Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
прак.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.04 Кб
Скачать

Н.4.02-03

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

БЕКІТЕМІН

ОӘК шешімімен

Төраға

__________ Курманова А.К.

« 1 » 09 2017 ж.

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

Кошанова Мараш Төлегенқызы

Білім тобындағы барлық педагогикалық мамандықтар үшін:

«Педагогика»

пәні бойынша практикалық сабақтарды орындауға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Оқыту түрі:күндізгі

Көкшетау 2017

Республикалық Оқу-әдістемелік Кеңес мәжілісінде ҚАРАСТЫРЫЛҒАН (Хаттама №18,15.05.2012ж). ҚР БжҒМ КЕЛІСІЛГЕН және ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН

Құрастырғандар:Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының аға оқытушы п.ғ.м.Кошанова Мараш Тулегеновна

Педагогика, психология және әлеуметтік жұмыс кафедрасының отырысында бекітілген

« 31 » 08. 2017ж. /№ 1 хаттама/

Кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Навий Л. ­­­­

Филология және педагогика факультетінің оқу-әдістемелік комиссиясымен келісілген

« » 09. 2017ж. /№ 1 хаттама/

Оқу-әдістемелік комиссияның төрағасы акад.доцент Курманова А.К.

Практикалық сабақтарды жүргізудің нұсқамасы.

Практикалық сабақтарын:

біріншіден: курс жұмыс бағдарламасы бойынша практикалық сабақтардың тақырыбын нақтылау, материалдың толықтығы және сағаттардың дұрыс бөлінуі, практикалық сабақтардың күнтізбелік жоспарлардың дәрістік курсқа сәйкес келуін қадағалау (дәрістік және пратикалық сабақтардың дәрістің нақты тақырыптарының мазмұнына сай жүйілілігін сараптау). Осы тақырып бойынша пратикалық курсты жүргізудің негізгі, әр сабақтың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;

екіншіден: Практикалық сабақтардың мазмұнымен танысу, жаңашыл ғылыми-педагогикалық жаңалықтардың қолданылуы мен көрініс табуына назар аудару. Оқытылып жатқан пән салалары бойынша еліміздің және әлемнің ғылыми жетістіктері мен пратикасының сабақ барысында қолданылуына, ғылымилығына, мазмұндылығына көңіл аудару.

Практикалық сабақтарда студенттердің бойында

- ғылыми-теориялық көзқарастардың қалыптасуына және тақырыптың әдістемелігін ашуға;

- оқытушы мен студенттердің сабақтың материалын түсіндірудегі нақтылық және

бейнелілікті көрсетуге;

- сабақтың кәсіпкерлік бағыттарына (мектеп курсымен байланысы); теориялық материалдың

практикалық байланысына;

- олардың формаларын сараптау;

- оқытудың техникалық құралдарын дайындауға, көрнекіліктерді, оқулықтар мен көркем әдебиеттердің қолданылуына назар аудару керек.

Практикалық сабақтарды жүргізу кезіндегі тәсілдердің әр түрлілігін атап өту; дидактикалық материалдың даярлық дәрежесін, дәрісті, тақырыпты толық кешенді игеруге итермелей отырып оқытуды тиімді ете білуін атап өту (дәріс, зертханалық, практикалық, семинар сабақтары кезінде);

үшіншіден: Әр түрлі жағдаяттарды шешу жолдары арқылы оқытудың өзекті әдістерін қолдану; осы тақырып бойынша практикалық сабақтарда өзекті мәселелерді құруға деген сұраныс бар ма соған назар аудару;

төртіншіден: студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесімен танысу (жекелеген, топпен, фронтальды, репродуктивті не шығармашылық сипаттағы); студенттерге жеке қарауды жүзеге асыру; өзіндік жұмысты орындау барысында оқытушының студентке берер көмегі, олардың түрлері; студенттердің өзіндік жұмыстарын жетілдіру әдістерін анықтау. Студенттердің өздігімен сабаққа жауап беруінің мұғалімнің шақыруы бойынша айтқан сабаққа қатысу;

бесіншіден: студенттерден сабақ сұрау түрлері, олардың жағдаяттарды шешуі, жаттығуларды орандағанда, практикалық сабақтарға қатысу кезіндегі белсенділігі және дербестілігі. Студенттердің жұмыс дәптерлерінің кейбіреулерін алып тексеру керек, сонымен қатар олардың білімін тексеру нәтижесімен, үй тапсырмасын оқытушының қалай тексеретіндігімен танысу керек. Әр тақырып бойынша студенттердің өзіндік жұмыстарын өздігімен жоспарлауына және студенттердің есеп берулерінің әсерлілігіне назар аудару қажет. Журнал бойынша студенттердің 2-3 айдағы сабаққа қатысуларын тексеріп, практикалық сабақ беретін мұғалімнің журналымен салыстыру керек. Студенттер босатқан практикалық сабақтарды өңдеудің формаларына сараптама жасау. Студенттердің практикалық сабақтардағы белсенділігін тексеру;

алтыншыдан: студенттердің жұмыс дәптерлерін алып кейбірін тексеріп, жазулардың формалары мен жүйесіне, аудиториялық, үй тапсырмаларын орындаған кездегі қорытындылардың формулировкасына назар аудару қажет. Семестрлік тапсырмалар, олардың ауқымы, материалдық қамтылуы тексеріледі. Жеке және топтық кеңестерді жүргізу түрлерін (кафедра құжаттарын, арнайы журналдарды қарау) және семестрлік тапсырмалар, басқа да аудиториядан тыс жұмыстардың орындауын тексеруді ұйымдастырылуын тексеру;

жетіншіден: оқу-әдістемелік кешеннің материалын тексере отырып, практикалық тапсырмаларды жүргізетін осы пән бойынша оқу әдебиеттерімен студенттердің қамтамасыз етілуін тексеру.

сегізіншіден: ОҒЗЖ саласы бойынша кафедра жоспарымен (практикалық сабақтарда), практикалық сабақтарда студенттердің оқу-зерттеу жұмыстарының элементтерін, ізденушілік сипаттағы тапсырмалар мен жағдаяттарды шешу мысалдарын, студенттік топтарды жігерлендірудің тиімді варианттарын қолдануды, зерттеушілік жұмыстардың дағдыларын қалыптастыруды, ізденушілік-танымдылық сипаттағы өздік жұмыстарды тексеру;

тоғызыншы: үлгерімі нашар студенттермен жұмыстарды сараптау;

оныншы: практикалық сабақтарды тексеру бойынша қорытындылар мен ұсыныстар кафедрада және әдістемелік комиссия отырыстарында талқылануы тиіс.

ЕСКЕРТПЕЛЕР: студенттердің ілімдік материалды қаншалықты игергенін тексеру үшін оқытушының бірлесе отырып жасалған осы пән бойынша практикалық тапсырмаларды бағдарламаға сай бақылау жұмысының өткізілуі мүмкін.

1 бөлім. Адамзат тарихында білім берудің, мектептің және педагогикалық ой-пікірлердің дамуы

Тақырып №1 Тарихи педагогикалық зерттеулердің әдістері мен әдіснамасы

Мақсаты: Тақырып бойынша студенттердің білімдерін бекіту, педагогика тарихы пәнінің теориялық әдіснамалық негіздерін өздігінен талдауға үйрету.

Тапсырмалар

1. Педагогика тарихы пәнінің мақсаты мен міндеттері

2. Педагогика тарихы пәнінің ғылыми педагогикалық зерттеулерін анықтау.

3.Педагогика тарихы пәнінің теориялық әдіснамалық негіздері.

Әдебиеттер:

1. Хрестоматия по истории зарубежной школы и педагогической мысли/под ред. Пискунова, М., 1981.

2. Қ.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. Алматы, 1985.

3. Құнантаева К.Қ. Қазақстанда білім даму тарихы. Алматы, 2005.

4.Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.

Тақырып №2 Кеңестік кезеңдегі білім берудің жетекші концепциялары

Мақсаты: Тақырып бойынша студенттердің білімдерін бекіту, кеңестік кезеңдегі білім беру концепцияларына өздігінен талдау жасау, салыстыру іскерліктерін қалыптастыру.

Тапсырмалар

1. 1917-1980 жылдардағы оқу-тәрбие мекемелерінің қызметі

2. 1917-1980 жылдардағы мектептер мен педагогиканың дамуы

3. 1980-1990 жылдардағы білім беру жүйесі

4. 1980-1990 жылдардағы мектеп пен педагогиканың дамуы

Әдебиеттер:

1. Е.Н. Медынский История педагогики М. 1982

2. История педагогики Часть-2 С ХҮІІ века до середины ХХ в. учеб. пособие для пед. университетов\ Под. Ред. А.И.Пискунова

3..Қ.Сейталиев. Педагогика тарихы: Оқулық. – Алматы: « Білім » , 2008.