- •Тақырыбы: Таңдама тәсіл Бас жиынтық және таңдама
- •Таңдаманың статистикалық таралуы.
- •Медиана (median, me)
- •Мода (moda, mo)
- •Полигон және гистограмма.
- •Бас орта
- •Таңдама орта
- •Шашырау сипаттамалары
- •Стандарттық ауытқу ( standart deviation, sd )
- •Стандарттық ауытқудың қолданылуы
- •Процентильдер (перцентильдер, percentile)
- •Процентильдердің қолданылуы
- •Сенімділік интервалы
- •1.Шынайылықты репрезентативтілік қатесін анықтау арқылы бағалау тәсілі.
- •2. Орта және салыстырмалы шамалардың сенім шекараларын анықтау.
- •Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары:
- •3 Сигма ережесі.
- •Гаусс қисығы
- •3 Сигма ережесі.
- •3 Сигма ережесі.
- •Статистикалық жорамалдарды тексеру
- •Статистикалық критерийді таңдау.
- •2. Орташа мәндер арасында айырмашылық бар (немесе жоқ) туралы жорамалды тексеру үшін параметрлік критерийлер
- •Жұптаспаған немесе тәуелсіз (екітаңдамалы) Стьюденттің t-критерийі
- •Фишердің f критерийі ( екі дисперсияларды салыстыру; f-test)
- •Параметрлік емес критерийлер.
- •Үлестерді бағалау және салыстыру
- •Шқ есептелінуі
- •Шқ мәнін қалай түсіндіреміз.
- •Дисперсиялық талдау
- •Бірфакторлық дисперсиялық талдау
- •Өміршеңдікті талдау
- •Регрессиялық талдау.
- •Корреляциялық тәуелділік
- •Сызықтық регрессия
- •Ең кіші квадраттар әдісі (екә)
- •Регрессия коэффициентінің мәнділігі туралы жорамалды тексеру
- •Сызықтық корреляция. Корреляциялық талдау.
- •Сызықтық корреляцияның таңдама коэффициентінің негізгі қасиеттері
- •Параметрлер арасындағы байланыстың күші мен сипаты.
- •Корреляцияның таңдама коэффициентінің мәнділігі туралы жорамалды тексеру.
- •Регрессия коэффициентінің мәнділігі туралы жорамалды тексеру
- •Корреляцияның таңдама коэффициентінің мәнділігі туралы жорамалды тексеру.
3 Сигма ережесі.
барлық мәндердің 68,26% ±S аралығында жатады (орта мәннен ±1 cтандарттық ауытқу);
барлық мәндердің 95,44% ±2S аралығында жатады (орта мәннен ±2 стандарттық ауытқулар);
барлық мәндердің 99,73% ±3S аралығында жатады (орта мәннен ±3 стандарттық ауытқулар).
,
,
.
Алынған деректерге сәйкес таңдама қалыпты таралған деп қорытынды жасауға болады.
Тапсырмалар.
1. Екі жастағы 20 ұл балалардың бойының ұзындығы: 92, 91, 90, 93, 91, 93, 91, 92, 90, 91, 95, 94, 92, 92, 92, 90, 95, 93, 94, 89 ( см ) тең. Таралудың статистикалық дискретті, интервалдық қатарларын, мода, медиана, таңдама ортасын, дисперсияны, Стандарттық ауытқу, сенімділік интервалын табу керек және тең қадаммен салыстырмалы жиілік гистограммасын тұрғызу керек. Таңдаманың қалыпты таралу заңына бағынатындығын немесе бағынбайтындығын тексеру керек (3 сигма ережесінің орындалуы).
2. Ауылдық мекендер үшін 25 жас шамасындағы ер адамдардың бойлары қарастырылды. Көлемі 35 кездейсоқ таңдама бойынша: 175, 167, 168, 169, 168, 170, 174, 173, 177, 172, 174, 167, 173, 172, 171, 171, 170, 167, 174, 177, 171, 172, 173, 169, 171, 173, 173, 168, 173, 172, 166, 164, 168, 172, 174. Таралудың статистикалық дискретті, интервалдық қатарларын, мода, медиана, таңдама ортасын, дисперсияны, Стандарттық ауытқу, сенімділік интервалын табу керек және тең қадаммен салыстырмалы жиілік гистограммасын тұрғызу керек. Таңдаманың қалыпты таралу заңына бағынатындығын немесе бағынбайтындығын тексеру керек (3 сигма ережесінің орындалуы).
3. Фармацевтикалық фабрикадан шығарылатын өнімдерден кездейсоқ жағдайда гомеоетикалық препараттардың 15 жәшігі таңдап алынды. Олардағы таблеткалардың саны сәйкесінше 50, 51, 48, 52, 50, 49, 50, 47, 50, 51, 49, 50, 52, 48, 49 – ге тең. Таралудың статистикалық дискретті, интервалдық қатарларын, мода, медиана, таңдама ортасын, дисперсияны, Стандарттық ауытқу, сенімділік интервалын табу керек және тең қадаммен салыстырмалы жиілік гистограммасын тұрғызу керек. Таңдаманың қалыпты таралу заңына бағынатындығын немесе бағынбайтындығын тексеру керек (3 сигма ережесінің орындалуы).
4. Кездейсоқ жағдайда таңдалынған 30 науқастың артериалды қысымдарын өлшегенде келесі нәтижелер алынды: 151, 166, 133, 155, 179, 148, 143, 128, 138, 172, 168, 157, 158, 136, 169, 153, 142, 147, 134, 164, 167, 131, 152, 147, 176, 122, 149, 154, 161, 156. Таралудың статистикалық дискретті, интервалдық қатарларын, мода, медиана, таңдама ортасын, дисперсияны, Стандарттық ауытқу, сенімділік интервалын табу керек және тең қадаммен салыстырмалы жиілік гистограммасын тұрғызу керек. Таңдаманың қалыпты таралу заңына бағынатындығын немесе бағынбайтындығын тексеру керек (3 сигма ережесінің орындалуы).
СТАТИСТИКАЛЫҚ ЖОРАМАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТЕКСЕРУ
Салыстырылатын топтардың артықшылықтарын олардың бөлшектері, орташа бөлшектері немесе басқа көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтары арқылы көреді. Бұл қорытынды көрсеткіштің статистикалық және кездейсоқ бағасы болып келеді. Айырмашылықтардың айқындылығы белгілі статистикалық жорамалдарды тексеру арқылы анықталады.
Клиникалық зертеулерде нолдік жорамал Но кеңінен қолданылады. Бұл жорамал салыстырылатын топтардың шешуші көрсеткіштері нөлге тең және олардың арасындағы айырмашылық кездейсоқ сипатқа ие болуына негізделген.
Статистикалық жорамал тарамдалу функциялары белгілі және табулирленген шамалардың немесе, басқа сөзбен айтқанда, статистикалардың көмегімен тексеріледі (мысалы, Стьюденттің t-тарамдалуы, χ2 тарамдалу және т.б.). Бұл шамалар әрбір нақты жағдайда таңдама көрсеткіштердің айтылған жорамалды қанағаттыратынын анықтауға мүмкіндік береді. Жорамалды тексеру процедурасы таңдама көлеміне (немесе сәйкес f бостандық дәрежелерінің санына) және α мәнділік деңгейіне байланысты.
Мәнділік деңгейі немесе қабылданған жорамалды бағалау кезінде мүмкін болатын І типті қате ықтималдығы басқа болуы мүмкін (5, 1, 0,1%), бірақ медициналық-биологиялық қосымшаларда егер арнайы басқа мән қарастырылмаса, ол әдетте 5%-ке тең деп алынады. Егер нәтижелер 1-5% деңгейде мәнді болса, онда әдетте статистикалық жорамал бары туралы айтады, 1% -тен кем деңгейде – жоғары статистикалық мәнділік туралы айтады.
Мәнділік деңгейімен нөлдік жорамалға сенімсіздік дәрежесі деп аталатын шама байланысты. Ол мәнділік деңгейді бірге дейін толықтыратын (1-α) шама болып табылады. Нөлге жақын мәнділік деңгейі, яғни бірге жақын сенімсіздік дәрежесі нөлдік жорамалға қарсы күшті аргумент ретінде қабылданады. Бірге жақын мәнділік деңгейі сенімсіздік дәрежесінің нөлге жақындығын көрсетеді, яғни Н0 –ге қарсы аргументтер әлсіз, бұл бар мәліметтердің нөлдік жорамалмен келісімді екенін көрсетеді.
