- •Өндірістік тәжірибе есебі
- •Мазмұны:
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •1.1.. Ауа райының зиянды организмдердің дамуына тигізетін ықпалы.
- •1.2.Ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиясы
- •1.3. Жүзім дақылының өсіру технологиясы мен зиянкестері.
- •А) Аса қауіпті зиянкестер
- •1. Сайрам ауданы бойынша марокко шегірткесінің кубіршесіне көктемгі зерттеудің 30.03.2017 жылға қорытынды мәліметі.
- •Марокко шегірткесінің шағылысуы мен жұмыртқа қоюуна жүргізілген зерттеудің 05.07.2017 жылға қорытынды мәліметі.
- •Сайрам ауданы бойынша марокко шегірткесінің күбіршесіне күзгі зерттеудің 25.09.2017 жылға қорытынды мәліметі
- •Сайрам филиалы бойынша қыстап шыққан зиянды бақашыққа көктемгі жүргізілген зерттеу туралы 14.04.2017жылғы қорытынды мәліметі.
- •Сайрам аудандық филиалы бойынша зиянды бақашық қандаласына күзгі зерттеу жұмыстарының
- •25.09.2017 Жылғы қорытынды мәліметі
- •Жүзім зиянкестері –көктемгі зерттеу.
- •Жүзім зиянкестері жазғызерттеулері.
- •Жүзім зиянкестері –күзгі зерттеулері
- •Жүзім зиянкестерінің анықталу жиынтығы
- •Сайрам ауданы бойынша жүзімнің оидиум ауруымен залалданғаны туралы зерттеудің 1.08.2017 жылға қорытынды мәліметі.
- •III. Қорытынды
- •IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Сайрам филиалы бойынша қыстап шыққан зиянды бақашыққа көктемгі жүргізілген зерттеу туралы 14.04.2017жылғы қорытынды мәліметі.
7- кесте мың.га
Ауыл әкімшіліктер |
Зерттел. күні |
Зерттелгені, га |
Зиянкес орналасқан, га |
Салмағы |
|||||||||||
Баст. |
Аяқт. |
жоспар га |
нақты, га |
барлығы |
соның ішінде, дана ш/м |
аналық |
аталық |
||||||||
1-ге дейін |
1,1-3-ке дейі |
3-тен жоғары |
м/гр |
м/гр |
|||||||||||
жоғары |
төмен |
жоғары |
төмен |
||||||||||||
Ақбұлақ |
03.04.17 |
03.04.17 |
0,2 |
0,2 |
0,001 |
0,001 |
|
|
116 |
102 |
111 |
84 |
|||
Жібек жолы |
10.04.17 |
10.04.17 |
0,2 |
0,2 |
0,002 |
0,002 |
|
|
106 |
100 |
94 |
97 |
|||
Қарасу |
11.04.17 |
11.04.17 |
0,2 |
0,2 |
0,002 |
0,002 |
|
|
106 |
100 |
96 |
95 |
|||
Қарамұрт |
07.04.17 |
07.04.17 |
0,1 |
0,1 |
0,001 |
0,001 |
|
|
109 |
102 |
97 |
94 |
|||
Қарабұлақ |
11.04.17 |
11.04.17 |
0,1 |
0,1 |
0,001 |
0,001 |
|
|
112 |
100 |
96 |
95 |
|||
Манкент |
10.04.17 |
10.04.17 |
0,2 |
0,2 |
0,001 |
0,001 |
|
|
115 |
104 |
98 |
96 |
|||
Барлығы: |
03.04.17 |
11.04.17 |
1,0 |
1,0 |
0,008 |
0,008 |
|
|
110 |
101 |
98 |
93,5 |
|||
Сайрам аудандық филиалы бойынша зиянды бақашық қандаласына күзгі зерттеу жұмыстарының
25.09.2017 Жылғы қорытынды мәліметі
8- кесте
қ/с |
Ауыл әкімшіліктер |
Зерттелген күні |
Зерттелгені |
Зиянкес орналасқан, га |
Салмағы |
||||||||||||||
басталуы |
аяқталуы |
жоспар |
нақты |
барлығы |
соның ішінде 1ш/м саны |
аналық |
аталық |
||||||||||||
1-ге дейін |
1,1-3-ке дейін |
3-тен жоғары |
м/гр |
м/гр |
|||||||||||||||
Бір күнде |
Барлығы |
Бір күнде |
Барлығы |
||||||||||||||||
Бір күнде |
Барлығы |
Бір күнде |
Барлығы |
Бір күнде |
Барлығы |
жоғары |
төмен |
жоғары |
төмен |
||||||||||
1 |
Ақбұлақ |
06.09.17 |
06.09.17 |
0,3 |
|
0,3 |
|
0,003 |
|
0,003 |
- |
- |
- |
- |
110 |
107 |
106 |
101 |
|
2 |
Көлкент |
11.09.17 |
11.09.17 |
0,1 |
|
0,1 |
|
0,002 |
|
0,002 |
- |
- |
- |
- |
111 |
109 |
104 |
100 |
|
3 |
Қарамұрт |
15.09.17 |
15.09.17 |
0,3 |
|
0,3 |
|
0,003 |
|
0,003 |
- |
- |
- |
- |
110 |
108 |
105 |
101 |
|
4 |
Манкент |
21.09.17 |
25.09.17 |
0,3 |
0,2 |
0,3 |
0,002 |
0,003 |
0,002 |
0,003 |
- |
- |
- |
- |
112 |
109 |
103 |
100 |
|
|
Барлығы |
06.09.17 |
25.09.17 |
1,0 |
0,2 |
1,0 |
0,002 |
0,011 |
0,002 |
0,011 |
- |
- |
- |
- |
110 |
108 |
105 |
100 |
|
Сарышұнақтар
Кеміргіштер тобына - ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіретін сарышұнақтар жатады. Сарышұнақтар егіс алқаптарын, жайылымдарды зақымдайды. Олардың ішінде ең көп зиян келтіретіндері: кіші сарышұнақ,балпақ сарышұнақ, қызылұрт сарышұнақ, зорман. Сарышұнақтар –белгілі бір уақытта күндіз белсенді болатын жануар, ал жылдың көп уақытын ұзақ ұйқыда өткізеді. Зиянкес ұйқыдан ерте көктемде оянады. Өмір сүру уақыты 4-5 жылдан аспайды.
Сайрам ауданы сарышұнақ зиянкесіне көктемгі қыстап шығу кезеңіндегі анықтау жұмыстарының жалпы көлемі 1,5 мың.га жерде жүргізілді. Соның ішінде 0,008 мың. га жерге орналасқан. 2017 жылдың наурыз айының 27-сі күні Манкент а/о қарасты жайылымдық алқаптарында көктеп өсу кезеңінде қыстап шыққан сарышұнақтардың жер бетіне шыққаны анықталды. №1 Хабарлама. 27.03.2017 ж осы күнге пайдалы температураның тиімділігі +42,5 ° градусты құрады. Жазғы зерттеу жұмыстары 2,0 мың.га жерге жүргізіліп, 0,012мың.га жерге орналасқаны анықталды.
Сайрам ауданы бойынша тышқан тәрізді кеміргіштерге анықтау жұмыстары жалпы 3,5 мың.га –ға жоспарланған. 2017 жылдың наурыз айының 27-ші жұлдызында Манкент а/о Манкент СТК-не қарасты жайылымдық алқаптарында тышқан тәрізді кеміргіштердің жер бетіне шыққаны анықталды. №3 Хабарлама. 27.03.2017 жылғы күнге пайдалы температураның тиімділігі +202° градус болды. Көктемгі анықтау жұмыстары 1,5 мың.га-жоспарланып, зерттеу жұмыстары Ақбұлақ, Жібек жолы, Манкент ауыл округтерінде жүргізіліп, нәтижесінде 0,011 мың.га-ға қоныстанғаны анықталды. Ал жазғы зерттеу жұмыстары бойынша 2,0 мыңга-ға жоспарланып, қоныстанғаны - 0,031 мың.га жерде анықталды.
- Кеміргіш тышқандар қыстап шыққан кезеңінде анықтау жұмыстары наурыз айының ішінде жалпы көлемі 1,5 мың.га жерде жүргізілді. Соның ішінде 0,008 мың.га жерге орналасқан.
Жазғы зерттеу барысында жоспарланған 2,0 мың.га жайылым зерттеліп, нәтижесінде 0,020 мың.га жерде тышқан тәрізді кеміргіштер анықталды.
