Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гульдана тку.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

1.3 Ұйымның инновациялық саясаты

Ұйымның дамуы әртүрлі инновациялық жаңалықтарды енгізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл жаңалықтар ұйымның барлық өрісіне әсер етуі мүмкін. Назар аударатын нәрсе, ұйымның бір өрісіндегі кез келген маңызды инновация, әдетте, бір-бірімен байланысты бөлімшелерде тез арада өзгерістерді, кейде ұйымның жалпы менеджментінің қайта құрылымын қажет етеді. Бір жағынан, инновация қазіргі жағдайды сақтау бағыттарының барлығы қарсы, екінші жағынан, мақсатталған, стратегиялық өзгерістерге, ұйымның экономикалық – техникалық жағдайының көтерілуіне әсер етеді.

Иннновация кәдімгі кәсіпкерлікті құрайтын нарықтық экономикаға тән. Бірақол тиімді де, тиімсізде болып келеді.Шығармашылық инновацияны дамытущы – нарықтық экономикада «бірінші кезектегі ресурс». Инновацияның обьектілеріне жататындар:

- тауар (түрі, сапасы);

- материалдар;

- өндірістік құралдар;

- технологиялық процесстер;

- адами факторлар әлеуметтік сала (ұйым қызметкерлері тәртіптерінің өзгеруі);

- ұйымның ұйымдастырушылық бөлімі.

Өнімдік инновация сатып алушылар ынтасы бойынша өндірістік болып бөлінеді. Сатып алушылардың белсенді ынталары: дайындаушы ұйым инновациялық процестерді атқарушы ретінде қарастырылады. Нарықтағы процесс бойынша өнім өндіруде тауар келесі фазадан өтеді:

- әлеуетті тұтынушылар тобын таңдау;

- бақылау және нарықты талдау;

- жаңа тауарға тапсырыс беру және тұсаукесер жайлы ақпарат;

- сұраныстағы өнеркәсіптік жаңа ойларды өңдеу;

- зертханада немесе нарықта өнеркәсіптік жаңа ойларды тексеру.

Тұтынушылар тарапынан ынталар: тұтынушылардың қалауы, олардың қажеттіліктері. Сатып алушылардың ынталары бойынша инновацияның түсу процесі келесі фазалардан өтеді:

- тұтынушы өзіне қажетті тауарды жақсартуға ұсыныс жасай алады;

- тұтынушы сәйкес өндірушіні іздеп, оған өз ұсынысын білдіреді;

- өндіруші тұтынушы ұсынысының ішінен өзіне көбірек пайда алып келетінін таңдайды;

- өндіруші ұйымның тұтынушылар идеясын нақтылауы және енгізуі.

Инновациялық процестің негізінде әрдайым өндірушінің ынтасы тұрады. Инновация шығармашылықтардың жасалуы мен тиімді ұсыныстардың енгізілуін қамтиды. Шығармашылық және тиімділік екеуі біртұтас процесс ретінде қарастырылады, соның нәтижесінде ұйымдық – өндіруші мен тұтынушының ынталарын біріктіру мүмкіншілігі пайда болады.

Жақсартушы инновациялар, әдетте өнім сапасын арттыруға, оның сырт пішінін өзгертуге, шығындарды төмендетуге бағытталады. Олар ұйымның экономикалық көрсеткіштеріне тез арада ықпал еткенде ғана пайдалы болады. Бір ұйымда енгізілген инновация соңында коммерциялық негізде басқа ұйымдарда таралуы мүмкін. Олардың таралу жылдамдығы инвестициялардың қажеттілігі мен әрбәр инновацияның нәтижелігіне байланысты болып келеді. Берілген инновацияны қолданған ұйым саны неғұрлым көп болса, оны қолданбаған ұйымдардың саны жоғары болады. Бұл таралу процесін тездетеді.

Еңбек өнімділігін тез арада арттыру инновацияның нәтижесі болып табылады. Технологиялық инновациялар өнімдік инновациямен бірдей және одан да жоғары коммерциялық нәтиже бере алады. Өнімділікті арттырудың көп бөлігі технологиялық процесстің орындалуымен байланысты. Технологиялық инновация өндірістің шығындарының, кейіннен бағаны төмендететін болғандықтан, өнімді сату нарығында көп бөлікті иемденетін өндірушілер көбірек пайда көреді.

Инновацияны қолдану нәтижесі оның еңбек өнімділігін тез және анағұрлым арттыру болып табылады. Технологиялық инновациялар өнімділікпен бірдей жоғары коммерциялық тиімділік береді. Жаңа технологиялық әдістің тез және ауқымды енуі үшін модельді математикалық есеп пен жаңа комьютерлік технологияны қолдану керек. Инновацияны ойлап табу ұйымның жоғары менеджмент деңгейінде жүзеге асырылатын стратегиялық жоспарлаудың негізгі бағыты болып табылады. Оның негізгі мақсаты – ұйымның ғылыми-техникалық қызметінің негізгі бағыттарын, келесі салаларда анықтау:

-инновацияны ойлап табу және енгізу;

-жаңа өнімді қамту арқылы жаңа технологиялық процессті ойлап табу және енгізу;

- қолданыстағы технологияларды жетілдіру.

Инновацияны ойлап табу мен енгізу ұйым дамуының көптеген бағыттарын анықтайтындықтан, ұйым стратегиясының негізгі бағыттарының бірі болып есептеледі.

Инновациялық саясатты жүзеге асыру келесілерді қамтиды:

- инновациялық қызметтің жоспарлары мен бағдарламаларын жасау;

- инновациялық әдісті ойлап табу және енгізу барысын қатаң қадағалау;

- инновациялық әзірлеу жобаларын қарастыру;

- өндірістің және функциональдық бөлімшелерді бірыңғай инновациялық саясат жүргізу;

- қаржы және материалдық – техникалық ресурстармен қамтамасыз ету;

- инновациялық мәселелерді, яғни алдыға мақсат қойғанна бастап, инновацияны ендіруге дейінгі мәселелерді кешенді шешу үшін уақытша топтарды құру.

Ірі ұйымдарда зерттеу мен өндірісті біріктіретін ғылыми – техникалық кешендерді құру инновациялық қызмеің қазіргі заманғы даму сатысының ерекшілігі болып табылады. Экономиканың өрлеу кезінде аталған тенденсациясын төмендеуі шаруашылық ұйымдардың инновация саясатына көріне бастайды, себебі уақыт ғылымды қажетсінетін өндірістің жаңа ағымдарын, әлемдік стандарттарға сай технологиялық процесстерді енгізуді талап етеді. Инновацияның мақсаты келесіге негізделген:

- жаңа техникалық шешімдерді іздеу,жаңалықтарды ашу;

- ғылыми және технологиялық зерттеулер жүргізу;

- жаңа өнімнің сериялық өндірісінің технологиялық дайындығы;

- технологияны және бәсекеге қабілеттілікті үнемі жетілдіру арқылы өнімді жаңа нарықтарда бекіту.

Инновациялық қызмет ұйымның маркетингтік қызметінің құрамдас бөлігін құрайды, бұл әсіресе, ғылымды қажетсінетін өнімді өндірумен шұғылданатын ұйымдарға қатысты. Бұл жерде инженерлік-техникалық бөлімшелер мен маркетингтік бөлімшелердің арасындағы қарым-қатынас байқалады. Бұл бөлімшелер тұтынушылардың ойлары мен түсінетін нақты ұсыныстарын трансформаторларына айналады. Олар өнімнің маркетингтік бағдарламаларын құруға белсенді қатысады. Қажеттіліктерді зерделеумен инновацияларды құру арасында кері байланыс бар, ол инновацияны құру барысында тұтынушылар тараптарын барынша ескеріп, олардың негізінде жаңа өнімді оңтайландыру мақсатымен техникалық-экономикалық көрсеткіштерді дұрыстауға мүмкіндік береді.

