Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі қмж алматыкітап 3кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Түбір мен қосымшаның жазылуы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Түбiр мен қосымшаның жазылу заңдылықтарын қайталау. Түбiр сөзден қосымшаны айыра отырып, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру; Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау, өз ойын жеткiзе бiлу, шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік: оқушыларды мәдениетті қарым – қатынасқа, әдептілікке, тәрбиелеу. Сабақтағы көрнектіліктер:, жүрекшелер, карточкалар, күн көзі мен бұлт суреті, семантикалық карта. Сабақтың типі: Өткендi қайталау. Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Бiз кiмбiз балалар? (Оқушылармыз) Қандай уәде беремiз? «5» болсын алар бағамыз, Бiлiмнен бақыт табамыз, Өнер бiлiм көп оқып, Өсе берсiн санамыз.

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

- Қосымша дегенiмiз не? Мысал келтiр. - Сөз құpaмына не жатады? - Қосымша мен түбiр сөздi салыстыр. - Түбiр сөз дегенiмiз не? - Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, жалғанатын қосымша қандай болады? - Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, жалғанатын қосымша қандай болады?

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1-жаттығу

Жуан буынды сөздерді бір бөлек,жіңішке буынды сөздерді бір бөлек жаз.

2-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Қарамен жазылған сөздердің қосымшасы қандай буынды екенін айт.

3-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннен жуан,жіңішке буынды сөздерден теріп жаз.

4-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаз.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Топтық тапсырма Әр топқа жеке – жеке тапсырма беріледі. І топ Түбір сөзге тиісті қосымшаны қосып жаз. Тарақ ----- і Кәсіп -----ы күрек ----ы Қалақ -----і ІІ топ Берілген түбір сөзден бірнеше туынды сөздер жасап жаз. Бала -лық,-(қай) Оқу -лық,-(шы) ------ ІІІ топ Сызба бойынша сөздер тауып жаз. Түбір + жұрнақ Түбір +жұрнақ + жалғау Түбір +жалғау +жалғау Әр топ басшысы қорытынды жасайды.

Семантикалық карта. Қосымшалы сөз Түбір +жұрнақ ---- Түбір + жалғау ------Түбір +жұрнақ +жалғау Өнерпаздар Құрылысшы Балалар Еңбегі Қайратты Қарны

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады