Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции по КиБП каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

9 Тапқырып. Өндірістік жоспарды құру

Бақылау сұрақтары:

  1. Өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқада сипаттамалары.

  2. Өнімнің әмбебаптылық және технологиялық көрсеткіштері.

  3. Өнімнің нормативтер мен стандарттарға сай болуы.

Аудиториялық жұмыс

  1. Өнімнің негізгі сипаттамалары

Өндіріс жоспарын өз кезегінде тауардың қай жерде дайындалатыны туралы қысқаша түсініктемеден, яғни, тауар ағымдағы немесе қайта құрылушы кәсіпорында дайындалатынынан бастаған жөн. Содан кейін тұтыну нарығы, жеткізуші, жұмысшы күш және қызмет көрсетуге қатысты кәсіпорынның орналасу тиімділігін (егер берілген мәлімет маңызды болса) белгілеу керек.

Берілген бөлімді жазу барысындағы келесі қадам өндірістік процессті сипаттау болып табылады. Ол үшін өндіріс типі (бірлікті, сериялы, жалпы), оны ұйымдастыру әдісі, өндірістік цикл құрылымы көрсетіліп, шикізаттың барлық түрлері мен құрамаларының қайдан және қайда түсетіні және қай цехта олар қалай өнімге өңделетіні жөнінде технологиялық процесстерінің схемасы көрсетілуі мүмкін. Өндірістік жоспарда келесідей бағытта ағымдағы технологияға бағалау жүргізіледі: технологияның қазіргі заман талабына сәйкестігі, өндірістік процессті автоматтандыру деңгейі, процесстің қолайлылылығын қамсыздандыру, өнімды жылдам шығару көлемін жоғарылатуға немесе төмендету мүмкіндігі.

Бұл бөлімде бизнес жоспармен қарастырылған технологияны дамытуды жетілдірудің негізгі бағыттарын ерекше атап өтеді.

Егер осыдан кейінгі мезетте өнімді өндіру технологиясы өзгерсе, онда бизнес жоспарда технологияға енгізілген өзгерістер өнім сапасына, өндірістік шығын деңгейіне, бұйым бағамына қалай әсер ететінін белгілеп отырады.

Егер өндірістік процессте субмердігерлермен операциялардың бір бөлігін орындау қарастырылатын болса, бұл да өз кезегінде бизнес-жоспарда ерекше түрде белгілеп өту керек. Өндіруге кететін шығындар, тасымалдау және субмердігермен ұсынылатын бөлшектер мен жартылай фабрикаттардың кіріс бақылауына қарамастан нақты серіктестікті таңдау жүйелілігін негіздейді. Серіктестіктерді таңдау барысында олардың қолайлылығы, өндірістік, қаржылық, кадрлық мүмкіндіктері бағаланады.

Әсіресе бизнес жоспарда ағымдағы кәсіпорындарда өнімнің сапасын басқару жүйесі қарастырылады. Сапаны басқару қандай сатыда және қандай әдісте жүргізілетіні, өнімді өндірушілер мұндай жағдайда қандай стандарттармен басқаратыны хабарланады.

Өндіріс жоспарына сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау жүйесі туралы мәліметтер қосылып, онда қалдықтарды жою бойынша қабылданушы шаралар және сәйкесінше шығындар көрсетіледі.

Бизнес жоспарда келтірілетін өндірістік бағдарлама (өндіріс көлемін және өнімді өткізуді болжау) кәсіпорыннның өндірістік мүмкіндіктерімен құра отырып тұтыну нарығын маркетингтік зерттеу нәтижелері негізінде құрылады.

Өндірістік бағдарлама өз кезегінде жоспарлы мерзімде сату жоспарының номенклатурасы, ассортименті және сапасы бойынша сәйкесінше өнімді өндірудегі қажетті көлемін анықтайды. Ол іске жаңа өндірістік қуатты, материалды-шикізаттық ресурстар, қызмет саны және тасымалдауларды іске асыруды енгізу бойынша міндеттерді негізделеді.