КІРІСПЕ
Қазіргі заманда кімде-кім болмасын саяхаттауға құмар. Ал саяхат туризм түсінігімен тығыз байланысты, туризм тек орын ауыстыру ғана емес, экономикалық және әлеуметтік орны бар. Қазіргі кезде туризм жетекші салалардың бірі. ДТҰ-ның мәліметтері бойынша туризм әлемдік нарықтың он пайызын алып тұр. Туризм сферасына әлемдік ұлттық жиынтық өнімнің алты пайызын, әлемдік инвестицияның жеті пайызын , әр он алтыншы жұмыс орны, әлемдік тұтынушылардың шығындарының он бір пайызы келеді. Бұл туризмнің маңызды сала екендігін айқындай түседі. Қазақстан Республикасында төрт жүзден астам туристік фирмалар қызмет етеді. Туристік фирмалар мәліметі бойынша республикада туризнің жақсы дамыған аймақтары: Алматы, Шығыс Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Павлодар облысы, Оңтүстік Қазақстан облысы. Туризм саласының Қазақстанда дамуына ықпал ететін факторлар:
туристік ресурстарды дамыту;
туристік инфрақұрылымды дамыту;
шығынды азайтып, табысты ұлғайту;
халықты туристік жұмыс орнына тарту;
имидж қалыптастыру.
«Менеджмент» сөзі «басқару» сөзімен өзара байланысты. Менеджмент сөзінің көптеген ғылыми түсініктері бар. Егер оны туризмге қатысты түсінуге тырысатын болсақ онда бұл - әлеуметтік-экономикалық оқиғалар мен туристік индустриядағы процестерді басқару. Туристік индустрияға қонақ үйлер және түнеу орындарынан, танымдық және сауықтыру орталықтарынан, туристік ұйымдардың жұмыстарынан тұрады. Туризмнің дамуы үшін инновацияның орны ерекше.
Инновация – қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау. Ұлттық инновациялық жүйені құрудағы негізгі бағыттар:
- жақсы экономикалық ортаны құру;
- инновациялық инфрақұрылымды құру;
- ұйымдық-экономикалық механизмді мемлекеттік тәжірибелер көмегімен қалыптастыру.
Туристік фирмалар нарықтық экономика жағдайында жаңа өнімдер мен қызметтерге және осыған байланысты экономикалық пайдаға тәуелді. Инновацияларды енгізу туристік ұйымдар арасындағы бәсекелестікті дамытуға және тұтынушылар аудиториясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Менің курстық жұмысымның өзектілігі - Қазақстан Республикасындағы туризмді өзге елдермен тең дәрежеде жеткізу үшін туристік және рекреациялық обьектілерге бөлінген инвестицияны анықтау. Мақсаты - Әлемдегі және Қазақстан Республикасындағы туристік кластерлер мен обьектілерді зерттеу. Курстық жұмысымның міндеттері:
- инноватика теорияларының қалыптасуы;
- туристік саланы басқару және инновациялар;
- Қазақстан Республикасындағы туризм саласының инвестициялары;
- әлемдегі туризмнің инновациялық жағдайы.
құрылымы
1. ИННОВАТИКА ТЕОРИЯЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕОРИЯЛАР: МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Технологиялық тәртіптің өмірлік циклінде фазалардың ауысуымен тығыз байланысты инноватиканың қазіргі кездегі тұжырымдамасында жаңа өнімдер мен процестерді енгізуді, өнімді модификациялауды ажырата білу керек. Жаңа өнімді ендіру алғашқы болып саналады. Олар экономиканың қойнауында пайда болып, технологиялық тәртіпті талап етеді. Жаңа өнімді ендіру жаңа технологиялық тәртіптің пайда болу фазасымен түсіндіріледі. Бірақ, оның белгілі бір уақыт аралығында баяу дамуы жаңашыл өнімді бірінші болып қолданған жеке фирмалар мен компаниялардың монополистік жағдайымен түсіндіріледі. Олар зияткерлік меншік туралы заңмен қорғалатындықтан, жоғары пайдаға қол жеткізіп, табысты дамуда. Бірақ та, тауар нарығында монополистік жағдай басқа тауар өндірушілердің одан да ілгері дамыған жаңашыл тауарларды шығаруға ұмтылатын бәсекелестігіне байланысты күтпеген жерден аяқталуы мүмкін. Сондықтан монополист-ұйым жаңа өнімді өндіруді тұрақтандыру кезінде жаңа бәсекелестердің пайда болуын күтпей, өз өнімдерін шығару технологиясына лицензиясын сатуға кіріседі.Осының нәтижесінде жаңа процестерді енгізу қоғамдық өндірістегі жаңа тәртіптің жағдайы өндірістік табыстың біртіндеп төмендеуіне әкеледі.
Өз кезегінде лицензиясын сатқан ұйым жаңа және одан да жақсы бәсекелес тауарды шығару бойынша инновациялық қызметті жүргізуге қосымша қаражат алады. Осыдан тағы бір іскерлік кезең басталады, ол өнеркәсіптік өндірісте төмендеудің болатынын ескертеді.
Коньюнктуралық өзгерістер тауарлар нарығында көбінесе болжанбайтын себептермен түсіндіріледі. Бірақ, коньюнктуралық өзгерістер көбінесе мынадай фактормен: жеке фирмалар мен компаниялар тарапынан шығарылатын өнімнің модернизациясымен анықталады. Бұл нарықта қосымша сұранысты талап етіп, инновация секілді өнімнің өмірлік циклін ұзартады (ағыл. Innovation – жаңа ғылыми техникалық жетістік, жаңалық ендіру). Отандық экономиканың технологиялық тәртібінің қысқаша мазмұны 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1
Отандық экономиканың технологиялық тәртібінің қысқаша мазмұны [1]
Технологиялық тәртіптің реттік нөмері |
3 |
4 |
5 |
Басым болу кезеңі |
1880-1930 жылдары |
1930-1980 жылдары |
1980-2030 жылдары |
Технологиялық тәртіптің негізгі факторлары |
Электр двигателі болады. |
Іштен жану двигателі |
Микро-электрондық элементтер |
Технологиялық тәртіптің негізгі басым болу компоненттері |
Электро-техникалық және ауыр машина жасау, болат өндіру, органикалық емес химия |
Автомобиль және трактор жасау ,түсті металлургия,синтетика, органикалық химия |
Электроныдық өнеркәсіп, есептік техника, программамен қамтамасыз ету,робот жасау |
Жаңа тәртіптің қалыптасуы |
Автомобиль жасау, органикалық химия, түсті металлургия |
Радарлар, құбырды салу, авиа өнеркәсібі, космотехника |
Биотехнология, жеңіл химия , термоядролық синтез |
Технологиялық тәртіптің артықшылығы |
Электр двигателі негізінде өндіріс икемділігінің жоғарылауы |
Жаппай және сериялық өндіріс |
Жекелеген өндіріс және тұтыну меншігінің жаңа формалары |
Кестені қорытындылай келе, 1980 – 1930 жылдары автомобиль жасау мен органикалық химия дамыса, 1930 – 1980 жылдары радарлар, құбырлар салу, авиа өнеркәсіп дамыды және 1980 – 2030 жылдары биотехнология, жеңіл химия ерекше дамығандығын көруге болады.
Қазіргі кездегі инноватика теориясының тұжырымдамасында өнімнің өмірлік циклі мен технологиялық өндірістің өмірлік циклі сияқты анықтамаларды ерекшелеу керек. Өнімнің өмірлік циклі төрт фазадан тұрады. Бірінші фазада жаңа өнімді жасап шығару бойынша зерттеулер мен өңдеулер жүргізіледі. Өнеркәсіптік ұйымның өндірістік бөлімінде атқарылған техникалық құжаттарды өткізу аяқталады. Екінші фазада жаңа өнімнің ауқымды өндірілуінің технологиясы игеріледі. Бір және екінші фаза инвестициялық тәуелділікпен байланысты. Өндіріс ауқымдылығының келесі өсімі өнімнің өзіндік құнының төмендеуімен және табыстың өсуімен жалғастырылады. Бұл өнімнің өмірлік циклінің бір және екінші фазасы инвестицияны тартуға мүмкіндік береді. Үшінші фазада өндірілетін өнімнің көлемін тұрақтандыруға болады. Төртінші фазада өндіру мен сату көлемі біртіндеп азаяды. 1-суретте өнімнің өмірлік циклінің үлкейтілген сызбасы келтірілген.
Жаңа өнімді ендіруді қалыптастыру бойынша өңдеулер мен зерттеулер фазасы |
Жаңа өнімді өндіруді кең көлемде игерудегі технологиялық фаза |
Өнеркәсіптік өнім өндіру көлемін тұрақтандыру фазасы |
Сату және өндіріс көлемін төмендету фазасы |
Инновоциялық прогресс
Өнімнің өмірлік циклі
Сурет 1 Өнімнің өмірлік циклі [1]
Технологиялық өндірістің өмірлік циклі де төрт фазадан тұрады. Бірінші фаза жаңа процестерді енгізумен байланысты және ол технологиялық профильге байланысты ауқымды ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы жүзеге асады. Екінші фаза обьектіде енгізілген жаңа процестерді игерумен байланысты. Үшінші фазада басқа обьектілерде жаңа технология көп рет таралып әрі таралымы көбейтіледі. Төртінші фазада жаңа енгізілген процесстер тұрақты және әрдайым қызмет ететін обьектілерде жүзеге асырылады
Технологиялық тәртіптің келесі кезең аралығында дамуына жаңа технологияны фирмалар мен компаниялардың инновациялық қызметіне байланысты мемлекеттік қолдау әсер етеді. Жаңа процестерді енгізу өнімнің сапасын жақсартып, өндірістік шығындарды төмендетеді және тауарлар нарығында тұрақты тұтынушылық сұранысты қаматамасыз етеді.
Сонымен, инноватика теориялары мен оның қазіргі кездегі тұжырымдамаларына іскерлік циклдер, технологиялық тәртіптер, инновациялық процестер мен өнімнің өмірлік циклдері туралы түсініктер және технологиялық өндіріс туралы білімдер кіреді. Экономика дамуының маңызды факторы ретінде бүкіл әлем мойындаған ғылыми-технологиялық прогресс көбіне инновациялық прогресс түсінігімен байланысты.
Өндірісте ҒТП-ны негізгі екі бағытқа бөлу арқылы қарастырылады: азық-түлік және технологиялық инновация – экономикалық мәселелердің ауқымды шешімін табуға мүмкіндік жасайды. Бұл мәселелердің шешімі азық-түлік пен технологияны жаңартуға, ҒТП-ның екі бағытының арақатынасын қалыптастыруға, өнімнің техникалық деңгейін көтеруге, шығындарды нәтижелі бөлуге, тиімді қатынасты көрсетуге бағытталған.
«Жаңа өнім-жаңа технологияның» өзара байланысы мен өзара қатынасын зерттеу кейбір мәселелерді: инновациялыық дамудың заңдылықтарын анықтауға мүмкіндік береді. Инновациялық белсенділіктің теңсіздік тұжырымдамасы дүние жүзіндегі қазіргі заманға сәйкес зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл тұжырымдаманың негізгі жағдайы туралы отызыншы жылдары белгілі экономист Й. Шумпетер айтқан болатын, ал одан кейін тұжырымдаманың ары қарай дамуы жетпісінші жылдардың соңы мен сексенінші жылдардың басында Г. Меннш, Х. Фримен, Я. Ван Дейн, А. Кляйнкнехт және тағы басқа батыс еуропалық зерттеушілердің еңбектерінде көрініс тапқан. «Инновация» термині көптеген зерттеушілердің тұжырымдары бойынша, XV ғасырдың бірінші жартысында ағылшынның «innovation» -«жаңару» немесе «зат жасаудың жаңа жолы» деген сөзінен шыққан.Австралиялық ғалымдар Й. Шумпетер XX ғасырдың отызыншы жылдары тұтынушылық тауардың жаңа түрлерін, жаңа өндірістік және транспорт құралдарын пайдалануды, өндірістегі нарықтар мен ұйым нысандарын талқылап, экономика ғылымына енгізген «инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға ортақ категория болды. Й. Шумпетердің көзқарасы бойынша, инновацияи – тек жаңадан енгізу ғана емес, сондай-ақ өндірістің қызметі.
Өздерінің техникалық-экономикалық динамикасын зерттеген кезде ғалымдар келесі әдістемелік қорытынды шығарған:
- инновация негізіндегі бәсекелестік экономикалық динамика мен экономикалық өсудің қозғаушы факторы болып табылады;
- экономиканың дамуындағы маңызды рөлі білім мен интеллект атқарады;
- инновациялық қызметтің институционализациясы оның мазмұны мен құрылымына тікелей әсер етуші факторға айналуда.
Й. Шумпетер инновация ретінде қолда бар өндіріс факторлары мен күштерінің бірігуін білдіретін өндіріс факторларының жаңа комбинациясын, яғни кәсіпкерлердің инновациялық қызметін түсінді. «Жаңа комбинация процесін жүзеге асыру өндіріс факторларын инновацияға алып келеді. Өндіріс факторларының жаңа комбинациялы қағидалары болып келесілер табылады:
1) жаңа өнім құру;
2) өндірістің жаңа ұйымдарын пайдалану;
3) өндірістің жаңа ұйымдарын пайдалану;
4) жаңа өткізу нарығының ашылуы;
5) жаңа ресурс көздері мен түрлерін ашу.
Осылайша, Й.Шумпетер инновацияға кеңірек анықтама берді. Ол азық-түлік инновациясынан басқа ұйымдастырушылық және басқарушылық инновацияны, жаңа нарықтарды қалыптастыруды, жаңа жабдықтар, ресурстар көздерін, сонымен қатар қаржылық инновацияны қамтиды. Инновация теориясын өңдеуде жетекші рөлді Н.Д.Кондратьев, әсіресе Й.Шумпетер алады. Шумпетер коньюктураның үлкен циклдер теориясын қалыптастырып, жаңа циклге өту кезеңін жаңалық ашу мен инновация толқынымен байланыстырған. Н.Кондратьев ірі жаңалықтардың пайда болу сәттерінен ажырата алған.
1.2 Инновациялық менеджменттің негізгі теориялық ережелерінің эволюциялық дамуы
Жалпы менеджмент ғылыми сияқты инновациялық менеджментке негізгі теориялық жағдайлар мен тұжырымдамлардың эволюциялық даму сипаты тән. Инновациялар экономикалық жүйеде бірқалыпты емес, кластерлер түрінде пайда болады деген ғылыми болжамды алғаш Й.Шумпетер мен Г.Менш айтты және негізгі инновациялар туралы мәліметтерді жүйелендіреді, яғни экономикалық жүйенің дамуына айтарлықтай әсерінтигізді. Кластер – бұл белгілі экономикалық аймақта және белгілі уақыт аралығында негізделген базалық инновация жиынтығы. Я.Ван Дейн әр түрлі типтегі инновацияның пайда болуы «ұзын толқын» түрінде көрсетілген түрлі әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық фазалармен байланысты деген ғылыми болжам айтқан.
«Ұзын толқын» теориясы ұзақ мерзімді квазикезеңдік тербелісті зерттеуге көңіл аударады. Осы мақсатпен Я.Ван Дейн негізгі азық-түлік, толықтырушы өнімдер, негізгі технологиялық және толықтырушы технологиялық деп бөлу арқылы инновацияның түрлерін ойлап тапты. Қызметінің бағыты бойынша инновация кеңейтуге, оңтайландыруға немесе орнына қолдануға бағытталған, ол қазіргі заманғы теорияларда «ұзын толқын» деп пайдаланылады. Х.Фримен жаңа технолгиялық жүйе (ортақ технологиялық базамен байланыстыинновациялық кешен) және технологиялық революция категориясын енгізді (оның мазмұны техникалық-экономикалық парадигмалардың алмасуында, ал таралуы экономикалық коньюнктураның Я.Ван Дейн әректімен байланысты).
