Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі қмж алматыкітап 3кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Оқушылар етістік туралы түсініктерін пысықтай отырып, алған білімдерін жинақтайды, бекітеді: ол заттың әр алуан іс - әрекетін, қимылын процесін білдіретін сөз табы екендігі жөнінде түсініктері кеңейеді.  Оқушылардың сөз қоры, тіл байлығы байып, қызығушылығы оянын,шығармашылықпен жұмыс жасайды.Еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа, өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиеленеді. Сабақтың типі: Жаңа сабақ Сабақтың әдісі: сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдіс- тәсілдері

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою

Қызығушылықты ояту

Дауыссыз дыбыстардың астын сызыңдар.  1. Бағдаршам, қара,  алма, жер, тоқта, күт, дайындал, кім, тыныш, рұқсат, бер, қол, сұра, күн, сәлем. (15 сөз)

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1-жаттығу

Өлеңді түсініп оқы

2-жаттығу

Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып,сөйлемдерді көшіріп жаз

3-жаттығу

Жаңылтпашты жатқа жаз

4-жаттығу

Дара етістіктерді бір бөлек,күрделі етістіктерді бір бөлек жаз

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Етістік -Заттың қимылын сипаттайтын сөз табы етістік деп аталады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішіндегі ең күрделі және қарымы ең кең грамматикалық категория.

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім :

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік:Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін бекіту; еске түсіру; мағынасы қарай топтай білуді үйрету; негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру; туынды сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді;сөздерге жұрнақжалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді үйрету ;

Тәрбиелік:  Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, қазақ тілін сүюге,  тілді құрметтеуге  тәрбиелеу;

Дамытушылық : Оқушылардың сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақ типі : аралас

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

1.   Сын есім дегеніміз не? Мысалы.

2.   Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

3.   Сын есім қандай түрлерге бөлінеді??

4.   Негізгі сын есім деп не аталады?

      Мысалы.

5.  Туынды сын есім дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1-жаттығу

Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі жұрнақтардың тиістісін жалғап,жаңа сөз жаса,

2-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

3-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы.

4-жаттығу

Әр қатардағы сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, туынды етістік құрастырып жаз.

Сергіту сәті

«Алдаркөсе» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Терме диктант

Ана, жиырма, барды, әдемі, балмұздақ, қызыл, бала, үлкен, тәтті, он бір, көгілдір.

Үй тапсырмасы

5,6-жаттығулар

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Каскаева С.Б

Сабақтың атауы

Негізгі және туынды етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Білімділік:Оқушылардың сын есім туралы түсініктерін бекіту; еске түсіру; мағынасы қарай топтай білуді үйрету; негізгі және туынды сын есім туралы түсініктерін қалыптастыру; туынды сын есімдердің түбірі мен қосымшасын ажырата білуді;сөздерге жұрнақжалғау арқылы туынды сын есім жасай білуді үйрету ;

Тәрбиелік:  Берілген тапсырмалар арқылы ғылым, білімді үйренуге, қазақ тілін сүюге,  тілді құрметтеуге  тәрбиелеу;

Дамытушылық : Оқушылардың сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру

Сабақ типі : аралас

Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап, түсіндіру, жаттығу орындау

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабаққа байланысты сұрақтар қою

Қызығушылықты ояту

1.   Сын есім дегеніміз не?

2.   Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

3.   Сын есім заттың қандай белгілерін көрсетеді?

4.    Сын есім нешеге бөлінеді?

5.   негізгі және туынды сын есім қалай жасалады?

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1-жаттығу

Сөздерді оқып,туынды етістіктерді бір бөлек,негізгі етістіктерді бір бөлек көшіріп жаз.

2-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

3-жаттығу

Өздік жұмысы.

4-жаттығу

Жаңылтпаштарды жатқа жаз.

Сергіту сәті

«Тунак-тунак» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Өлеңді жатқа жаз. Сын есімнің астын сыз

Қыраңға қия тау керек,

Бұлбұлға жасыл бау керек.

Балыққа мөлдір көл керек,

Батырға туған ел керек.

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Каскаева С.Б

Сабақтың атауы

Болымды және болымсыз етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

1. Оқушыларды болымды және болымсыз етістіктермен таныстыру; 2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру. 3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Хош келдіңдер балалар! Оқуға құмар даралар! Сабағымызды бастайық, Маған назар салыңдар!

