- •Практикалық сабақтар
- •1 Тақырып . Инновацияның негізі және мәні. Жаңалықтар нарығының мәні және түсінігі
- •Инновацияның негізгі және мәні
- •4 Кәсіпкерліктің иновацияға қатынасы
- •4.1 Кәсіпкерліктің инновациялық қызметі
- •4.2 Инновациялық жобаларды бағалау
- •4.3 Инновацияны инвестициялау және ұйымдастыру негіздері
- •2 Тақырып. Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Кәсіпорынның инновациялық қызметі
- •Кәсіпорынның инновациялық шамасы.
- •3 Тақырып. Инновацияның әлеуметтік және экономикалық бағасы
- •Инновациялық қызметтерді қаржыландыру
- •3.Интелектуалды меншік инновацияның негізі ретінде.
- •4 Тақырып. Инновацияларды басқару
- •Инновациялық қызметтер
- •Кәсіпорындағы инновациялық қызметті ұйымдастыру.
- •Инновациялық үрдістерді мемлекеттік қадағалау
- •6 Тақырып. Ұғым, мақсат және бизнес-жоспар құрудың ерекшеліктері мен мақсаттары.
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және әдістемесі.
- •7 Тақырып. Бизнес-жоспардың құрылымы жəне мазмұны.
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •Бизнес-жоспардың құрылымы
- •1.Нарықты зерттеу және талдау
- •9 Тапқырып. Өндірістік жоспарды құру
- •Өнімнің негізгі сипаттамалары
- •Өнімнің әмбебаптылығы
7 Тақырып. Бизнес-жоспардың құрылымы жəне мазмұны.
Бақылау сұрақтары:
Бизнес жоспарды құру мақсаттары, міндеттері мен ерекшеліктері
Бизнес жоспар құрылымы мен мазмұны.
Кәсіпорын мен өндірілетін өнімге сипаттама беру
Аудиториялық жұмыс:
Бизнес-жоспардың құрылымына талдау жасау, студенттер арасында бизнес планды құру үлгілерін талдау және әзірлеу.
Бизнес-жоспардың құрылымы. Бизнес-жоспардың құрылымы, көлемі және бөлімдердің нақтылану дәрежесі шығаратын өнімге, технологиялық мүмкіндіктеріне, компанияның ерекшелігіне және қызмет ету сферасына және т.б. байланысты әр түрлі болып келеді. Негізінде ол төменде көрсетілген бөлімдердің болуын қажет етеді.
Бизнес-жоспардың құрылымын талдаған кезде келесі бөлімдер бпр деп оны жан-жақты қарастырайық :
Бизнес-жоспардың құрылымы
Аннотация
(түсініктеме парағы)
Түйін
(резюме)
Кәсіпорын
немесе саланың сипаттапмасы
Өнімнің
сипаттамасы
Маркетинг
жоспары
Өндірістік
жоспар
Ұйымдастырушылық
және басқару жоспары
Қаржылық
жоспар және қаржы стратегиясы
Жұмыстардың
орындалу тізбесі
(күнтізбелік
жоспар)
Жоба
тәуекелін талдау
Бизнес-жоспардың құрылымы
Бизнес-жоспар мүмкін болатын инвесторлармен келісім сөз жасасқан кезде бизнес –ұсыныстың негізі болып табылады, сонымен қатар ол қажетті қызметкерлерді жұмысқа шақыру немесе фирма персонымен келісім шарт жасау кезінде қолданылады. Бизнес-жоспар фирманың ішкі құжаты болып табыла ғана қоймай, келісім шарттарды бекіткен кезде пайдаланылады. Бұл бизнес жоспардың құрылымы, түрі және безендіруге деген белгілі бір талаптардың қоюын талап етеді.
Бизнес жоспар оны қызықтырған адамға істің мәні мен ондағы қатысу болашағы туралы толық мәлімет ала алатындай түрде жасалу керек. Бизнес- жоспарды орындаудың қатаң тәртіппен белгіленген құрылымы жоқ. Бірақ, онда келесі бөлімдердің болуы көзделген:
- Бизнестің негізгі ойы мен мақсаты;
- Фирма өнімінің ерекшеліктері және нарық қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі сипатталады;
- Нарық бағаланып, белгілі бір нарықтық сегменттерде фирманың даму стратегиясы жасалынады;
- Ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымдар анықталады;
- Істің қаржылық жобасы, оның ішінде қаржыландыру және инвестициялау бойынша ұсыныстар, қалыптастырылады;
- Фирманың өсу песпективалары көрсетіледі.
1.Аннотация. Бизнес-жоспар түсіндірме парағынан басталады, онда:
- жобаны жүзеге асырушы кәсіпорынның атауы;
- жобаның атауы;
- жоба авторлары;
- бизнес-жоспарды жүзеге асыру уақыт мен дайындау орны.
2 Түйін (кіріспе бөлім). Кіріспе бөлімде бизнес-жоспардың мәні қысқаша сипатталады және ол бөлімдердің ең маңызыдысы болып келеді. Себебі көптеген банкирлер немесе басқа да қаржымен айналысатын мамандар үнемі жұмыс үстіндегі адамдар. Олардың көбісі өзінің 5-10 минуттан асатын уақытын бизнес-жоспармен танысуға бөлгісі келмейді. Олар тек түсіндірме парағы мен түйінді оқумен ғана шектелу мүмкін. Сол себепті ол бөлімді қысқа жасап, 3 беттен асырмау ұсынылады. Потенциалды инвестордың бизнес-жоспармен ең бірінші танысуы жобаның тағдырын шешу мүмкін, сол себепті түйін жан-жақты қарастырылып, жобаға деген ынтаны көтере алуы тиіс. Резюме ең соңында іскерлік буын ұстап жазылғаны дұрыс.
Түйінде келесі ақпаратар болуы қажет:
кәсіпорынның толық атауы, мекен-жайы мен телефоны;
кәсіпорынның сипаттамасы, оның спецификасы, бүгінгі күнге дейін кәсіпорынның даму жолы.
басқару персоналының біліктілігі туралы қысқаша мәліметтер, осы жобаны жүзеге асыруға қажетті қандай қабілеттері бар;
жобаның ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттары, қандай өсімге жетуге болады, қандай кіріс алу жоспарлануда, қандай уақыт кезеңінде;
тактикалық жоспар, қойылған мақсаттар қалай орындалатындығы туралы қысқаша сиппатама;
нарық конъюнктурасының қысқа мінездемесі, мақсатты нарықтар мен сол нарықтағы фирманың орны;
кәсіпорын өнім мен қызметтерінің артықшылықтары, компания ресурстары мен оның қаржылық жағдайы;
жобаның жалпы құны, инициатордың жобаға инвестицияландыратын қаржы көлемі;
қаржыландыруға қажеттілігі, инвестициялаудың керекті формалары мен шарттары, заемдық қаражаттарды қайтару бойынша кепілдігі;
жоба тиімділігінің негізгі экономикалық көрсеткіштері.
3. Кәсіпорын мен саланы сипаттау Инвестициялық шешімдер қабылдайтын тұлғаларда, инвестициялық жобаны іске асыруда инвестициялық объект ретінде көрінетін кәсіпорын немесе оның серіктері туралы нақты пікір қалыптастыру мақсатында кәсіпорын мен сала сипатталады.
Кәсіпорынды сипаттау кезінде келесі мәліметтер қарастырылу тиіс:
Оның ұйымдық-құқықтық формасы, заңды және поштылық мекен-жайы;
қысқаша экономикалық-географиялық және тарихи анықтама (кәсіпорын орналасқан жері, алып жатқан ауданы, құрылған күні, кәсіпорынның алғашқы мақсаттары мен өткен уақыт аралығында даму туралы ақпарат);
кәсіпорынның жарғылық капиталы;
құрушылар мен олардың арасындағы капиталдың бөлінуі;
кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымы;
еншілік кәсіпорындар;
басқару звеносының құрамы (атқаратын қызметі, аты-тегі, жасы, білімі);
кәсіпорын персоналы және оның құрылымы;
активтердің құрылымы (негізгі және айналмалы капитал);
материалдық ресурстардың мінездемесі: ғимараттар мен құрылғылардың, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің, құрал-жабдықтардың (қалдық құны және тозу деңгейі), аяқталмаған құрылыстың, материалдық заттардың;
кәсіпорынның ағымдық күйін сипаттау, балансты талдау;
кәсіпорынның мамандандырылуы,
шығарылатын өнім көлемі;
экспорт үлесі;
кәсіпорын ұсынған өнімнің нарықтағы үлесі;
кәсіпорын өнімін тұтынушылар;
олардың тұрғылықты жері және тұтыну көлемі;
позициялық талдау;
өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасы;
технология деңгейі;
өндірістік шығындардың деңгейі;
персонал біліктілігі;
энергия көздері мен материалмен жабдықтаушылардың орналасқан жері;
қажет болған жағдайда жобаның іске асыруына жергілікті билік органдарының келісімі.
Бизнес-жоспардағы саланың жағдайы мен даму болашағын сипаттау және екі мәселені шешеді:
а) инвестициялау объектісі ретінде қарастырылатын саланың күйін және даму тенденциясын зерттеу;
б) өндіріс көлемін болжау үшін бастапқы ақпарат алу, бәсекелестікті есепке ала отырып кәсіпорын өнімін өндіру және өткізу көлемін анықтау, қызметін іске асыру (бәсекелес бола алатындар және тұтынушылар анықталады).
Бірінші міндетті орындау үшін саланың өткеніне талдау жасап, оның даму мүмкіндігінің тенденцияларын көрсеткен дұрыс. Сонымен бірге сала кәсіпорынның сипаттамасын беріп, жоспарланып отырған өнім өткізу аймақтарында- ел ішінде және шетелдерде тап осындай өндіріс орындарының дамуын анықтау қажет. Мұнда мынадай көрсеткіштерді көрсеткен маңызды: негізгі өнім мен қызмет тізімі; өндірістің аймақтық құрылымы (өндіріс қуаттарын аймақтарға бөлу); саланың қазіргі және болашақтағы шикізат бағасы; сала кәсіпорындарының негізгі қорлары және материалдық-техникалық базасы. Инвестициялық ахуал жөніндегі ақпараттың да (кәсіпорын жұмыс істейтін нарық сигменті, сала бойынша сауданың жалпы көлемі және кәсіпорын саудасының көлемі, негізгі тұтынушылар тізімі) үлкен мәні бар.
Екінші міндетті шешу үшін мына айқындамалар бойынша ішкі және сыртқы нарықтағы негізгі бәсекелестердің қызыметіне талдау жасау қажет№ яғни бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын талдау:
олардың өнімі мен тұтынушылары;
жарнамалық жинақ;
бағаларын;
сатылу көлемдері;
имидж;
орналасқан жері және т.б.
Бұл тарауда сонымен бірге ұсынылатын өнімнің тұтынушылық қасиетіне қысқаша сипаттама беріліп, осындай өнімдердің нарықтағы салыстырмалы талдау нәтижелері де көрсетіледі. Ұсынылатын өнімдер (қызметтер) сипаттамасына мыналар енеді: бұйымның аты және оның ерекшелігі; функционалдық бағыты мен қолдану салалары (өнім қандай тұтынушыларға арналған); негізгі техникалық, эстетикалық және басқа сипаттамалары; технологиялық және әмбебаптық көрсеткіштері; стандарттарға және нормативтерге сәйкестігі; құндылық сипаттамасы. Сонымен бірге өнімге байланысты патенттік-лицензиялық қорғау, сауда белгілері, авторлық құқықтар және басқа да интеллектуалды меншік нысандары туралы мәліметтер өткізу де маңызды. Өндірілетін өнімнің соңғы 5-10 жыл ішіндегі нақты және құндық көрсеткіштері, оның құрылымы жөнінде де мағлұматтар берілгені жөн.
4 Өнімді сипаттау. Бұл бөлімде кәсіпорын ұсынған тауардың тұтынушылық қасиеттері туралы, сонымен бірге нарықтағы ұқсас тауармен жасалған салыстырмалы талдау нәтижелерінің қысқаша сипаттамасын беру қажет.
4.1.Өнімдерді сипаттау кезінде келесілер қарастырылу тиіс:
бұйымның аты мен оның ерекшелігі;
функциональды тағайындалуы мен қолдану сферасы (өнім қандай тұтынушыларға арналған)
өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа мінездемелері;
өнімнің технологиялық және әмбебаптық көрсеткіштері;
стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
құндық мінездемесі;
өнім дамуының сатысы:
идея;
эскиздік жоба;
жұмыстық жоба;
прототип;
тәжірибелі партия (жиын);
сериялық өндіріс.
өнімге қойылатын талаптар:
сапаны қадағалауға;
тұтынушыларын дайындауға;
қызмет көрсетуге.
өнімнің одан ары даму мүмкіндіктері;
келесі ұрпақты өнімдердің даму тұжырымдамасы;
патентті-лицензиялық қорғау, сауда белгілері, авторлық құқықтары және басқа интеллектуалды меншік объектілері бойынша мағлұматтар;
натуралды және құндық көрсеткіштерде өнімнің шығару құрылымы;
соңғы 10 жыл ішіндегі шығарылған, бірақ өндірістен алынып тасталған өнім тізбесі;
өнімді жеткізу шарттары;
басқа ұқсас тауарларға қарағандағы артықшылықтары;
өнімнің экспорттық мүмкіндіктері.
Әдебиеттер тізімі
Уркумбаев М.Ф., Терещенко С.А., Уркумбаева Т.Н. «Арифметика успеха».- Тараз, 2005.
Уркумбаев М.Ф., Терещенко С.А., Уркумбаева Т.Н. «Алгебра власти».-Тараз, 2005.
Уркумбаев М.Ф., Уркумбаев Б.Ф., Аманбаев Б.Б., Уркумбаева М.М. «Бизнес-план в дипломной работе».- Шымкент, 2005, 217 с.
Алан Вест Бизнес – план: учеб. пр. пособие (перевод с английского Н.И.Аклозовой и И.Ю.Букиной – 3-е изд. – Москва: издательство Проспект, 2005. – 232 с.)
Алексеева М.М. «Планирование деятельности фирмы» – М.: Финансы и статистика, 2001.
Лекция 8. Нарықты зерттеу және талдау ( ұйымның бизнес –орталығын талдау). Маркетинг- жоспарды жобалау
Бақылау сұрақтары:
Саланың сипаттамасы.
Өнімнің нарығының мінездемесі.
Кәсіпорынның STEP-талдауы. Кәсіпорынның SWOT-талдау.
Шикізат нарығын талдау және зерттеу, өндірістің басқа да материалдары.
Өнімді тұтынушылар мінездемесі.
Өнімді өткізу бағдарламасы. Кәсіпорынның бәсекелестігі.
Аудиториялық жұмыс