Инновациялық «ұзын толқын» таралу шегі бойынша жақындататын екі «тармақтан» тұрды. Бірақ кезекті «толқындар» арасында қашықтық (ойлап табуда қалай болса инновацияларда да солай тұрақтылығымен ерекшеленеді және ол елу бесжылды құрайды ( иновация мен ойлап табу орталықтарының аралығы). Бұны Г. Менш атап өткен және пайда болу фазасының құлдырау фазасына дейінгі аралықтағы көптеген экономикалық көрсеткіштердің динамикасын өзгеретін экономиканың дамуындағы кондратьевтік ұзақ циклмен байланыстырған.
Зерттеушілердің көбісі қазіргі ғылымның, техниканың, технологияның және әлеуметтік – экономикалық обьектілердің даму тенденциясына қарап, ұзақ циклдерді отыз бес-қырық жылға дейінгі уақыт бойынша қысқырады деп тұжырымдайды. Инновация экономикалық өсу динамикасына екіжақты әсер етеді: бірінші жағынан, экономиканың кеңеюіне жаңа мүмкіндіктер ашады; екінші жағынан, дәстүрлі бағытттарда мұндай кеңеюдің жалғасуы мүмкін емес екенін көрсетеді. Инновация экономикалық тепе-теңдікті жойып, экономикалық динамикаға белгісіздік пен сенімсіздік ұялтады. Й. Шумпетердің пікірінше, инновация экономикалық жүйені қолдан жасалған құртушылыққа, тұрақты бірқалыпты күйден басқа жағдайға ауысуына әкеледі.
Г.Менш инновациялық белсенділіктің бірқалыпсыздығын нарықтық экономика қызметінің ерекшілігімен түсіндіріледі. Ағымдағы пайдаға бағытталу арқылы кәсіпкерлер экономикалық коньюнктураны басқара отырып техникалық дамудың ұзақ мерзімді баламаларын жіберіп алады. Олар түбегейлі инновацияны дәстүрлі бағыттағы инвестицияның нәтижелілігі тез арада төмендегенде ғана енгізе бастайды, ал ол кезде экономиканың терең созылмалы күйзеліске түсуден қашып құтылу мүмкін емес. Дағдарыс фазасында базистік инновацияны енгізу табысты инвестициялаудың жалғыз мүмкіндігі болып табылады және соңында инновация дағдарыстан шығады. Ол дағдарысты инновацияның пайда болу шартында жаңа ұзақ толқынның технологиялық негізін құрайтын генератор рөлін атқарады. Х.Фримен керісінше, дағдарыс инновацияның енгізілуін баяулатып, қысымға алады деп есептеген. Дағдарыстың рөлін түсіндіруде көбінесе оның жанама мағынасы пайдаланылады. Дағдарыс кезінде әлеуметтік ауыртпалықтар жоғарылайды, оны шешу әртүрлі өзгерістерді қажет етеді, ал ол ұйымдық инновацияға жақсы мүмкіндіктер тудырады. Соңғысы технологиялық инновация үшін мүмкіндіктерді кеңейтіп, экономиканың технологиялық құрылымының өзгеруіне жағдай жасайды.
А.Кляйнкехт дағдарыс фазасында инновацияны енгізу тәуекелі және дағдарыс кезінде фазасында инновацияны енгізу тәуекелі және дағдарыс кезінде табысты барынша көбейту стратегиясы шығынмен анықталмағандықтан барынша төмендету стратегиясымен алмастырылады деп есептейді. Бірақ тәуекелділік - салыстырмалы түсінік. Экономиканың жоғарылау кезінде инновацияның техникалық жағынан дамуы байқалады, дағдарыс кезінде мұндай мүмкіндік бола бермейді, осыған байланысты түбегейлі инновациялық өнімнің тәуекелділігі аз болады. Ол экономиканың даму сатысында жақсаруғ бейім және технологиялық инновацияға көп көңіл бөлінеді.
