Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (9) Uldana ПРАКТИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

Жүзім зиянкестерінің анықталу жиынтығы

12- кесте мың.га

№

Ауыл округ аты

Зерттелді

Қоныстанғаны

ЭЗШ-нан асқаны

өңделуі

Жоспар

Нақты

барлығы

Төмен

Орта

Жоғары

1

Қарамұрт

0,1

0,1

0,008

0,008

-

-

-

-

2

Қарабұлақ

0,2

0,2

0,007

0,007

-

-

-

-

3

Көлкент

0,3

0,3

0,017

0,017

-

-

-

-

4

Манкент

0,3

0,3

0,017

0,017

-

-

-

-

Барлығы

0,9

0,9

0,049

0,049

-

-

-

-

Сайрам ауданында кездескен жүзім ауруы.

Жалпы аудан бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарында орналасқан жүзімдіктерден жоспардағы 0,12 мың. га (Манкент ауыл округінде – 0,03 мың.га. Қарабұлақ ауыл округінде – 0,09 мың.га) жүзімдік көлемінде жүзімнің ауруларына (оидиум) зерттеу жүргізілді. Зерттеу жұмыстары нәтижесінде 0,033 мың.га көлемде аурумен залалданған жүзімдік алқабы анықталып, оның ішінен 0,009 мың га көлемде ауру бастапқы деңгейде, 0,013 мың га көлемде төменгі денгейде, 0,011 мың. га. көлемде орта деңгейде таралғандығы анықталды. Экономикалық шегінен асқан 0,011 мың.га көлемде ауруларға қарсы химиялық өндеу жұмыстары жүргізілді.

Аурулардың таралымы 4,0% пайызды, дамуы 5% пайызды құрады.

Зерттеу жұмыстары ағымдағы жылдың 12-шы маусымда басталып, 31-ші шілдеде аяқталды.

Қарабұлақ ауыл округі, Қарабұлақ Агро-СТК-не қарасты жүзімдік алқаптарында жұзімдің оидиум ауруларының алғашқы белгілері анықталғаны туралы және ауруларға қарсы тиісті шара қолдануы қажеттілігі туралы №21 санды, 19.06.2017 жыл хабарлама ауыл округтеріне берілді

Ауру мемлекетімізде кең таралған, бірақ оңтүстікте аса зиянды өсімдіктің барлық жер үсті бөлігі ауруға шалдығады.

Жапырақтың үстіңгі бетінде сұрғылт жеңіл өңез пайда болып, өсе келе жапырақтың астыңғы бетіне, сабағына, кейін өркеніне таралады. Соңына залалданған жапырақта қоңыр, жансызданған ұлпа бөліктері пайда болады. Залалданған жапырақтар сынғыш келіп, шеті жоғары қайырылып, қурайды.

Кеселге шалдыққан өркен бетінде өңез пайда болып, астындағы ұлпалар қоңырланып, жайылған дақ түзіледі. Күзге қарай өңез тығыздалып, өркендер қызыл-қоңыр түске енеді.

Жидек беті ақ ұнтақ өңезбен жабылып, оның астында майда дақтар пайда болады. Ерте залалданған жидектердің өсуі тежеліп, қурап, вегетацияның соңына дейін өсімдіктен түспейді. Кеш залалданған жидектер жарылып, ішіндегі тұқымы көрініп, олар басқа микроорганизмдердің әсерінен шіриді.

Ауру қоздырғышы – Uncinula necator Burril саңырауқұлағы жіпшумақ залалданған мүшеде дамып, үстінде мол конидия тасушылар түзеді. Олар ауа толқынмен оңай жеңіл таралып, тіршілігі 6 сағатқа созылады. Конидиялар жіпшеге өніп, одан жіпшумақ дамып, аппрессорийларымен ұлпаға тіркеліп, олардан клетка ішіне гаусториялар еніп, саңырауқұлақты қоректендіреді. Инкубациялық кезеңі ауа райына байланысты 4-12 күнге созылады. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы температура – 20-250С және 50-80% ылғалдылық.

Күзде жапырақтар мен өркендерде клейстотецийлер түзіледі, бірақ олар тез ыдырап, инфекцияны таратуда маңызды орын алмайды. Саңырауқұлақ жіпшелері қабық астында, бүршіктерде, өркен көзшелерінде қыстап шығады.

Республиканың оңтүстік-шығысында аурудың алғашқы белгілері шілде айында, ал қоздырғыштың дамуына қолайсыз жылдары тамыздың екінші жартысында білінеді.

Ауру өте зиянды. Кейбір жылдары өнімнің 30-50%, ал шара қолданбаған жағдайда түгел жойылуы мүмкін. Егер ауру бірнеше жыл қатарынан дамыса, онда жүзімдіктер әлсіреп, өркендері нашар дамып, жетілмей, қурап, алғашқы күзгі суықта (-2, -30С) үсікке шалдығады. Жүзім түптерінің өнімі төмендеп, қысқы қолайсыз жағдайлардан толық жойылады. Залалданған жидектер шарап өндіруге жарамсыз болады. Ауруға шалдыққан жидектердің қанттылығы азаяды. Ерте пайда болған аурудың зияндылығы артады. Кеш залалданған өсімдіктің жапырағы мен шиені (жас өркені) ауруға шалдығып, бірақ жидектері сау қалады.

Жылдан – жылға ӨК, шаруа қожалықтардағы егістік алқаптарында мемлекеттен бөлінетін субцидиялар есебінен және агробірлестіктердің өздерінің есебінен жүзім көшеттері қондырылып, жүзімдік алқаптарды көлемдері көбейтуде.

Ағымдағы жылда аудан көлеміндегі жүзімдік алқаптарда өнім жаман болмады.

Аудан көлеміндегі А.Навои, Манкент, О.Құрбанов ӨК-рі және бір қатар шаруа қожалықтарда агротехникалық жұмыстар мерзімінде және сапалы жүргізілуде, жұмыстар жақсы жолға қойылған.

Күз айларында өнімдер жиналып алынған соң, жүзімдіктерді кесу, ерте көктемде жүзімдік аралықтарын айдау, арамшөптерден тазарту, органик және минералды тыңайытқыштармен қоректендіру және ауруларға қарсы препараттармен уақытылы мерзімінде профилақтикалық химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілуде.