Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі қмж алматыкітап 3кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тұрлаусыз мүшелер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,

Жалпы мақсаттар

Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Сұраулы сөйлем дегеніміз не? Хабарлы сөйлем дегеніміз не? Лепті сөйлем дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» Суретпен жұмыс. Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

«Тұрлаусыз мүшелер» ЕРЕЖЕ: Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады. 1-жаттығу Сөздерді оқы. Қайда? Сұрағына жауап беретін сөздерді теріп жаз.

2-жаттығу Көп нүктенің орнын тұрлаусыз мүшелермен толықтырып жаз. Сөйлемде қандай өзгерістер болады?

3-жаттығу Өлеңді оқы.Тұрлаусыз мүшелерді оқып,сұрақ қой.

4-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

«Қатені тап» (көп нүктенің орнына жоқ сөзді тауып қойып, қай мүше екенін айту) 1 - топ Анықтауышқа байланысты ..... адам сағыңды сындырмас. ...... адамды халық қадірлейді. Сабыр түбі........ алтын. ........ ағаш үй болмас. ......... жігіт би болмас. Атадан......... ұл туса, Есіктегі басын төрге сүйрер. ......... бас ұстазы ата - ана. 2 - топ Пысықтауышқа байланысты Үйдің жылы - суығын ......... білерсің. ........ тұрған әйелдің бір ісі артық. ......... басатын жасты Кері тартқан кәрі қайтарады. Жаманға айтқан ақылың - .......... атқан оқпен тең. ...... еңбек етсең - Ернің асқа тиеді

Үй тапсырмасы

5-ж,82-бетте

Күнделіктеріне жазады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Диктант "Құмырадағы су"

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Диктанттар жинағы

Жалпы мақсаттар

Өткен сабақты еске түсіру,Қатесіз,дұрыс жазуға тәрбиелеу. Есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Қайталау

Қызығушылықты ояту

Қандай ағаштарды білесіңдер? Әңгімелесу.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Құмырадағы су

Құмырада су тұр.Оның ішінде суы бар.Бір кезде қара қарға құмыраның қасына келіп қонды.Оның су ішкісі келді.Құмыра биік.Қарғаның тұмсығы құмырадағы суға жетпеді.Қарға жерде жатқан тастарды көрді.Ол тастарды тұмсығымен тістеп,құмыраға тастай бастады.Су көтерілді.Қарға құмырадан су ішті.(44сөз)

Тапсырма:

Мәтіндегі сөйлем санын жақша ішіне жаз.

Кімнің?ненің?сұрағына жауап беретін сөздерді сыз.

Тек қана бастауыш пен баяндауыштан тұрған сөйлемді көшіріп жаз.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Бас әріппен жазылатын сөздер.

Астана – бас қала; Абай даңғылы; Пушкин көшесі; Тобыл өзені; «Қазақ тілі» - газеті; Алматы қаласы; Қостанай облысы.

(16 сөз)

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыпқа байланысты сұрақтар мен тапсырмалар

Күнделіктеріне жазады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,

Жалпы мақсаттар

Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Білімді, ынталы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Пазл арқылы топтарға бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

«Көңілімізді көтерейік» - Жанымыздағы сыныптасымыз қандай екенін жазу. Оқу.

(Сол қағаздарды мониторинг үшін дайындалған ватман қағазға жапсыру – балалардың аттары осылайша тіркеледі). 

Үй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау» стратегиясы

- Сөйлем неден құралады?

- Сөйлем мүшелері дегеніміз не? (ереже)

- Сөйлем түрлерін ата. (Лепті, хабарлы, сұраулы)

- Сөйлемнің қандай мүшелері болады?

- Сөйлемнің негізгі, яғни тұрлаулы мүшелерін ата.

- Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже)

- Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді? (ереже)

- Бастауыш пен баяндауыштан басқа сөйлем мүшелерін қалай атаймыз?

Қызығушылықты ояту

«Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не үйренгің келетінін жазып іл.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз.

2-жаттығу

Сөйлемдерді оқы.Әр сөйлемнен тұрлаулы мүшелермен байланысатын сөздерді теріп жаз.

3-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

4-жаттығу

Жаңылтпашты жатқа жаз.

Сергіту сәті

«Балапандар» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

1-топ «Бес жолды өлең»

2-топ Сурет салу

Үй тапсырмасы

5-ж,86-бетте

Күнделіктеріне жазады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,суреттер

Жалпы мақсаттар

Сөйлем туралы алған білімдерін арттырып кеңейту, сөйлем ішінен тұрлаулы мүшелерді тауып, дұрыс сұрақ қоя білуге дағдыландыру, қай сөзбен байланысып тұрғанын ажырата білуді қалыптастыру. Шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сөздік қорларын, тілдерін жетілдіру. Білімді, ынталы болуға, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Ойыншықтардың түрлері арқылы топтарға бөлінеді

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

«Көңілімізді көтерейік» - Жанымыздағы сыныптасымыз қандай екенін жазу. Оқу.

(Сол қағаздарды мониторинг үшін дайындалған ватман қағазға жапсыру – балалардың аттары осылайша тіркеледі). 

Үй тапсырмасын сұрау

«Ой қозғау» стратегиясы

Қызығушылықты ояту

«Күн сәулелері» - Барлығымыз өзімізді күн сәулесіміз деп елестетіп көрейік. Әрбір күн сәулесіне бүгін сабақта не үйренгің келетінін жазып іл.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

Өлеңді мәнерлеп оқы.

2-жаттығу

Сөйлемдерді көшіріп жаз. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет. сөздерді теріп жаз.

3-жаттығу

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, көшіріп жаз. Сол сөздердің қай сөзбен байланысатынын айт.

4-жаттығу

Сөйлемдерді оқы. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсет.

Сергіту сәті

«Балапандар» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

1-топ Үлестірмелі карточкалармен жұмыс.

2-топ Араласып кеткен оқиға стратегиясы

Үй тапсырмасы

5-ж,87-бетте

Күнделіктеріне жазады

Тексерілді:

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Сөйлем мүшелерінің байланысы

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

кестелер, мақалдар, нақыл сөздер, қима қағаздар, оқулық.

Жалпы мақсаттар

Білімділік: Сөйлем мүшелерінің байланысын іс-жүзінде меңгереді; Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттері, сөздік қорлары молаяды; мәнерлеп сөйлеуге , көркем жазуға үйренеді. Тәрбиелік: үлкендерді сыйлауға, өз тілін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

- Қайырлы таң достым,

Қайырлы күн болсын.

Сәрсенбінің сәті

Сәтілікке толсын.

Біздің алар бағамыз

Кіл бестіктер болсын!

– Қазір қандай сабақ екенін еске түсірейік:

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

Үй тапсырмасын сұрау

Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

Қызығушылықты ояту

Тест парақшаларын тексеру

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Жаңа сабақ. Дәптерлермен жұмыс. Бүгінгі күнді жазу.

- Көркем жазу минуты: Пп Пенал ........

- Сөздік жұмыс: Сөздерді қатесіз көшіріп, сөз құрамына талдау:

Ұшақ, үшінші, жүрді, дәмді, жылдар, оқыды, көгілдір, жаңалықтар, кітапхана, Досжан, әсемпаз.

«Бой сергіту» - ойыны. Өткенді қайталау:

- Сөйлем нені білдіреді?

- Сөйлем нелерден тұрады?

- Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

- Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

- Бастауыш деген не? – сұрақтары - ?

- Баяндауыш деген не? – сұрақтары -?

- Тұрлаулы мүшелер деген не?

- Тұрлаусыз мүшелер деген не?

Бүгін сөйлем мүшелерінің байланысын анықтауға үйренеміз.

Тақтада сөйлем: - Мен туған елімді сүйемін.

Тапсырма: тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерін тауып, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетіңдер. ( өз бетінше жұмыс)

  • Біз қай елде тұрамыз?

  • 16 желтоқсан қандай күн?

  • Тәуелсіздік алғанымызға неше жыл болды?

  • Әңұранның авторлары кім?

  • Елтаңбаның авторлары кім?

  • Туымыздың авторы кім?

Оқулықпен жұмыс.

1 қатар – 1-жаттығу

2 қатар – 2-жаттығу

3 қатар – 3-жаттығу

Ауызша жаттығу 4

Сөйлемдерді көшіріп, сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсету.

- Балалар мұз айдынына келді.

- Қайрат пен Гүлсім коньки теуіп жүр.

- Айнұр мұнда бірінші рет келген еді.

- Ол әлі өздігінен коньки тебе алмайды.

- Оған достары көмектесті.

Жатқа жазу. Мақал: Ақыл жастан шығады,

Асыл тастан шығады.

Мақалдың мағынасын ашу.

12. Шығармашылық жұмыс: Мәтінді аяқтап жаз:

Қыс келді. Малшылар малдарын қораға кіргізді. ..............................................................................................................

Сергіту сәті

Қоян шықты далаға

Жан-жағына қарады

Отырды, тұрды, секірді,

Орнына келіп отырды.

Оқушылар бірге айтады

Ой толғаныс

- Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтауға болады? - Венн диаграмма құрастыру :

Бастауыш баяндауыш

Үй тапсырмасы

5-ж,88-бетте

Күнделіктеріне жазады