Ұйымның инновациялық саясатының негізі – инновацияның шығарудың басты мақсатын қалыптастыру, оны жүзеге асырудың мерзімін анықтау, нәтижеге нақты тәжірибелік мақсаттар түрінде баға беру, жаңа өнімді енгізудің мерзімін қысқарту. Инновацияны шығарудағы айқын саясат мүмкіндіктерді табанды іздестіруге алып келетін және жасап шығаратын топтарға мотивацияны тудыратын мәліметтер жинап, ұсыныстарды өңдеуге бағыт береді. Инновацияны әзірлеудің негізгі кезеңдері:

I кезең келіп түсетін идеяларды жүйелеу:

- нарықтағы технологиялық өзгерістер туралы және инновация туралы конструкторлық және технологиялық бөлімшелерден, маркетингтік қызметтен, өткізу бөлімшелерінен, сауда делдалдарынан, негізгі тұтынушылардан, (тілектер, талаптар, жарнамалар) мәліметтер жинау;

- тауарды өндіру және игеруге қатысты ұйымның әлеуметті мүмкіндіктері туралы мәліметтер жинау, тәуекелдің деңгейі мен ауқымын анықтау;

- мақсатты нарықтар мен олардың ұзақ мерзімді даму тенденсациялары туралы мәліметтер жинау.

II кезең ашылған идеялардың таңдау және оларды ( инновацияларды) өңдеу:

- идеялардың мүмкіндіктері мен тәжірибелік жүзеге асырылуын анықтау;

- жаңа және дәстүрлі өнімдердің технологиялық деңгейін анықтау;

- инновациялардың даму стратегиясының сәйкестігін анықтау.

ІІІ кезең. Инновацияның экономикалық тиімділігін талдау:

- идея нақты жобаның сипатын тапқанда инновацияны өндіру;

- нновациялардың технологиялық-инновациялық сипаттарын анықтау, оның сапасын бағалау;

- инновацияларды жасап шығаруға және енгізуге жұмсалған шығындарды (инвестицияларды), инновациялар өтімділігінің мерзімдерін анықтау;

- инновацияларды жасап шығару үшін қажетті ресурстардың болуы: қажылық, кадрлік, материалдық-техникалық;

- инновацияларды енгізу мерзімдері;

- инновациялардың пайдалылығын талдау және бағалау.

IV кезең инновацияларды жасап шығару:

- ұйымның бөлімшелеріне міндеттерді белгілеу арқылы нақты бір инновациялық бағдарламаны жасап шығару;

- инновацияларды жасап шығару және қажетті сынақтарды өткізу(экологиялық қауіпсіздікті тексеру) және тағы басқа.

V кезең инновациялар бойынша маркетингтік бағдарламалардың негізінде инновацияларды өндіріске енгізу туралы шешімдерді қабылдау келесілерді көрсетеді:

- инновациялардың коммерциялық дәйектемесі: тиімділігі, сұраныс пен қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесі, арналары және әдістері мен тәжірибесінің болуы;

- ұйымның өндірістік мүмкіндіктері: қолда бар қуаттылығын пайдалану, ресурстармен және маман-кадрлармен қамтамасыз етілуі;

- қаржылық мүмкіндіктері: инновацияларды сату мен меңгеруге кеткен инвестициялардың жаңа сомасы, қаржыландыру көзі;

- қаржылық мүмкіндіктер стандарттқа мемлекеттік нормаларға сәйкестілігі;

- инновацияларды қателіктік қорғаумен қамтамасыз ету.

Өнеркәсіптік мекемелерде саудалық есептің жаңа жағдайларында өндірістік процес тиімділігін арттыру жаңа өнімдерді өндірудегі технологиялық дайындық әлеуетіне және дәрежесіне деген талаптардың өсуіне әкеледі. Жоғары дәрежелі жаңа технологияны енгізуде келесі нәтижелер маңызды рөл атқарады:

- өнімнің ассортиментінің кеңеюі;

- оның сапасының жоғарылауы;

- өндірістің ұйымдастырушылық - техникалық деңгейі;

- жұмыс уақытының шығыны және өндірістік процесстегі материалдық-техникалық ресурстарды үнемдеу;

- өнімді дайындауға кеткен тұтас шығындарлың көлемі.

