Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аза_тілі_эссеге_арналан_дістемелік.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.46 Кб
Скачать

Алғы сөз

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылдың 16 қарашасында шыққан №660 бұйрығына сәйкес 2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беретін мектептердің 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттауға өзгерістер енгізілді. 11-сынып оқушылары үшін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен эссе жазу міндеттелді. Эссе жазу мұғалімдер мен оқушылар үшін жаңа формат болғандықтан, Ұлттық тестілеу орталығы тарапынан көмекші құрал ретінде әдістемелік нұсқаулық әзірленді. Әдістемелік нұсқаулықта эссе термині, түрлері, құрылымы, ерекшелігі, талаптары және оның шығармадан айырмашылығы жөнінде түсінік беріледі. Сонымен қатар эссе тақырыптары, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгісі ұсынылады. Әдістемелік нұсқаулық жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне, оқушыларға арналады.

Эссе мен шығарманың айырмашылығы

Эссе

Шығарма

Анықтамасы

Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтану, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. 

Шығарма – оқушының туған халқының әдебиетінен алған білімін өз ойымен, дүниетанымдық көзқарасымен еркін ұштастыра отырып баяндайтын шығармашылық төл еңбегі. Оқушыдан көркем шығарманы өзіндік ой-пікірі, көзқарасы тұрғысында терең талдап пайымдауы, әсерлі, көркем тілмен жүйелі баяндауы талап етіледі.

Эссе – еркін композициялық құрылымға негізделген немесе көркем-пубицистикалық жанрдың бір түрі

Шығарма – белгілі бір берілген тақырыпқа арналған, міндетті құрылымнан тұратын, тек пәндік білімге бағытталған шығармашылық жұмыс.

Эссе қатаң түрде жоспарға негізделуі міндетті емес.

Шығармада жоспарды жазу міндетті.

Эссе жеке көзқарас, сараптама, дәлелдемелерге негізделеді.

Шығарма формасы оның түріне байланысты, көбінесе көркем мәтінді талдауға негізделеді.

Эссенің мақсаты – оқырманға ой қозғау, толғанысын тудыру,

Шығарманың мақсаты – жазылым тілін дамыту.

Эссе жазу оқушыларға ойларын нақты және сауатты тұжырымдауға, ақпаратты өңдеуге, негізгі ұғымдарды пайдалануға, байланыстың себеп-салдарларын анықтауға, тиісті мысалдармен тәжірибені суреттеуге, өзінің қорытындысын жасауға мүмкіндік береді.

Эссе құрылымы оған қойылатын талаптармен анықталады:

  1. Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл кезеңде өзі зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қоюы керек. «Кіріспе жазу барысында аталған тақырыпқа анықтама беру керек пе?», «Мен алған тақырып неліктен маңызды?», «Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?», «Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?», т.с.с. сұрақтарға жауап іздеген жөн. Кіріспе бөлімінде автор оқырманның назарын аударатындай екі немесе үш сөйлемнен тұратын екі азат жолды жазуына болады. Оқырман назарын аудару мақсатында риторикалық сұрақтар немесе аллегорияны қолдануға да болады.

  1. Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады, сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі. Берілген тақырыптағы аргументтер мен талдаулар, позицияларды көрсету арқылы негізгі бөлімді толық жазуға мүмкіндік туады (тезистер «жақтаймын» және/немесе «қарсымын» деген аргументтермен негізделуі қажет. Аргументтер – бұл фактілер, қоғамдағы құбылыстар, оқиғалар, тіршілік жағдайлары мен тәжірибелер, ғылыми дәлелдемелер, ғалымдардың пікірлеріне сілтемелер және т.б. Әр тезиске қатысты кем дегенде екі аргумент келтіру керек). Ақпаратты беруде сонымен қатар, меніңше, менің ойымша, қоса алғанда, біріншіден, екіншіден, сол сияқты, демек, бірақ, алайда, т.б. қыстырма сөздерді орынды қолданғаны дұрыс.

  1. Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін бекітеді және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым. Қорытынды бөлімінде қорытындылай келе, қорыта айтқанда, қысқасы, негізгі түйіні, т.б. қыстырма сөздерді орынды қолданғаны дұрыс.

Эссе жазу барысында келесілерді ескеру маңызды:

1. Кіріспе мен қорытындыда көтерілген мәселеге ерекше назар аударуды (кіріспеде мәселе анықталады, қорытындыда ой түйінделеді);

2. Абзацтарды азат жолдан бастап, бір-бірімен логикалық түрде байланыстыра отырып, жұмыстың тұтастығына қол жеткізуді;

3. Баяндаудың эмоциялы, экспрессивті стильде болуын.

ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР: • Жеке көзқарастың көрінісі; • Фактілі дәлелдер (аргументтер); • Теоретикалық негіздеме; • Терминдерді қолдану; • Цитаталарды келтіру; • Әр түрлі көзқарастарды мысалға алу; • Логикалық заңдылықтың сақталынуы; • Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану; • Сауаттылық (пункт., орфогр.); • Юмор, сарказм; • Қолданылған ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.

Емтихан жұмысының сипаттамасы

Жазбаша емтихан жұмысы - эссе

180 минут

Оқушылар берілген үш тақырыптың ішінен 1-еуін таңдайды. Ол тапсырмалар 20 балмен бағаланады. Әр тапсырманың жауабы үшін бірдей сандағы балдар беріледі. Оқушылар өздері таңдаған тақырып бойынша құрамы 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Емтихан жұмысы оқушылардың таңдаған тақырыптарына сәйкес жүйелі және сенімді түрде аргументтер/қарсы аргументтер келтіру немесе әдеби білімдерін қолдана отырып эссе жаза алу қабілеттерін бағалайды.

Оқушылар шимай парақты қолдана алады. Шимай парақты оқушы жұмыспен бірге тапсырады, бірақ тексерілмейді.

Сөздіктерді қолдануға тыйым салынады.

Аргументті эссенің құрылымдық үлгісі

Кіріспе

Кілт сөзге анықтама (2-3 сөйлем) беріледі.

Мәселеге қатысты екі қарама-қарсы көзқарасты келтіреді. Мысалы:

(Кейбір адамдар ұялы телефонды керек нәрсе деп есептейді, ал енді біреулері ұлы телефонсыз өмір стрессіз болар еді деп санайды.)Адамдар көбінесе........деп айтады. Көп адамдар... деген пікірді ұстанады... Кейбір адамдар... қарсы.

Жинақтаушы сөйлем

(Бұл өзекті мәселе болғандықтан, жан-жақты талдауды қажет етеді... Менің ойымша, бұл мәселе даулы болып табылады... Бұл мәселе даулы болғандықтан, қарастыруды қажет етеді... Бұл қызықты мәселе, т.б. )

Негізгі бөлімнің кіріспе сөйлемі

(Мен осы жағдайға өз көзқарасымды білдіргім келеді... Мен осы мәселе бойынша өз пікірімді айтқым келеді.)

Көтерілген мәселеге сөзге байланысты проблемалық сұрақ қояды.

Проблемалық сұрақты талқылайды, өз көзқарасын растайтын 2-3 аргумент келтіреді, оны мысалмен немесе дәлел келтіреді.

Жинақтаушы сөйлем

Проблемалық сұраққа байланысты қолдайтын көзқарасын білдіреді

(Жоғарыда айтылғандай, мен ....... қолдаймын, оған бірқатар себептер бар... Осы жақты қолдау үшін көптеген артықшылықтар бар. Олар... Ең жақсысы )

Өз көзқарасын растау үшін 2-3 аргумент келтіреді, оны мысалмен немесе дәлелмен бекітеді.

Біріншіден, / ең алдымен...

Бірінші кезекте ...... бастау / ең басынан,

Екіншіден, үшіншіден, сөз соңында, ең соңғысы, бірақ маңыздысы

Жинақтаушы сөйлем

Проблемалық сұраққа байланысты қарама-қайшы (контраргумент) пікір (1-2) келтіреді

(Кейбір адамадар ........ деп есептейді, бірақ олар .......... түсінбейді / олар ........ ескермейді.

Кейбір адамдар ........... деп айтады. Мен олармен келісе алмаймын. Мен бұл көзқараспен (ұстаныммен, пікірмен) келіспеймін., себебі.... , ..... деген пікірді қазір көпшілігі қолдайды. Соған қарамастан, мен ....... деп ойлаймын. Жоғарыдағы пікірден басқа... мен ...... деп санаймын.)

Өзінің осы пікірімен келіспейтіндігін түсіндіріп, себебін ашады.

(бірақ, жоғарыдағы дәлелдер қайталанбауы керек)

Пікірді жинақтаушы сөйлем

Қорытынды бөлім

Осы мәселеге екі көзқарас бар екені айтылған 1-абзацқа қайтып келіп, өз көзқарасыңызды растап, қорытынды жасау қажет.

Қорытындылай келе,.. Жалпы,.. Соңында жалпы қорытындылайтын болсақ,.. Барлық мәселелерді атап өттік,.. Сөз соңында, .. Барлығын ескере отырып,.. Барлығын назарға ала отырып,.. Мен.... деп ойлаймын.

Негізгі сұраққа нақты жауап беру

Және мәселені шешу үшін ұсыныс айтылуы тиіс

ЭССЕ ТҮРЛЕРІ (бәрін бірдей көрету қажет емес сияқты)

  • Сипаттамалық эссе

Сипаттамалық эссенің мақсаты адамның, жердің, заттың бейнесін сипаттау болып табылады. Детальдар арқылы оқырманға сипатталған затты елестеткізеді.

  • Хабарлама эссе

Субъективтік көзқараспен оқиғаны сипаттау және бірінші жақта, өткен немесе осы шақта жазылатын эссе түрі хабарламалық эссе. Хроникалық реттілікте жазыла бермесе де, адамның тәжірибесі мен ойына сүйенеді. Әңгімешінің ойын және субъективтіліктің жалпы белгілерін бейнелеу - бұл эссенің басты мақсаты.

  • Салыстырмалы немесе кереғар эссе

Салыстырмалы немесе кереғар эссенің мақсаты екі немесе одан да көп мәселелердің қарым-қатынастарын тарқатып жазу. Жалпы, басты мақсат – жеңіл-желпі айырмашылықтар мен ұқсастықтар табу жеткіліксіз екенін көрсету. Бірден көзге түсе бермейтін болса да, олардың арасындағы маңызды айырмашылықтар мен қатынастарын терең зерттеу нәтижесі көрсетеді.

  • Дәлелдеме эссе

Дәлелдемелік эссенің мақсаты - айтылған оймен оқырманды көндіру. Оқырманның зейінін аудартып, қатаң дәлелдер көрсету арқылы жазылады.

  • Аргументтік эссе

Аргументативтік эссе көбінесе қарама-қайшылық тудыратын тақырыптарда жазылады. Аргументтер қолдайтын себептермен бірге берілуі тиіс. Қарсы ойларды көрсету немесе оларды жоққа шығару – бұл эссе типінің жалпы сипаттамасы.

  • Әдеби эссе

Әдеби эссе басқа эссе түрлеріне ұқсамайды. Біріншіден, ол әдеби шығармаларға негізделген. Екіншіден, автордың айтқысы келген идеяларын болжап түсінуге негізделген, яғни түсіндірмені қажет ететін пікірталас немесе жұмбақты табуды қажет етеді. Ол үшін тәжірибе керек. Таңдаған шығармаңызға басқа көзбен қарасаңыз, ерекше қолданылған әдеби жанрлар, күтпеген сюжеттер мен оқиғаларға, тіл ерекшеліктеріне толы болады.

Мұғалімдердің эссе тақырыбын дайындауда ескеретін мәселелері:  Тақырыпты таңдау 

Эссе тақырыбын таңдауда шығарма тақырыбымен шатастырмау қажет. Эссе тақырыбы оқушының ойын қозғайтындай күрделі мәселелерді көтеруі керек.

Шығарма тақырыбы

Эссе тақырыбы

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Абай бейнесі

М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кейіпкер Құнанбай баласы Абайдың бойына үш мін тақты. Үш міннің бірі – «орысшылсың». Қалай ойлайсыз, қазіргі уақытта жастарға батысшылсың деп мін таға аламыз ба?

Болжам жауаптар дайындау

(егер мұғалім оқушыларды эссе жазуға дайындау мақсатында өздері тақыптар құрастыратын жағдайда сол тақырыпқа болдам жауаптар дайындап көргені дұрыс. Ол құрастырылған тапсырманың эссе жазуға лайықты немесе лайықсыз екенін анықтауға көмектеседі)

Мұғалім эссе тақырыбын бермес бұрын, сол тақырыпқа арналған болжам жауаптарын дайындаған дұрыс. Мәселен, «М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында кейіпкер Құнанбай баласы Абайдың бойына үш мін тақты. Үш міннің бірі – «орысшылсың». Қалай ойлайсыз, қазіргі уақытта жастарға батысшылсың деп мін таға аламыз ба?» тақырыбында эссе жаздыруда оқушы жауаптарында кездесуі мүмкін мынадай болжам жауаптар дайындауға болады:

  1. Қазіргі жастар батыстық киім кию үлгісіне , сөйлеу мәнеріне, әуен тыңдау, өмір сүру салтына еліктейді.

  2. Батысшылдықтың кесірінен қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрі сақталмай қалып бара жатыр.

  3. Қазақ халқына тән емес қылықтар көп байқалуда.

  4. Батыстан көп нәрсені үйренуге болады. Мәселен, батыс мәдениеті, әдебиеті, кино өнері т.б.

  5. Батыстың жалпы техникасының дамуы бізге қарағанда дамыған.

1-үлгі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]