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

- Заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөз табын (ЕТІСТІК) дейміз. - Етістіктің сұрақтары (НЕ ІСТЕДІ? НЕ ҚЫЛДЫ? ҚАЙТТІ?) - Туынды етістік (ЖҰРНАҚ ЖАЛҒАНУ) арқылы жасалады. - Түбір сөзден жасалған етістікті (НЕГІЗГІ ЕТІСТІК) дейміз. - Негізгі етістік, туынды етістік болып (ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ) - Дара етістік, күрделі етістік болып (ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ)

Қызығушылықты ояту

1 - топ: Берілген сөздерге – ла, - ле, - да, - де, - та, - те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жаса. 2топ: Түбір сөздердің қай сөз табы екенін анықта. 3 - топ: Өзің қалаған екі - үш туынды етістікті қатыстырып сөйлем құрастырып жаз.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1 - жаттығу. І - топ орындайды. *Берілген етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарын жалғап жазады. *Сөздердің мағыналары қалай өзгергенін айтады. *Бірнеше сөйлем құрастырып жазады. - Жаз - ба, сана - ма, кел - ме, тұр - ма, шақыр - ма, ки - ме, қайт - па, төк - пе, қаз - ба, без - бе. - Болымды етістіктер болымсыз етістікке айналды, іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдірді. - Аслан, дәптерәңе артык ештеңе жазба? Адамдарды саусағыңды шошайтып санама. Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?» Жаңылтпаштар айтқызу. 2 - жаттығу. ІІ - топ орындайды. *Сөйлемдерді оқып, ішінен тыйым сөздерді көшіріп жазады. *Тыйым сөздердің маңызы, тәрбиелік мәніне тоқталып кеткен жөн. *Етістіктерді сөз құрамына талдайды. *Етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы кқрсетеді. - Аққуды атуға болмайды. - Құмырсқаның илеуін, қарлағаштың ұясын бұзба. - Малды аяғыңмен теппе. - Нанды бір қолмен үзіп жеме. - Сүт тағамдарын жерге төкпе. - Ат - у - ға бол - ма - й - ды, бұз - ба, теп - пе, үз - іп же - ме, төк - пе. Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?» Тік тұрам да қос қолмен Таянамын бүйірді Топылдатып аяқты Шапалақтап қолымды Басымды мен шұлғимын Құс қанатша қолымды Екі жаққа жаямын Бір отырып, бір тұрып Орнымды мен табамын. 3 - жаттығу. ІІІ - топ орындайды. *Өлеңді мәнерлеп оқиды. Болымды етістіктерді тауып жазады. * Болымсыз етістіктерді тауып бөлек жазады. * Болымсыз етістіктердің қалай жасалып тұрғанын айтады. - оқып, жиып ал, тепкілесең, - жет+пе+й+ді, кет+пе+й+ді, күй+ме+й+ді, ти+ме+й+ді, сүй+ме+й+ді. - жұрнақтар арқылы жасалып тұр. Сергіту сәті: «Кім сауатты?», «Кім шапшаң?», «Кім көркем жазады?» Мақал - мәтелдер айтқызу. 4 - жаттығу. *Берілген болымды етістіктерді болымсыз етістіктерге айналдырып жаз. *Осы сөздерді қатыстырып мәтін құрастырып жаз. Мәтінге ат қой. - Қозғалақта - ма, жалтақта - ма, жүгір - ме, көшір - ме, сығала - ма, мазала - ма, сыбырла - ма. Оқушылардың құрастырған мәтіндерінен мысал: Әженің ақылы. - Асқарды әжесі күнде мектепке шығарып салады. Әжесінің күнде Асқарға үйден шығар алдында айтатын ақылы: - Асқаржан, партада отырғанда қозғалақтама, жан – жағыңа жалтақтама, дәлізде жүгірме, өз біліміңе сен, көршіңнен көшірме, мазалама, өзгенің дәптеріне үңіліп сығалама, сабақ үстінде тыныш отыр сыбырлама,- дейтін. Ұйымшыл сынып. - Біздің сынып өте ұйымшыл. Дөрекі қылықтарға еш әуестігіміз жоқ еді. 2 - ші сыныпта бізге жаңадан Еркін деген оқушы келді. Өзі сондай ұшқалақ, сабаққа нашар. Мұғалиманың күндегі айтатыны, қозғалақтама, жалтақтама, дәлізде жүгірме, көршіңнен көшірме, үзілісте өзге сыныптың есігінен сығалама, сабақ үстінде сыныпты мазалама, сыбырламай тыныш отыр - дейтін. Біз сынып болып, жиналыс жасап, Еркінді дұрыс жолға салуды жөн көрдік. Тәжірибелі бапкер Бекежанның әкесі өте шебер - бапкер.. Бір күні жылқы шаруашылығына бардым. Ондағы мақсатым, атқа мініп үйрену еді. Атқа отырмас бұрын Бекежан аға бірнеше ережелерді есіме салды. Ат үстінде қозғалақтама, жан - жағыңа жалтақтама, қорқып сығалама, жатып қорыққаныңды білдіріп сыбырлама, мазаланба, бөгде біреудің әдісін салып көшірме, алғашынды жай жүр, жүгірме,- деді. Атпен шабуды, мен осылай үйренгем. ІХ Сабақты қорыту. Ой толғаныс сәйкестендіру тест. 1. Туынды етістікті табыңыз. А) Аз. В) Жүр С) Көмектес Д) Бар 2. Не істеді? Не қылды? Қайтті? Сұрақтарына жауап беретін сөз табы. А) Зат есім. В) Етістік С) Одағай Д) Үстеу 3. Болымды етістік нені білдіретін белгілеңіз. А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді. Д) Заттың саның білдіреді. 4. Сөйлемнен болымсыз етістікті табыңыз. Ол жұмысын адал басқармады. А) Ол В) Жұмысын С) Адал Д) Басқармады 5. Күрделі етістікті табыңыз. А) Алып берді В) Кел С) Айтты Д) Жайды 6. Дара етістікті сөйлемді көрсетіңіз. А) Біз тыңдап отырмыз. В) Олар келе жатыр С) Ол оқып отыр. Д) Мен мектептен келдім. 7. Күрделі етістікті сөйлемді көрсетіңіз. А) Арман сабақ оқып отыр. В) Балалар мектепте отыр. С) Сен кешке кел. Д) Ол келмеді. 8. Болымсыз етістік нені білдіретін белгілеңіз. А) Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. В) Заттың атын білдіреді. С) Заттың түрін білдіреді. Д) Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Е) Заттың көлемін білдіреді. Х Сабақты бекіту (Әр топ бір - біріне өткен сабақтардан зымыран сұрақтарын қояды) 1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар? 9 2. Етістік дегеніміз не? Заттың іс - әрекетін білдіретін сөздер. 3. Етістіктің сұрақтары қандай? Не істеді? Не қылды? Қайтті? 4. Болымды етістік дегеніміз не? Іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. 5. Болымсыз етістіктің жұрнақтарын ата. Іс - әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. 6. Болымсыз етістік тағы қандай сөздер арқылы жасалады? емес, жоқ