Инновациялық қызметтің механизмі түп негізінде табыста жатыр деп көрсетіледі. Бірінші және екінші ретті инновацияның нақты механизміне қатысты механизміне қатысты екіжақты көзқарас бар. Екіжақты көзқарастың ерекшелігі инновациялық базистің негізгі бөлігі нақты жалпы экономикалық коньюнктураның дәрежесіне келуінен болып отыр.
Бірінші көзқарас Г.Менш және А.Кляйнкнехтің зерттеулеріне қарастырылған. Олардың пайымдауынша, фирма жағдайы төмендеуі инновацияға ынталандыру туғызады. Және керісінше, фирма қызметі өркендеген кезде өндірісте ештеңені күрделі өзгертудің қажеті болмайтындығы айтады. Г.Менш меншікті капитал иегерінің дағдарыс фазасында табыстың аздығына қарамастан жаңа өнім мен технологияға инвестиция салуға, икемді және ескі технологиялық өнімге немесе қарыз міндеттемелерге қарағанда инновация енгізу тәуекелі аз деп біледі. А.Кляйкнехтің айтуы бойынша, экономикалық дағдарыс жалғасқан кезде фирма қолданыстағы өнім мен табыс алып келеді, инновацияға бейімделу аса қажет болмағанға дейін табысты барынша көбейту стратегиясынан тәуекелді төмендету стратегиясына ауысады, себебі инновациялық қызмет әрқашан тәуекелмен байланысты болады.
Екінші көзқарасты Х.Фримен, Дж. Кларк, Л.Сутэ қарастырады. Олардың пікірінше, дамушы, сенімді болашақта нарықтың кеңею және табыстың өсуі кезінде фирма жоғары инновациялық белсенділікті көрсетеді. Егер фирма қиындыққа ұшыраса, инновация енгізуге мұршасы болмайды. Қорыта келгенде, бірінші ретті инновацияның негізгі бөлігі ұзақ мерзімді коньюнктуралық құлдырау кезінде жүзеге асырылады.
Екінші ретті инновациялық механизм инновацияның өмірлік циклі теориясымен байланысты. Теорияға байланысты әр базистік инновация жаңа өндірістік саланың дамуына әкеледі. Ол өзінің өмірлік циклі бойынша бастапқы жетілген қалыптан өткеннен кейін құлдырайды. Бұл процесс екіөлшемді болады: тік өлшемді маңыздылығы өте жоғары инновациялардан маңыздылығы төмен және көлденең өлшемді. Көлденең инновациялық өмірлік циклді құрастырғандар С.Девис, Э.Менсфил, А.Ромео. Инновацияны қолдану арқылы фирмалардың өсу қарқыны оны қолданбаған фирмамен тік пропорцияның өсуімен төмендейді. Ғылым саласында инновациялық диффузия тезірек жүреді. Диффузия жылдамдығы жоғары менеджменттің біліктілігіне де тәуелді.
Инновациялық теория шеңберінде ұзақ уақытты экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары жасалынады. Қарастырылып отырған тұжырымдаманың ең тиімді әдісі - базистік инновацияны жаппай іске асыру. Оның әдістері әр түрлі: « шынайы» депрессияның ақталуын пассивті күту (Г.Менш), иновацияны жасанды түрде ынталандыру (Х.Фримен), институциональдық өзгерістерді дағдарыстан шығуды тездету мақсатында іске асырып қана қоймай, сонымен қатар дағдарыстың әрі қарай күрделенуіне жол бермеу және де инновацияны салалық жүзеге асыруға экономикалық жағынан мүмкіндік жасау (А.Кяйнкнехт). Қазіргі кездегі инновациялық теорияның нарықты экономикаға жататынын айта кеткен жөн. Инновациялық жұмыс жасау механизмінің міндетті талабы – нарықтық ортаның болуы. Тек сондай ортада ғана мнновациялық экономика пайда болуы мүмкін [].
