Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции по КиБП каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
642.05 Кб
Скачать

6 Тақырып. Ұғым, мақсат және бизнес-жоспар құрудың ерекшеліктері мен мақсаттары.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бизнес-жоспарды құру мақсаттары, міндеттері және ерекшеліктері

  2. Бизнес-жоспар түрлері.

  3. Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және әдістемесі.

  4. Бизнес- жоспарлаудың негізгі элементтері

Аудиториялық жұмыс

  1. Бизнес-жоспардың құрылымы

Бизнес-жоспар – қысқа, тиянақты, қол жетімді мөлшерлі бизнестің сипаттамасы және түрлі жағдайдың үлкен санын қарастыратын маңызды аспап. Перспективалы танымдарды таңдап және оның табысының қаражаттарын анықтау.

Бизнес-жоспар бизнесті басқаратын құжат болып табылады. Сондықтан, оны тексеруді орындайтын басшылық сияқты стратегиялық жоспарланған құрамдас элементі ретінде ұсынуға болады . Бизнес-жоспарды жоспарлау үдерісі және басқару аспабы ретінде қараған маңызды. Бизнес-жоспар негізінен мөлшерлі бизнестің табысын қамсыздандыратын құжат және де өзін-өзі оқыту құралы болып табылады.

Бизнесті жоспарлаудың негізгі мақсаты фирманың жақын және ұзақ мерзімге арналған кезеңдерінде нарық сұранысына қарай отырып жаңа табыстар мен кеңістіктерге қол жеткізу. Бизнес-жоспардың негізгі мақсатын анықтаумен қатар, бизнес- жоспардың басқа да мақсаттары болуы тиіс:

  1. Әлеуметтік мақсаты – тауар жетіспеушілігін жеңу және қызмет ету сферасын жақсарту, экологиялық жағдайды сауықтыру, елдегі психологиялық ақуалды жақсарту, жаңа мәдени ахуал қалыптастыру, ғылыми-техникалық және шығармашылық потенциалды дамыту, халықаралық іскелік байланыстарды кеңейту.

  2. Кәсіпкердің статусын көтеру – оның экономикалық әлеуметін көтеру(өнім өндіруді арттыру, қаржы жағдайын жақсарту, техникалық-технологиялық, ғылыми, білім дәрежесін және белсенділік ахуалын көтеру). Бұлардың барлығы кәсіпкердің жаңа табыстарға жетуіне, табыс көздерін кеңейтуіне ықпал жасап, өндірілген тауардың жоғары сапаға ие болуына, қызмет көрсету аясын кеңейтуіне жағдай жасайды.

  3. Басқа да айқын мақсаттар мен бағыттар, шетелдік тәжірибе алмасулар өндірісті дамытудың басты талабы болып табылады.

Немесе:

  1. Қол жеткен табысты анықтау.

  2. Белгілі бір топқа жаңалық енгізу нәтижесінде жеткен табыстармен, фирманы қайта құруға кеткен жетістіктерді көрсету.

  3. Компанияның қызметкерлеріне кәсіпорындарға жаңалық нәтижесіндегі сандық, сапалық өзгеріс нәтижесіндегі жетістіктерге көзін жеткізу.

  1. Бизнес-жоспарлауды ұйымдастыру және әдістемесі.

Бизнес жоспардың негізгі қызметі – бүкіл қаржылық ресурстарды біріктіру арқылы алға қойған стратегиялық мақсатты шешумен бірге кәсіпкерлерге көмек беру, фирманың құрылымын айқындау:

  1. Жұмыстың негізгі бағытын айқындап және фирманың өнім өндіру салымдар рыноктағы орнын анықтау.

  2. Өнім өндіруге кеткен шығынды есептеу, оның өнім бағасымен қатынасын анықтау арқылы жасалған бизнес жоспардың тиімділігін анықтау.

  3. Алға қойған мақсатты орындау жолында керекті кадрлармен қамтамасыз ету оларға жағдай жасау

  4. Фирманың материалдық қаржылық жағын айқындау және алға қойған мақсатты іске асыруға қаржылық, материалдық ресурстарды әлеуметтік жеткіліктілігін білу.

  5. Бизнес жұмысты орындау жолындағы кедергілер мен қиындықтарды есептеу.

Қазіргі таңда бизнес -жоспардың бес функциясы бар.

  1. Біріншісі оның стратегиялық жоспарды орындау жағдайындағы мүмкіндігі.

Бұл функция әсіресе, кәсіпорынды құру кезінде және фирма жұмысын жаңа бағытта жұмыс істеу кезінде өте қажет.

  1. Екінші функция – жоспарлау. Ол жаңа бағытта жұмыс істеумен, фирманың ішкі процестерінің жұмысын бақылайды.

  2. Үшінші функция – кредит, көтерме акция ссуда алу бағыты. Қазіргі жағдайда қарыз ақшасыз маңызды жұмыстарды атқару мүмкін емес. Қарыз алудың көптеген жолдары бар, банк пен жұмыс жасау т.б мәселелер бизнес жоспарда есептелуі тиіс.

  3. Төртінші функция компания жоспарын іске асыру үшін, басқа партнерлермен байланыс жасау қаржы, капитал, технологич т,б басқа салада тиімді келісімдерге қол жеткізу.

  4. Бесінші функция компаниядағы барлық қызметкерлерді бизнес-жоспар жасау қатыстыру арқылы жалпы іс-қимылды анықтау, күш жігерді жұмылдыру арқылы алға қойған мақсатты айқындауга қол жеткізу.

Тиімді бизнес- жоспарды жасауға дайындық алғашқы баспалдақ жоспарды менеджер, фирма менгерушісі, бірнеше фирма, арнайы ұйымдар жасауы мүмкін.

Ірі фирманың дамуының стратегиясын анықтау үшін ұйғарымы жай бизнес- жоспар құрылады.

Оның дайындалу жолында потенциалды партнерлері мен инвесторлары анықталады. Мезгілдік аспектілік бизнес- жоспарлауды айтып өтетін болсақ, фирманың көпшілігі жоспарларды 1 жылға құрайды.

Оларда фирманың осы кезге дейінгі қызметінің түрлі бағыттары қарастырылады және әрі қарай дамуы сипатталады.

Кейбір фирмалар жоспарларын 5 жылға дейінгі мерзімге құрайды, тек қана ірі компаниялар өз-өзіне сенімді аяқтарында тік тұрған компаниялар 5 жылдан әрі мерзімге құралады.

Шетелдік тәжірибеде бизнес- жоспар кәсіпорынның бастығының қатысуымен ғана жузеге асады. Көптеген шетелдік банктер және инвестициялық қорлар сол шарттар орындалмаған жағдайда ақы-пұлдардың бөлінуінің қараудан бас тартады. Бизнес план құрудың үрдіс тәсілдеріне қарамастан оның зерттемесінің өзара есепке алу және мүдделі жақ шарт кою арқылы орындалады:

1) Бизнес-жоспарды дайындау жағдайында көптеген фирмалар өндіріске жұмсалған қаржының тиімділігін қадағалап және түскен табысты арттыру мақсатында инвесторлар алады.

2) Бизнес жоспарды дайындау барысында бай-құатты партнерлер белгіленіп, инвесторлар тартылады.

3) Дайын өнім тұтынушыларды қанағаттандыруы тиіс.

4) Билік органдарының негізгі жұмысы тұтынушыларды қанағаттандыруға бағытталуы керек.

Бизнес жоспарда фирма ішінде де және фирмадан тыс жағдайда да оның перспективалы дамуы есептелуі керек. Бұл әсіресе фирма басшылығына қажет. Бизнес жоспардың көмегі арқылы компания басшылығы табыстың жиналуын және оның үлескерлер арасында дұрыс бөлінуі қадағаланады.

Бұл жоспар фирманың өндірістік ұйымдастырылуы, құрылымын жетілдіріп, қызметкерлердің жауапкершілігін арттырады. Атап өтетін бір жағдай бұл жоспар партнер фирмалардың бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесетін, белгілі бір шикізаттан бірлесіп өнім өндіру мүмкіндігін арттырады. Мұндай жағдайда партнер фирмалар ортақ қаржыландыруды іске асырады.

Бизнес жоспарды іске асырудың өз ерекшеліктері бар. Мысалы бір бағытта жұмыс жасацтын ұйымдар мен көп бағытта жұмыс жасайтын ұйымдар.

Бір бағытта жұмыс жасайтын ұйымдарда бір ғана кәсіпорын болса, екі немесе көп бағыттағы кәсіпорындарда бірнеше кәсіпорындар болады. Мұндай жағдайда кәсіпорындарға жеке-жеке бинес жоспар жасалып, кейін ортақ бизнес жоспарға біріктіріледі. Егер бизнес бірінші рет іске асып жатса, онда жоспар әр кәсіпорынның есептік көрсеткіштер көзіне қарап жасалады. Егер бизнес бұрыннан бар болса,м өткен жылғы табыс көзі есептелініпалдағы жылдың жоспары мен сәйкестендіріпжасалынады. Егер бизнес жоспар ірі кәсіпорындар мен үлкен табыс әкелетін құрылымдар үшін жасалса, бұл өте күрделі бизнес жоспар болып есептелінеді.

Мұнда алғашқы инвестициялық табыс көздері жасалады. Кейін бизнес жоспардың жеке бөлімдері қаралып, инвестициялық бағытпен үйлестіріледі.

Диверсифицирналық кәсіпорындардың ерекшелігі мұнда әлденеше бағытта жұмыс істелінеді. Мұндай кәсіпорындардың әрқайсысында бизнес-жоспарлар қаралуы тиіс. Диверсифирциралық кәсіпорындарда көп жағдайда жекеленген жұмыстар арнайы бөлімдерде, жеке бөлімшелерде қаралады.

Өнім өндіретін кәсіпорындардағы бизнес жоспардың ерекшелігі өндірістегі кең көлесді түрде жоспарлаудың орнына аталып отырған кәсіпорынның нақтыланған жоспары ерекшеліктер бөлек қаралып ортақ жоспарға тіркеледі.

Бизнес жоспардың басқа жоспарлы құжаттардан ерекшеліктері.

Бизнес-жоспар басқа фирмалардың жоспарларына қарағанда өзінің ерекше бағыты бар, мол пайда келтіретін сатылатын тауар сияқты.

Бизнес жоспардың басқа жоспарларға қарағанда ерекшелігі өндірістің ішкі даму жағдайын

Қарап қана қоймай сыртқы жағдайын да қарастырып кәсіпорынның дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар бизнес жоспар кәсіпорынның маркетингтік, экономикалық-финанс жағдайларына баса назар аударып, ғылыми -техникалық, технологиялық, әлеуметтік жағдайларға көп назар аудара бермейді.

Бизнес жоспарға жақындау келетін құжат ТЭО (Технико экономикалық қисындар)

ТЭО-ның бизнес жоспардан ерекшелігі бұл мамандандырылған өнеркәсіп орындарын дамытуға арналған құжат.

Сондықтан да ТЭО жоспардың өндірістік техникалық жағына баса назар аударылады да өндірістің рыноктық, комерциялық, қаржылық жағдацын аша бермейді. Сондықтан да бизнес жоспар ТЭО-ны жұмыс барысында ыңғайластырумен отырады. Бизнес жоспар стратегиялық дамудың басты элементі болып табылады. Өндірістік стратегиялық жоспары сияқты бизнес жоспар 3-5 жылға жасалады. Бірақ бизнес жоспардан ТЭО-ның көптеген айырмашылықтары бар.

    1. Стратегиялық жоспар фирманың жан-жақты дамуын қарастырса бизнес жоспар бір бағытты ғана таңдап жаңа бизнестің өркендеуін ғана алға қояды.

    2. Стратегиялық жоспар заман талабымен жан-жақты өркендеуді қарастырады. Бизнес жоспардың белгілі бір рамкада шектеліп бір салада нақты өнім өндіруге бағытталады.

    3. Бизнес жоспарда өндірістің дамуы, маркетинг т.б сала алға қойылады да өндірістің структуралық құрылымымен байланысып кетеді.

Нарықтық- экономика жағдайында ТЭО инвестициялық жобаларды толықтырып отырады.

Инвестициялық жоба ұғымы екі жағдайда қолданылады.

  1. Инвестициялық қызмет: ұйымдастыру және құқықтық система, талдау,инженерлік-техникалық, экономикалық, есептік-қаржылық құжаттар, жалпы өндірістік өнімдерді алу және реттеу.

  2. Екінші жағдайда бизнес жоспар инвестициялық жобаны іске асырудың маңызды құжатының бір болігі болады.

Масштабы жағынан шағын бизнестерде бизнес жоспар кейде инвестициялық жобаның міндетін атқарады.

Жалпы алып қарағанда инвестициялық жоба мен бизнес жоспар құрамы жағынан бір-біріне ұқсас.

Бизнес жоспардың құрылымы инвестициялық проектіге ұқсас, әсіресе инвестициялық ойды іске асыру жағдайында.

Әдебиеттер тізімі:

1.Бизнес-планирование. Юнити-Дана, 2010 г., 592 стр.

2.Ушаков И.И., Бизнес-план. 1-издание, 2009 г., 224 стр.

3.Мэггс П.Б., Сергеев А.П. Интеллектуальная собственность.- М.: Юристъ, 2000.- 400 с.

4.Финансовый бизнес-план: Учебное пособие/Под ред.В.М.Попова.- М.:Финансы и статистика, 2001.-480 стр.

5.Бизнес-план: инвестиции и финансирование, планирование и оценка проектов/ А.Зелль.- М.: «Ось», 2002.