күндері түскен ұмыстары жүргізілді. сәуір айларында 1,5 мың.га жерде зерттелді. Колорадо қоңызы
Колорадо қоңызы – Leptіnotarsa decemlіneata Say. Қатты қанаттылар (Coleoptera) отрядының жапырақ жегіштері (Chrysomelіdae) тұқымдасына жатады. Шыққан жері – Cолтүстік Америка. Қазіргі кезде Қазақстанның барлық облыстарында таралған.
Қоңыздың ұзындығы 7-12 мм, дене пішіні сопақша, арқа жағы дөңес, түсі қызғылт-сары, қанаттарының әрқайсысының үстінде бойлай орналасқан бес қара жолақ болады. Алдыңғы арқа сақинасында көптеген қара дақтар бар, олардың біреуі (ортада орналасқан) латын әрпі “V”-ға ұқсас. Мұртшалары 12 бунақтан тұрады, олардың тұп бөлігі ақшыл, ұшы қара болады. Жұмыртқалары сопақша келген сары немесе қызғылт-сары түсі жылтыр, ұзындығы 0,8–1,2 мм, Дернәсілдері қызғылт-сары, алмұрт пішінді, басы және алдыңғы арқа сақинасы және аяқтары қара, бүйір жақтарында екі қатар болып орналасқан қара меңді нұктелер бар, ұзындығы 1,5–16 мм-ге жетеді. Қуыршағы кірпіш реңді қызыл немесе қызғылт-сары, ұзындығы 10 мм-ге дейін болады. Колорад қоңызы имаго фазасында көбінесе картоп өсірілетін танаптарда 20–50 см тереңдікте топырақ арасында қыстайды. Жылына 2–3 ұрпақ береді.
3-сурет. Колорадо қоңызы: имаго, жұмыртқа және дернәсілдер
Көктемде топырақтың жылылығы 14–15оС-қа жеткенде қоңыздар жер бетіне көтеріліп, екі-үш күн қоректенгеннен кейін жұмыртқалауға кіріседі. Жұмыртқаларын топтап жапырақтың астыңғы бетіне салады. Орташа өсімталдығы әрбір ұрғашы қоңызға 500 жұмыртқадан келеді, ол аса қолайлы жағдайларда 2400 жұмыртқаға жетеді.
Қыстап шыққан қоңыздардың жер бетіне көтерілуі өте созылыңқы, кейде үш айға созылады. Сондықтан олардың жұмыртқалау және дернәсілдерінің шығу мерзімдері де ұзаққа созылады. Жұмыртқаның дамуы 4–7 күнге, дернәсілдердің дамуы 16–24 күнге, қуыршақтың дамуы 6–15 күнге созылады. Қоңыздар мен олардың дернәсілдері өте қомағай келеді, картоптың жапырағы мен сабағын күні-түні бірдей кеміріп жеп, қатты зиян келтіреді. Егер картоптың бір түбінде қоңыздар мен дернәсілдердің 30–40 шақтысы қоректенетін болса, онда өсімдіктің жапырақтарын түгелдей құртады. Бұл жағдайда картоптың өнімі 10 есеге дейін төмендейді.
Сайрам ауданы бойынша колорадо қоңызына зерттеу жұмыстары жалпы 4,0 мың.га жоспарланған. Көктемгі зерттеу жұмыстары - 0,5 мың.га картоп егілген алқаптарда жүргізілді. Соның ішінде барлық қоныстанғаны - 0,05 мың.га. 2017 жылдың 27 сәуір күні картоп дақылының гүлдеп өсу кезеңінде Қарабұлақ ауыл округіне қарасты «Қарабұлақ-Агро» СТК картоп алқаптарында колорадо қоңызының жер бетіне шыққаны анықталды. №10 Хабарлама. Пайдалы температураның тиімділігі +502 ° градусты көрсетті. Жазғы зерттеу жұмыстары Қарабұлақ, Көлкент, Қарамұрт, Манкент ауыл округтерінде картоп егілген алқаптарда -3,0 мың.га зерттеу жұмыстары жүргізілді, қоныстанғаны – 0,105 мың.га қоныстанғаны анықталды. Күзгі зерттеу барысында жоспарланған 0,5 мың га алқап зерттеліп 0,016 мың.га –ға орналасқаны анықталды.
Жоңышқа бізтұмсығы (фитономус).
Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – Phytonomus varіabіlіs Hrbst. Қаттықанаттылар отрядының бізтұмсық қоңыздар (Curculіonіdae) тұқымдасына жатады.
Қазақстанның оңтүстік бөлігінде жоңышқа өсірілетін аудандардың барлығында кең таралған. Әсіресе бірінші орылатын жоңышқа егісінің негізгі зиянкесі.
Бас түтігі едәуір ұзын, алдыңғы арқа бөлімінің ұзындығы тең, сарғыш сұр түсті қоңыз. Үстіндегі қанаттардың ортасында ұзын баспалдақты қара-қоңыр түсті дағы болады Жұмыртқалары сопақша, жылтыр, сарғыш түсті, дернәсілдері сарғыш-жасыл, басы қара-қоңыр, аяқтары болмайды, құрсақ бунақтарының бүйір жақтарында орналасқан емшек тәрізді бұдырмақтардың көмегімен қозғалады. Дернәсілдердің ұзындығы 6-8 мм-ге жетеді. Қуыршағы жасыл, сарғылт түсті.
4-сурет. Жоңышқа жапырағының бiзтұмсығы
Фитономус жылына бір ұрпақ береді. Қоңыз күйінде жоңышқа егістігінде топырақтың үстіңгі бетінде, өсімдік тамырына таяу түбінде қыстайды.
Көктемде қыстап шыққан ұрғашы бізтұмсық жұмыртқаларын жоңышқаның сабағы 10–12 см биіктікте кішкене қуыс жасайды да, онда 19–30-ға дейін топтап орналастырылады. Әр ұрғаш фитономус 360-тан 2500-ге дейін жұмыртқа салады.
Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер сабақтың ұшына қарай көтеріледі де жапырақ бүршіктерінің ішіне еніп, жасырын қоректенеді де кейін ашық түрде жапырақтың жұмсақ ұлпасын түгелдей жеп, жүйкелерін ғана қалдырады. Дамуы аяқталып, қоректенуін тоқтатқан дернәсілдер жапырақ бетінде піллә жасап, соның ішінде қуыршаққа айналады.
Жаңа ұрпақ қоңыздары күзге қарай қоректенуін тоқтатып, қыстауға кетеді. Бір сабаққа төрт дернәсілдер келген жағдайда жоңышқаның жемшөптік массасы 80 пайызға дейін азаяды.
Сайрам ауданы бойынша зиянкеске 1,0 мың.га жоспарланған. Жоспарланған көлем толық зерттеліп нәтижесінде 0,14 мың га орналасқаны анықталды. 2017 жылдың наурыз айының 27-і жұлдызында Жібек жолы а/о, «Жібек жолы» СТК-не қарасты жоңышқалық алқаптарында жоңышқаның 4-6 жапырығының көктеп өсу кезеңінде жоңышқа бізтұмсығының қоңыздарының қыстаудан жер бетіне шыққаны анықталды. № 2 Хабарлама. Осы күнге пайдалы температураның тиімділігі +202° көрсетті.
Күздік көбелек
Күздік көбелек – Agrotіs segetum Schіff. Қазақстанда кең таралған. Оңтүстік, Оңтүстік шығыс аймақтарында қатты зиян келтіреді.
Көбелектің алдыңғы қанаттарының жалпы түсі ақшыл-қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгеріп тұрады: бүйрек тәрізді, сына тәрізді және дөңгелек дақтары (таңбалар) жіңішке қара сызықпен жиектелген. Ұрғашыларының мұртшалары жіңішке қылшық тәрізді, ал еркектерінікі тарақ тәрізді (5- сурет).
5- сурет. Күздік көбелек және оның жұлдызқұрты
Қанаттарының өрісі 35-45 мм. Жұмыртқасы жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5 мм, үстіңгі жағындағы қырларының саны 16–20. Жұлдызқұрттары күңгірт топырақ түсті сұр, ұзындығы 52 мм-ге жетеді. Қуыршақтың ұзындығы 20 мм шамасында, түсі қызыл-қоңыр. Көбелек жұлдызқұрт фазасында топырақтың 5–25 см қабатында қыстайды. Көктемде жұлдызқұрт қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы 2–4 аптаға созылады. Көктемде ауа температурасы 15–17 градус болғанда көбелектер ұша бастайды. Әсіресе ымырттан түнгі сағат 10–12-ге дейін қарқынды ұшады. Әрбір ұрғашы көбелек 400-800-ге дейін жұмыртқа салады. Күздік көбелек мекендеген жерінің ауа райы жағдайларына бай-ланысты 1–3 ұрпақ береді.
Жұлдызқұрттар тамыр мойынды немесе сабақты зақымдайды. Алғашқы кезде жапырақтың жұмсақ ұлпасын кеулеп жеп, кейін тесіп жібереді. Жұлдыз-құрттар неғұрлым ересек болса, соғұрлым қомағай келеді.
Сайрам ауданы бойынша күздік көбелекке ауыл округтері бойынша - 1,0 мың.га жоспарланған. Көктемгі зерттеу жұмыстары 0,05 мың.га Манкент ауыл округінде алқаптарда жүргізілді. Қоныстанғаны барлығы – 0,002 мың.га. Жыл көлемінде жалпы жоспарланған 1,0 мың га аумақтың барлығы зерттеліп, нәтижесінде 1 шаршы метр жерде 0,5-ге дейін 0,075 мың. га жерге орналасқаны анықталды.
Мақсары бізтұмсығы
Сайрам ауданы бойынша мақсары дақылында зиянкестерге зерттеу жұмыстары ауыл округтерінде егістік алқаптарында -0,8 мың.га жоспарға сай жүргізілді. Кейінгі кезде мақсарының үлкен және кіші бізтұмсығы көп зиян келтіруде. Бірқатар өндірістік кооперативтер химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуде. 2016 жылдың 5 мамыр күні Манкент ауыл округі «Манкент» СТК-не қарасты мақсары егістік алқапатарында мақсарының кіші бізтұмсығы шыққаны анықталды. №14 хабарлама барлық ауыл округтерге жіберілді. Пайдалы температураның тиімділігі +710,5 ° градусты көрсетті. Мақсары бізтұмсығына жазғы зерттеу жұмыстары Қарабұлақ, Қарамұрт, Көлкент, Манкент ауыл округтеріне қарасты мақсары егістік алқаптарында -0,75 мың.га жерде жүргізіліп, қоныстанғаны -0,165 мың.га төмен және орта дәрежеде анықталды. Ал күзгі зерттеу жұмыстары Манкент ауыл округінде -0,02 мың.га егіс алқаптарында жүргізілді. Қоныстанғаны -0,003 мың.га
Бидай трипсі– Haplothrіps trіtіcі Kurd. Шашаққанаттылар отрядының флеотрипиде тұқымдасына жатады. Қазақстанда дәнді дақыл егістіктерінде кең таралған зиянкес.
Ересек трипсінің ұзындығы 1,5–2 мм, түсі қара немесе қара-қоңыр. Қанаттары мөлдір, шеттері жіңішке шашақтармен жиектелген. Еркегі ұрғашысынан кішірек, өте сирек кездеседі (6 -сурет).
Жұмыртқасының түсі ақ, өте ұсақ, дернәсілі қызыл түсті.
6-сурет. Ересек трипсі мен дернәсілі
Трипс дернәсіл күйінде дәнді дақыл сабақтарының қалдықтарында және топырақ түйірлерінің арасында қыстайды. Күздік бидай масақтанған кезде трипсілер оларды кейін жаздық бидайды игереді.
Трипстердің жаппай ұшуы солтүстік аймақтарда маусымның екінші жартысында, ал оңтүстікте мамырдың аяқ кезінде байқалады. Трипстер масақша қоңыздарының астына және масақ сағағына жұмыртқалайды. Бір ұрғашы трипсі өз өмірінде 20–25 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның дамуы 6–8 күнге созылады. Әдетте дернәсілдердің шығуы жаздық бидайдың тоғысу кезеңіне тура келеді. Олардың сан мөлшерінің ең көп болуы бидай дәнінің сүттену кезеңінің аяқ кезінде байқалады. Таралған жерлерінің барлығында трипс жылына 1 ұрпақ береді.
Ересек трипстер масақша қауызының және ең жоғарғы жапырақ түтікшесінің керегесінің шырынын сорады. Осының нәтижесінде масақ бұралып, пішінін өзгертеді. Дернәсілдер алғашқы кезде гүл және масақша қауыздарымен қоректенеді де, сонымен толысып келе жатқан бидайдың дәндерін сорып, салмағын кемітеді. Бидайдың бір дәніне бір дернәсілден келгенде оның салмағы 10–11, екеуден келгенде 20–25, үшеуден келгенде 30–35 пайызға дейін кемиді.
Құрғақшылық жылдары трипстердің зияндылығы арта түседі. Суармалы егістерге қарағанда олар тәлімі жерлердегі егінді қаттырақ зақымдайды.
Сайрам ауданы бойынша бидай трипсі зиянкесіне ауыл округтерге жалпы – 0,34 мың.га жоспарланған. Көктемгі зерттеу жұмыстары Манкент а/о қарасты бидай егістік алқаптарында -0,02 мың.га жерде жүргізілді. Қоныстанғаны -0,001 мың.га анықталды. Жазғы зерттеу жұмыстары Жібек жолы, Қарабұлақ, Манкент ауыл округтерінің бидай егістік алқаптарында -0,3 мың.га көлемінде зерттеу жүргізілді. Қоныстанғаны -0,09 мың.га.
Бау зиянкестері
Алма жеміс жемірі – Laspeyresіa pomonella L.Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының жапырақ ширатқыштар (Tortrіcіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда және басқа алма өсетін аймақтардың барлығында тегіс таралған аса қауіпті зиянкес.
Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабағына ұқсас қара сұр түсті болады. Ағымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр үш жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм-ге жетеді.
Көбелектің жетіліп қоректенуін тоқтатқан жұлдызқұрттары алма ағашының діңімен бұтақтарының өлі қабықтарының астында, жапырақтарында, кеуектерінде жерге түскен жапырақтардың және басқа өсімдік қалдықтарының арасында, сонымен қатар жеміс сақтайтын қоймаларда (ыдыстарда т.б.) қыстап шығады.
Көктемде жұлдызқұрттар қыстап шыққан орындарында қуыршаққа айналады. Екі-үш аптадан соң қуыршақтардан көбелектер ұшып шығады. Әдетте олардың ұшу мерзімінің басталуы алма ағашының гүлдену кезеңінің аяқ кезіне тура келеді. Көктем кеш шыққан жылдары көбелектің жалпы ұшу мерзімі бір айға, ал жаппай ұшу мерзімі 7 күннен 14 күнге созылады.
Қуыршақтан шыққан соң бірнеше күннен кейін көбелектер жұмыртқаларға кіріседі. Жұмыртқаларын бір-бірлеп алғашында жапыраққа, одан соң жеміс түйіндеріне салады. Көбелектер кешке қарай күн батқан соң және түнде бекенді ұшады. Көбелектер ауа жылылығы 16оС-тан төмен болатын салқындау күндері жұмыртқалауын тоқтатады. Көбелектің өсімталдығы 100 жұмыртқадан жоғары. Оншақты күннен соң жұмыртқадан жұлдызқұрт шығады. Ол дереу немесе 1–2 сағаттан кейін жемістің қабығын кеміріп, жұмсақ ұлпасына енеді де онда тұқым дәнегіне қарай жол салып, жемістің тұқымдарымен қоректенеді. Одан соң келесі жемісіне көшеді. Жұлдызқұрттардың қоректенуі 25–30 күнге созылады. Осы мерзім ішінде әрбір жұлдызқұрт 3–4 жемісті зақымдайды. Дамуы аяқталған жұлдызқұрттар, жемістен шығады да, ағаштың өлі қабықтарының астында, жарықтарында және басқа орындарда қуыршаққа айналады.
Қуыршақтану кезеңі басталған соң 10–15 күннен кейін жаңа ұрпақтың көбелектері ұшып шығады. Олар жұмыртқаларын көбінесе жемістің үстіне салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары да жемісті кеміріп, ішіне жол салып енеді де оның тұқымдарымен қоректенеді. Зақымдалған жеміс түйнектері пісіп-жетілмей төгіліп қалады, пісуі жеткен кезде зақымдалғандары сақтауға төзімсіз келеді. Алма жемірі жылына 1–3 ұрпақ береді.
ЖҮЗІМНІҢ ЗИЯНКЕСТЕРІ
Жүзімді жүзімнің беріш кенесі, жүзім шоғының жапырақ ширатқышы, жүзім филоксерасы аяқты мамандаған зиянкестер мен қатар көпқоректі зиянкестерде зақымдайды.
Жүзімнің беріш кенесі – Erіophyes vіtіs Pgst. Өсімдік қоректі кенелердің (Acarіna) төртаяқтылар (Erіophydae) тұқымдасына жатады. Жүзім өсірілетін аймақтың барлығында тегіс таралған.
Кененің денесі ұзынша келген цилиндр тәрізді, түсі сарғылт, ұзындығы 0,14–0,18 мм, екі жұп аяғы болады. Аяқтарының табан бөліміндегі қауырсын тәрізді қылшықтар сәуле тәрізді бес тармақты болады.
Кененің жыныс бездері жақсы жетілген ұрғашылары жеміс бүршіктерінің сыртқы қабыршақтары астында қыстайды. Көктемде жүзімнің өсу өркендері ашылған кезде кенелер қысқы мекендерінен шығады да өркен бойымен өрмелеп қоректенуге, одан соң көбеюге кіріседі.
Кенелер жапырақтың астыңғы жағын игеріп, сонда қоректенеді. Жапырақтың кене қоректенген жері тереңдеп шұңқырланады және оның үстін киіздей қалың түктер (алғашында оң, кейіннен қоңыр түсті) жауып тұрады. Ал жапырақтың кене сорған жерінің қарама-қарсы үстіңгі жағында беріш пайда болады.
Зиянкестің зақымдау әрекеті өсімдіктің ұлпаларында биохимиялық үрдістердің дұрыс жүруіне кедергі келтіреді. Соның нәтижесінде жүзімнің сапасы нашарлайды, қышқылдығы артып, қанттылығы төмендейді. Сонымен қатар бұл кенемен қатты зақымдалған жүзім сабақтарының беретін өнімі де азаяды.
Алматы жеміс аймағы жағдайында кененің бұл түрі жылына 4–5 ұрпақ береді. Кене әсіресе Рислинг, Каверне, Совинюн деп аталатын жүзім сорттарын қатты зақымдайды.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы – Polychrosіs botrana Schіff.Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының жапырақширатқыштар (Tortrіcіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірінде таралған.
Көбелек қанаттарының өрісі 11–13 мм-ге жетеді. Алдыңғы қанаттары ортасында әртүрлі жіңішке сызықтар мен аспа бау тәрізді жалпақ жолағы бар қоңырқай сарғыш, ал артқы қанаттары сұр түсті болады. Жұмыртқасының пішіні жарты шар тәрізді, түсі жартылай мөлдір, сарғылт келеді. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 10–12 мм-ге дейін, жалпы түсі ақ немесе сары, арқасы бозғылт-жасыл және көкірек қалқаншасы сарғылт-қоңыр болады. Қуыршағының ұзындығы 5–6 мм-ге дейін, түсі жасыл реңі қоңыр, ең соңғы бунағы ілмек тәрізді қылшықтармен жабдықталған.
Зиянкес қуыршақ күйінде жүзім плантациясының айналасындағы ағаштардың жарығында, қабығында және жерге түскен жапырақтарының астында және топырақ арасында қыстайды. Жылына екі-үш ұрпақ береді. Бірінші ұрпақтың көбелектері жүзімнің гүлдену кезеңінен бұрын ұшып шығады да жұмыртқаларын бітеу гүлдерге салады. Бұл ұрпақтың жұлдызқұрттары бітеу гүлдерді, ашылған гүлдерді зақымдап бүлдіреді және оларды өрмек жіптерімен орап тастайды. Екінші ұрпақтың көбелектері маусым айында шығады да жұмыртқаларын піспеген көк жидектерге салады. Осы ұрпақтың жұлдызқұрттары сол жидектермен қоректенеді, әрқайсысы оншақты жидекті зақымдайды. Әсіресе үшінші ұрпақтың жұлдызқұрттары көп болады. Олар пісіп жетілген жидектермен қоректенеді. Зақымдалған жидектер ауа райы жауын-шашынды болса шіріп, ал құрғақшылық болса қурап қалады.
