Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word (9) Uldana ПРАКТИКА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

1.2.Ауыл шаруашылық дақылдарының фенологиясы

Ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-даму фенологиясы.

- күздік бидай дақылдары ору кезеңі аяқталуда.

- жаздық бидай дақылдары ору кезеңі аяқталуда.

- жоңышқа алқаптарында ІІІ орақ ору кезеңі аяқталуда.

- мақсары дақылы жаппай пісіп жетілді, ору кезеңінде.

- алма бауда кеш пісетін сұрыптар пісу алдында .

- кеш егілген сәбіз дақылы өсу кезеңінде.

- картоп дақылының кеш егілген сұрыптары өнім байлау кезеңінде.

- орамжапырақ дақылының кеш егілген сұрыптары бас байлау кезеңінде.

- ашық егістік алқаптарында егілген қызанақ дақылдары пісу кезеңінде, жиналуда.

- қияр дақылының өнімдері жаппай пісу кезеңінде, жиналуда.

Ауыл шаруашылық дақылдарының зиянды организмдерінің өсіп-даму фенологиясы

Зиянкестер:

- сарышұнақ зиянкестері қыстауға кетті

-тышқан тәрізді кеміргіштер қоректенуде, қыстауға кетті.

-колорадо қоңызы қытауға кете бастады

- мақсары бізтұмсығының жаңа қоңыздары қыстауға кетті

- зиянды бақашық қандаласы қыстауға кетті

-бидай трипсі қыстауда

Аурулар

- бидай дақылының тат, септориоз ауруы - төменгі деңгейде анықталды.

- бидай дақылының тамыр шірігі ауруы – төмен деңгейде.

- бидай дақылының гельмонтоспориоз дағы ауруы – төмен деңгейде.

- баудың тас қотыры ауруы – төмен деңгейде.

- жүзім дақылының ойдиум ауруы – төмен, орта деңгейде.

- ақтүйнек дақылының фитофтороз ауруы – төмен, орта деңгейде кездесті

- қызынақ дақылының фитофтороз ауруы – төмен, орта деңгейде.

- қияр дақылының антрокноз ауруы – төмен, орта деңгейде.

- жуа дақылының антракноз ауруы – төмен, орта деңгейде.

- жоңышқаның ақ ұнтақ ауруы – анықталмады.

- мақсары дақылының церкоспороз ауруы – байқалмады.

1.3. Жүзім дақылының өсіру технологиясы мен зиянкестері.

Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде 4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық аймақтарда өседі. Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5 салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады. Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор. Егер жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп, бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды. Жүзім құрамында қант, органикалық қышқылдар, ферменттер, илік, азотты және пектинді заттар, С, В1, В2, В6, В12, Р, РР дәрумендері, өзектер, сонымен қатар минералдар мен микроэлементтер бар. Жүзім ағзаны холестериннен тазартады. Медицинада гемоглобинді көтеру үшін, қан аздыққа, бүйрек, жүрек, жүйке ауруларына қарсы, бронхит кезінде жөтел мен қақырық шығару үшін қолданады. Жүзім шырыны несеп және өт айдау үшін қолданылады. Қазіргі кезде ғалымдар жүзім сүйегінің қатерлі ісіктерге қарсы ем болатынын дәлелдеуде. Жүзімнен шырын, компот, тосап, мармелад жасайды. Жүзім шарап өндіруде кеңінен қолданады. Ал шарап жасаудан кейінгі қалдықтардан сірке қышқылы, этил спирті, эфир майы шығарылады. Сонымен қатар жүзімді кептіріп, мейіз жасайды.

Жүзім дақылының зиянкестері

Жүзімнің беріш кенесі (Eriophyes vitis) Жүзім өсірілетін аймақтарда таралған. Денесінің ұзындығы –0,14–0,18 мм, екі жұп аяғы болады. Кенелер жапырақтың астыңғы бетін мекендеп, сонда қоректенеді. Жапырақтың кене қоректенген жері тереңдеп, шұңқырланады және оның үстін киіздей қалың түктер жауып тұрады. Ал жапырақтың кене қоректенген жерінің қарама-қарсы үстіңгі жағында беріш пайда болады.

