Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза_тілі_эссеге_арналан_дістемелік.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.46 Кб
Скачать

Әдеби эссе

  1. Ы. Алтысариннің әңгімелері еңбек тақырыбында жазылған. «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесіндегі Асан қазіргі ауқатты тұратын бай баласының көшірмесі дегенге келісесің бе?

  1. Бүгінгі қазақ қоғамында  «Гендерлік саясат» деген сөз естілсе мұны феминистік қозғалыс дейтіндер де аз кездеспейді. Оны еркектерді басып, әйелдерді көтеру, шексіз билікке қол жеткізу деп түсінеді. Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпанның әрекетін билікке қол жеткізудің бір жолы деп есептейсің бе?

  1. Асан қайғы Жерұйықты аңсаған, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды көксеген жырау ретінде танитынымыз белгілі. Ал бүгінгі заманның Асанқайғысы деп кімдерді айтар едің? Пікіріңді дәлелдеп жаз.

  1. Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын- арзан, күлкі - қымбат» өлеңіндегі жігіттің мінез- құлқы, оған тән қасиеттері бүгінгі күннің жігіттерінің бойынан көрініс бере ала ма? Өз пікіріңді дәледеп жаз.

Жігіттер, ойын- арзан, күлкі - қымбат, Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат. Арзан, жалған күлмейтін, шын күлерлік Ер табылса, жарайды қылса сұхбат. Кейбіреу тыңдар үйден шыққанша, Кейбіреу қояр көңіл ұққанша. Сөз мәнісін білерлік кейбіреу бар, Абайлар әрбір сөзді өз халынша. Керек іс бозбалаға – талаптылық, Әртүрлі өнер, мінез, жақсы қылық. Кейбір жігіт жүреді мақтан көйлеп, Сыртқа пысық келеді, көзге сынық. Кемді күн қызық дәурен тату өткіз, Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз! Күншіліксіз тату бол шын көңілмен, Қиянатшыл болмақты естен кеткіз! Жолдастық, сұхбаттастық – бір үлкен іс, Оның қадірін жетесіз адам білмес. Сүйікті ер білген сырын сыртқа жаймас, Артыңнан бір ауыз сөз айтып күлмес.

  1. Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңінде XX ғасырдың басындағы қазақ халқының болмысын, мінез құлқын, наным сенімшілдігін сынайтын тұстары XXI ғасыр қазағының болмысына тән бе? Автор көзқарасын нақтылай түсетін тіркестерді негізге ала отырып, сыни көзқарасыңызды талдап жазыңыз.

    Қазақ салты

Қалтылдақ қайық мініп еспесі жоқ,   Теңізде жүрміз қалқып кешпесі жоқ.  Жел соқса, құйын қуса жылжи беру  Болғандай табан тіреу еш нәрсе жоқ.  Бұл күйге бүгін емес, көптен кірдік,  Алды-артын аңдамаған бетпен кірдік.  Шығармай бір жеңнен қол, бір жерден сөз,  Алалық алты бақан дертпен кірдік.  Бейне бір құдіретті сынағандай,  «Сақтар деп, сақтар болса» – сертпен жүрдік.  Жат жақты Жаратқанға күзеттіріп,  Жақынмен ырылдастық, иттей үрдік.  Білдірдік елдің сырын, ердің құнын,  Елеріп ерегіске екі-үш күндік.  Кіреді тентек есі түстен кейін,  Мүшкілін халіміздің жаңа білдік.  Әлі де, саңылаусыз салтын бағып,  Түрі жоқ іс айтатын пәлен дерлік.   «Ұлы той көппен көрген жалғыз мен бе? –  Деп отыр, – не болса да жұртпен көрдік». 

  1. Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсаты дұрыс екендігіне автор қаншалықты сендіре алды? Пікіріңді дәлелдеп жаз.

  1. М. Жұмбаевтың «Батыр Баян » поэмасы.

Намысшыл, қатыгез

Батыр, бауырмал. Осы қасиеттердің қайсысы Батыр баянның бойында басым деп ойлайсың? Ойыңды негіздеп жаз.

  1. Ш. Құдайбердінің «Қалқаман-Мамыр» поэмасындағы Мамыр тағдырының қайғымен аяқталуы салт-дәстүр, наным-сенімнен аттауы екендігін сендіре отырып жаз. Пікіріңді дәлелдер келтір.

  1. Б. Майлин «Шұғаның белгісі» .Шығарма әлеуметтік теңсіздік мәселесін қозғай ма, әлде салт дәстүрдің кереғар жақтарын сынай ма?

