- •Практикалық сабақтар
- •1 Тақырып . Инновацияның негізі және мәні. Жаңалықтар нарығының мәні және түсінігі
- •Инновацияның негізгі және мәні
- •4 Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы
- •4.1 Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
- •4.2 Инновациялық жобаларды бағалау
- •4.3 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері
- •2 Тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Кәсіпорынның инновациялық шамасы.
- •3 Тақырып. Инновацияның әлеуметтік және экономикалық бағасы
- •Инновациялық қызметтерді қаржыландыру
- •3.Интелектуалды меншік инновацияның негізі ретінде.
- •4 Тақырып. Инновацияларды басқару
- •Инновациялық қызметтер
- •Кәсіпорындағы инновациялық қызметті ұйымдастыру.
- •Инновациялық үрдістерді мемлекеттік қадағалау
- •6 Тақырып. Ұғым, мақсат және бизнес-жоспар құрудың ерекшеліктері мен мақсаттары.
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және әдістемесі.
- •7 Тақырып. Бизнес-жоспардың құрылымы жəне мазмұны.
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •1.Нарықты зерттеу және талдау
- •9 Тапқырып. Өндірістік жоспарды құру
- •Өнімнің негізгі сипаттамалары
- •Өнімнің әмбебаптылығы
Өнімнің әмбебаптылығы
Кәсіпорын өндірістік бағдарламаны тұтынушы сұранысы нарығын зерттеу процессінде анықталған мемлекеттік тапсырыс және тұтынушылар тапсырысы негізінде қалыптастырады.
Өндірістік бағдарламаның негізгі көрсеткіштері ретінде мыналар болып табылады:
Саны, сапасы және берілу мерзімі көрсетілген өнім атауын құратын номенклатура;
Тауарлық өнім;
Жалпы өнім;
Толық аяқталмаған өндіріс.
Кәсіпорынның өндірістік қызметі өз кезегінде көрсеткіш жүйесімен сипатталады:
Өнімге деген сұраныспен;
Өндірістік қуатымен;
Өндірістік көлемімен;
Шығындар мен бағалармен;
Ресурс және инвестицияны тұтынумен;
Кәсіпорынның жалпы және таза кірісімен;
Акцияға келетін дивидент және т.б.
Өндіріс және өнімді өткізу жоспары өз кезегінде ережеге сай нақты және құнды көрсеткіштері жүйесін құрады.
Негізгі көрсеткіштер жетістігі ретінде өнімнің нақты түрінөнімнің нақты түрінде тұтынуды қанағаттандыруды бағалау обьективтілігі, бақылағандығы, осы міндеттерді шешуде әрбір кәсіпорынның үлесі, өндірістік ресурстар мен қуаттылығын қолдану дәрежесі болып табылады.
Кемшілігі – өндірістің жалпы көлемін анықтау және кәсіпорындарда өнімді көпноменклатуралы шығарылыммен өткізу мүлдем күрделенді.
Кәсіпорында өнімді шығарудың негізгі бағамды көрсеткішіне жалпы айналым, зауытішілік айналым, тауарлы өнім, жалпы өнім, өткізілген өнім көлемі, өңдеудің нормативті бағамы (ӨНБ), таза және шартты түрдегі таза өнім қатысты болып табылады.
Мемлекет экономикасының дамуының түрлі мезетінде өнімді шығару көлемін сипаттаушы бағамды көрсеткішінің біріне ал кейде екіншісіне беріліп отырған.
Кәсіпорынның жалпы айналымы өз өзін барлық негізгі, қосымша және қызмет көрсетуші цехтарөнімдерінің барлық құнының қосындысы ретінде қарастырады. Жалпы айналымға өнім осы кәсіпорында кейінгі өндірістік өңдеу үшін немесе шектен тыс шығарылым үшін арнаулылығына тәуелді болмай қосыла береді. Осылайша осы көрсеткіш кәсіпорын шектігінде өнімнің қайталанбалы есебін сипаттайды. Жалпы айналымды есептеу қашан кәсіпорынның өндірістік құрылымы (жаңа цехтар енгізіліп, ағымдағы цехтар кеңейтіледі) өзгертілгенде, қашан кәсіпорында кооперацияланған тапсырыстар көлемі өзгеруі (көлемі үлкейіп немесе кішірейіп) салдарынан өндіріс құрылымы өзгертілгенде кәсіпорын жұмысын талдау немесе жоспарлы көрсеткіштерді негіздеу барысында белгілі бір экономикалық мәнге ие болып табылады.
Зауытішілік айналым – кәсіпорын ішінде өндірістің қажеттілігі үшін тұтынылатын кәсіпорынның өзіндік өнімінің жалпы құны. Кәсіпорын ішінде өндірістік тұтынуға дайын өнімді өндіру үшін өз өндірілгендері ішіндегі жартылай фабрикаттарды қайта өңдеу, электроэнергияны, сығылған ауаны, буды тұтыну, ағымдағы ғимаратты, жабдықтарды және т.б.ағымдық жөндеуден өткізуде өз өнімділік өнімдері бөлшектерін және бұйымдарын қолдану қатысты болып табылады.
Тауарлы, жалпы, өткізілген өнім зауыттық әдіс бойынша , яғни, өндіріске дайын бұйым және жартылай фабрикаттарды өндіруге жоспарланған бағамнан өндірістің өзіндік қажеттілігі үшін кәсіпорын ішінде қолданылатын өнімнің бір бөлігінің құнымен анықталады. Аталған әдістің кемшілігі тауарлы, жалпы және өткізілген өнім шамасы кәсіпорынның ұйымдық құрылымының өзгеруі нәтижесінде өзгеріске ұшырауымен негізделеді. Сонымен, екі немесе одан да көп кәсіпорындарды (өндірісті құрамалау барысында) бір өндіріске біріктіру өз кезегінде олардың төмендеуіне алып келсе, ал бөлінуі өз кезегінде осы көрсеткіштер шаасының өсуіне алып келеді. Тауарлы, жалпы және өткізілген өнім шамасы өндірістің шикізатты және жартылай фабрикатты дайын өнімді өндіру үшін алуды және қайта өндіру немесе оларды екінші жақтан алудан мүлдем тәуелді бола алмайды.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы дегеннің мағынасы сату жоспарында қарастырылған номенклатурада және ассортименттегі өнімді мүмкіндігінше максималды шығару, өндірістік жабдықтарды, аудандарды және прогрессивті технологияларды ескере отырып еңбектің және өндірістің алдыңғы ұйымдарын қолдану дегенді береді.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу өндірістік бағдарламаны негіздеудің маңызды сатысы болып табылады. Өндірістік қуатты есептеу негізінде өндірістің ішкі өндірістік өсу қосымшасы анықталып, өнімді шығару көлемі белгіленіп және ағымдағы және де жаңа қуатты құруды кеңейту, реконструкциялау және де қайта жарақтау есебінен өндірістік қуаттылықты жоғарылатуға кететін қажеттілік анықталады.
Өндірістік қуаттылықты жоспарлау оның шамасына байланысты бірқатар факторлар ды ескере отырып негізделеді. Қуаттылықты есептеу барысында басты назарды келесі факторларды қабылдайды:
Негізгі өндірістік қор құрылымы және шамасы;
Жабдықтардың сапалы құрамы, олардың физикалық және моралдік тозуы;
Жабдық өнімділігінің алдыңғы техникалық нормалар, аудандарды қолдану, блұйымның еңбексиымдылығы, шикізаттан өнімнің шығарылуы;
Технологиялық процесстерде қолданылу прогрессивтілігі;
Мамандану дәрежесі:
Кәсіпорынның жұмыс режимі;
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыру деңгейі;
Жабдық жұмысы уақытының қоры;
Шикізат сапасы және тапсырыс берудің қалыптылығы.
Өндірістік қуат – тұрақсыз шама болып табылады. Қуатты төмендету келесі себептерге сәйкес қалыптасады: жабдықтың тозуы және істен шығуы, бұйымды дайындаудағы еңбек өнімділігінің жоғарылауы, шығарылатын өнім номенклатурасы және ассортименттерін өзгерту, жұмыс уақыты қорының төмендеуі, жабдықтың лизингтік мерзімінің бітуі. Осы факторлар кері бағытта да әсер етеді.
Кәсіпорынның өндірістік қуаты тар орындарды алдын алу және өндірісті кооперациялау мүмкіндігін ескере отырып жетекші цехтар, учаскелер, ағымдық линиялар, станоктар (агрегаттар) қуаттылығы бойынша анықталады.
Өндірістік қуаттылықты есептеуге барлық есептегі жабдықтар, сонымен қатар ақаулығына, жөндеу қажеттілігіне және жаңартылуына байланысты істемей отырғандары да қосылады. Монтаждалып отырған және де жоспарланып отырған мерзімде пайдалануға берілейін деп отырған жабдықтар да жоғарыда аталған бөлімге кіреді. Қуаттылықты есептеу барысында қосымша және қызмет көрсетуші цех жабдықтары қарастырылмайды.
Өндірістік қуаттылықты есептеу келесі жүйелілілікпен іске асырылады:
Агрегаттар мен технологиялық жабдық топтарының өндірістік қуаттылығын есептеу;
Өндірістік учаскелердің өндірістік қуаттылығын есептеу;
Цехтің (корпус, өндіріс) өндірістік қуаттылығын есептеу;
Бүтіндей кәсіпорынның өндірістік қуатын есептеу;
Өндірістік қуаттылықты есептеу үшін екі әдіс қолданылады:
Жабдықтардың өнімділігі бойынша;
Өнімді дайындаудағы еңбек өнімділігі бойынша.
Үздіксіз жұмыс істейтін өндірістерде агрегат, учаске және цехтардың өндірістік қуаты тәртіпке сәйкес жабдық өнімділігі бойынша есептеледі, ал үздікті (тоқтап істейтін) өндірістерде – өнімді дайындаудағы еңбек өнімділігі бойынша есептеледі.
Өндірістік қуаттылықты жоспарлау төмендегі мәліметтерді анықтауға мүмкіндік беретін жоспарлы есептемелердің кешенді жоспарларын орындаумен қорытындыланады:
Кіруші қуаттылық;
Шықпалы қуаттылық;
Қуаттылықты қолдану дәрежесінің көрсеткіштері.
Кіруші қуаттылық жоспарлы мерзім басында бекітілген жабдықтар қатары бойынша анықталады.
Шықпалы қуаттылық – бұл кірмелі қуаттылық негізінде есептелетін жоспарлы мерзім соңындағы қуаттылық немесе ағымдағы жоспарлы мерзім бойы қуаттылықты істен шығару және енгізу.
Өнімді шығаруды жоспарлау орта жылдық қуаттылықтан (ОҚ) шыға отырып іске асырады. Оны мына формула бойынша есептейді:
Мұндағы:
- жоспарланушы мерзім басындағы өндірістік
қуаттылық;
– капиталды қорды жинақтауды қажет
етпейтін ұйымдық және басқа да іс-шараларды
ескере отырып қуаттылықты жоғарылату;
– қуаттылық жұмысының сәйкесінше айлар
саны;
- техникалық қайта жарақтандыру,
кәсіпорынды кеңейту және реконструкциялау
есебінен қуаттылықты жоғарылату немесе
төмендету;
- өнімнің номенклатурасы және
ассортименттерінің өзгеруімен, өндірістік
қорлардың басқа кәсіпорындардан және
оларды басқа да ұйымдардан түсіру
(лизингті қосқанда) есебінен қуаттылықты
жоғарылату немесе төмендету;
- ескіру себебінен олардың істен шығуы
есебінен қуаттылықты төмендету.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Уркумбаев М.Ф., Терещенко С.А., Уркумбаева Т.Н. «Арифметика успеха».- Тараз, 2005.
Уркумбаев М.Ф., Терещенко С.А., Уркумбаева Т.Н. «Алгебра власти».-Тараз, 2005.
Уркумбаев М.Ф., Уркумбаев Б.Ф., Аманбаев Б.Б., Уркумбаева М.М. «Бизнес-план в дипломной работе».- Шымкент, 2005, 217 с.
10 Тақырып. Қаржылық жоспар. Бизнес жоспардың қаржылық нәтижелері
Бақылау сұрақтары:
Шығындарды болжау.
Пайда және залалды болжау.
Шығын және пайданың есебі.
Инвестицияның экономикалық тиімділігі көрсеткіштерінің есебі.
Аудиториялық жұмыс
Қаржылық жоспар
Бұл бөлім ақшалай қаражатын аса тиімді пайдалану мақсатында фирма қызметін қаржылай қамыздандыруды жоспарлауға арнау қажет.
Бөлімді бүтіндей келесідей бағыттарды құрауы қажет:
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі;
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық күйін талдау;
Жоспарлы құжаттарды дайындау;
Жобаның қаржылық беріктігінің қорын болжау.
Берілген бөлімде бірінші кезекте қарастырылып отырған фирманың қаржылық-шаруашылық қызметін сипаттаушы құжаттар кешенін қайта талдау қажет. «Қаржылық жоспар» бөліміне немесе бизнес жоспар қосымшасына соңғы есеп беру периодының қаржылық құжаттары қосылуы мүмкін. Қаржылық есеп беру формасын халықаралық стандарт талабына сай жасалуы қажет.
Қазіргі таңда Ресейде халықаралық тәжірибе жүзінде қолданылатын бухгалтерлік, статистикалық және банктык есеп берулер формасын белгілі формаға жақындастыру белсенді түрде жүргізіліп келеді, сондықтан да бизнес жоспарда бухгалтерлік есеп беру стандарты бойынша Халықаралық комитеттің ұсынған формасын жүйелі түрде қолдану аса қолайлы болып отыр. Осыған байланысты берілген бухгалтерлік есеп беру түрін халықаралық стандартқа сәйкес келетін әдістеме негізінде қаржылық талдау процессінде оларды қолдану мүмкіндігін қамсыздандыратын түрге келтіру керек.
Жоспарлы есеп беру құжаттамасын төмендегі жүйе түрінде жасап, қарастыру қажет:
Оперативті жоспар (есеп беру);
Кіріс және шығыс жоспары (есеп беру);
Ақшалы құралдардың айналымды жоспары (есеп беру);
Тепе теңдікті есеп беру (жоспар).
Оперативті жоспар (есеп беру) әрбір тауар және нарық бойынша фирмалар мен оның мақсатты нарықтарының өзара әсерлесу нәтижелерінің әрбір периодын қарастырады. Оперативті жоспардың (есеп беру) негізгі көрсеткіштері: берілген тауар бірлігі бойынша фирманың нарықтық потенциалы, тауар бағамы, сату көлемі, берілген тауар бойынша салалық нарықта фирманың үлесі, фирмамен өндірілетін тауардың бірлікті саны, есеп беру периодының аяқталуы барысында қоймада берілген тауар қоры.
Осы көрсеткіштердің жалпы жиынтығымен фирма басшылығына әрбір тауар бойынша фирмамен жаулап алынған және келешек периодта жаулап алу болжамындағы нарық үлесі туралы түсінікті береді. Аталған құжат маркетинг қызметімен жасалуы тиіс.
Тауарды өндіру бойынша кіріс және шығыс жоспары (есеп беруі) тауардың әрбірін сату арқылы фирма пайда тауып жатыр ма әлде жоқ па екендігін көрсетеді. Оған әдетте келесідей көрсеткіштер кіреді: берілген тауарды сатудан кейінгі түсім, одан келетін өндірістік шығындар, мақала бойынша жалпы өндірістік шығындар, салық және аударылған сомалар, таза пайда, фирма бұйрығындағы қалған пайдалар.
Осы жоспардың (есеп беру) берілгендері бойынша берілген тауар фирмаға пайда алып келе ме, тауарлы жүйелі өндірутуралы шешімді қабылдау үшін пайдалылығы бойынша түрлі тауарларды салыстыру қажет. Бұл құжат тауардың әрбірімен фирманың экономикалық қызметімен жасалады.
Ақшалай құрал қозғалысының жоспары (есеп беруі) фирманың жұмыс істеуі барысындағы ақшаның кірісі мен шығыстары процесстерін көрсетеді. Негізгі көрсеткіштері: берілген тауарды сатудан кейінгі түсім, одан келетін өндірістік шығындар, салық және аударылған сомалар, таза пайда, дивиденттер, инвестициялар, сатып алу, пайыздық шығындар, кредитті жабу, ақшалай құралдарды жалпы шығындау, баланстың белсенді бөліміне қосу. Осылар жоспарлаудың тікелей нәтижесі болып табылады. Бұл құжат өз кезегінде фирманың қаржылық қызметімен жасалады.
Баланстық есеп беру фирманың есеп беру периодында экономикалық және қаржылық қызметіның қорытындысымен жүргізіледі. Онда фирманың толық активтері мен пассивтерінің толық тізімдері көрсетіледі. Аталған құжат фирманың таза құны мен өтімділігін көрсетеді. Ережеге сәйкес кредиторлар баланстық есеп беруді сұрайды. Осы құжат өз кезегінде салық декларациясына беру барысында да аса маңызды болып табылады. Бұл құжат әдетте бухгалтермен жасалады.
Көрсетілген жоспарлы – есеп беру құжаттамасында берілген есеп беру периодында көрсеткіштердің жоспарлы және нақты шамасы көрініс табады. Нақты жағдайға байланысты жоспарлы – есеп беру периодының ұзақтығы мына шектікте өзгеруі мүмкін, яғни: ай, квартал, жарты жыл және жыл.
Осыдан кейін кәсіпорынның қаржылық – экономикалық күйін талдауды қарастыру қажет. Берілген талдау есеп беру мәліметтерін қолдану негізінде инфляция (құнсыздану) деңгейін ескере отырып бағамды көрсеткіштерге өзгерту енгізу қажеттілігімен теке тіреседі.
Әлемдік тәжірибеде талданушы обьектілердің инфляциялы – түзетуші қайта бағамдауы өз кезегінде валюта курсының ауытқуы бойнша немесе баға деңгейінің ауытқуы бойынша жүргізіледі.
Тұрақты валюта курсы бойынша ұлттық ақша бірлігінде көрсетілген активтерді қайта бағамдау – аса қарапайым әдіс (бұл басты жетістік) болып табылады. Бірақ бұл әдіс сом және доллардың курстық арақатынасы олардың нақты сатып алу қабілеттіліктерімен сәйкес келмеулерінен нақты нәтиже бере алмайды. Осыған байланысты нақты нәтижені екінші әдіспен қайта бағамдау бере алады, ол мыналар:
Жалпы деңгейдің өзгеруін есепке алу әдісі;
Ағымдық бағаның баланстық активтерінің мақалаларын қайта есептеу әдісі.
Жалпы деңгейдің өзгеруін есепке алу әдісі қаржылық обьектілердің түрлі мақалалары қаржылық сатып алу қабілетімен (активтердің құрылымын ескермей барлық мүлік бағаланады) ақшалай бірлікпен есептеледі.
Түзету нәтижесі бойынша өз өзін өндіріс процессі үшін шығынсыз келесі период бойы кәсіпорынның тұтынуына бағытталуы мүмкін болатын ресурстардың макималды шамасы ретінде қарастырылатын пайда көрсеткіштері шығарылады.
Біртекті сатып алу күшінің ақшалай бірлікке балансты қайта есептеу мақаласының универсалды формуласы:
РВ=НВ/(Н-10),
Мұндағы: РВ – берілген мақаланың нақты шамасы;
Номиналды мақала;
Н-талдау мезетінде немесе периодындағы инфляция (құнсыздану) индексі;
10- баланста мақала шамасын байқаудың базалық периодында немесе бастапқы күніндегі (датасындағы) инфляция индексі.
Мақалаларды қайта есептеу әдісі тауарлы – материалдық бағамдар түрлі топтар үшін бағамдық көрсеткіші бойынша біртексіз өсу барысында қолдану жүйелі болып табылады. Аталған әдіс инфляция нәтижесінде болған өндірістік қор, негізгі жабдықтар, аммортизация құнының түрлі өзгеру дәрежесін көрсетуге мүмкіндік береді. Әдістің маңызы – ағымдағы бағасынан шыға отырып барлық мақалаларды қайта есептеу болып табылады. Ағымдағы бағамы ретінде қайта өндіру бағасы, мүмкін болатын өткізу бағасы немесе экономикалық құны қолданылады.
Ликвидация активтердің қайта өңдеу және өткізуге кеткен шығындарды ескере отырып олардың (активтердің) потенциальді таза ағымдық бағасын көрсетеді.
Инфляциялық түзетуге ақашалай емес мақалалар, яғни: негізгі құралдар (сонымен бірге материалдық емес активтер), өндірістік қорлар, толяқ ақталмаған өндірімдер, дайын өнім, төмен бағалы және тез тозатын заттар, белгілі тауарлар және қызмет көрсетулерді қоя отырып жабылатын міндеттемелер және т.б.жатады. Керісінше, «ақшалай» мақалалар (ақшалай құралдар, дебиторлық және кредиторлық қарыз, кредиттер, заемдер, депозиттер, қаржылық салымдар және т.б.) бағамның жалпы деңгейінің өзгеруінен тәуелсіз ретінде инфляциялық түзетуге жатқызылмайды. Бұл өз кезегінде берлігне мезетте олар ағымдағы сатып алу күшінің ақшалай бірлігінде нақтыланады. Қайта бағамдалған есеп беруде «ақшалай» мақалалар номинал бойынша немесе өзіндік құны бойынша қосылса, ал «ақшалай емес» мақалалар – өз кезегінде бастапқы құнын қайта есептеу нәтижесінде алынған шартты бағалаумен қосылады.
Актив және пассив бойынша баланс «Толық реттелмеген пайда» мақаласын реттеу жолмен алуға болады.
Кәсіпорын қызметінің технико-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің негізінде соңғы 3 жылда кәсіпорынның қаржылық-экономикалық күйіне талдау жасалады.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты ретінде кәсіпорынның қаржылық күйін обьективті және ақиқи түрде қарастыратын, яғни, оның табысы мен шығындары, актив және пассив құрылымындағы згерістер, дебиторлар мен кредиторлармен есептесудегі өзгерістердің маңызды көлемде қажетті параметрлерді алу болып табылады. Сонымен қатар талдаушы және басқарушыға (менеджер) кәсіпорынның ағымдағы қаржылық күйі, сонымен бірге жуық арадағы оның проекциясы немесе аса алыс перспективасы, яғни, қаржылық күйінің күтілетін параметрлері белгілі көлемде қызықтыруы мүмкін. Талдау нәтижелері қызығушылық танытқан тұлғалар мен ұйымдарға осыған дейінгі жылдардағы кәсіпорынның ағымдағы қаржылық күйі мен қызметін бағалау негізінде басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік береді.
Бизнес жоспарда кәсіпорынның қаржылық-экономикалық күйін бағалау барысында кәсіпорын қызметінің негізгі технико-экономикалық және оның қаржылық күйіне талдау жүргізу ұсынылады.
Талдауды соңғы 3жылдағы кәсіпорынның технико-экономикалық және қаржылық көрсеткіштерінің жиынтықтарын қолдана отырып аталған кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің негізінде жүргізу қажет.
Кәсіпорынның қаржылық күйіне талдау өзіне келесідей негізгі бөлімдерді қосады:
Актив және пассив құрылымын;
Меншікті күйді талдауды;
Қаржылық тұрақтылықты;
Кәсіпорынның айналмалы құрылымдарын талдауды;
Капитал рентабельділігі және сатуды;
Қаржылық рычаг тиімділігін;
Өндірістік рычаг тиімділігін;
Кәсіпорынның экономикалық өсу формасын анықтауды.
Көрсетілген барлық бөлімдер бойынша қаржылық және экономикалық көрсеткіштерге көлденең талдаулар жүргізіледі, яғни, талданушы квартал қатарларындағы көрсеткіштер салыстырылады, уақыт бойынша көрсеткіштер динамикасы байқалады. Әрбір бөлімде соңғы периодтағы көрсеткіштер мен қаржылық коэффициенттердің өсу қарқыны есептеліп отырады.
Шаруашылық ұйымдар үшін маңызды ақпарат көзі ретінде олардың балансы шаруашылықтың түсіндірме жазбасымен қызмет көрсетуі керек. Баланс талдамасы өз кезегінде кәсіпорын қандай құрылымдармен қойылады және қандай кредит шамасы бойынша аталған құралдар қамтамасыз ете алуын анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ баланстық мәліметтерді негіздеу және жан жақты талдау жеткіліксіз. Бұл көрсеткіштер құрамынан шығады. Балансты талдау тек қана кредиттік қабілеттілігінің жалпы жағдайын береді, сол уақытта кредиттік қабілеттілік дәрежесі туралы шешімдер үшін кәсіпорынның даму перспективасын, олардың тіршілігін бағалаушы сапалы көреткіштерін есептеу қажет. Сондықтан да кредиттік қабілеттілігі көрсеткіштерін есептеу үшін қажетті мәлімет көзі ретінде оперативті есепке алу берілгендері, статикалық органдар мәліметі, клиент анкеталарының мәліметі, тапсырыс берушілер туралы ақпараттар, арнайы бағдарлама бойынша зерттеу берілгендерін өңдеу нәтижелері, бағалау бойынша арнайы фирмалар мәліметтерін қолдану қажет.
Баланс активтерімен жұмыс істеу барысында мыналарға бастын назарды аударған жөн: негізгі құралдар (ғимарат, жабдықтар және т.б.), өндірістік қор, дайын өнім, басқада қорлар мен шығындар қарызын құжаттандыру барысында қарыз берушінің берілген бағамдықтары бойынша өзіндік құқығы баланстық мақалаға сәйкес құрамдық бағамының қосылуымен тұжырымдалуы керек.
Есептік бөлімде қаржы қалдығы есеп беру мерзімінде банктік жазба берілгендерімен толығымен сәйкес келуі керек.
Дебиторлық қарызды талдау барысында оны құтылу мерзіміне мән беру қажет, өйткені түскен қарыздар қарыз алушының сұралушы кредиті бойынша қайтып беру көзі болуы мүмкін.
Баланстың пассивті бөлімін қарастыру барысында аса өзекті мәнді мына бөлімдерді меңгеруге бөлу қажет, яғни: берілген несие бойынша кредиттік келісім шартты талап ету, баланста көрініс тапқан қарыз және кредит бойынша келісілген мерзімде қарызын төлемеу және ол мерзімнен кейін төленуін алдын алуға мән беру қажет. Басқа банктерден кредит бойынша мерзімінен кейінгі (просрочка) қарыздар қатары жағымсыз фактор болып табылады және кредит көмегімен уақытша компенсирлену жоспарындағы заем тұлғасының есептесу және үзу процессін қарастырады.
Төлемге қабілетті ретінде айналымдағы ақшалай сомасы қарыз беруден асып түсетін кәсіпорындарды атасақ болады.
Төлеу қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның кредит берушілер жағынан төмемді төлеу талабы қойылғаннан қарызды төлеуге дайындығы. Әрине, бұл жерде қысқа мерзімдегі қарыз туралы айтылуда, ал ұзақ мерзімдегі қаржыны қайтару алдын ала белгілі болып, бұл жоғарыда айтылғандарға қатысы жоқ.
Төлеу қабылеттілігі – бұл кәсіпорынның қысқа мерзімдегі қарызын төлеу міндеттемелерін орындау және біруақытта өндіріс процессін іске асырып, өнімді өткізу қабілеті. Төлеу қабілеттілігінің деңгейін сипаттаушы көрсеткіш – бұл таратылған айналымдағы қаражаттың қысқа уақыттағы қатару қарызына арақатынасы. Ликвидациялы айналымдағы қаражаттар болашақтағы шығындарды және басқада активтерді ескере отырып кәсіпорын балансы активтерінің ІІ және ІІІ бөлімдерінің берілгендерін қосады, өйткені осы екі мақала бойынша қаржылар қарызды жабу үшін қолданылатын ақшаға айналмауы тиіс.
Берілген көрсеткіш санаушысы бөлгішті мейлінше жоғарылату қажет. Сәйкесінше көрсеткіш деңгейі бірліктен жоғары болуы керек. Төлеу қабілеттілік көрсеткіші деңгейін сапалы бағалау әрбір кәсіпорында сандық көрсеткішпен бағалануы қажет.
Қаржы теориясында осыкөрсеткіштер үшін салыстырмалы нормативтер болады, мысалы жабудың жалпы коэффициенті.
1990-1991 жж.ол 2 – 2,5 төмен болмау керек деп есептелген. Ал қазіргі уақытта экономиканың тұрақсыздығы салдарынан оның минималды шамасы 3 – 4 жоғары депе есептеледі. Бірақ осы тұрақсыздық осы көрсеткішті нормалауды мүмкін еместей қылады. Ол өз кезегінде әрбір нақты кәсіпорын үшін оның нақты баланстық мәліметі бойынша бағалануы тиіс. Мұндай бағалау үшін кәсіпорынның басқа қажеттіліктері үшін ағымдағы қарыздық міндеттемелерін, яғни, өндірістік процессті үздіксіз енгізу, ұзақ мерзімді міндеттемелерді жабу және т.б. төлегеннен кейін кәсіпорын бұйрығында қаншалықты көлемде айналымдағы қаржылар қалуы керектігін анықтап алу қажет. Сонымен қатар жабудың жалпы коэффициентін анықтау барысында есептеуге барлық дебиторлық қарыздың қысқа мерзімді міндеттемелерін төлеу көздері қабылданатыны ескерілуі тиіс. Бірақ дебиторлар арасында кәсіпорынның өнімдеріне белгілі және белгісіз себептермен толық төлей алмайтын сатып алушылар мен тапсырыс берушілер болады. Осы жағдайлардың барлығы жабудың жалпы коэффициентінің бірлігі қаншалықы жоғары болуы керектігін анықтайды.
Егер айтылғандарды қалыпқа келтірсек, онда ол келесі түрге түрленеді:
К = (Кр+Мп+Дб)/Кр=[1+(Мп+Дб]/Кр.
Мұндағы: К – жабудың жалпы коэффициенті;
Мп – өндірістік процесске үздіксіз енгізу үшін қажетті материалдық ресурстар;
Дб – тиімсіз дебиторлық қарыз;
Кр – барлық түрдің қысқа мерзімді қарыздану шамасы.
Айналымдағы қаражат жағдайы келесі көрсеткіштерде көрінеді:
материалдық қордың өзіндік айналымдағы қаражатпен қамсыздандырылуы;
өзіндік қаражат жылдам коэффициенті.
Негізгі қаражат күйі мыналармен өлшенеді:
заемды қаражаттың ұзақмерзімді тарту коэффициентімен;
тозудың қорлану коэффициентімен;
мүліктің нақты бағамды коэффициентімен.
Сонымен қатар тағы да екі көрсеткіш кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі дәрежесін қарастырады:
автономия коэффициенті;
заемды және өзіндік қаражат арақатынасы коэффициенті.
Өлшегіштер түрінің көптігіне қарамастан, олардың барлығы жүйелі болуы мүмкін.
Материалдық қорлардың өзіндік айналым қаражатымен қамсыздандыру – бұл өзіндік айналым қаражатын материалдық қор шамасына бөлуден бөлгеі, яғни, материал қоры қаншалықты өзіндік айналым қаражатымен жабылғанын көрсететін көрсеткіш. Көрсеткіш деңгейі бәрінен бұрын материалдық қор күйіне байланысты бағаланады. Егер оның шамасы негізделген қажеттіліктен жоғары болса, онда өзіндік айналым қоры материалдық қордың бір бөлігін ғана жабуы мүмкін, яғни, мұндай жағдайда көрсеткіш бірден төмен болады. Керісінше, кәсіпорында өндірістіқ қызметті үздіксіз жүргізу үшін материалдық қорды жабу көрсеткіші жеткіліксіз болса, онда көрсеткіш бірден жоғары болуы мүмкін, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық күйінің жақсы болуы белгісі бола алмайды.
Өзіндік қаражат маневрлік коэффициенті кәсіпорынның өзіндік қаражат көздерінің қаншалықты жылдам екендігін көрсетеді, және де кәсіпорынның өзіндік айналым қаражатының өзіндік қаражатының барлық көздеріне бөлумен есептеледі. Сондықтан да бұл кәсіпорын жұмысының сипатына байланысты, яғни: қор сиымдылығы жоғары өндірістерде оның қалыпты деңгейі материалдық сиымдылығы жоғарыөндіріске қарағанда төмен болуы қажет.
Қос көрсеткішті есептегіште – өзіндік айналым қаражаты болып табылады, сондықтан да айналым қаражаты күйін бүтіндей жақсарту өз кезегінде материалдық қор және өзіндік қаражат көздерінің өсуімен салыстыру бойынша өзіндік айналым қаражаты сомасының өсу қарқынына байланысты анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау бір жақты болуы мүмкін, егер оның критериі ретінде өзіндік қаражат көздерінің модильділігі болып табылса. Кәсіпорынның өндірістік потенциалының қаржылық бағалауы, яғни, оның негізгі қаражат күйінің маңызды да өз әсерін тигізеді.
Тұрақты актив индексі - негізгі қаражат және айналымнан тыс активтердің өзіндік қаражат көздеріне (немесе негізгі қаражат және айналымнан тыс автивтер үлесінің өзіндік қаражат көздерінде) арақатынасы коэффициенті. Егер кәсіпорын ұзақмерзімді несие немесе заемдарды қолданбаса, онда өзіндік қаражат маневрлік коэффициенті және тұрақты актив индексі қашанда бірлікті береді. Өзіндік көздер ретінде кәсіпорынның негізгі және де айналымнан тыс қаражаттар бола алады, сондықтан да негізгі қаражат, айналымнан тыс активтер және де өзіндік айналым қаражаттарының қосындысы (көздер арасында ұзақ мерзімді заемдері болмаған жағдайда) өзіндік қаражат шамасына тең келеді. Осы жағдайда маневрлі коэффициенттің жоғарылауы өз кезегінде тұрақты актив индексінің төмендеуі есебінен іске асырылады және керісінше.
Мұндай жағдайлар тәжірибе жүзінде, егер кәсіпорын капиталды салым ретінде ұзақ мерзімді несие және заемдерді қолданбаса болып отырады. Қаражат көздері құрамында ұзақмерзімді заемдер пайда болмаса жағдай өзгеріске ұшырайды: қос коэффициенттердің өсуіне қол жеткізуге болады.
Км + Кп = 1 + (Дк/Сс)
Мұндағы: Дк – ұзақ мерзімді несие сомасы.
(Дк/СС) арақатынасында тұрақты актив индексін төмендетпей ақ маневрлік коэффициент өсетін шектік, - бұл да негізгі қаражат көздерін бағалау бөлімінде қаржылық тұрақтылықты өлшеуші болып табылады. Ол заемды қаражатты ұзақ мерзімді тарту коэффициенті деп аталады.
Оның мәні өзіндік қаражат маневрлігі коэффициентін ғана өсіруден тұрмайды. Сонымен қатар ол кәсіпорын өз өндірісін жаңарту және кеңейту үшін қаншалықты заемды қаражатты қолданылуын интенсивті бағалайды.
Капиталды салымға басқада қаражат көздерінің қалыптасу интенсивтілігі қаржылық тұрақтылықтың тағы бір көрсеткішімен анықталады – тозудың қорлану коэффициентімен анықталады. Аталған коэффициені тозудың есептелген сомасы және негізгі қордың бастапқы баланстық құны арақатынасымен есептеледі. Ол алмастырудың аммортизациялық есептемесі және негізгі жабдықтарды жаңарту есебінен кәсіпорын қаншалықты қайта қаржыландырылғандығын өлшейді.
Қаржылық тұрақтылықтың аса маңызды көрсеткіші ретінде мүліктің нақты бағамының коэффициенті болып табылады. Ол мүлік құнының қаншасын өндіріс құрылымдары құратынын анықтайды. Өнімді өндіретін кәсіпорындар үшін аталған коэффициент аса қызықты болып табылады. Коэффициент негізгіқаражат көздері, өндірістік қор, аяқталмаған және құны төмен өндіріс және де лезде тозатын заттаршамасының сомасын кәсіпорынның активтер құнына бөлумен есептеледі. Іске асуы бойынша аталған коэффициент кәсіпорынның өндірістік потенциалы деңгейін, өндіріс жабдықтарымен өндірістік процесстердің қамсыздандырылуы деңгейін анықтайды.
Заемді және өзіндік қаражат арақатынасының коэффициенті, аталуына қарап аталған коэффициентті заемді қаражат мөлшерін өзіндік қаражат мөлшеріне бөлу нәтижесінде аламыз. Қос коэффициенттің мәндік мағынасы өте жақын. Кәсіпорынның заемді қаражатқа байланыстылық дәрежесі заемді және өзіндік қаражат арақатынасы коэффициентінде көрініс табады. Ол кәсіпорында қай қаражат көзі, яғни, заемді мен әлде өзіндік пе сияқты көрсеткіштерді қарастырады. Коэффициент қаншалықты бірліктен көп болса, соншалықты кәсіпорынның заемдік қаражатқа тәуелділігі өсе түседі. Байланыстылықтың шекті деңгейі әрбір кәсіпорынның жұмыс шартымен және де бірінші кезекте айналмалы қаражаттың айналу жылдамдығына байланысты анықталады. Оны қандайда бір мерзім бойынша кәсіпорынның қаржылық күйін анықтау үшін есептеу жеткіліксіз болып табылады. Коэффициентті есептеуге қосымша ретінде талданушы периодтағы материалды айналым қаражаты мен дебиторлық қарыздың айналым жылдамдығын анықтау қажет. Егер дебиторлық айналым жылдамдығы материалды айналым қаражатынана көп болса, онда кәсіпорынның қаражат қорына ақшалай қаражат көзінің жеткілікті түрде интенситі түсіп жатқандығын білдіреді. Сондықтан да материалды айналым қаражатының айналым жылдамдығы жоғары болуы барысында және де дебиторлық қарыздың айналым жылдамдығы одан да жоғары болғанда заемді және өзіндік қражат арақатынасының коэффициенті бірліктен жоғары болуын қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар осы коэффициентінің деңгейіндегі кәсіпорынды қалыпты бағалау барысында өзіндік айналым қаражатымен қорды қамсыздандыру коэффициентімен оны сәйкестендіру қажет. Егер соңғысы жоғары болса, яғни, материалды қорлар негізгі өзіндік көздермен жабылса, онда заемді қаражаттар басты жағдайда дебиторлық қарызды жабады. Мұндай жағдайда заемді қаражаттардың төмендеу шарттары кәсіпорынға дебиторлық қарызды қайтару болып табылады.
Сол уақытта қамсыздандыру коэффициенті мүлік құрамында жоғары шекті массаны материалды қаражаттар, яғни, мүліктің аса мобильді бөлігін құрамайтын кәсіпорындарда аса жоғары болмайды.
Бірақ осы мәселелерді талықлайтын болсақ, инвесторлар үшін кәсіпорынның капитал кірісіне, акция курсына және дивидент деңгейіне аса маңызды әсер ететін көрсеткіштерге тікелей қызығушылық танытып келеді.
Капиталдың пайдалылығы (рентабельділік кәсіпорынның баланстық пайдасының оның активтерінің құнына пайыздық арақатынасы ретінде анықталады. Бұл кәсіпорын өзінің мүлігіне сомдық (рубльдік) есептемеде қанша пайда табатынына қатысты сұраққа жауап беретін аса жалпы көрсеткіш болып табылады. Оның деңгейінен басқа да теңдей шарттастықтарда дивидент шамасының акцияға тәуелділігін анықтайды.
Капитал рентабельділігі көрсеткішінде берілген периодтың ағымдық жұмысы нәтижесі (баланстық пайда) кәсіпорындардағы негізгі және қосымша айналмалы қаржылармен (активтер) сәйкестендіріледі. Сол активтердің көмегімен кәсіпорын өз жұмысының кейінгі жылдардағы периодында да пайда таба береді. Пайда өз кезегінде басты күйде өнімді өткізгеннен кейінгі, яғни, көлемге байланысты тікелей нәтижесі болып табылады.
