Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
қазақ тілі қмж алматыкітап 3кл.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.13 Mб
Скачать

Тексерілді:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Бақылау диктанты №3

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.Білімділік:  Оқушылардың білім деңгейін тексеру  2.Дамытушылық: Таза ,сауатты жазуға дағдыландыру 3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,тарихымызды қадірлеуге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі:  Сабақтың түрі: бақылау  сабақ

Психологиялық ахуал

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Лақ

Менің мүйізі жоқ тоқал ешкім бар.Ол ақ лақ туды.Лағын өте жақсы көреді.Қасынан айналшықтап шықпайды.Бір күні қатты жаңбыр жауды.Енесі лағын іздеді.Маңырап жүр.Лақ шөптің қуысында ұйықтап жатыр екен.Мен лағын тауып бердім.Ешкі маған алғыс айтқандай маңырап жіберді.

(43 сөз)

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді,  Саңырауқұлақ тереді.  Кездесті, міне, керегі:  Екеуі қайың астынан.  Біреуі терек қасынан.  Қанша олар болмақ есепте,  Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Тапсырма: * «Мәдина» сөзіне дыбыстық талдау жасаңдар. Саулық пен сымбат. Денсаулық – зор байлық. Дені сау адам сұлу, сымбатты болады. Менің ағам – спортсмен. Ол ауырмайды.  (14 сөз)

Үйге тапсырма

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Тексерілді:

1-сабақ

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Каскаева С.Б

Сабақтың атауы

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,

Сабақтың типі: Қайталау сабағы. Сабақтың түрі: Жарыс сабақ Әдісі - тәсілдері: Түсіндіру, оқыту, сұрақ - жауап, талдау, практикалық, баяндау.

Жалпы мақсаттар

1. Білімділік: Оқушыларға тұрлаулы мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру. Сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру, бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалынғанын анықтауды үйренутаза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру

2. Дамытушылық: оқушылардың ой - өрісін, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу мәдениетін, тіл байлығын дамыту.

3. Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, таза, сауатты жазуға, адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Қатар – қатар тізіліп, Оқушыға лайық. Қолымызды жіберіп, Түп – түзу болып тұрайық. Жақсы оқып сабақты, Әдеп сақтау сәніміз Отыруға нақпа – нақ Дайындалдық бәріміз

1 – қатар жай отыр 2 – қатар тез отыр 3 – 4 – қатар сен де отыр Сабақ бастар кез болып тұр.

Үй тапсырмасын сұрау

Өткен сабақтардағы ережелерді еске түсіру

Сыныпты 4 топқа бөлу. 1 – топ: «Ыбырай» ауылы 2 – топ: «Абай» ауылы 3 – топ: «Жамбыл» ауылы 4 – топ: «Ахмет» ауылы

Қызығушылықты ояту

«Бәйге» ойыны. Әр топ сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы 10, 20, 30 ұпай жинайды. 1 – топ: «Ыбырай» ауылы. 10. Зат есім дегеніміз не? 20. Сөйлем дегеніміз не? 30. Сөйлемнің қандай үрлері болады? 2 – топ: «Абай» ауылы 10. Етістік дегеніміз не? 20 Сөйлем мүшелері деген не? 30. Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді? 3 – топ: «Жамбыл» ауылы 10. Сан есім дегеніміз не? 20. Тұрлаулы мүшелер нешеге бөлінеді? 30. Бастауыш дегеніміз не? 4 – топ: «Ахмет» ауылы 10. Сын есім дегеніміз не? 20. Баяндауыш дегеніміз не? 30. Бастауыш қандай сөз табынан жасалады?