Кенелердің ұрғашылары жеміс бүршіктерінің сыртқы қабықшалары астында қыстайды. Зиянкестің зақымдануы нәтижесінде жүзімнің сапасы нашарлайды, қышқылдылығы артып, қанттылығы төмендейді, онымен қатар өнімі де азаяды.

Жүзім ұнды сымыры (Planococcus citri Ris) Кавказ бойы мен Орта Азияда, Қырым мен Краснодар өлкесінің бірқатар аудандарында таралған. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде кездеседі. Цитрус және басқа да жемістерді, тұтты, жүзімді бүлдіреді. 

Құрт бүлдірген өркендер дами алмайды, жапырақтар түсіп, жүзім шоқтары бүріседі, өнімділік бірден азаяды. Бұдан басқа жапырақтар мен жидектер құрт сұйығының қантты жабысқақтарымен жабылады да, сапрофитті зеңдер дамып, бүлдірген жерлері қараяды. Нәтижесінде жеміс сапасы нашарлап, өсімдіктің тыныс алуы мен фотосинтезі әлсірейді.

Ұзындығы 3,5–4 мм болатын үлкен аналық сопақ пішіндес, сарғыш-қоңыр түстес болады. Арқасында қара жолақ жүргізілген, ал жанында 34 қалың қылшықтар болады. Дене аяғында екі ұзын  құйрықты жіп бар. Барлық дене балауыз бөлінділер секілді ақ ұнтақты үлпілдікпен көмкерілген. Аталықтар сирек ұшырасады. Жұмыртқасы майда, дернәсілдері үлкендерге  ұқсас болып, кіші көлемімен ерекшеленеді. Дернәсілдер қыстайды және аналықтар кейбір ғана жағдайда қалдырылған түбірден шығады. Ерте көктемде күннің жылуымен құрт қозғалады да, көп жылдық өркендер мен сүрек түбірлерінен қоректене бастайды. Мамыр айының алғашқы күндерінде қоректенген жерінде ақ түбітпен жабылған жұмыртқа қалдырады. Аналығының көбеюі 40 жұмыртқаны құрайды. 2 аптадан кейін жұмыртқадан дернәсілдер шығады да, бір жылдық өркендерге жорғалап, олардың сөлін сора бастайды. Дернәсілдер қоректене келіп, өздері ұрық шығара алатын жағдайға жетеді де, осылай көбейеді. Жаз мезгілінде құрттардың жаппай бөлігі жапырақтар, жасыл өркендер мен жидектермен қоректенеді. Жаз мезгіліндегі аналық жапырақтарда 175, ал жүзім шоқтарында 250 -ге дейін жұмыртқа қалдыра алады, жыл бойына 3–4 рет ұрық шаша алады. Бұл зиянкестердің дамуы үшін 22–25°С температурадағы онша ыстық емес, ылғалды кез өте қолайлы. Жүзім құрттары суыққа төзімсіз, олар 15°С-та өліп қалады.

Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы (Polychrosis botrona Schiff.) Ресейдің жүзімді барлық аймақтарында, Молдавияда, Украинаның оңтүстігінде, Кавказ жағалауында және Орта Азияда кеңінен таралған. Қазақстанда бұл зиянкес Оңтүстік Қазақстан облысында ғана едәуір зиян келтірді. Гүлдермен, жидектермен, шанақтарымен қоректене отырып, жүзімдіктерге орасан зор зиян келтіреді, кей ретте өнімділік тек 20–40%-ды ғана құрайды. Жидектердің тауарлық сапасы бірден нашарлап, олар шіріп кетеді. 

Тенгеқанаттылар отрядының жапырақширатқыштар тұқымдасына жатады. 

Көбелектердің қанаттары 12–14 мм-ге дейін жетеді. Алдыңғы қанаттары  сарғыш қоңыр түсті, сарыдан өрнекті суреттері мен қоңыр, қара–көк дақтары мен ашық жолақтары бар.  Артқы қанаттары сұр түсті, қанық талшықты және аздаған шашақты болады.

Жұмыртқалары сарғыш, сопақ пішіндес диаметрі 0,5–0,7 мм келеді. Олар жарыққа шығысымен күміс түске боялады да, жасыл фонда анық көрінеді. Көбелек құрттарының үлкенінің ұзындығы – 10–12 мм, 16 аяғы болады. Кішкентайлары ашық қоңыр реңдес, ұзындығы – 5–6 мм -ге жетеді. Олар сидам мен жең бұтақтардың тамырында, құрғақ жапырақтарда,  кейде топырақта, басқа жерлерде қыстайды. Көбелектердің көктемгі буыны ауа райының жергілікті жағдайына сәйкес сәуірдің ортасы, мамырдың басында ұшып шығады. Жаппай ұшып шығуы жүзімнің гүлдейтін кезімен сәйкес келеді. Көбелектер шанақтарда  жұмыртқасын қалдырады. Аналықтың көбею қабілеті 70–80 жұмыртқаға жетеді. Эмбриондық кезеңі – 7–10 күн.  Көктемгі буыны аздау болады, өйткені, қыстап шыққан кішкентай құрттардың көп бөлігі жүзімдерді жерге қайта шығару мен төменгі температура әсерінен өліп қалады. Көбелектердің екінші буыны маусым айының екінші жартысында немесе аяғында ұшып шығады. Көбелектер жұмыртқаларын жас түйіндерге және ерте пісетін сұрыптарда жасыл жемістерге қалдырады. Олар оны бүлдіреді. Бір көбелек құрты 20–40 түйінді немесе 10 жеміске дейін зақымдай алады.

Жүзім шоғының жапырақширатқышы ең зияндысы – үшінші буыны. Олар жемістің жетіліп, пісуінің алдында (тамыз айының ортасы–аяғы, кейде қыркүйектің басы) ұшып шығады. Олар піскен жүзім шоқтарында дамиды да, жоғары зиян келтіреді. Бұл буынның жекелеген фазаларының даму ұзақтығы алдыңғы екеуінен қысқа болады. Ал, көбелектердің көбею бейімділігі жоғары болады. Бір қуыршақ 4–8 піскен жемісті бүлдіре алады. Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында бұл зиянкес төрт рет көбейеді. Қыстаған кішкентай құрттар 25–26°С күшті аяздарды көтере алмайды, ал ұзақ аяздарда, тіпті – 10–12°С түгелдей дерлік өліп қалады. Осыған байланысты бұл зиянкестің таралуын қысқы мезгіліндегі климаттық жағдай анықтайды. Алматы облыстарында зиянкестің жаппай көбеюі мерзімдік сипатқа ие. Бұл зиянкестің көбеюіне қолайлы 18–25°С қалыпты температура және ауаның жоғары ылғалдылығы (70–90%). Керісінше, жоғары температурамен ( 32°С-жоғары) және ауаның төмен ылғалдылығында көбелектердің қалдырылған жұмыртқаларының көптеген бөлігі өліп қалады да, олар азаяды. Әсіресе, ықтасындағы жүзімдіктер көп зардап шегеді. Бұл зиянкес үшін түптің дамуы да анағұрлым маңызға ие. Аспалы дамыған түптер жақсы желдетіледі де, зияндылығы төмендейді.Жүзім шоқтарының жапырақ шіратқышы жүзімнің барлық сұрыптарын бүлдіріп, зиян келтіреді.

Күресу шаралары. 1. Жаңа жүзімдіктер егуде дұрыс желдетілмейтін аймақтардан сақ болған жөн. Жүзім сабақтарын аспалы дамыта отырып өсіру түптердің жақсы желденуіне, сапалы тазалауға мүмкіндік береді екен.

2. Арам шөптермен мұқият жұмыс жүргізу. Жүзімдіктер қатарлары мен түптер арасындағы топырақтарды өңдеу. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізу.

3. Жүзімдіктерді көбелек құрттарының ұшып шығатын мезгілдерінде химиялық тазалап отыру. Алғашқы тазалау жас өркендерде болашақ көбелек құрттарының белгісі байқалған кезде, екіншісі гүлдеудің аяқталған соң 18 күннен кейін, үшіншісі – екінші тазалаудан кейін 12–15 күн өткен соң жүргізіуі тиіс.

Жүзімдіктерге төмендегі инсектицидтердің бірін қолдану ұсынылады: 25%-ды антио (1,2–4 л/га), 50%-ды к. э. ДДВФ (1–2 л/га), 30%-ды с. п., 35%-ды к. э. фозалон (1,3–3,3 кг немесе 1–2,8 л/га), 50%-ды к. э. цидиала (2–4 л/га), 50%-ды к. э. элсана (2–4 л/га), 40%-ды к. э. фосфамид (1,2–3 л/га), 20%-ды немесе 40%-ды к. э. метафоса (2,5–3 л немесе 1,25— 1,5 л). және т.б.  Үшінші буынына қарсы химиялық препараттар қолданылмайды, себебі бұл кезде жемістер жетіледі.

Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш (Clysia ambiguella Hb.) Молдавияда, Украина оңтүстігінде, Орта Азияда, Кавказ жағалауында және Қиыр Шығыста кездеседі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таралған. 

Олардың зияндылығы жүзім шоқтарының жапырақ шіратқышына қарағанда анағұрлым төмендеу. Шанақтар мен гүлдерді жейді. Екінші буыны жидектерді бүлдіріп, жұмсақтарын жеп қояды. Бүлінген жидектер шикі күйінде шіриді, кеуіп кетеді.

Көбелектердің алдыңғы қанаттары сабан-сары түсті, артқысы суретсіз сұр болады. Көбелектердің ұзындығы 13–15 мм. Жұмыртқалары жылтыр, сарғыш түсті, сопақ пішіндес, 0,8 мм көлемде келеді.

Кішкентай құрттар қызыл түсті, ұзындығы 6–8 мм, аяқ жағында  талшықтар бар. Олар сидам  мен салалыбұтақтың тарамдалған тамырында, аспа бөренелерінің сызаттарында және басқа жерлерде қыстайды. Ерте пісетін сұрыптарда (мамыр айының 1–2 он күндіктері) шанақтау мерзімінде көбелектер ұшып шығады. Аналық жұмыртқасын жеке тұрған шанақ, гүлге немесе жас өркендер мен гүлсабағына қалдырады. Көбелектің көбею бейімділігі – 70 жұмыртқа. Эмбриондық кезеңі – 8–10 күн. Бір көбелек құрты 30 шанақты құрта алады.

Жүзім жемістерінің жетілуінің басталуымен көбелектердің екінші буыны жаппай ұшып шығу мерзімі сәйкес келеді. Олар жұмыртқаларын жемістерге салады. Эмбриондық кезеңі 6–8 күн. Олар жеміс жұмсағын жеп, қоректенеді. Бір жұлдызқұрт 17–20 жетілген жемісті бүлдіре алады. Бір жемістен бір жеміске өтіп жүріп, оларды торлайды, пішінсіз түйіртпектер жасайды. Көбелек құрттарының даму ұзақтығы 20 күн. Жемісті түгел жеп болғаннан кейін олар жемісті тастап шығады да, таса жерге қуыршақтарын салады. Бұл құрттар қыстап шығады. Бұлардың көбеюі үшін ауаның жоғары ылғалдылығы мен қалыпты температура қолайлы болып саналады.

Күресу шаралары: Жүзім шоғының жапырақширатқышыменбірге кездесетіндіктен, бұл зиянкеске қарсы да аталған шараларды қолдануға болады. 

Өрмекші кене (Tetranychus urticae Koch.) жүзіммен айналысатын аймақтардың барлығында кездеседі, әсіресе Украина оңтүстігінде, Молдовада, Краснодар өлкесінде, Орта Азиялық республикаларда зиянкестілігі арта түседі. Еліміздің Оңтүстік қазақстан облысында кеңінен таралған.

Кененің пайда болуынан жапырақтың төменгі жағында сарғыш нүктелер пайда болады, олар түрліше көлемде, дақты пішіндекеледі. Жапырақ уақытынан бұрын түсіп, өнімділік төмендеп, жеміс сапасы нашарлайды. Жүзімдегі зиянкестің даму биологиясы мынадай үлгіде жүреді: Көктемде жүзімнің бүршіктенуінен кенелер қыстаған орындарынан шығады да, жас жүзім жапырақтарына орналасады. Көп уақыт өтпей аналықтар жапырақтың төменгі жағына бір-бірлеп жұмыртқа салады. Аналықтың ұрықшылдығы 40–150 жұмыртқа. Эмбриондық даму кезеңі 5–7 күн.

Екі аптадан соң құрттар толық кенелерге айналады да, олар да өз кезектерінде жұмыртқа шығарады. Вегетация мерзімінде 6–8 буын өсіп шығады. Әсіресе, қолайлысы құрғақ, өте ыстық жаз мезгілі. Қазанда аналықтар қыстайтын орындарына кетеді де, аталықтар өліп қалады.

Төменгі температураға төзімді, – 28°С температурада да тіршілік ете береді.  Жүзім сұрыптарына кенелердің  орналасу деңгейі жапырақтарының түсуімен байланысты. Жалаң жапырақты немесе тез түсетін сұрыптар кенелермен көп зиян шегеді.

Жүзімнің қышытпа кенесі (Eriophyes vitis Р.). Ресейдің, Молдавия, Өзбекстанның, Қазақстанның жүзім өсіретін аймақтарының барлығында кездеседі. Қатты зақымданған жапырақтар сарғайып, түсіп қалады. Түптер қурап, өнімділік бірден азаяды. Жүзімдіктердің кенелермен залалдануы өрттік сипат алады. Кейде бұл кенені жүзімдік киіз кене деп атайды.

Аналықтың денесі цилиндр тектес болады, құрт пішінді, ашық-сары түсті. 80 сақиналар мен екі жұп аяқтан тұрады. Денесінде бірнеше қылшық,ұш жағында екі ұзын қылшық болады. Ұзындығы  0,15–0,18 мм. Аталықтар бірнеше есе кіші келеді. Жұмыртқалары өте майда, домалақ пішіндес, ақ, 0,5 мм диаметр шамасында болады. Кенелердің жұмартқаларын тек микроскоптармен ғана көре аламыз.

Үлкен аналықтар топырақтың арасында, бір жылдық өркендердің түбірлерінің жарықтарында қыстайды. Көктемде бүршіктену әсерінен қыстаған жерлерінен шығады да, жапырақ ұлпаларының төменгі жағында дамып, сөл сорады. Вегетация мерзімінде 5–9 рет көбейеді. Күзде зиянкестер қыстайтын жеріне оралады. Әсіресе, жүзім қышытпакенесі қараусыз қалған жүзімдіктерде кездеседі. Бұл зиянкестен рислинг, Өзбекстан мускаты, саперави, каберне, Құлжалы, кіш-міш, тербаш және басқа сұрыптар көп зиян шегеді.

Кенелермен күресу шаралары: 1. Агротехниканың жоғары деңгейін ұстану (дұрыс, өз мезгіліндегі кесу, өгей бұтақтардан арылту. Сабақтарды кесуден, жинаудан кейін тазалау). 2. Қышытпа кенелердің жаппай пайда болуынан егісте өткен жылы түптердің бүршіктенгеннен бастап гүлдегенге дейінгі мерзімінде тазалау үшін мына препараттар қолданылады: 40%-ды к. э. фосфамида (1,2–3 л/га), 25%-ды к. э. антио (1,2–4 л/га), 50%-ды к. э. карбофоса (1–2,6 л/га), 13,5%-ды с. п., 20%-ды к. э. кельтана (1.5–4 кг (л/га), 30%-ды с. п., 35%-ды к. э. фозалона (1,3–3,3 немесе 1–2,8 л/га), 20%-ды және 40%-ды к. э. метафоса (2,5–3 л немесе 1,25–1,5 л/га).

Өрмекші кенеге қарсы 50%-ды к. э. трихлорметафос–3 (1,2–4 л/га) көбірек тиімді.Жемістің өсуі мен жетілу кезеңінде күкірт қышқылы қолданылады.

 

II. Негізгі бөлім

Ауданда тіркелген ерекше қауіпті және зиянды организмдерінің 2017 жылы таралуы мен дамуына жүргізілген мониторинг жұмыстары.

Зиянды организмдердің өсіп-дамуы