Эссені бағалау (5 балдық жүйені қолданған жағдайда)
Баға |
Мазмұны мен тіл шеберлігі |
Тілдік сауаттылығы |
«5» баға |
Эссенің тақырыбын толық аша алады, өзіндік көзқарасты нақты, оқырманды қызықтыра алады. Көтерілген мәселеден ауытқымайды. Тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алады. Азат жолдарды логикалық түрде байланыстырады. Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды. Суретті-бейнелі сөздерді (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.) шебер пайдаланады. Мәселеге дербес баға бере алады. |
Еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) |
«4» баға |
Эссенің тақырыбын аша алады, өзіндік көзқарасы жақсы, оқырманды қызықтыра алады. Тезисі мен аргументтерді қолдана алады. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді пайдаланады. Суретті-бейнелі сөздерді жақсы қолданады (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.). |
Емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0) |
«3» баға |
Эссенің тақырыбын біршама аша алады, өзіндік көзқарасы кей жағдайда кездеседі, оқырманды қызықтыруы әлсіздеу. Тезисі мен аргументтерінде кей жағдайда ой алшақтығы байқалады. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді ішінара пайдаланады. Суретті-бейнелі сөздерді қолдануда сәйкессіздіктер байқалады (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.). |
Емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) |
«2» баға |
Эссенің тақырыбы ашылмаған, көзқарасы, оқырманды қызықтыруы әлсіз. Тезисі мен аргументтері негізделмеген. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді жиі пайдаланбайды. Суретті-бейнелі сөздерді қолдануда қателіктер жиі кездеседі (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.). |
Емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) |
«1» баға |
Эссенің тақырыбы мүлде ашылмаған, көзқарасы, оқырманды қызықтыра алмаған. Тезисі мен аргументтері негізсіз. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді мүлдеи пайдаланбайды. Суретті-бейнелі сөздерді қолдануда қателіктер өте көп (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.) |
Емледен 12, тыныс белгісінен 9 қатесі (12/9) бар немесе емледен 9, тыныс белгісінен 12 қатесі (9/12) және қате саны бұдан да көп болған жағдайда |
2-үлгі
(20 Балдық жүйені қолданған жағдайда)
Критерий |
Дескрипторлар |
Балл |
|
Эссе мазмұны |
Эссенің тақырыбын толық аша алады, өзіндік көзқарасты нақты, оқырманды қызықтыра алады. Көтерілген мәселеден ауытқымайды. Мәселеге дербес баға бере алады. |
5 |
|
Құрылымы |
Тезисі мен аргументтерді дәлелді қолдана алады. Азат жолдарды логикалық түрде байланыстырады. Дәлелдерге сүйеніп өзіндік тұжырым жасайды. |
5 |
|
Тіл шеберлігі |
Суретті-бейнелі сөздерді (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.) шебер пайдаланады. |
5 |
|
Тілдік сауаттылығы |
Еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) немесе тыныс белгісінен 1 қатесі (0/1) |
5 |
|
Барлығы |
20 балл – «5» баға |
||
Эссе мазмұны |
Эссенің тақырыбын аша алады, өзіндік көзқарасы жақсы, оқырманды қызықтыра алады. |
4 |
|
Құрылымы |
Тезисі мен аргументтерді қолдана алады. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді пайдаланады. |
4 |
|
Тіл шеберлігі |
Суретті-бейнелі сөздерді жақсы қолданады (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.). |