  1. М. Әуезов. «Абай жолы» роман эпопеясындағы Құнанбайдың көзімен құндылық деп таныған әрекеттеріне келісетін-келіспейтіндіктеріңізге дәлел келтіріп, талқылаңыз.

  1. «Абай жолы» роман эпопеясындағы қай әйелге көбірек жаныңыз ашиды? Пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз.

  1. Абай атамыздың: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», – деген адамгершілік пен ізгілікке суарылған даналық ойы қазіргі қоғамда маңызды ма? Пікіріңізді дәлелдеп жазыңыз

  1. Оралхан Бөкейдің «Тортай мінген ақ боз ат» әңгімесіндегі Тортайдың ертегісі қиын өмірдің бұғауын бұзудың қиялы дегенге келісесіз бе?

  1. «Бір жетім бала болыпты...» деп басталатын ертегілер қазіргі баланың арман-мақсатының орындалуына себепкер бола ала ма?

  1. Қ . Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» шығармасындағы Байтас қарттың сапарынан үзінді.

  1. «Қарт шекпенін асықпай шешіп, бір бұрышқа қойды. Одан соң көйлегінің түймесін ағытып, жалаңаш етіне асып қойған бойтұмарын алды. Барқыттан тігілген кәдімгі үшбұрыш тұмар. Қарт тұмарды ерніне жақындатып, тәубе етті. Сонан кейін бәкісін алып, тұмарды сөкті де, төңкеріп сілікті. Тұмардың ішінен термен байланып қалған бір уыс қиыршық топырақ түсті жерге. Бұл осыдан қырық жыл бұрын жат өлкеге аттанарда, туған жерден жерден түйіп алған топырақ еді.» Туындының осы тұсында автор сізді Байтас шал туралы қандай ойға қалдырды?

  1. М. Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін автор тосын және қатыгез эмоцияларды қалай жеткізе білді? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп, талқылап жазызыз.

  1. Абай Құнанбаев «Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - көкірегі байлаулы берік болмақ керек; екінші — сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек; үшінші — сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші - ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. ..»

  1. Барлық естіген ақпартты есте сақтау міндетті деп есептейсің бе? Пікіріңді дәлелдермен негізде.

  1. «... Ой кеселдері: уайымсыз салғырттық, ойыншы-күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді. Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер» деген пікірмен келісесің бе? Ойыңды негіздеп жазыңыз.

  1. «Қалай ойлайсың, ұлттық құндылықтар мен адами құндылықтар тек көркем шығарманың айналасында ғана. Шынайы өмірде құндылықтар арзандаған» деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

  1. Тәкен Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесіндегі қазақ психологиясындағы ұғымдарды (ырым, наным сенім, психологиялық күй) қалай қолданғанын талқылаңыз.

  1. Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасы 1963-1964 жылы жазылған. Ал поэма қазіргі таңда жазылар болса ақын нені жырлар еді деп ойлайсың? Ойыңды негіздеп, сыни көзқарасыңды жаз.

  1. Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романындағы Ұлпан бойындағы қайраттылық және көшбасшылық қасиеттерді саралай отырып, осы қасиеттерді жетілдірудің бүгінгі қоғамдағы маңыздылығына баға беріп, өз көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз.

  1. «Найман-Ана» аңызындағы Жоламан - қара күштің зардабынан сана-сезімінен айырылған мәңгүрт, ал бүгінгі замандағы «Жоламандар» - рухани мәңгүртікке ұшырағанның ең қауіптісі» деген оймен келісесің бе? Өз сыни көзқарасыңды шығармаға негіздей отырып, дәлелдеп жазыңыз.

  1. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы кейіпкерлер образын, қоғам болмысын ашудағы мақал - мәтелдердің қолданысын талқылаңыз.

  1. М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романындағы Жамалды адастырып өлімнің суық құшағына жетелеген ызғарлы боран – түнек заманның бүкіл кертартпа кесірлерінің жиынтығы екенін талқылаңыз.

  1. Шоқан Уәлиханов – өз кезеңінің энциклопедист ғалымы. «Кім боламын десе, сол болу – ұлы адамның ісі, қолынан келгені ғана болу – əр адамның ісі» деген Виктор Гюго сөзін Ш.Уәлихановтың ғылыми қызметімен байланыстырып жазыңыз.

  1. «Балалар, бұл жол басы даналыққа,

Келіңдер, түсіп, қайқап, қаралық та...

...Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,

Жүріңдер, іздеп тауып алалық та! Ахмет Байтұрсынов өлеңдері мен мысалдары арқылы даналыққа жол сала алды ма?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]