Қорытынды
Еуразия материгінің орталығында орналасқан, ел табиғаты ерекше көріністерге бай. Бұған көз жеткізу үшін елдің солтүстігінен оңтүстігіне көлікпен саяхаттау жеткілікті. 1800 километр жерді аралап жүріп сіз, төрт ландшафтты зоналарды көресіз – орманды –дала, дала, жартылай шөлді және шөлді. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында туризммен айналысатын адамдар саны 314.8 мың адамға өсті, бұл сала қызметкерлерінің 1.5 пайызға өскенін білдіреді.
Туризмнің дамуы заманауи, бәсекеге қабілетті туристік кешендердің, сонымен қоса, инфрақұрылымдардың дамуына тікелей дамуына байланысты. Туризмді мемлекеттік қолдау саланың дамуы үшін шартты жағдай. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, туризмді белсенді түрде дамытатын мемлекеттер қомақты қаржыларды ұлттық жобалар мен бағдарламаларды дамытуға жұмсайды екен. Соған қарамастан туризмнің дамуы көптеген түйіндерді шешуді талап етеді. Мысалы; транспорттық жүйені модернизациялау, қоғамдық тамақтану орындарын жақсарту, ақпараттық инфрақұрылымды дамыту.
«Дүниежүзілік саяхат және туризм» ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан 2016 жылғы туризм саласындағы жетістіктері үшін үздік ондыққа кірді. 2023 жылға дейін Қазақстанда алты мәдени – туристік кластер жасалынады: «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның мәдени аймағы», «Ұлы Жібек Жолының жаңғыруы», «Каспий қақпасы», «Табиғат және көшпелі мәдениеттің бірлігі». Жоғарыда көрсетілген мәліметтерге сәйкес мен ұсыныс ретінде қобыз пішініндегі кешенді ұсынып отырмын.
Қобыз аспабы – Қызылорда облысының символы болып танылатындықтан, бұл жоба Қызылорда облысындағы маңызды обьектіге айналады деп сенемін.
Кешен негізгі үш бөліктен тұрады: автотұрақ және саябақ, қонақ үй, мейрамхана. Автотұрақ қонақ үй қонақтарына қызмет көрсетсе, саябақ қала халқының жиі серуендейтін орнына айналады.
Сурет
2 қобыздың суреті [8].
Қонақ үй 60 орындық, оның ішінде бес бөлмесі – люкс, он бөлмесі – жартылай люкс, және қырық төрт бөлме – стандарт, біреуі – люкс.Қонақ үй он қабаттан тұрады, бірінші қабатта- вестибюль, күту залы, ойын-сауық орталығы, кафе бар орналастырылған. Екінші және бесінші қабат аралығында - VIP және супер люкс номерлері орналасқан.
Бесінші қабатта- мейрамхана, банкет залы және конференц-залдар бар. Алтыншы және тоғызыншы қабат аралығында люкс және стандарт бөлмелермен жабдықталған. Оныншы қабатта- бассейн бар. Қонақ үйдің ішкі дизайны қазақы ою – өрнектермен безендіріледі. Қонақ үйдің әр бөлмесінде қазақылық сезіліп, елдің салт – дәстүрімен танысуға мүмкіндік беріледі.
Онда ұсынылатын қызметтер: трансфер, таңғы ас, көлікпен қамтамасыз ету, автотұрақ, кір жуу, шаштараз, кондиционер, апартмент. Қонақ үйіміздің тағы бір ерекшелігі күту залында Қорқыттың күйі ойнап тұрады. Ойын – сауық бөлмесінде қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға болады. Тегін интернет желісі. Іскерлік мақсатында келген қонақтарымыздың жағдайы жақсы жасалған. Конференц-зал, келіссөз жүргізуге арналған арнайы бөлмелермен қамтамасыз етілген. Қызметкерлеріміз ақжарқын, кішіпейілділігімен және қонақжайлылығымен қонақтарымыздың демалысын жоғарғы деңгейде өткізетініне сенімдіміз Және кешеннің ажырамас бөлігі – мейрамхана. Мейрамханада банкетке арналған бес жүз және жүз адамдық зал бар. Мейрамхана асханасы әртүрлі елдердің тағамдарынан тұратын болады.
Сурет 3 қонақ үй бөлмелері [8].
Сурет 4 конференц зал және бассейн [8]
