Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Методички для ОМ 3 курс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Үлестерді бағалау және салыстыру

Айталық, n нысаннан тұратын таңдама бар болсын, және олардың m нысанында қандай да бір сапалы белгі бар делік, ол қалған n- m нысанында ол белгі жоқ. Онда таңдаманың аталған белгі бар нысандар үлесі түрінде есептеледі.

Мәндердің шашылу көрсеткіші – үлестің стандарттық ауытқуы формуласымен, ал үлестің стандарттық қатесі формуласымен есептеледі.

Екі таңдамадағы үлестің теңдігі жөніндегі нөлдік жорамалды тексеру үшін z критерийі қолданылады:

мұндағы және – таңдама үлестер, – үлестердің айырмасының стандарттық қатесі.

; ;

Үлестің біріктірілген бағасы : .

Үлестердің айырмасының стандарттық қатесі: .

Z-тің сыни мәндерін табу үшін стандартты қалыпты таралудың мәндер қатесін қолдану қажет. Еркіндік дәрежелерінің саны ұлғайғанда Стьюдент таралуы қалыпты таралуға ұмтылады, сондықтан z сыни мәнін Стьюдент таралуы кестесінің соңғы қатарынан табуға болады.

үшін ;

үшін .

Z есептеу формуласы: .

Мысал. Эстрогенды қосымша қабылдаудың Альцгеймер ауруының даму қаупіне ықпалын зерттейік. Эстроген қабылдаған топта (n1=156) ауырғандар саны 9 (m1=158) болды. Екінші топта (n2=968) ауырғандар саны 158 (m2=158) болды.

Топ

Ауру

Қосынды (таңдама көлемі)

Пропорция (үлес)

Иә

Жоқ

Эстроген қабылдады (иә)

9

147

156

0,058

Эстроген қабылдаған жоқ

158

810

968

0,163

Қосынды

167

957

1124

0,149

  1. Эстроген қабылдаған топта ауырғандар үлесі:

  2. Бақылау тобында ауырғандар үлесі:

  3. Үлестің біріктірілген бағасы:

  4. Үлестің стандарттық қатесі:

  5. Z критерийдің мәні:

Z есептелген мәні 3,38>Z0.01(2.58). сондықтан мәнділік деңгейінде ауырғандар үлестерінің арасында статистикалық мәнді айырмашылық бар.

1 тапсырма.

Туа біткен кемістігі бар балалардың аналарының (108) жүктілік кезінде экзогенді стероидты гармондардың ықпалы зерттелді. Жүктіліктің ерте кезінде әдейі емес қолданған оральды контрацептивтер әсер ететін негізгі фактор ретінде қарастырылды. Ауру балалардың аналарында контрацептивтерді қабылдау 15 жағдайда, бақылау тобында (108 ана) – 4 жағдайда орын алғаны байқалады. Топтар арасында статистикалық мәнді айырмашылық бар ма?

Мүмкіндіктер (шанс) қатырасы

1.МҚ (ОШ) көрсеткішінің пайда болу тарихы

«Мүмкіндік» термині құмар ойындар теориясынан келген, бұл ұғым бойынша ұтыс болатын жағдайлардың ұтылыс болатын жағдайларға қатынасын белгілеген. Ғылыми медициналық әдебиеттерде МҚ көрсеткіші алғаш рет 1951ж Дж. Корнфилдың жұмыстарында айтылды.

МҚ көрсеткіші не үшін колданылады?

ШҚ белгілі бір оқиға нәтиже мен қауіп-қатер факторы арасындағы байланысты бағалауға мүмкіндік береді.

ШҚ белгілі бір қауіп-қатер факторының пайда болу жиілігі бойынша зерттелетін мүмкіндік береді.

ШҚ қолданылу шарттары және шектеулері

  1. Нәтижелік және факторлық белгілер номинальды шкалада өлшеулері тиіс. Мысалы, нәтижелі белгі – іштегі нәрестенің туа біткен кемістіктің дамуының бар болуы немесе болмауы, зерттеліп отырған фактор – анасының темекі шегуі (шегеді немесе шекпейді).

  2. Бұл әдіс тек қана төртторлы кестелерді талдау жүргізуге мүмкіндік береді, фактор да, нәтиже де бинарлы айнымалылар болған жағдайда, яғни тек қана екі мүмкін мәндері болғанда (мысалы, жыныс – ер немесе әйел, артериялық гипертания – бар немесе жоқ, аурудың нәтижесі – жақсарды немесе жақсарған жоқ).

  3. Салыстырылып отырған топтар тәуелсіз болулары қажет яғни ШҚ көрсеткіші «дейін» - «кейін» бақылауларын салыстыруға жарамайды.

  4. ШҚ көрсеткіші «жағдай - бақылау» түріндегі зерттеулерде қолданылады (мысалы, бірінші топ – гипертаниямен ауыратындар, екінші топ – салыстырмалы түрде дердері сау адамдар).

Перспективті зерттеулер үшін, топтар қауіп-қатер факторының бар болуы немесе болмауы белгілері бойынша құрылғанда, (мысалы, бірінші топ – шылым шегетіндер, екінші топ – шылым шекпейтіндер), әдетте салыстырмалы қауіп-қатерлік есептеледі.