Өнімнің өзіндік құнының төмендеуі, технологиялық-ұйымдастырушылық және кадрлық шешімдер сапасының жоғарылауы инновациялардың негізгі мақсаты болып табылады [].

2. ТУРИСТІК САЛАДАҒЫ БАСҚАРУ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР

2.1 Туристік бизнес және үкіметтік реттеу

Туристік қызмет көрсету- өзінің туристік саяхаты кезеңінде және осы саяхатта байланысты туристтің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін берілетін қажетті қызмет көрсетулер және сапар мақсатына байланысты басқа да қызмет көрсетулер. Туристік қызметті үкіметті реттеудің негізгі мақсаттары:

- азаматтарды туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп тұру, құқықтарын қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау;

- туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

- саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қаматамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;

- халықаралық туристік байланыстарды дамыту;

- туристік индустрияны дамыту арқылы жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттік және Қазақстан Республикасының азаматтарының табыстарын молайту.

Туристік инновацияның негізгі принциптері:

- ғылыми принципі;

- жүйелі принципі;

- нәтиженің позитивті принципі;

- инвестициялық процесстерге пейілділік принципі;

- байланыстылық принципі;

- қауіпсіздік принципі.

Туризм және қонақжайлылық сферасындағы инновациялық идеялардың бағыттары:

- туристік өнімнің жаңа түрін шығару;

- бұрын қолданыста болмаған туристік ресурстарды пайдалану;

- ұйымдастыруда маркетинг және менеджмент қызметтерін пайдалану.

Туристік ресурстар – Қазақстан Республикасы туристік ресурстарының класстарға бөлумен бағалау олардың қорғалу режимі қоршаған ортаға түсетін ауыртпалыққа жол беретін шегін ескере отырып, пайдалану және Қазақстан Республикасының туристік ресурстары тұтастығының сақталу тәртібі, олардың қалпына келтіру жөніндегі шаралар елдің заңдарында белгіленген тәртіппен айқындалады. 2006-2007 жылы мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасының аумағында келген туристер саны – 4 миллион 706 мың адам. Елден шыққан туристердің саны – 3 миллион 687 мың адам. Ел ішіндегі туристердің саны – 495 мың адам.

Туристік сала кәсіпорындарының жалпы пайдасы – 44,718 миллиард теңге. Жалпы біздің елде туристік фирмалар саны – 903. Туризм әлемдік экономикадағы басты салалардың бірі бола отырып, ол саладан түскен табыс мұнай өнімдерінен кейін 3 – орында келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымының Дүниежүзілік туристік ұйымның деректері бойынша, туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның он бір пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Туризм жөніндегі маманданған халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің таңдауында, сондай-ақ мемлекеттің туризмді дамыту саясатына сәйкес туризм мемлекеттің әлеуметтік мәдени және экономикалық өміріне тікелей әсер ететін қызмет деп есептелінген. Қазіргі заманғы туризм құлдырауды білмейтін сала. Туризм саласындағы мамандардың есебі бойынша орташа есеппен бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған шамамен тоғыз тонна тас көмір , он бес тонна мұнай немесе екі тонна жоғарғы сортты бидай өндіру керек. Бұл кезде шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады. Ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс жасайды. Экономиканың есебі бойынша он мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезінде кемінде отыз бес мың доллар жұмсайды екен. Сондықтан щикізат сату ел экономикасы үшін тығырыққа тірелу, туризмді дамыту ұзақ мерзімді экономикалық тиімді жағдай болып табылады.

Туризм жалпы алғанда, ел экономикасына келесі оң нәтижелерін береді:

- шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі

мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал етеді;

- халықтың жұмыспен қамтылуына жағдай жасайды.;

- туризм тура немесе жанама түрде экономиканың отыз екі саласының дамуына ықпал етеді;

- елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі [].

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]