Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
зін-зі тану маліміне арналан хрестоматия I ТОМ СИЕТ ГІМЕЛЕР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.92 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

«БӨБЕК» ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ,

БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

АДАМНЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫ ИНСТИТУТЫ

МӨЛДІР БҰЛАҚТАН

Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған

хрестоматия

I ТОМ

ӨСИЕТ ӘҢГІМЕЛЕР

А лматы, 2015

Құрметті әріптестер!

Сіздерге өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналып, оқулыққа қосымша ретінде дайындалған «Мөлдір бұлақтан» хрестоматиясын ұсынып отырмыз. Хрестоматияда жалпыадамзаттық құндылықтарға негізделген, адам өмірінің мағынасын ашатын ертегілер, оқиғалар мен өсиет әңгімелер жинақталған. Адамзат баласы әлмисақтан халық ауыз әдебиетінің жауһар дүниелерін ұрпақ тәрбиелеуде кеңінен пайдаланған.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы Сара Алпысқызы: «Адами құндылықтар дегеніміз не? Ақиқат, Шыншылдық, Бейбітшілік, Махаббат және Зорлықсыз әрекет – бұл құндылықтар адамға тумысынан-ақ беріліп қойылған. Олар адамның табиғаттан қанында бар нәрсе. Адами құндылықтарды шынайы оқыту дегеніміз бұлқағидалар практикада, күнделіктіөмірде қолданылады дегенді білдіреді» -деп тереңнен ойқозғайды.1

Осы тұрғыдан алғанда әдістемелік құралды пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері өзінің педагогикалық іс-әрекетінде қолдана алады. Сонымен бірге, балаларға ғажайып ертегілер оқып, оларды адамзаттың рухани ұстаздарының өмірлерімен таныстырып, рухани-адамгершілік тәрбие беруде ата-аналарға мол мүмкіндік береді.

Педагогтар осы материалдардыәдістемелік ұсыныстарға сәйкес қолдана алуы үшін төмендегідей талаптарды орындауы тиіс:

  • ертегілерді, оқиғалар мен өсиет әңгімелерді сабақтың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес таңдау;

  • мазмұнын мәнерлеп, әсерлі әңгімелеу;

  • жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындау мақсатында рухани-адамгершілік әңгімелесуді ұйымдастыру үшін сұрақтарды қоя білу.

  • Мәтіннің мазмұны бойынша қойылатын сұрақтарды мұғалім өзі қоюға тиіс. Ал жалпыадамзаттық құндылықтарды айқындайтын және оқушылардың рухани-адамгершілік білімін іс жүзінде қолдануға бағыттайтын сұрақтарды авторлар ұсынып отыр.

Хрестоматиябастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру жүйесіне арналған 2 томнан тұрады. Материалдар 5 құндылық бойынша жүйеленген: Ақиқат, Риясыз сүйіспеншілік, Дұрыс әрекет, Ішкі тыныштық, Қиянат жасамау. Хрестоматияда әр құндылықтың мәнің ашу үшін әдістемелік ұсыныстар берілген.

Өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік білім беру жолында риясыз қызмет ететін барша қауымға табыс тілейміз.

Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын әңгімелер, ертегілер, оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірбаяны

АҚИҚАТ

1.1.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар

Хрестоматиядағы ұсынылған материал оқушының рухани-адамгершілік дамуына, оны жүректі адам ретінде тәрбиелеуге ықпалын тигізеді. Рухани «Менін» айқындау негізіндегі оқушының рухани-адамгершілік дамуы өмір бойына жалғасып, оның өзіндік белсенді аймағы болып табылады. Оқушының өз ар-ұждан дауысын тыңдауы оның рухани-адамгершілік дамуының қажетті шарты болып табылады. Басқа адам (ата-ана, мұғалім, құрдас және т.б.) оған рухани «Менін» танып, мойындауға, яғниақиқатты ұғынуға көмекші болады. Ақиқатты ұғыну нәтижесінде адам бақытты болады.

Осыған орай, Сократтыңпікірі бойыншаадамның бақыты рухани жетілу үдерісімен байланысты. Ол бақытты адамның мәнін оның рухани өмірінің көрінісі ретінде, ал адамның жанын «ұғынуға, ойлау белсенділігін атқаруға, ар-ұжданға бағынып, мейірімді болуға қабілеттілік» ретінде қарастырған2, яғни адамның жаны үлкен сүйіспеншілік энергиясын, рухани кемелдену жолында үлкен еңбектіқажет етеді.«Өзін-өзі тану» арқылы адам рухани кемелдену жолына түсетініне Сократ сенімді болған. Сондықтанда, адамгершілік өмірдің мәні үнемі өзін-өзі танудың үздіксіз үдерісімен түсіндіріледі.

Өзін-өзі тану үдерісін жүзеге асыруға Сократтың диалогы немесе ақиқатты бірлесіп іздестірудегі диалектикалық әдіскөмектеседі. Педагогикалық іс-әрекетте Сократтың әдісін қолдана отырып, оның негізгі мақсаты ақиқатты тану болып табылатынын ұғындық. Осыған орай,біз рухани-адамгершілік кемелденуді ақиқатты тану үшін өзіне қарай бағытталатын жанның тәжірибесі деп түсіндіреміз.

Бұл хрестоматияда оқушылардың бойынан ақиқатты айқындауға, олардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес адамгершілік қасиеттерін дамытуға көмектесетін ертегілер, оқиғалар мен өсиет әңгімелер топтастырылған. Мектептік жастық шақ - рухани-адамгершілік даму үшін қолайлы кезең. Оның жетіспеушілігін біраз уақыт өткен соң қалпына келтіруге өте қиын. Осыған байланысты, өсиет әңгімелердің мазмұны арқылы оқушылардың бойынан ақиқатты айқындау бойынша әдістемелік ұсыныстарда біз мектептегі оқытудың үш баспалдағындағы оқушылардың рухани-адамгершілік дамуының ерекшеліктерін ашып, қарастырамыз.

