеттерді бағалайсыңдар?Неліктен?
Қажымұқан палуан
(1871 – 1948)
Қ
ажымұқан
Мұнайтпасов – әлемдік аренаға шыққан
қазақтың тұңғыш палуаны, дүниежүзінің
бірнеше дүркін жүлдегері.
Қажымұқан он төрт жасында саудагер байға жалшы болады. Қыс мезгілі. Бірде бай оны атшанамен шөп алып кел деп жұмсайды. Қайтар жолда қар жауып, ат шананы тарта алмай зорығып өледі. Қажымұқан ойланбастан атты шөптің үстіне лақтырып тастап, шананы атымен бірге өзі сүйреп алып келеді.
Қажымұқан күрес өнерін өзінің туысы Ержақ палуаннан үйренеді. Кейін Санкт – Петербургтегі атақты Лебедевтің палуандар мектебінде әбден шыңдалып толысады. Осы кезде даңқы жер жарған Иван Поддубныймен достасады. Алекс Аберг, Збышко Цыганевич, Иван Шемякин сияқты орыс-поляк және Қара Ахмет, Мұстафа аттытүрік палуандарын жеңіп, әлемге аты әйгілі болады. Жапон палуаны Саракаки Жиндофуды «джию-джитсу» күресі әдісімен жығады. 1917 жылғы Қазан төңкерісінен соң Қажымұқан туған елі Қазақстанға оралады.
Ел-жұртты аралап әр-түрлі ойындар көрсетеді. Ұлы Отан соғысы жылдарында қартайғанына қарамастан, палуандардың ойындарын өткізіп, жинаған ақшасына ұшақ жасатты. Оған ұшқыш Б.Шалабаев ие болып, талай ерліктер көрсеткен.
Қазір Шымкент облысы, Темірлан ауылында Қажымұқанның мұражайы бар.
Қажымұқан атамыздың бойынан қандай ізгі қасиеттерді байқадыңдар?
Палуан болу үшін адамға тек дене күшінің болуыжеткілікті ме? Неліктен?
Қандай адамдардың бойындағы ізгі қасиеттерді үлгі тұтасыңдар?
Өз бойларыңыздағы ізгі қасиеттерді қандай дұрыс әрекеттер арқылы дамытып жүрсіңдер? Әңгімелеп беріңдер.
