Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭЧМПТС книга.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
11.05 Mб
Скачать

7.7. Шекемтастарды беріктендіру

Шекемтастарды беріктендірудің әртүрлі тәсілдерінен кептіру және күйдіруді қарастырамыз. Беріктендірудің қарапайым тәсілі -шекемтастарды табиғи кептіру болып табылады. Бірақ та,бұл тәсіл үрдістің ұзақ жүруін қажет етеді. Ережеге сай күйдірер алдында, кептіруді шекемтастарды қыздырып жүргізеді. Темір кенді шикі шекемтастарды күйдіру домналық балқытуға арналған, шахталық , агламерациялық және құбырлы пештерде жүргізіледі. Күйдіру кезіндегі шекемтастарды беріктендіру бастапқы магнетиттің ұнтағымен байланысқан,гематиттік криссталдың пайда болуымен негізделеді. Әрі қарай күйдіру рекристалллизация мен гематиттің ұнтағының өсуімен жүреді. Шикі шекемтастарды беріктендіру үрдісін жеделдету үшін магнетиттің тотықсыздануын200....300С басталатын күйдіруге ұшырату керек, содан кейін пайда болған гематиттің рекристаллизациясы үшін 1150...1350С дейін қыздыру қажет, сонымен қатар жоғарғы температурада шекемтастардың қалдықтарымен гематиттің рекристаллизациясы жүреді.

60-сурет. Окатыштарды күйдіруге арналған тікебұрыштық шахталық пеш: 1-қыздыру зонасы ,2- суыту зонасы,3-валкалық питатель ,4-күйдіру камерасы,5-форсунка

Шекемтастарды күйдіру үшін шахталық пештің суреті 60 суретте көрсетілген. Екі жағынан сұйық отынды өртейтін жағу камерасы орналасқан. Шахтада сумен салқындату бар . Шахтаның төменгі жағында күйдірілген және салқындатылған шекемтастарды үздіксіз тиюін қамтитын тісті біліктер орналасқан. Куйдіруді 1315С температурада жүргізеді.

Металлургиялық өндірісте концентраттарды және де шаңтәріздес қалдықтарды шекемтастау басқа үрдістердің алдында дайындық ретінде орынды . Металлургиялық зауыттарда шекемтастарды жеңіл мөлшерлеуге және тасымалдауға болады ,яғни автоматтандыру шарттарын жеңілдетеді. Көздерін қарастырсақ, пайда болу сатылары, шаң құрамы,шаң шығарындыларының төмендеуінің тәсілдері,шекемтастаудың нұсқалары және болат пен әртүрлі ферроқорытпаларды балқыту кезінде кәдеге жарату.

7.8 Болат балқыту өндірісіндегі шаңдар және олардың құрамы

Қазіргі болат балқыту агрегаттары ережеге сай,металды үрлеуге арналған оттегіні пайдалану арқылы жұмыс жасайды. Осыдан цехтегі жұмыстың нашарлануына, қоршаған ортаның ластануына, металдың жойылуына және де жарымды шығуының азаюына себеп болатын көп мөлшерде балқытылған шаң түзіледі. Негізінде оттекті ваннаны үрлеумен пайда болған балқытылған шаң темір оксидтерінен тұрады,бірақ кейбір жағдайларда олардың құрамында түсті металдарда болуы мүмкін. Мысалға,құрамында мырышталған темірдің қалдықтары көп шихтадағы металломды қолданған жағдайда , шаң мырыштың жоғарғы мөлшерін құрайды. Конвертерде және қосалқы аймақтарда түзілетін орта меншікті шаңның мөлшері құрайды,кг/т:

Конвертердегі болат балқытылған агрегаттарының шығарындылары.......27,0

Қосалқы аймақтардағы шығарындылар:

Шихталық бөлім.....0,8

Миксерлік бөлім....0,5

Үздіксіз құйма бөлімі..0,4

Құю пролеті...0,6

Балқытылатын болаттың мөлшерін біле тұра есептеу қиын емес, мысалға бұрынғы СССР болат балқытылатын цехтердегі түзілетін шаңдардың мөлшері жылына 3....4млн құраған. Орташа конвертерлік газдарда шаң-тозаң 200...250г/м3 , ал әртүрлі балқыту кездерінде 1500г/м3 шаң-тозаңды құрайды. Негізінде агрегаттан бөлініп шығатын шаң дисперстік, ол 10...20% шаң 0,5^фракцияны құрайды. Сонымен шаңның бір бөлігі газ ағынымен жеңіл ұшып кететін қуыс сферасынан тұрады. ОАО «Мечел» колошникті шаңның химиялық құрамы 75296т/жыл, келесі мас.Feобщ -33,5% ; сонымен қатар 14.4FeO; 9,6SiO2, 10,0 CaO; 0,37 S ; 19,5C ; 0,7MnO; 2,6 Al2O3; 2,4МgO.