Бастауыш сынып жасындағы кезең(6-10 жас аралығы)рухани-адамгершілік даму үшін өте қолайлы. Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ересек адамның (мұғалімнің балаларға деген қатынасының) үлгісі үлкен маңыздылыққа ие.Балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, сөйлеу мәнерінееліктеуге тырысады. Егер мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынастарға жылулық, жауапкершілік, мейірімділік тән болса, онда балалар арасындағы қатынастар осы бағытта дамиды. Бастауыш сынып жасындағы балалар мұғаліммен бірге ертегінің, әңгіменің сюжетін жүрекпен қабылдап, шынайы өмірдегі жағдаят ретінде бастан кешіру керек.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, оқиғалар жәнеөсиет әңгімелер адамгершілік таңдау мен мінез-құлық мәселелерін көтеріп, өзін-өзі танудың мақсаты ретіндегі ақиқатты айқындауға ықпал етеді.Қарапайым және түсінікті түрде ұсынылған даналық сөздер бастауыш сынып оқушыларын ойлануға, мәселенің шешімін табуға үйретеді, балалардың қиялын және ымбалын (интуицияны) дамытады. Ертегілер менәңгімелер бастауыш сынып оқушыларына өз қылықтарының себептерін түсініп, өздерінің қателіктеріне күліп қарауға мүмкіндік береді. Өсиет әңгімелер бастауыш сынып оқушыларына өз қылықтарының себептерін түсінуге ықпал етеді. «Өтірік және шындық» өсиет әңгімесін қарастырып көрейік.

Үш бала орманға барады. Орманда саңырауқұлақтар, жидектер, құстар бар. Олар ойнап жүріп, уақыттарын өткізіп алады. Күннің батқанын байқамай қалады. Үйге бара жатып, қорқады: «Үйде таяқ жейтін болдық!» Бір сәтке жолда тоқтап, өтірікті немесе шындықты айту керектігін ойластырады.

  • Біріншісі: Мен, қасқыр маған шабуылдады деп өтірік айтамын, әкем мен үшін қорқып, кешіре салады, - дейді.

  • Екіншісі: Мен атамды кездестірдім деп өтірікті айтамын, анам мен үшін қуанып, кешіре салады, - дейді.

  • Үшіншісі: Мен шындықты айтамын, шындықты айтуға әр кезде оңай, өйткені ол шындық және ойдан құрастырудың ешбір қажеті жоқ, - дейді.

Олардың барлығы үйлеріне тарап кетеді. Бірінші бала әкесіне қасқыр туралыайта бастағанда, орман сақшысы алдарынан шығып, орманда қасқырдың жоқтығын айтады.

Баланың әкесі күн батқанша жүргені үшін және өтірік айтқаны үшін еке есе ашуланады.

Екінші бала өз атасымен кездескені туралы айтып тұрғанда, олардың үйіне қонақ болып атасы келе қалады. Анасы оғанда екі есе ашуланады.

Ал үшінші бала үйіне оралып, өзінің кінәсін мойындайды. Мамасы ашуланып, оны кешіреді.

Өсиет әңгіменің мазмұны бойынша сұрақтар мәтіндегі сюжетті өзектендіру мақсатында қойылады. Оларды біз мұғалімнің өзіне тұжырымдауға ұсынып отырмыз. Ал мазмұндағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару үшін ақиқат құндылығымен байланысты сұрақтарды (1-ші және 2-ші сұрақтар) хрестоматияда ұсынылған ертегілердің тарихи оқиғалар мен өсиет әңгімелердің соңында беріп отырмыз. Мысалы, осы өсиет әңгіменің мазмұнындағы ақиқатпен байланысты сұрақтарды төмендегідейтұжырымдаймыз:

  • Қалай ойлайсыңдар, балалардың қайсысы өз ар-ұжданына сәйкес әрекет жасайды?

  • Ар-ұждан дауысына сәйкесөмір сүру дегеніміз не?

Сонымен бірге, хрестоматиядағы материалдардың мазмұнына сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтардың тәжірибеде пайдалануымен байланысты сұрақтарды тұжырымдап, ұсынамыз (3-ші және 4-ші сұрақтар).

  • «Ақиқат біздің ар-ұжданымыз» дегенді өз өмірлеріңнен алынған мысалдармен қалай сипаттайсыңдар?

  • «Ақиқатты тану» үшін сендер не істейсіңдер? Өз тәжірибелеріңнен алынған мысалдарды келтіріңдер.

Ертегілер менөсиет әңгімелердің негізгі мақсаты – балаға өзінің шынайы табиғатын тануына және ұғынуына көмектесу. Баланың шынайы табиғаты – бұл ар-ұжданға сәйкес өмір сүру. Ар-ұжданға сәйкес өмір сүретін бала ешқашанөтірік айтпауы тиіс. «Ақиқат жолында қиыншылықтарға кездесіп, олардан құтылу үшін өтірік айтудың қажеті жоқ» деп, оларға осы тұжырымды ұғындырамыз3.

Ертегіні, әңгіме мен оқиғаны әңгімелеу барысындамұғаліммен бірге кейіпкерлердің әрекеттерін талдап бағалаймыз, бірақ олардың өздерін ғайбаттамаймыз. Біз балалардың әрекеттерінетүсініктеме беріп, өтірік айтқаны үшін қазір жазадан құтылып кеткенімен, кейінен олар өмірдегі ең үлкен сынақтарғатап болатынын ескертуіміз керек.

Мысал ретінде келесі оқиғаны талдап, көрейік.