Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі қмж алматыкітап 3кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Тексерілді

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды сын есім

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділік: зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын, айырмашылықтарын ұғындыру. Сөз құрамы туралы алған білімдерін пысқтау, жетілдіру; Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдықққа, ұқыптылыққа, шыншылдыққа, өз бетінше тапсырмаларды орындап, нәтижеге жете білуге тәрбиелеу, мамандық иелеріне деген құрмет пен алғыс сезімдерін ояту; Дамытушылық: танымдық қабілеттерін, сауаттылықтарын және көркем жазу дағдыларын дамыту; Сабақтың типі: Білім, білідк, дағдыны жетілдіру сабағы Сабақтың түрі: Проблемалық сбақ Сабақтың технологиясы: ДОТ, ПОТ Сабақтың әдіс - тәсілдері: түсіндірмелі – иллюстративті, сұрақ - жауап, ой қозғау, салыстыру, талдау - жинақтау, проблемалық әдіс, ойын, ассосация

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мен кіммін? (оқушылардың ойын таңдау) Адам - мамандық иесі. Мамандық түрлері көп. «Ең жақсы» ойыны 1 Ең тәтті мамандық 2 Ең сақ 3 Ең нәзік 4 Ең шығармашыл 5 Ең жауапты 6 Ең салмақты 7 Ең ауыр 8 Ең алдамшы - Бұл сөздердің бәрі қай сөз табына жатады? - Зат есім деген не? - Зат есім нешеге бөлінеді? Тірек сызбамен жұмыс

• Туынды зат есімдерді теріп жаз, сөз құрамына талда. • Тағы қандай туынды зат есім болатын мамандық атауларын білесің?

Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау

Сергіту сәті

Көрікті далама қарашы, Тізілген орман, тау, қаласы, Алтай мен Атырау арасы Қазақтың кең байтақ даласы Қазақтың кең байтақ даласы

Ой толғаныс

«Ойлан, тап» ойыны Интерактивті тақтадан бірнеше суреттер көрсетіледі. Сол суреттердің атын атап, жұрнақ жалғап, туынды зат есім жасау керек. Туынды зат есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Суреттер: қой, етік, үй, бес, домбыра, мүсін, қобыз, қой, жылқы.

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды сын есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Сабақ мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сонымен қатар кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа баулу, ақыл-ой логикалық ойлау жүйесін дамытып, сөздік қорын дамыту. Сабақ көрнекілігі: мазмұнды суреттер, кесте , тест жинақтары , интерактивті тақта, слайдтар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою

Қызығушылықты ояту

3.Өткенді пысықтау. Кубизм әдісі: 1.Сын есім дегеніміз не? 2.Қандай түрлерін білесің? 3.Негізгі сын есім дегеніміз не? 4.Туынды сын есім дегеніміз не? 5.Сөйлем ойла . 4.Интерактивті тақтамен жұмыс: - Тақтадан ненің суретін көрдіңдер? (Алма) Алмаға сипаттама берейік: Түсі: Көлемі: Пішіні: Сапасы:

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Мәтін бойынша жұмыс: 1-қатар: сөз таптарына 2-қатар: сөз құрамына 3-қатар: сөйлем мүшесіне

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі қайың астынан.

Біреуі терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Ой толғаныс

Танымдық тапсырма: (Абайдың «Жаз» «Күз» «Қыс» өлеңдерінен сын есімді табу)

Үй тапсырмасы

5-ж 75-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Каскаева С.Б

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды сын есім

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: сын есімнің негізгі және туынды түрлерін пысықтап, оқушылардың білімдерін толықтыру; Дамытушылық: ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы. Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру - ажырату.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қатар - қатар тізіліп Оқушыға лайық. Қолымызды жіберіп Түп - түзу боп тұрайық. Жақсы болып сабақта Әдеп сақтау сәніміз. Отыруға нақпа - нақ.

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Сөзжұмбақ. 1. Қандай сұрағына жауап береді? 2. Заттың түсін білдіреді? 3. Қандай жолдас болуы мүмкін? 4. Бөлме қандай болады? 5. Алманың түсі қандай? 6. Қай сұрағына жауап береді? 7. Жемдеп қойған мал? Кәне, балалар, сөзжұмбақ шешуі «Сын есім» болды. Олай болса топтастырып көрейік:

Қызығушылықты ояту

Көңілді сөзіне дыбыстық талдау жасау. 3 буынды сөз, 7 дыбыс, 7 әріп; К - қатаң дауыссыз дыбыс ө – жіңішке дауысты дыбыс ң - үнді дауыссыз дыбыс і - жіңішке дауысты дыбыс л - үнді дауыссыз дыбыс д - ұяң дауыссыз дыбыс і - жіңішке дауысты дыбыс

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Өлеңді мәнерлеп оқу. Негізгі сын есімді 1 топ, туынды сын есімді 2 топ теріп жазады. Құлағы пүліштей, Тұяғы күмістей,. Көзі жұлдыздай, Жүні құндыздай. Ақ емес, шұбар лақ, Ойынға құмар лақ. Шақырсаң келеді, Би билеп береді.

Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.

Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.

Аяқты алға созайық

Тiк көтерiп, қозғайық.

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық.

Бiр, екi, үшi, бiр, екi, үш.

Ой толғаныс

Танымдық тапсырма. Сәйкестікті табу Білгіш ----- адам Қоңыр ----- ағаш Сенгіш ----- бала Терең ----- ауыл Әсем ----- қозы Жуан ----- құдық Көршілес ----- қала

Үй тапсырмасы

5-жаттығу 77-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды сын есім.Мәтін көшіру

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: сын есімнің негізгі және туынды түрлерін пысықтап, оқушылардың білімдерін толықтыру; Дамытушылық: ой - өрістерін, танымдық қабілеттерін, сөздік қорларын дамыту; Тәрбиелік: Оқушыларды инабаттылыққа, мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: қайталау, жинақтау сабағы. Әдістері: сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, салыстыру - ажырату.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою

«Кім тапқыр?» ойыны Сөздерді негізгі немесе туынды сын есім қатарына орналастыру. Таза, үлкен, қызыл, өнерлі, сезгіш, арзан, жуас, тәртіпті, айнадай, жүзгіш, білгіш, бақытты, таудай, жасыл, ақылды, инабатты, сәулетті, әсем, жүйрік, доғал, суық, күндей. (талдау)

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Терме диктант. Дәрігер, аласа, күн, терең, жазды, қою, бесінші, өнерлі, айтты, сұйық (Осы сөздердің ішінен сын есімдерді теріп жазып, талдау).

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Үй тапсырмасы

5-ж 78-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады