Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гульдана тку.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.32 Mб
Скачать

2.2 Қазақстан Республикасындағы туризм саласына арналған инвестициялар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігінің мәліметі бойынша, 2012 - 2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы туризм саласына 751.1 миллиард теңге инвестиция құйылған. Туризм саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар төмендегі кестеде көрсетілген [3].

Кесте 3

Туризм саласының негізгі капиталына салынған инвестициялар

Көрсеткіш

2012

2013

2014

Негізгі капиталға салынған инвестициялар млрд.тг

142.6

134.0

162.9

Бюджеттік қаржылар,млрд.тг.

63.8

63.7

59.8

Несиеге берілген қаржылар млрд.тг

26.0

15.5

20.0

Жеке қаржылар

52.8

54.8

83.0

Өткен жылға қарағандағы өсім%

124.7

88.9

121.1

Қызмет көрсету саласындағы жалпы инвестиция көлемі%

2.6

2.2

2.5

«The Travel & Tourism Competitiveness Report 2017» мәліметтері бойынша туристердің негізгі шығыны халықаралық тасымал үшін жұмсалған – 324.9 миллион теңге (33.4 пайыз). Қалғаны тауар сатып алуға – 252.1 миллион теңге (25.9 пайыз) және тамақтануға – 157.2 миллион теңге (16.2 пайыз ) жұмсаған.

Туристік қызметтер жыл сайын дамуда, 2016 жылғы Дүниежүзілік Статистика Ұйымының мәліметі бойынша қаржы 886.4 миллиард теңгені құраған, бұл 2015жылға қарағанда 136.9 миллиард теңгеге көбейген. Дүниежүзілік статистика ұйымының көрсеткіші бойынша туристік қызмет көрсеткіштері көбейгенімен, олардың жалпы сыртқы өнім көрсеткіші өте төмен болып қала берді (2016 жылы көрсеткіш бойынша- 0.0 пайыз). Туризм көптеген еңбекті қажет етеді, сондықтан жергілікті халықпен қатынаста болу саланы дамытудың маңызды факторы болып саналады.

Жыл сайын туризм саласында тіркелген тұлғалар саны өсуде, 2015 жылғы көрсеткіш бойынша олардың саны 20 975 адамды құрады. Орналастыру орындарының 2012 жылға қарағанда 80 пайызға өскен және олардың жалпы саны 2016 жылы 2 754 құрады. Қонақ үйлер және басқа да түнеу орындарының үлесі 90 пайызға жетті. Неізгі орналастыру орындары Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола, Қостанай облыстарында орналасқан. Бес жұлдызды қонақ үйлер тек жеті аймақта орналасқан: Алматы (6), Астана (5), Маңғыстау (4), Атырау (2), Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (1). Басқа мекендерде үш жұлдызды қонақ үйлер орналасқан. Жылына орта есеппен, Қазақстанға 6 500 мың адам келеді. Бірақ, өзге елге саяхаттаушы Қазақстандықтардың саны жыл сайын өсуде. Қазақстанға кіру және шығу туризмінің қатынасы орта есеппен 1.6 құрайды. Ішкі туризм бойынша 2016 жылы 6 506 адам тіркелген. Олардың мақсаттары: жетпіс бес пайызы жеке саяхаттау, он алты пайызы іскерлік саяхаттау, сегіз пайызы транзиттік саяхаттар, бір пайызы туристік саяхаттар. Ішкі туризм бойынша орташа шығын тоқсан мың тенгені құраған.

Өзге елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы туризмнің дамуы төмен деген шешімге келуге болады. Дегенмен, Қазақстанда шетелдік туристер аз және шығындары орта. Қауіпсіздік және қорғаныс аспектілеріне келгенде Қазақстан тек Малайзия мемлекетіне ғана жол береді, бірақ инфрақұрылым бойынша тек Қытай Халық Республикасынан ғана жоғары тұр. Дегенмен, денсаулық және гигиена жағынан 136 елдің ішінде көшбасшылардың бірі болып алтыншы орында тұрмыз.

Туризм инфрақұрылымы жай дамуы, қонақ үй бизнесінің кеңею потенциалын төмендетеді. 136 елдің ішінде Қазақстан қонақ үй бөлмелерінің жабдықталуы бойынша сексен екінші орынды иеленеді. Бағаның бәсеке қабілеттілігі бойынша сегізінші орынды иеленеді. Мұндай жоғары баға 2016 жылғы тамыздағы девальвациямен тығыз байланысты, осыған орай Қазақстан Республикасында шетелдік резиденттер бағасы айтарлықтай төмендейді. Мысалыға, Қазақстан 2013 жылғы туризм саласындағы бағаның бәсекеге қабілеттілік бойынша тек жетпіс үшінші орында және қонақ үйдің индекс бағасы бойынша жүз екінші орында болған. Ал 2016 жылы , халықаралық рейтингте қонақ үйде орналастыру бағасы бойынша 136 елден жиырма бесінші орында орналасқан.капитал [3].

Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастыру үшін халықаралық туристік ортада кластерлік бағыт болу керек. Соңғы жылдары қонақ үй және туризм саласының проблемаларына көңіл бөлінуде. Олардың туристерді тарту үшін, ұзақ уақытты бәсеклестікті қалыптастыру үшін маңыздылығы ескерілуде. Негізінен, туризмді дамыту концепциясынан елдің туристік кластері таңдалып отыр: Астана, Алматы, Шығыс, Оңтүстік және Батыс Қазақстан. Солтүстік және оңтүстік астаналар елдің іскерлік туризм орталығы ретінде және Алматы қаласы халықаралық тау туризмінің орталығы ретінде; Шығыс Қазақстан кластері экологиялық туризмнің орталығы ретінде; Оңтүстік Қазақстан кластері мәдени туризморталығы ретінде; Батыс Қазақстан мәдени және жағажай туризмінің орталығы ретінде дамытуды көздеп отыр. Бұл кластерлерде ұлттық жобаларды дамыту қарастырылуда: Астана кластерінде Бурабай қаласы, Алматы кластерінде Оңтүстік Қаскелең тау курорты және Көк жайлау, Шығыс Қазақстан кластерінде Бұқтырма, Қатон – Қарағай, Батыс Қазақстан кластерінде Кендірлі аймақтары [4].

Маңызды туристік кластердің бірі болып «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» транспорттық дәлізі. Негізінен, қырық сегіз халықаралық стандартқа сай жоба ойластырылып отыр. Қала туризмі, белсенді және санаторлық демалыс, тарихи – мәдени туризм, және экотуризм бағыттарын дамыту жоспарлануда. Қазақстанның тұрақты дамуы оның беделінінің оның танымалдылығын көтереді, және туризмді дамытуға өз үлесін қосады. Оған дәлел Дүниежүзілік Туристік Ұйымның он сегізінші басты ассемблеясы және Азиада – 2011 сияқты халықаралық шаралардың елімізде өтуі. 2000 жылдан бастап, Алматы қаласында Орталық Азияның маңызды туристік форумы, туризм индустриясының жаңалықтары мен трендтерін жарнамалайтын, басты индикатор және ұсынушы алаң – KITF көрмесі. 2017 жылғы кезекті көрме он тоғызыншы және жиырма бірінші сәуірде өткізілді [5].

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен бірге туристік сала көптеген өзгеріске ұшыраған жоқ. Туризмді кешенді жоспарлау мен мемлекттік емес туристік құрылымға дұрыс көңіл бөлінбеген. Сонымен қоса, туризмнің дамуына мемлекеттік басқарудың қайта құрылуы, қаржының қысқартылуы кедергі болды. Тәуелсіз Қазақстанда құрылымы бойынша маңызды бірнеше шаралар өткізілді, туризм саласында серіктес ретінде жиырма екі халықаралық келісім бекітілді. Туристік саладағы сараптамаға сәйкес шетелден келген туристтер сапалы қызмет көрсететін және толық қызмет көрсететін қонақ үйге тұрақтайды екен. Халықаралық деңгейдегі қонақ үйлердің болашақтағы жағдайы іскерлік туризмнің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының қазіргі туризмі мәдени және табиғи туризм арқылы дамуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]