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Ережемен таныстыру. Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Досжан – студент. Абай – халық ақыны. V. Көркем жазу минуты. Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық. Дәптерімізді ашайық. Көркем етіп жазайық. Әә Әә Әә Әдепті бала – арлы бала, Әдепсіз бала – сорлы бала. VІ. Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу. Бастауыш пен баяндауышты тауып, сұрақ қою. Ғалия – үлгілі қыз. Құрманғазы – атақты күйші. Алматы – жасыл қала. Дәулет – озат оқушы. 2 - жаттығу. Мақалды жатқа жазу. Бастауыш пен баяндауыштың астын сызу. Бастауыштан кейін сызықшаның қойылуын түсіндіру. Ойын. «Менің бағытым» Оқушы биледі Әнші өсті Балалар оқыды Гүл шырқады Биші ұшты Ұшақ жүзді Кеме ойнады Топтық жұмыс. 4 – жаттығу. Сөйлемдерді баяндауышы да зат есім болатындай өзгертіп жазу. Үлгі: Жандос күй тартты. Жандос – күйші. 1 – топ: «Ыбырай» ауылы. Жамбыл Жабаев өлең жазды. Жамбыл Жабаев – ақын. 2 – топ: «Абай» ауылы. Райгүл би биледі. Райгүл – биші. 3 – топ: «Жамбыл» ауылы. Анам ас пісірді. Анам – аспаз. 4 – топ: «Ахмет» ауылы. Раушан шаш қиды. Раушан – шаштаразшы.. 5 – жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып, сөйлемді толықтырып жазу. Үлгі: Тіл – қарым-қатынас құралы. 1 – топ: «Ыбырай» ауылы. 1..... – білім беретін мекеме. 2 – топ: «Абай» ауылы. 2..... – жер қойнауын зерттейтін 3 – топ: «Жамбыл» ауылы. 3..... – жасы жетуіне байланысты құрметті демалысқа шыққан адам. 4 – топ: «Ахмет» ауылы. 4.....- темірден түйін түйетін адам.

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

1. Кім? не? кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін: А) Зат есім Ә) Бастауыш Б) Баяндауыш 2. Қандай жағдайда сызықша қойылады? А) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса Ә) Бастауыш та, баяндауыш та етістіктен жасалса Б) Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен жасалса

Үй тапсырмасы

3 – жаттығу. 74 бет. Бастауыштан кейін сызықша қойып, өлеңді көшіріп жаз.

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Бағалау парақшаларын жинап алу

2-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Каскаева С.Б

Сабақтың атауы

Бастауыштан кейін қойылатын сызықша

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,

Жалпы мақсаттар

Оқушылардың бастауыш пен баяндауыш бойынша алған білім, дағдыларына сүйене отырып, бастауыштан кейін сызықшаның қойылу себебін түсіндіру; бастауыш пен баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын анықтауды үйрету. Оқушылардың сөздік қорын арттыру. Сауатты жаза білуге баулу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Кіріспе

Балалар! Қазір біз бүгінгі сабағымыздың ұранымен қонақтарды таныстырайық. Сендер бәрің хормен менің сұрақтарыма жауап беріңдерші:

Әрбір адам сендер үшін кім?  Туысым, досым, жұрағат.

Әрбір сабақ сендер үшін не?

Әрбір ісің не?  Тірлік, бірлік, адамдық.

Әрбір сөзің ше?

Ендеше осы ұранмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

Қызығушылықты ояту

Балалар, «Жалғастыр» дидактикалық ойынын ойнайық. Ойынның шарты: тақтадағы аяқталмаған сөйлемнің соңын табу.

       Қазақстан тәуелсіздігіне-20… жыл.

       Көбейту кестесін жатқа … білемін.

       Менің достарым …. көп.

       Мен көпұлтты мемлекетте  … тұрамын.

Әр оқушыға бастауыш пен баяндауыш туралы алған білімдерін жазу ұсынылады. Бір-бірінің жұмыстарын ауыстырып, сыни пікірлерін білдіреді.

Жарайсыңдар, балалар! Ал енді айтыңдаршы, біз осы тапсырманы орындағанда нені қайталадық? Бүгінгі сабағымыз не жөнінде болады,  сабақта не істейміз деп ойлайсыңдар?

Дұрыс айтасыңдар балалар. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Бастауыштан кейін қойылатын сызықша ». Ал сабағымыздың мақсаты «сызықшаның қойылу себебін түсіндіру».

 Қазір балалар, сендермен мынадай көріністі тамашалайық: (Бәйтерек туралы видео)

Бәйтерек туралы сендер не білесіңдер? (Оқушылар бәйтерек туралы айтады)

Балалар, мына адасқан садарды ретімен орналастырайық. Саяхат сөзі шығады.

Ендеше, балалар, біз бүгін сендермен бәйтерекке саяхатқа барамыз. Бәйтеректің әр баспалдағына көтеріле отырып, ең жоғарғы шыңына жетуге тырысамыз.

Үй тапсырмасын сұрау

Бірінші баспалдаққа барайық. Бұл баспалдақтың аты – «Бәйтерекке жолдама алу». Қазір мен әр партаға жолдамалар таратамын. Сендер осы жолдаманың сұрақтарына жұптасып, келісіп, біреуің жауап беруге тырысасыңдар.

(Сұрақтар тарату):

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлемнің қандай түрлерін білесіңдер?

3. Сөйлем мүшесі  дегеніміз не?

4. Бастауыш дегеніміз не?

5. Баяндауыш дегеніміз не?

6.Хабарлы сөйлем –не?

7. Сұраулы сөйлем –не?

Екінші баспалдақ «Бәйтеректің сиқырлы сырын білу».

Мына өлең жолдарынан баяндауышы соңында болатындай бірнеше хабарлы сөйлем құрастыру.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

«Бәйтеректің төменгі қабатына шолу».

«Астана – Бәйтерек» монументінің үш деңгейі бар: төменгі, ортаңғы және жоғарғы деңгей. Төменгі деңгейінде кафе, аквариум және белгілі суретші Ерболат Төлепбайдың  «Бәйтерек»  шағын галереясы бар. Ортаңғы деңгеймен лифт көтеріледі. Ал жоғарғы деңгейінде шар орналасқан. Шардың ішінде панорамалық зал бар.

3. Жаңа сабақ.

Екі бағандағы сөйлемдерді салдыстырайық:

Айман- оқушы.                              Айман жақсы оқиды.

Қазақстан- мемлекет.                    Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.

Мектеп- мекеме.                            Мектепте шағын орталық мекемесі бар.

Бастауыш пен баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын атап, сызықшаның қойылу себебін анықтау.

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу Сурет бойынша сөйлемді толықтырып жаз. Тиісті тыныс белгісін қой.

Мысалы: Бұғы өте әдемі мүйізді жануар.

2,3-жаттығулар Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті

«Арива» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Бастауыш.                                    Баяндауыш.

Бастауышпын                                         Баяндауыш

Бәрінің иесімін.                                      Не болғанын баяндайды

Маған қарап құрайсың                          Жазған бала нүкте қойып,

Ой жүйесін.                                            Сөйлемін аяқтайды.

«Жоқ, иә» ойыны:

-Сәкен күйші (отырады).

-Сабақ басталды (тұрады).

-Менің әкем жүргізуші (отырады).

 «Лифтпен көтерілеміз» шығармашылық диктантын орындау.

Мына схема бойынша гипотеза құрайық:

Егер бастауыш болмаса, онда ……

Егер баяндауыш  болмаса, онда ……

Егер сөйлем мүшесі  болмаса, онда ……

«Мәреге жету». – Жоба «Егер мен елбасшысы болсам…»

Панорамалық зал ортасында 17 жапырақтан тұратын, 17 әртүрлі әлем діндерінің уәкілдері қолы қойылған ағаш глобусы орналасқан. Ал қасында монументті жасау ойы туындаған Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев алақанының ізі бар. Егер алақанға қолды қойып, арман-тілек тілесе орындалады деп айтылады. Оның алақанынан мемлекетке ұқыпты және қасиет тұтатын қарым-қатынасын және осы елдің тұрғындарына деген тату-тәтті өмірге, достық пен жарасымдылықа деген ниеті көрінеді.

Жобаны қорғау.

4-жаттығу Жаңылтпашты жатқа жаз

Үй тапсырмасы

5-ж,77-бетте

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Бағалау парақшаларын тарату

3-сабақ Оқу ісінің меңгерушісі: Шапиев Е.Р

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Сыныбы

Сабақтың атауы

Тұрлаулы мүшелер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,

Жалпы мақсаттар

Білімділігі: Бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құраудағы негізгі рөлін байқатып, тұрлаулы мүшелер деп аталатынын іс жүзілік тұрғыдан меңгерту. Жаттығулар орындау арқылы тұрлаулы мүшелер туралы алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Оқушылардың есте сақтауын, ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын кеңейту, сауатты көркем жазу дағдыларын дамыту. Тәрбиелілігі: Ұйымшыл болуға, туған жерін, елін, Отанын сүюге құрметтеуге, таза жазуға, сауаттылыққа, сыйластыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

Тәуелсіздік күні қашан?

ТӘуелсіздік бізге қалай келді?

Қызығушылықты ояту

Қатар - қатар тізіліп, Оқушыға лайық Қолымызды жіберіп Түп - түзу боп тұрайық. Жақсы оқып сабақты Әдеп сақтау сәніміз Отыруға нақпа - нақ Дайындалдық бәріміз

1 – қатар жай отыр, 2 – қатар тез отыр, 3 – 4 – қатар сен де отыр. Сабақ бастар кез боп тұр.

Көркем жазу минуты.

Қолға қалам алайық, Салақтықтан қашайық. Дәптерімізді ашайық. Көркем етіп жазайық.

Ребус шешу. Сөзжұмбақтың жауабы: Астана Беделі зор бас қала Бәйтерегі жас қала Ол қай қала? АСТАНА Бүгінгі сабағымызда Астана қаласының саяхат жасаймыз.

• Астанаға тез бару үшін немен барғыларың келеді? - Ұшақпен • Ұшаққа отырмас бұрын билет алып алайық.

Миға шабул

Әр оқушы билеттің артындағы сұраққа жауап береді. Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беріп тұратын толық мағыналы сөздерді... дейміз. (сөйлем мүшелері) Кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесін... дейміз. (бастауыш) Баяндауышқа... деген сұрақтар қойылады? (не істеді? не қылды? қайтті?) Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, онда бастауыштан кейін... қойылады. (сызықша) Бастауыш пен баяндауышты сөйлемнің... мүшелері дейді. (тұрлаулы)

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

Тірек сызбамен жұмыс. V. Бәйтерекке саяхат. Оқулықпен жұмыс. 1 – жаттығу. Мәтінді оқы. Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауышты тауып жаз.

VІ. Ақордаға саяхат. Өлеңмен жұмыс. 2 – жаттығу. Мәтінді оқы.

VІІ. Хан шатырға саяхат. Тақтамен жұмыс. 3 – жаттығу

ІХ. Тәуелсіздік монументіне саяхат. Өзіндік жұмыс. 5 – жаттығу. Берілген сызба бойынша бірнеше сөйлем құрастырып жаз. Х. Астананың көрікті жерлеріне саяхат. Ойын: “Жоғалған сөз” Бастауыш Баяндауыш Мысық ----- Мияулайды ----------- Жылқы ---- Кісінейді Сиыр ------- Мөңірейді Түйе ------- Боздайды Ойын: «Ұйқасын тап» Үні ғажап, Дүлдүл, Бақта сайрар…( бұлбұл) Бәрі бірдей жұмысқа, Шығатын кім?…(құмырсқа) ХІ. Темір жол вокзалына саяхат. Сабақты қорытындылау: Венн диаграммасымен қорытындылау. БАСТАУЫШ Ортақ қасиеті БАЯНДАУЫШ

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, Белге қолды қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Бір, екі, үш, Бір, екі, үш, Жоғары қолды созамыз, Тып - тыныш қана отырамыз

Оқушылар тақпақты бірге айтады

Бағалау

Пойызбен ауылымызға қайтамыз. - Балалар бүгінгі сабаққа Бағалау. Мұғалімнің айтқанын, Мықтап ойға тоқимыз. Бар ынтамен оқысақ Кілең 5 – ке оқимыз, - деп бағалау парақшаларымен бағалау.