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Каскаева С.Б

Сабақтың атауы

Болымды және болымсыз етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

1. Білімділік. Қимыл, іс - әрекеттің болу - болу мүмкіндігіне қарай етістіктің болымды және болымсыз болып бөлінуін, жасалуын өз бетінше тұжырым жасау арқылы меңгерту, оларды салыстыра оқытып, мағыналық айырмашылығына көңіл бөлу; 2. Дамытушылық. Дүниетанымын, қабылдауын, есте сақтауын, көркем жазуын дамыту; 3. Тәрбиелік. Байланыстыра сөйлеуге, халық даналығының мәнін ұғынуға тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту Сабақтың түрі: оқыта үйрету Сабақтың әдіс - тәсілі: топпен жұмыс, ойын, проблемалы ізденіс, талдау, сұрақ - жауап, байқау. Көрнекілігі: дидактикалық материалдар, таратпалар, бағалау парақшасы, слайдтар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

1. «Мықты болсаң, тауып көр»- Үнемі көмекші етістік болатын етістіктерді ата. 2. «Жүйрік болсаң, шауып көр» - Көмекші етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 3. «Ойлы болсаң, озып көр»- Етістік құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4. «Алғыр болсаң, алып көр»- Құттықтаймын, сен «бестік» бағасын алдың! 5. «Зерек болсаң, айтып көр» - Етістік тұлғасына қарай нешеге бөлінеді? Мысал келтір.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

2-жаттығу

Сөйлемдерді оқып,етістіктерді тап.

3-жаттығу

Тиым сөздерді көшіріп жаз.

4-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Шығармашылық жұмыс. 1 - топ. Тыйым сөздер жазу. 2 - топ. Баталы сөздер жазу. 3 - топ. Пайдалы кеңес жазу. 4 - топ. Әдептілік ережесін жазу тапсырылады. 6. Білімді бекіту кезеңі. Сұрақтар: 1. Болымды етістік нені білдіреді? 2. Болымсыз етістік дегеніміз не? 3. Болымсыз етістік қалай жасалады? 4. Болымсыз етістік зат есіммен омонимдес болғанда қалай ажыратамыз?

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Болымды және болымсыз етістік

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

1. Оқушыларды болымды және болымсыз етістіктермен таныстыру; 2. Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу, ой қорыту жұмысын арттыру. 3. Сауатты жазуға дағдыландыру, өздеріне деген сенімдерін нығайту. Тиянақты ойлауға, сауаттылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың әдісі: Түсіндіру, топпен жұмыс.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Тұжырым жасау. Демек, іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай етістік болымды және болымсыз етістік болып екіге бөлінеді. Болымды етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы, келді, жүрді, сөйледі т. б. Болымсыз етістік қимыл, іс - әрекеттің жүзеге аспауын білдіреді. Болымсыз етістіктің жасалуына назар аударайық. 1. Болымсыз етістік негізгі немесе туынды түбір етістіктерге – ма, - ме, - ба, - бе, - па, - пе жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, айт+па, қал+ма, ойна+ма, суар+ма, азсын+ба т. б.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

1-жаттығу

Берілген сөздердің ішінен болымды етістіктерді бір бөлек,болымсыз етістіктерді бір бөлек жаз.

2-жаттығу

Оқып,тек болымсыз етістігі бар сөйлемдерді көшіріп жаз.

3-жаттығу

Жыр үлгісіндегі нақылды түсініп оқы

4-жаттығу

Мәтінді түсініп оқы

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Таратпамен жұмыс. №1 таратпа. 1. Етістік дегеніміз не? 2. Дара етістік қалай жасалады? 3. Берілген сөйлемдерден күрделі етістікті тауып, қайсысы негізгі, қайсысы көмекші етістік екенін ажырат. Аман құс үнінен оянып кетті. Осы кеште Ербол Бөкенші жаққа қайтпақ еді. №2 таратпа 1. Күрделі етістік дегеніміз не? Мысал келтір. 2. Болымсыз етістік қалай жасалады? 3. Негізгі етістікке 5 сөз, туынды етістікке 5 сөз жаз.

Үй тапсырмасы

5-жаттығу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Мазмұндама

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар

Жалпы мақсаттар

Оқушыларға мазмұндама жазуды үйрету. Түсінгенін қағаз бетіне еркін,қатесіз түсіруін қалыптастыру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлуді ұйымдастыру

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Қағаз, жаңбыр, бағдаршам, дастархан, ертең, сабақ, қоңырау, мұғалім, бор, есік, ыдыс, кесе, табақ, сөз, дыбыс. (15 сөз)

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Бұлақ басындағы оқиға

Біз жазда малды ауылда жайлауда болдық. Бір күні әкем,сіңілім Жанар үшеуміз қой тоғытуға үлкен бұлаққа бардық. Бұлақтың жан-жағы көк майса шөп. Қойды тоғытып болып, үйге қайтып келе жатқанбыз. Кенет ешкінің бақылдағаны естілді.Дыбысы аянышты шығады.Алғаш оған мән бермеген едік.Бірақ ешкі маңырауын қоймады.Дыбыс шыққан жаққа қарай жүрдік. Байқасақ бір лақ батпаққа батып, тұра алмай талпынып жатыр. Әкем екеуміз лақты ұйықтан шығарып алдық.Үсті басы батпақ-батпақ болыпты. Оны бұлақтың суымен жуып,тазарттық. Біз Жанар екеуміз лақты өлімнен құтқарғанымызға қуандық.

Жоспар:

  • Қой тоғыту

  • Кенеттен шыққан дыбыс

  • Батпаққа түскен лақ

Сергіту сәті

«Тунак-тунак» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

-Бұлақ дегеніміз не?

Үй тапсырмасы

Тест тапсырмаларын құрастыру

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

Оқушылар толтырады