|
|
Тілдік сауаттылығы |
Емледен 3, тыныс белгісінен 3 қатесі (3/3) бар немесе емледен 2, тыныс белгісінен 4 (2/4), емледен 1, тыныс белгісінен 5 қатесі (1/5) бар, емледен бір типті 4 қатесі(4/0) |
4 |
|
Барлығы |
16 балл – «4» |
||
Эссе мазмұны |
Эссенің тақырыбын біршама аша алады, өзіндік көзқарасы кей жағдайда кездеседі, оқырманды қызықтыруы әлсіздеу. |
3 |
|
Құрылымы |
Тезисі мен аргументтерінде кей жағдайда ой алшақтығы байқалады. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді ішінара пайдаланады. |
3 |
|
Тіл шеберлігі |
Суретті-бейнелі сөздерді қолдануда сәйкессіздіктер байқалады (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.). |
3 |
|
Тілдік сауаттылығы |
Емледен 6, тыныс белгісінен 5 қатесі (6/5) бар немесе емледен 5, тыныс белгісінен 6 қате (5/6) бар немесе емледен 3, тыныс белгісінен 8 қатесі (3/8) |
3 |
|
Барлығы |
12 балл – «3» баға |
||
Эссе мазмұны |
Эссенің тақырыбы ашылмаған, көзқарасы, оқырманды қызықтыруы әлсіз. |
2 |
|
Құрылымы |
Тезисі мен аргументтері негізделмеген. Азат жолдарда байланыстырушы сөздерді жиі пайдаланбайды. |
2 |
|
Тіл шеберлігі |
Суретті-бейнелі сөздерді қолдануда қателіктер жиі кездеседі (көркемдегіш құралдар, тұрақты тіркестер, мақал-мәтелдер, т.б.). |
2 |
|
Тілдік сауаттылығы |
Емледен 9, тыныс белгісінен 5 қатесі (9/5) бар немесе емледен 8, тыныс белгісінен 9 қатесі (8/9) |
2 |
|
Барлығы |
8 балл – «2» баға |
||
3-үлгі
Критерий |
Дескрипторлар |
Балл |
Тақырыпты, проблеманы ашуы 2 балл |
Тақырыпты талдауы |
1 |
Проблеманы таңдауы |
1 |
|
Құрылымы 4 балл |
Эссе құрылымындағы автордың ішкі логикасының болуы |
1 |
Жекеден жалпыға, жалпыдан жекеге көше алуы |
1 |
|
Тақырыптарды азат жолдармен бөлуі |
1 |
|
Бірегейлігі (қызықты байланыс, күтпеген бетбұрыс) |
1 |
|
Аргументтер 4 балл |
Кемінде екі аргумент келтіруі |
1 |
Аргументтердің шынайылығы |
1 |
|
Аргумент пен автор көзқарасының сәйкестігі |
1 |
|
Автордың жеке көзқарасының болуы |
1 |
|
Тіл мәдениеті 5 балл |
Тіл тазалығы |
1 |
Суретті-бейнелі сөздерді пайдалануы |
1 |
|
Тіл байлығы |
1 |
|
Түрлі синтаксистік құрылымдардың қолданылуы |
1 |
|
Эмоционалды сөздердің болуы |
1 |
Балл қорытындысын бағаға айналдыру ұсыныстары:
Балл |
Баға |
13-15 |
5 |
10-12 |
4 |
7-9 |
3 |
1-6 |
2 |
Қазақ тілінен бағалау критерийі:
Критериий |
Дескрипторлар |
Балл |
Орфография |
Еш қатесі жоқ немесе орфографиялық жеңіл 1 қатеге (1/0) |
3 |
2-3 қате жіберсе |
2 |
|
4-5 қате жіберсе |
1 |
|
5 қатеден көп болған жағдайда |
0 |
|
Пунктуация |
Пунктуациялық қатесі жоқ немесе 1 қате |
3 |
2-3 қате жіберсе |
2 |
|
4-5 қате жіберсе |
1 |
|
5 қатеден көп болған жағдайда |
0 |
Балл қорытындысын бағаға айналдыру ұсыныстары:
Балл |
Баға |
5-6 |
5 |
3-4 |
4 |
1-2 |
3 |
0 |
2 |
4-үлгі
Критерий |
Дескрипторы |
Балл |
|
Мазмұны |
Эссенің тақырыбын ашқан |
1 |
|
Тақырыпқа байланысты өз позициясын ұстанған |
1 |
||
Талқылауға шығарған сұрағы (мәселесі)\тезисі эссе тақырыбына сәйкес. |
1 |
||
Оқырмандарды қызықтыра білген |
1 |
||
Қаралатын ұғымдарды айқын және тиiстi мысалдар тудыра түсіндірген |
1 |
||
Құрылымы |
Эссенің құрылымы сақталған |
1 |
|
Ой бөліктерін абзацтарға бөлген. |
1 |
||
Пікірге қатысты ойын жинақтаған |
1 |
||
Өз пікіріне аргументтер келтірген |
1 |
||
Пікірлер\азат жолдар арасындағы логикалық байланыс сақталған.
|
1 |
||
Қорытынды шешімінің логикалық жүйесі тақырыпқа сәйкес. |
1 |
||
Тілдік құралдарды қолдануы |
Стильдік сөз қолданыстары жүйелі. |
1 |
|
Тиісті қыстырма сөздерді орынды қолданған |
1 |
||
Абзацтарды байланыстырушы сөз оралымдарын орынды қолданған. |
1 |
||
Көркемдегіш құралдарды қолданған |
1 |
||
Эмоционалды сөздерді қолданған |
1 |
||
Тіл сауаттылығы |
Лексикалық норма сақталған. |
1 |
|
Грамматикалық норма сақталған. |
1 |
||
Орфографиялық сауаттылығы сақталған (3 қате есептелмейді) |
1 |
||
Пунктуациялық сауаттылығы сақталған. (3 қате ескерілмейді) |
1 |
||
Барлығы |
20 |
||
Эссені бағалауда негізінен оқушының көзқарасын ескеру маңызды болып саналады. Эссенің ерекшелігіне байланысты оқушы қаңдай көзқарасты ұстанып жазса да, мұғалім тарапынан шектеу қойылмауы керек. Ең маңыздысы оқушының ұстанған көзқарасы аргументтермен негізделуінде.
Бірінші баға – мазмұны, құрылымы мен тіл шеберлігіне (көркем тілмен жеткізілуі) қойылса, екінші баға – сауаттылығына, яғни, орфографиялық, пунктуациялық және тілдік нормалардың сақталуына қойылады. Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.
Ескерту: бағалау кезінде қателердің қайталануы мен біртектілігіне назар аударылады. Егер қате бір сөздің құрамында немесе түбірлес сөздердің түбірінде қайталанса, онда ол бір қатеге саналады. Бір типті біртекті қателер дегеніміз - сөздің жазылуының грамматикалық, фонетикалық ерекшелігіне байланысты бір ережеге негізделуі. Алғашқы біртекті үш қате бір қатеге саналады да, келесі сондай қателер дербес есептеледі.
Эссе тақырыптары
Аргументті эссе тақырыптары:
Қазіргі уақытта жастардың кітап оқымайтындығы туралы жиі айтылып жүр. Қалай ойлайсыз, жастардың кітап оқымауына ғаламтор кінәлі ме, әлде өздерінің жалқаулығы басым ба? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Достық асыл қасиет деген ұғым ертеден қалыптасқан. Қалай ойлайсыз, асыл қасиет саналған достық бүгінде жай ғана қарым-қатынас немесе іскерлік байланыспен ғана шектеліп қалған сияқты емес пе? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Шешендік – сирек ұшырасатын қасиет, дарын деп жатады. Сіздің ойыңызша, шешендік туа біткен қасиет пе, әлде үйренуге болатын өнер ме? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Күнделікті бұқаралық ақпарат құралдарынан қайырымдылық қоры, белгілі бір азаматтардың мұқтаж адамдарға қайырымдылық жасаған әрекеттері туралы жиі естіп жатамыз. Дамыған, өркениетті қоғамда «мұқтаждық», «мұқтаж адамдар» деген ойға қатысты пікіріңіз қандай?
Қазіргі уақытта өнер жұлдыздарының ішінде қажылыққа бару жиілеп кетті. Қалай ойлайсыз, қажылыққа бару рухани жағынан дайын болғандығынан ба, әлде бүгінгі күннің «сәнінен» қалмау деп есептегендіктен бе?
Соңғы жылдары салт-дәстүрлер жаңарып, басқаша көрініс тапқанын жиі байқап жүрміз. Сіздің ойыңызша, салт-дәстүрлердің жаңарып отырғаны дұрыс па, әлде сол қалпында қалғаны дұрыс па? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Жоғары мектеп оқушыларының арасында экологияға байланысты «Тұрған жерімізді қалдықсыз өлкеге айналдырайық!» атты республикалық ғылыми конференция өткізу жоспарлануда. Сіздің ойыңызша, тұрған жерімізді қалдықсыз өлкеге айналдырған дұрыс па, әлде қалдықтың да пайдасы бар ма? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Қолына мылтық ұстағандар киікті қырып, біреу арзан етке, екіншісі тегін ақшаға қарық болса, бұл күндері кейбір пысықтар ақбөкеннің мүйізін сыртқа сатып, пайда табуды кәсіпке айналдырған. Шынымен де еш қиянаты жоқ жануар жер бетінен жойылып кете бере ме? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Соңғы кездері көрерменнің қазақ киносына «шынайы, таза, сөйлемейді» деп көңілі толмай кететіні рас. Қалай ойлайсыз, қазақ киносының дұрыс дыбысталмайтынына әртістеріміз төл дыбыстарды дұрыс айта алмағаны себеп пе, әлде қазақ киносына деген немқұрайлылық па?
«Дипломмен ауылға» бағдарламасымен ауылға барып жұмыс істеп жүрген жастар туралы жиі естиміз. Бүгінгі ауылдың жағдайы қалай деп ойлайсыз? Сіздің ойыңызша, ауыл жас маманның сұранысын қанағаттандырып отыр ма? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Әркім «Бақыт» дегенді әр түрлі түсінеді. Біреулерге бақыт-денсаулық, біреулерге – мансап, біреулерге – ақша .... Сіздіңше «Бақыт» деген не? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Соңғы уақытта жастар виртуалды қатынастағы тілдік қолданысты әдетке айналдырды. Қалай ойлайсыз, бұл жастардың дамуы ма, әлде құлдырауы ма? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Білім дегеніміз жатталған нәрсенің ұмытылған кездегі қалғаны" (ежелгі нақыл сөз). Сіздің ойыңызша да солай ма? Білім тек жаттаудан ғана тұра ма? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
«Өз тағдырың-өз қолыңда!» Үйсіз-күйсіздер әлемі туралы осылай айта аламыз ба? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
ХХІ ғасыр- технология ғасыры. Әлеуметтік желілер қоғамымызда басты орынға айналуда. Қалай ойлайсыз, әлеуметтік желілерді жаңа өркениеттің басы деп есептеуге бола ма
«Әркімнің маңдайына жазылған өз тағдыры бар. Пешенесіне не жазылса, сол болады» дегенді жиі естиміз. Сіздің ойыңызша, тағдырды өзгертуге бола ма? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
Қазіргі таңда діни экстремизм қаупінің өршіп тұрғаны белгілі. Сіздің ойыңызша, бұған не себеп болуы мүмкін? Көпшілік қауымның діни білімі мен рухани өрісінің жетімсіздігі ме, әлде материалдық қажеттілік пе?
Жасөспірімдер қылмысы туралы жиі естиміз. Қалай ойлайсыз, кәмелетке толмағандарды жауапкершілікке тарту керек пе?
Соңғы кезде жастарға «батысшылсың» деп мін тағу жиілеп кетті. Осы пікірмен қаншалықты келісесіз? Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
«Болашақ» бағдарламасымен білім алғандардың көпшілігі шет елде қалып қоюда. Оған не себеп болуы мүмкін? Жастардың бойындағы патриоттық сезімнің аздығы ма, әлде материалдық мұқтаждық па?
Бүгінде дүниежүзі бойынша туризм саласынан ел бюджетіне түсетін қаржы мұнайдан түсетін табыстан кейінгі екінші орында тұрғанын ескерсек, бұл саланы дамыту — бүгінгі күннің талабы екені даусыз. Сіздің ойыңызша Қазақстан туризмі неге дамымай отыр?
«Болашақ – жастардың қолында». Алайда «Қазіргі жастардың көпшілігінде өз өміріне деген жауапкершілік азайып бара жатқандай» дегенді жиі естиміз. Сіз осымен келісесіз бе?
Соңғы кезде ғаламтор мен әлеуметтік желілерде жастар ғана емес, ата-әжелердің де отыруы таңқаларлық жағдай емес. Сіз осыны дұрыс деп есептейсіз бе?
Теледидардан журналистің «Қоғамда рухани жүдеулік жиі байқалады» дегенін естідіңіз. Сіз оны қалай түсінесіз? Шынында да осылай ма?
Электронды бесіктің шыққандығы туралы хабар көпшілікте түрлі пікір қалыптастырды. Біреулері құптаса, біреулері бесік жырын айтып отырп тербететін бесікті жақтады. Сіздің ойыңызша сәбиді қай бесікте тербеткен дұрыс. Ойыңызды дәлелдермен негіздеп жазыңыз.