Үй тапсырмасы

5-ж,79-бетте

Күнделіктеріне жазады

Қазақ тілі

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім:

Сабақтың атауы

Тұрлаусыз мүшелер

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Үлестірмелі парақшалар,

Жалпы мақсаттар

Тұрлаусыз мүшелерді ажырату, сөйлемде атқаратын қызметіне түсінік беру, бастауыш пен баяндауыштың байланысын меңгеру. Оқушылардың сөз, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы білімдерін кеңейте түсу таза, сауатты жазу дағдысын жетілдіру. Пән аралық және өмірмен байланысты іске асыру, оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру. Оқушылардың ой - өрісін дамыту, өз ойын тез әрі жүйелі жеткізуге дағдыландыру. Оқушыларды өз ана тілін сүюге, халқымыздың ұлағатты, ғибратты сөздерінен үлгі - өнеге алуға, сол арқылы кішіпейілділік, қайырымдылық, кеңпейілдік қасиеттерінің қалыптасуына ықпал ету.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Әрбір адам – досым, сыныптасым,  Әрбір ісің – тірлік, тірек, адамдық.  Әрбір сөзің – шындық, бірлік, адалдық,  Әрбір сабақ – үйрену, оқу, іздену. 

Ұран бойынша оқушылардың психологиялық көңіл-күйін бақылағаннан кейін сабақты бастауға мүмкіндік жасаймын. 

Үй тапсырмасын сұрау

1. Сөйлем дегеніміз не? 2. Сөйлемнің қандай мүшелерін білесіңдер? 3. Сөйлемнің қандай түрлері болады? 4. Сұраулы сөйлем дегеніміз не? 5. Хабарлы сөйлем дегеніміз не№ 6. Лепті сөйлем дегеніміз не?

Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» Суретпен жұмыс. Төрт түлік туралы сөйлемдер құрастыру.

Мағынаны тану

Жаңа сабақ

«Тұрлаусыз мүшелер» ЕРЕЖЕ: Сөйлемдегі бастауыш, баяндауыштардан басқа сөйлем мүшелерін тұрлаусыз мүшелер деп атайды. Оларға қандай? Кімге? Неге? Нені? Қашан? қайда? т. б. сұрақтар қойылады. Мысалы: Айгүл гүлді суарды. Қонақтар төрге отырды. Біз ұшаққа міндік. Арман жұмысқа кірісті.

1-жаттығу Сөйлемді керекті сөздермен толықтырып жаз

2-жаттығу Сұрақтарға жауап жаз.

3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқы

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Оқушылар билейді

Ой толғаныс

Ауызша орындалады. Екі бағанадағы сөйлемдерді салыстырып оқу. 1 - топ: Жадыра келді. / Жадыра қалаға келді. 2 - топ: Қоңырау соғылды. / Қоңырау қайта - қайта соғылды. 3 - топ: Мал өседі. / Мал төлден өседі.

«Шығармашылық жұмыс» 1 - топ: Өтірік сөз жанға қас 2 - топ: Ашу – ақылдың дұшпаны 3 - топ: талапты ерге нұр жауар Әр топ өздерінің мақал - мәтелдерін оқып, мазмұнын ашады. Семантикалық карта толтыру.

Сөздер ----------------- Тұрлаулы мүшелер --------------------- Тұрлаусыз мүшелер қызық таза жүгірді жақсы күз гүлді

Үй тапсырмасы

4,5-ж,81-бетте

Күнделіктеріне жазады